Тапсырма №1357

20 жасар қыз косметикалық ақауға – жөғарғы алдыңғы тісінің эмалінде ақ түсті дақ пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 11 тістің вестибулярлы бетінде ақ түсті жылтырсыз дақ көрінеді, зондпен тексергенде беті кедір-бүдір. 2% метилен көгімен боялады.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) аурудың анамнезін жинау

B) Рентгенография

C) температуралық тітіркендергіштеріне реакция

D) +витальды бояу әдісі

E) Электроодонтометрия

!1358

27 жасар әйел жоғарғы сол жақ тісіндегі тез басылатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 24 тістің шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентинге толған тісжегі қуыс көрінеді. Зондпен табанын шұқып тексергенде ауырады.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) аурудың анамнезін жинау

B) Перкуссия

C) витальды бояу әдісі

D) +Электроодонтометрия

E) трансиллюминация әдісі

Тапсырма №1359

26 жасар жігіт ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 34 тістің шайнау бетінде эмальдың ақауы бар. Шұқып тексергенде зонд тіреледі.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) бастапқы кариес

B) +беткей кариес

C) эмальдың эрозиясы

D) жергілікті гипоплазия

E) сына тәрізді ақау

Тапсырма №1360

26 жасар жігіт ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 35 тістің шайнау бетінде дентин деңгейінде тісжегі қуыс бар. Шұқып тексергенде зонд тіреледі.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) Перкуссия

B) Рентгенография

C) витальды бояу әдісі

D) +Электроодонтометрия

E) трансиллюминация әдісі

Тапсырма №1361

35 жасар ер адам ас шайнағанда төменгі тісте ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 34 тістің дистальды-шайнау бетінде жасанды дентин аймағында ас қалдықтарымен және жұмсарған дентинге толған тістердің қатты тіндерінің ақауы көрінеді.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс?

A) бастапқы кариес

B) беткей кариес кариес

C) жылдам дамитын терең тісжегі

D) +орта кариес

E) баяу дамитын терең тісжегі

Тапсырма №1362

35 жасар ер адам төменгі сол жақ тісте ас қабылдағанда турып қалады және тісжегі қуысы барына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дистальды-шайнау бетінде жасанды дентин аймағында ас қалдықтарымен және жұмсарған дентинге толған тістердің қатты тіндерінің ақауы көрінеді.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) Перкуссия

B) Пальпация

C) Рентгенография

D) +Термометрия

E) трансиллюминация әдісі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: