Морфология 16 страница

Меңгеруде белгілі септік жалғауы арқылы бағыныңқы сөз басыңқымен байланысады. Кейде ол тұлға (септік жалғау) басыңқы сөздің семантикасымен де (мысалы, табыс септік тұлғасы) қарым-қатынаста тұрады. Қиысуда екі сөз бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде келіп, екі жақты байланысқа түседі: бірінші сөз атау септікте тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған сөздің қай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады да, сол жіктік жалғаудың жақ түріндегі тұлғасына қарай сәйкестеніп бірінші сөз де семантикасы арқылы белгілі жақта тұрады (мен 1-жақ, сен 2-жақ, ол немесе кез келген зат есім 3-жақ). Бірақ бұл байланыс субъектілік-предикаттық қатынаста жұмсалғандықтан, сөз тіркесі болмай, сөйлем болады. Матасуда тіркестің бірінші компоненті, бір жағынан, өзінің грамматикалық тұлғасы (ілік септік жалғауы) арқылы екінші сөздің грамматикалық тұлғасымен (тәуелдік жалғауымен) байланысқа түсіп (бұл – қиысуда мүлдем жоқ), екінші жағынан, өзінің семантикасы негізіндегі грамматикалық мағынасы (жақтық мәні) арқылы екінші сөздегі грамматикалық тұлғамен (тәуелдік жалғаудың жаққа байланысты түрленуі) байланысады. Бұл байланыс қиысудағы жақтық байланыспен ұқсас, бірақ мұнда компоненттер арасында субъектілік-предикаттық қатынас жоқ, тек атрибуттық қатынастың бір түрі бар. Үшінші жағынан, екінші компоненттегі тәуелдік жалғауы өзі бағындырып тұрған сөздің ілік септік жалғау тұлғасында тұруын талап етеді. Бұл жерде грамматикалық форма ретінде тәуелдік жалғаудың кем дегенде үш түрлі мағына білдіріп, үш түрлі форманың: тәуелділік, жақтық және жекешелік-көптік (оңашалық-ортақтық) мағыналардың көрсеткіші ретінде жұмсалатынын байқаймыз (И. - НОК, 42).

Түркологияда ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөзден құралған тіркестер жалпы изафет ІІІ болып аталғанмен, кейбір зерттеулерде меңгеру (Р. - УП, 179) немесе қиысу (Д - ГБЯ. 205 және К. - ГТЯ, 379 және А. - ИСС, 117) деп көрсетеді. Ондай байланыстағы тіркес меңгеру бола алмайды, өйткені, академик И.И. Мещаниновтың көрсеткеніндей (М., - ЧП, 77), меңгеру бір жақты ғана байланыс және меңгеріле байланысқан тіркестік басыңқы компонентінің грамматикалық формасы және категориялық грамматикалық мағынасы осы сөз тіркесін құрап отырған байланысқа, сондай-ақ сол тіркестің өзіне (семантикалық мәні грамматикалық типі мен байланысу жолы, синтаксистік қызметіне) ешбір қатысы жоқ. Мысалы, (хатты) досына үйде жазды, биыл 2-курсқа көшті, үй ағаштан биік т.б. сияқты сөз тіркестерінде екінші басыңқы сыңары тіркес құрамындағы бірінші сөзді меңгеріп, бағындырып, байланысып тұр, тіркес құрамындағы бұл екі сөз арасындағы байланыс барыс септік (досына жазды), шығыс септік (үй-де жазды), барыс септік (2-курсқа көшті), орын тәртібі (би-ыл көшті), шығыс септік (ағаш-тан биік) тұлғалары арқылы ғана болып тұр. Екінші сөздегі басыңқы сыңардағы жедел өткен шақтың -ды (жазды), -ті (көшті), 3-жақ жіктік жалғаудың нөлдік тұлғасы жазды - көшті -, биік - дәл осындай тіркес құруға ешбір қатысы жоқ, сондықтан досына үйде жазды (жазып, жазады, жазсаң т.б. және жаз-дыр-ған, жаз-ба-й т.б.) биыл 2-курсқа көшіп (көшкен, көшсе және көшірді, көшпей, көшірілді т.б.) ағаштан биіктеу (біп-биік, биігірек т.б.) екінші сөздің тұлғасын өзгерткенмен, тіркес құрамындағы сөздердің байланысу типі өзгермейді, ал ондай өзгерту ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы тіркесте, бастауыш пен баяндауыш арасындағы қиысуда тіпті де мүмкін емес: менің оқушы-сы, сенің кітаб-ы, біздің жігіттер-і және мен оқыды-ң, ол келді-к, сен сөйлей-ді деп қарауға болмайды. Осы тәріздес көп жақты (екі жақты) байланыс табыс септік арқылы құралған сөз тіркесінен де байқалады. Яғни басыңқы сыңардың кейбір тұлғалық өзгеріске түсуінен тіркес және оны байланыстырып тұрған табыс септік те өзгеріске ұшырайды. Мысалы, хатты жазды дегенде -ты табыс септік жалғауы. Хат сөзін (тура объект етіп) жазу етістігіне бағындырып тұр және ол етістіктің салт емес, сабақты болуын қалайды. Егер жазу етістігін салт етістікке өзгертсе, байланыс та, сөз тіркесіндегі синтаксистік қатынас та өзгереді: хат жазылды. Бұнда хат тура объектіден грамматикалық субъектіге ауысқан да, субъектілік-предикаттық қатынасты білдіріп, 3-жақта қиыса байланысқан. Сол сияқты студент я шәкірт (2-курсқа) көшті дегенді студентті 2-курсқа көшірді дегенде субъектілік-предикаттық қатынастағы байланыс (сөз тіркесі емес) салт етістіктің (көшу) сабақтыға өзгеруінің нәтижесінде тура объектілік қатынаста табыс септік (студентті) жалғауы арқылы сөз тіркесіне айналған. Сонда тура объектілік қатынасты білдіретін табыс септік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркесі типі жағынан меңгеру деп аталғанмен, басқа септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес яғни көлемдік) арқылы байланысқа түсетін сөз тіркестерінен байланысу типі (меңгеру) жағынан айырмашылығы бар екені байқалады, көлемдік септіктер арқылы байланысқан сөз тіркесі типі тек бір жақты байланыс болса, табыс (грамматикалық) септік арқылы байланысқан сөз тіркесі типі меңгеру деп аталса да, екі жақты байланыстың элементі бар сөз тіркесінің типіне жатуы керек. Сондықтан да меңгерудің өзін екіге бөліп, табыс септік арқылы байланысқан сөз тіркесінің типін екі жақты байланыстың элементі бар екенін негізге ала отырып, күшті меңгеру (сильное управление), көлемдік септік тұлғалары арқылы байланысқан сөз тіркесінің типін бір жақты байланыс екенін негізге ала отырып әлсіз меңгеру (слабое управление) деп қараған әбден орынды. Олардың байланысу схемасы (кейпі) төменде беріледі.

Матаса байланысқан сөз тіркесінің типінде қиысудың да элементі бар: тіркес құрамындағы екі сөз өзара бір жақта қиысады: менің кітаб-ым, сенің кітаб-ың, сіздің кітаб-ыңыз, оның (оқушының) кітаб-ы. Бірақ көпше я жекеше тұрып қиыса байланысу жүйелі емес. Мысалы, сендердің ауылдарың, сенің ауылдарың және сенің ауылың, сендердің ауылың деген тіркестердің екінші сөзіндегі -дар көптік жалғауы бірінші компоненттегі көптік жалғаудың мағынасы мен формасына бағынышты емес, сондай-ақ керісінше бірінші сөздегі - дер көптік жалғауы екінші сөздің мағынасы мен тұлғасына байланысты емес. Бұлардағы көптік жалғау өзі жалғанған сөз (ол заттың иесін білідірсе де, меншігін білдірсе де) білдіретін заттың көптігін ғана көрсетеді.

Қиысуда да жекешелік-көптік байланыс тұрақты емес. Мысалы, біз келді-к, сен-дер келді-ң-дер мен ол (бала) келді - және олар (балалар) келді - болып 3-жақта көптік-жекелік жағынан бейтарап та болатынын көреміз.

Егер қиысуда байланыс екі жақты болса, матаса байланысқан сөз тіркестерінде байланыс үш жақты болады. Түсінікті болу үшін мына мысалдарды салыстырып көрейік.

Мен келдім (оқушымын), менің кітабым

Сен келдің (оқушысың), сенің кітабың

Сіз келдіңіз (оқушысыз), сіздің кітабыңыз

Ол келді (оқушы), оның кітабы

Біз келдік (оқушымыз), біздің кітаб (тар) ымыз

Сендер келдіңдер (оқушысыңдар), сендердің кітаб (тар) ың

Сіздер келдіңіздер (оқушысыздар), сіздердің кітаб (тар) ыңыз

Олар келді (оқушы), олардың кітаб (тар) ы

Қиысуда, осы мысалдан көрінетіндей, бірінші компонент (сыңары) өзінің семантикасы мен категориялық грамматикалық мағынасы арқылы жақ және белгілі дәрежеде жекеше я көпше екінші сөзбен байланысқа түсіп, белгілі жақта жіктік жалғауды талап етіп, предикаттық қатынастағы единица сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды. Екінші сөз тұлғасын өзгерткеннен бірінші сөздің грамматикалық формасы өзгеріп қана қоймайды, ол бүтіндей басқа сөзге (байланыс типіне) ауысып кетеді. Демек, екінші сөз (сыңары) да өзінің грамматикалық тұлғасы (жіктік жалғау) және оның жағы (және кейде жекеше я көпше түрі) арқылы бірінші сөздің қандай сөз болуын (семантикасын) және атау септік

тұлғасында тұруын талап етеді. Бұл жерде бір сыңары екінші сыңарына бағыну емес, бір-біріне бағыну арқылы сабақтаса емес (бірыңғай мүшелердегідей салаласа да емес) орайласа байланысқан яғни бірі екіншісіне семантикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да бағынышты емес, сөйте тура бір-бірінсіз қолданылмай, өз алдына бөлек тең де дәрежеде емес, сөйтіп байланыстың ерекше түрі (орайлас) арқылы синтаксистік қатынасқа түсіп сөз тіркесін емес, субъектілік-предикаттық қатынаста сөйлем құрайды. Мысалы, келдік деген сөз бен мен (сен, ол, сіз) есімдіктері емес біз сөзі ғана байланысып қолданылады. Олардың байланысын былай көрсетуге болады:

 
 


мен келдім

 
 


Ал сөз тіркесінің матаса байланысқан типінде бірінші сыңары өзінің грамматикалық формасы (ілік септік жалғау) арқылы екінші сөздің грамматикалық формасымен (тәуелдік жалғауы) байланысқа түседі, бұл қиысуда жоқ, ал өзінің семантикасы мен грамматикалық мағынасы арқылы екінші сөздің грамматикалық формасымен (тәуелдік жалғаудың жаққа байланысты өзгеруі) байланысқа түседі. Және керісінше екінші сөздегі тәуелдік жалғау тіркеске енген алғашқы сөздің ілік септік тұлғасында тұруын талап етеді. Бұл жерде мынаны да ескерген жөн. Тәуелдік жалғауы (грамматикалық форма ретінде) бір грамматикалық категория болып есептеліп жүргенмен, кем дегенде үш грамматикалық мағына білдіреді: ол, ең алдымен, тәуелдік меншіктілік мағына және бұл - негізгі мағынасы, екінші - жақтық, үшінші - жекешелік я көптік немесе оңашалық мағына. Бұндай типті тіркес құрамындағы сөздердің байланысу кестесін былай көрсетуге болады:

 
 


менің кітабым

Ал меңгерудің байланысу кестесі мынадай:

 
 


досына жазды

Бірақ табыс септік тұлғасы байланысқан сөз тіркесінің типін былай көсетуге болады:

хатты жазды

Яғни бұнда байланысы екі жақты, бірақ қиысудың байланысындай емес, одан өзгеше тіркесінің байланысы.

Сөздердің әрбір байланысу формалары өзіндік ерекшеліктерімен де сараланады. Қиысу түркі тілдерінде қазақ тіліндегі сөздердің байланысу типтерінің сөз тіркесін құрайтын басқа түрлерінен предикаттық қасиет, яғни сөйлем болу, ой білдіре алу қасиеті арқылы ерекшеленеді. Демек, қиыса байланысқан синтаксистік единицалардың өзіндік ерекшелігі атау септік және жіктік жалғау тұлғалары арқылы модальдылықты, коммуникативті ойды білдірумен байланысты. Ал матасу да, меңгеру де модальдылықты білдірмей, коммуникативтік емес, номинативтік қызметте ғана жұмсалады. Ол ол ма, матаса байланысқан тіркестің алдыңғы бағыныңқы сыңарындағы ілік септік жалғауы, табыс септікті күшті меңгерудің алдыңғы сыңарындағы табыс септік жалғауы түсіп қалып та қолданыла береді, одан байланыс типі өзгермейді, матасу (бәлкім.жартылай матасу), меңгеру (қабысу емес, өйткені, біріншіден, ол сөздің тура обьектілік мәні жойылып кетпейді, екіншіден, ол екеуінің яғни табыс септіктің жасырын түрінде тұрған сөз бен сабақты етістіктің арасына басқа бір сөз түсіп қолданылса, табыс септігі қайтып шыға келеді: кітап оқыды - кітапты ол оқыды, қаулы қабылдады - қаулыны бүгін қабылдады, т.б.) болып қала береді.

Рас, ілік септік пен табыс септік тұлғалары түсіріліп қолданылған жерде бұл тіркестің, ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің және табыс септікті сөз бен сабақты етістіктің арасына басқа сөз араластырып қолдануға болмайтындықтан, ол екі сөздің (ілік септік тұлғасы түсіп қалған сөз бен сабақты етістіктің) грамматикалық байланыс тұлғалары ғана ықшамдалып қоймайды, сонымен бірге семантикалық жағынан да бір-біріне кіріге түсіп, лексикалана бастайды, бір ұғымның атауы ретінде, бір ғана сөздің мәнінде жұмсала бастап, тұрақты (идиомалық) тіркес, атаулық, терминдік тіркес, түбір етістікке (құрамды) етістікке айналады. Кейде тіпті тәуелдік жалғауы да түсіп қалып, күрделі сөз болып та кетеді: малазық (малдың азығы-мал азығы - мал азық), отағасы (оттың ағасы - от ағасы-отағасы), төраға (төрдің ағасы - төр ағасы - төраға), төл басы (төлдің басы-төл басы) т.б. (айта кету керек, тілдегі барлық жартылай матаса байланысқан атаулық, терминдік, тұрақты тіркестер осындай эволюциялық дамуды, яғни изафет ІІІ – изафет ІІ – изафет І, бәрі бірдей басынан өткізе бермейді, әңгіме бұл тіркестің үлгісі, моделінің дамып қалыптасуы жайында болып отыр, әрбір тіркес үлгісі, моделі қалыптасу негізінде жекелеген ондай тіркестер жаңағыдай эволюциялық дамуды түгел өткізбей-ақ сол даяр үлгі, модель негізінде жаңа тіркестер туа береді), қызмет ету (қызметті біреу ету-жасау), жүрек жалғау (жүрегін жалғау - әуелде синтаксистік тіркес болған болу керек), ән салу (әнді салу), сөз қату (сөзді қату), тіл қату (тілді қату), сәлем қылу (сәлемді қылу) ақыл беру (ақылды беру), дем алу (демді алу), бас ию (басты-басыңды ию), жанжал шығару (жанжалды шығару), бет қою, (бетті қою), бас қатыру (басты қатыру), еңбек сіңіру (еңбекті сіңіру), ауыз ашпау (аузын немесе жұмған аузын ашпау), таяқ жеу (таяқты жеу) ауыз салу (ауызды салу), көз салу (көзді салу), жан қию (жанды қию) т.б. Әрине жақша ішінде берілген тіркестердің әуел бастағы қалпы көбіне табиғи емес, жасанды болып көрінеді. Бірақ ол көмекші етістіктердің негізгі етіс күйіндегі немесе осы қалпындағы семантикасы сабақты екенін негізге алдық. Бұл - бір. Екіншіден, кейбірінде арадағы тағы бір сөз немесе тұлғалар түсіп қалған болу керек. Мысалы, ант ішу деген идиомалық тіркес бар. Бұның табыс септік тұлғасы арқылы байланысқандығы байқалады. Өйткені ішу - сабақты етістік. Ал антты ішуге бола ма? Сөйтсек, антты емес, ант суын, анттасқан суды, неке су сияқты ішу екен, одан барып қос сөз ант-су ішу, одан су түсіп қалып ант ішу қалыптасқан.

Міне, осы жағынан қарағанда, септік жалғау жүйесінде грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктердің бір-бірінен олардың мағыналық, қызметтік жағынан да, тарихи қалыптасуы тұрғысынан да, сөз байланыстырушылық қасиеті жағынан да айырмашылықтары айқын байқалады, соның нәтижесінде септік жалғауларын осылай бөлуге негіз болады. Оның үстіне көлемдік септіктердің қос функциялы қызметтік мәні, бір жағынан, жанама объектілік мағынаны білдіргенде ғана нақты зат есімнің түрлену жүйесіне тән болып, тіпті грамматикалық септіктерше басқа сөз таптарын заттандыру қасиетіне ие болса, екінші жағынан, бағыттық, мекендік, мезгілдік, амалдық мағынада жұмсалғанда, яғни таза көлемдік мағынада қолданғанда, керісінше зат есімдік қасиеттен, мәннен айрылып, сөзді адвербиалдандырып жіберуі оларды грамматикалық септіктермен бір парадигмалық жүйе шеңберінде қалдырып, қазіргі грамматикаларымызда беріліп жүргендей зат есімнің бір грамматикалық категориясы аясында қарастыруға сыймайды. Тілдің даму барысында көлемдік септік тұлғаларының консервациялануы арқылы кейбір үстеулердің жасалып, қалыптасуы көлемдік септіктердің осындай қасиетінің жемісі болып табылады. Сондықтан көлемдік септіктерді зат есімнің септік жалғау категориясындағы екінші бір парадигмалық жүйелі түрі деп қараған жөн.

Пысықтау үшін сұрақтар

1.Атау септік басқа септіктерге негіз бола ала ма?

2.Ілік септігінің мағынасы мен қызметі қандай?

3.Ілік септігі қандай жағдайда нөлдік формада қолданылады?

4.Барыс септігінің мағынасы мен қызметі қандай?

5.Табыс септігінің мағынасы мен қызметі қандай?

6.Табыс септігінің түсіп қалып жұмсалу ерекшілігі неде?

7Жатыс септігінің мағынасы мен қызметі қандай?

7.Шығыс септігінің мағынасы мен қызметі қандай?

8.Көмектес септігінің мағынасы мен қызметі қандай? Оның басқа септік түрлерінен ерекшелігі неде?

9.Септіктерді грамматикалық және көлемдік деп бөлуде неге сүйенеміз?

Әдебиеттер:

1. А. Аблақов. Қазақ тіліндегі табыс жалғаулы сөз тіркестері. А.,1986.

2. А. Аблақов. Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері. А.,1973.

3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Морфология. М.,1956.

4. Исаев С. Некоторые особенности употребления конструкции с родительным падежом в языке периодической печати. Известия АНКазССР, серия общ.наук, 1973. № 4 с.41-47.

5. Исаев С. Еще раз об именительном падеже (атау септік) в казахском языке. Известия АН КазССР, серия филологии и общ. 1979, № 4

6. Ф. Мұсабекова. Қазақ тіліндегі септік жалғауларының беретін мағыналары. Труды научной конференции, посвященный 40-летию КазПИ им. Абая. А.,1968.

7. Н. Оралбаева, Ж. Балтабаева. Түркологиядағы атау (негізгі) септік проблемасы. ҚазССР ҒА Хабарлары, филология сериясы, 1982.№ 3.

8. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 342-344-б.

ХІІ. Жіктік жалғау

1. Жіктік жалғаудың жақ көрсеткіші екендігі.

2. Жіктік жалғаудың предикаттық мәні.

3. Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.

4. Сөзге жалғаулардың жалғану реті.

Сабақтың мақсаты

Жіктік жалғаудың жақтық сипаты мен предикаттық (баяндауыштық) мәнін, қазақ тілінде сөздердің жіктелу жүйесін меңгеру.

Жіктік жалғаудың қызметі ойды білдіретін негізгі қимыл, іс-әрекетті оны іске асырушымен (грамматикалық субъектімен) байланыстырып, сол арқылы мағыналық жағынан қимылдың кім арқылы, қай жақ арқылы жүзеге асуын білдіреді. Сондықтан да жіктік жалғау кейде баяндауыштық, предикаттық жалғау деп те аталады.

Әрине, жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық қана тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелу деген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла алмайды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.

Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалғау жүйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) мағынаны білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше-көпше де) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып танылады.

Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік,) кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, бір жағынан ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауышпен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы (ИСГТЯ, 5-19) деп атайды. Н.К.Дмитриевтің көрсетуінше, сөзге қосымшалар (аффикстер) жалғану негізінде болатын грамматикалық категория әдетте морфологиялық категория деп саналатын болса да, өзінің мәні жағынан баяндауыштық категория (категория сказуемости) яғни жіктелу таза синтаксистік қызмет атқарады. Түркі тілдерінің ерекшелігінің өзі осында (ИС-ГТЯ, 5) Өйткені, Э.В. Севортянның көрсеткеніндей, баяндауыштық сипат (сказуемость) дегеніміз екі түрлі грамматикалық категорияның қатысы: оның бірі, баяндауыш деп аталатыны, белгілі бір қасиетті (іс-әрекет) білдіре отырып, екінші бірі сол қасиеттің іс-әрекеттің иесімен немесе оның жағын білдіретін бастауышпен қосылып кетеді. Баяндауыштық сипат ойлау актісінің сөйлеу арқылы берілуі болып табылады да, сөйлемнің негізін құрайды (ИСГТЯ, 16).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: