Тапсырма №1464

58 жасар әйел төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

С) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д)+ Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Тапсырма №1465

58 жасар әйел төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Дәрі-дәрмектерге аллергия жоқ. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, зондтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Қағып тексергенде ауырмайды. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз. Ауызішілік нысанды рентгенограммада - тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)+Витальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді экстирпация әдісі

Д) Девитальді ампутация әдісі

Е) Консервативті әдіс

Тапсырма №1466

44 жасар ер адам төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы үлкен тісжегі қуысы көрінеді.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) + Зондпен тексеру

С) Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) Термометрия


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: