Тірек лекциялар 8 страница

Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін" жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.

Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.' Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы - сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.

Томмазо Кампанелла (1568-1639) - философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі - "Күн қаласы".

Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: "Әлем - үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз - жердің тері".

"Күн қаласы" еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба-яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка )

бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.

Мемлекетті басқарушы - Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы - Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат - әскери істерді, Даналық - ғылымдарды басқарады, Махаббат - тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы - Метафизик.

Никколо Макиавелли (1469-1527) - Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -"Билеуші" ("Государь"). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні

болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі "Мақсат құралдарды ақтайды ("Цель оправдывает средства") қағидасы осылайша пайда болды.

Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең - адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.

7-ТАҚЫРЫП

ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары.

4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту

Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни

шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.

Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан - ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан- философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;

Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: "ЖаңаОрганон", "Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік жәнесаяси қағидалар", "ЖаңаАтлантида", т.б.

Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі "Білім - күщ" ( Знание - сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.

Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері - құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде - Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу - физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын - метафизика.

Философияның соңғы бөлімі - адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оғанкөмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл."ЖаңаОрганонда" баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән,олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтанолардан құтылуға тырысу керек.Бэкон бұл кемшіліктерді идоя­дар, елестер, ескіліктің

қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:

1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді.

2) Үңгір идолдары - адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.

3) Алаң идолдары - адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады).

4) Театр идолы - жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім "философиялықтеатрларды" туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон "екі ақиқат" теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. "Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы".

Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.

Рене Декарт (1596-1650) - француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, ме-

ханика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: "Бірінші философия туралы пайымдаулар". "Фи-лософияның алғашқы бастаулары", "Метод туралы ойлар".

-философия ағаш секілді, оның тамыры - метафизика, діңгегі - физика, діңгектен тарайтын бұтақтары - үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты" деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.

Ерекшеліктері:

Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:

1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.

2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.

3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.

4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет - энумерация.

Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. "Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін" (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.

Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - "Этика".

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай - табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.

Ең бастысы - Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты - адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.

Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату - құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз "философиялық" деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана

нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.

Томас Гоббс (1588-1679) - кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі", " Азамат туралы", " Дене туралы", "Адам туралы".

Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның "екі ақиқат " теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, "фи-лософия - танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия". - дейді

Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі - оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, "адам адамга қасқыр ", адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.

Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі - мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады

дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан ке шетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету - Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.

'7Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен рито-рикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қыз-меттеріндеде болды, эмиграциядада өмір сүрді. Негізгі еңбектері: "Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе", "Ақыл-ойды басқару туралы", "Басқару туралы екі трактат"


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: