Тапсырма №1368

17 жасар қыз жоғарғы ортаңғы күрек тістердің бетінде ақ түсті дақтар пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 11 және 21 тістердің вестибулярлы жағының мойын бөлігінде эмаль ақ түсті, жылтыр емес. Зондпен шұқып тексергенде эмальдың беті кедір-бүдір. 2%метилен көгімен дақтар боялады.

Жалпы ем үшін төменде аталған дәрі-дәрмектердің ішінен қайсысын тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?

A) +Кальцемин

B) Супрастин

C) Продектин

D) Кавинтон

E) Ципролет

Тапсырма №1369

63 жасар ер адам төменгі оң жақ тісте ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 45 тістің медиальды-шайнау бетінде жабынды дентин аймағында тістің қатты тіндерінің ақауы байқалады. ЭОД - 6 мкА.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) терең кариес

B) +орта кариес

C) беткей кариес

D) сына тәрізді ақау

E) флюороздың эрозивті түрі

Тапсырма №1370

59 жасар төменгі оң жақ тісінде температуралық тітіркендіргіштерден ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 44 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарға кішкене пигменттелген дентинге толы тісжегі қуыс көрінеді.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) Перкуссия

B) ауру анамнезін жинау

C) Рентгенография

D) +Электроодонтометрия

E) трансиллюминация әдісі

Тапсырма №1371

16 жасар жігіт алдыңғы тістің эмалінде ақ түсті дақтың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 21 тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде ақ түсті жылтырсыз дақ.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) Рентгенография

B) өмір анамнезін жинау

C) Электроодонтометрия

D) +витальды емдеу әдіс

E) Перкуссия

Тапсырма №1372

18 жасар жігіт алдыңғы тістің эмалінде ақ түсті дақтың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 21 тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде ақ түсті жылтырсыз дақ, зондпен шұқып тексергенде беті кедір-бүдір.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) жергілікті гипоплазия

B) сына тәрізді ақау

C) эмальдің эрозиясы

D) +бастапқы кариес

E) Флюороз

Тапсырма №1373

Бастапқы тісжегінің ақ дақты кезені мен жергілікті гипоплазияның «дақты» түріне салыстырмалы диагностика жүргізу үшін қандай әдістерді қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

A) Термотест

B) Рентгенография

C) Электроодонтометрия

D) +витальды бояу әдіс

E) Перкуссия


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: