Тапсырма №1435

38 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады. Шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) +Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Тапсырма №1436

25 жасар ер адам төменгі оң жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Өмір тарихын жинау

Д) Қағып тексеру

Е)+ Электроодонтометрия

Тапсырма №1437

50 жасар әйел адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді-шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады, шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады. ЭОМ -45мкА

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек:

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативті әдіс

Тапсырма №1438

22 жастағы әйел 37 тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, іші өскен тіндермен толған, ауыру сезімі аз және шұқып тексергенде қанайды. Тіс сауытының жан-жағын шұқығышпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысыннан тыс жатыр.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Қағып тексеру

В)+ Рентгенография

С) Электроодонтометрия

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Өмір тарихын жинау

Тапсырма №1439

35 жасар ер адам ас қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы анықталады, ашылған ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады:

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: