Тапсырма №1440

35 жасар ер адам 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, ашылған ұлпа мүйізшесі қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады:

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативті әдіс

Тапсырма №1441

20 жасар қыз төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі ұлғаяды. Тісі таң ертеңнен бері ауырып тұр. Науқастың дені сау. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс сауытымен байланыспаған, терең тісжегі қуысы көрінеді. Қуыстың табанын шұқып тексергенде ұлпаның бір мүйізше тұсында ауыру сезімі бар. ЭОД -24мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) +Консервативті әдіс

Тапсырма №1442

17 жасар жігіт төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Денсаулығы жақсы, аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауыру сезімі бар. ЭОМ-35 мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативті әдіс

Тапсырма №1443

42 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: