Тірек лекциялар 11 страница

2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.

3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнынсұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

Өмір философиясы - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.

Өмір философиясының негізін салушы - дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы "үрей", "қорқыныш" сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі - философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті - жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі - Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі - адам эгоизмінен, оның "адам адамға қасқыр" принципін ұстанғанынан.

Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.

Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. деген осындай көзқарас Ницшенің "Заратустра осылай деген" ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері "ең жоғарғы адам" (сверхчеловекі өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.

Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі - олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген "ең жогаргы адамнан " үлгі алуды ұсынады. гаргы адам " - еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік - адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі' тандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған "ең жоғаргы адам " ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.

Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнектіөкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мар тин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке

жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы - болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана - онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі - адам ғана.

Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол - азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің "Адам дегеніміз - маза" деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің "мәнді көре білу" әдісін таңдады, оның "көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің "маза", үрей". "қорқыныш" терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.

Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

Ардамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: "Адам...әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей".

Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне

байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.

Адамды қоршаған дүние - мәнсіз, абсурд" деген қағида француздың

тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Аль- бер Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойында-ғанымен, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзініңойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, "бір жөні болар" деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.

Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі - " Сизиф туралы аңыз" шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: "Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені - бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді....Осының бәрі абсурдпен шайқалды....Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды".

А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды.

Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы түруы Камюдің "Оба" романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз - өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам - "жоқ" деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты - күйзелмеу.

Экзистенциализмнің салыстырмалы түрде үшінші түрі - позитивтік экзистенциализмнің негізін салушы Николо Аббаньяно (1901-1977) философияның практикалық сипатын ерекше атап көрсетеді. Оның ойынша, философия өзінің романтикалық уағыз-өсиет айту әдетінен арылып, абсолюттік ақыл-ой, өзін-өзі танушы идея, шексіз рух, адамзат, танылмаған нәрсе және тағы басқа бұлдыр, түсініксіз, адамға пайдасы жоқ абстракция-лардан бас тартуы қажет. Философияның ендігі міндеті аспаннан жерге, адам қоғамына түсіп, адамның алдынан күн сайын туындап отырған өмірлік мәселелерді шешуге, адамға өзінің кім екенін, өмірге не үшін келгенін түсінуге көмектесу, ең бастысы - адамға сенімді, анық бағытарды көрсету. Осы ойын ол экзистенциализмге байланысты да қайталайды. Экзистенцияның өзі болмыс пен субъектінің арасындағы күрделі,

шым-шытырық қатынас, сондықтан адам өзінің назарын өзінің бойындағы "ештеңеге" де, алдындағы "болмысқа" да емес, өзіне аударғаны дұрыс. Аббаньяноның пікірінше, экзистенциализм адамға басшылық және көмек бола алады, бірақ ол үшін шешім қабылдап, немесе дайын формулалар үсынбайды, тек жол көрсетеді.

Аббаньяноның ойынша, философия адамды өтірік жұбатып, өмірдің ащы шындығын жасырып, иллюзиялармен алдарқатуды қойып, оны үнемі оятып, мазасыз күйге түсіріп отыруы қажет. Себебі, өмірдің өзі өте қауіпті, сондықтан адам күресуі, еңбектенуі, тығырықтан шығатын жолды үнемі іздеуі керек. Экзистенциализмнің мәні де осында, оның мақсаты адамды айымға салып, күйзеліске ұшырату емес, қысқа өмірді мәнді өткізуге озғау салу, ойландыру, іс-әрекетке жетелеу.

ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі - неотомизм, немесе жаңа томизм - католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бүл ілім шіркеуді орғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі кілдері: Э .Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.

Неотомизмнің басты қағидасы - сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғаырақ қояды.

Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға ағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың шікене үлгісі адамның өзі.

Структурализм - ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері - К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви -Строс (1908). Структурализм бағытының

өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды? некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.

Герменевтика - түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф .Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, "тіл - болмыстың үйі", яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.

Неміс философы Х .Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жа-риялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герме-невтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ой-ларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай" атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.

Қорыта айтсақ, ХХгасыр философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер - жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.

10-ТАҚЫРЫП ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.

2. Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи.

3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт- теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы- ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялықкөзқарастарда діни сипат басым.

Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар - Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының "Алтын гасыры " деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлесқосты.

Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығынқамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) "Зар заман философиясы".

ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ы бырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы - антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.

ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. -

Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50 - 60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк-систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы жәнедиалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.

Тәуелсіздік кезеңінін философиясы - соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.

Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады.

Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі - адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты -бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін - адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі - түйсіктен, екіншісі - елестетуден, үшіншісі - ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік - бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: