double arrow

Босанудан кейін


Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын

жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин,

клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған

50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы

бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде,

залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек,

сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық

тітіркендірудің алдын алу мақсатында) майлы ерітіндіні (дәрігердің

тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын

жағыңыз.




4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен

жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті

ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң

омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні

ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып бір неше сағат

жатуды айтамыз;

10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30

минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы

медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен

сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың

реакциясы туралы белгілеңіз.

Дәрілік клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның

сорылуын қамтамасыз ету.

Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз

арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда



Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Қатерлі ісіктер;

• Ішектерде операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын

жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин,

клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған

50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша),

бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздан-

дырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу

қажет.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық

тітіркендірудің алдын алу мақсатында) дәрілік затты (дәрігердің

тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын

жағыңыз (дәрілік ерітіндінің температурасы 37˚С-тан төмен болған

жағдайда дефекацияға алып келеді);

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен



жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті

ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан

соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып

ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды

ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.

10. Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30

минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы

медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен

сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың

реакциясы туралы белгілеңіз.







Сейчас читают про: