Тірек лекциялар 9 страница

Локк эмпиризмді - білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес.

Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.

Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Тәжірибенің осы екі түрі біздің идеяларымыз-

қайдан пайда болатынын түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын бізкөз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз.

-Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, прак-тика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табысты-лығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.

Локк Оксфорд университетінде грек тілі мен риторикадан сабақ берді деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас халықтың еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына да ерекше әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін, тең, тәуелсіз, өмірге, еркіндікке, меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның табиғи. ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды қанағаттандырмаса, өмір де жоқ деп ұғынады. Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ ол жеке меншік болғанда ғана пайда әкелмек, ол еңбек арқылы келеді. Адам еркіндігі, Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында, мемлекетте де сақталуы керек, яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Локк Гоббсқа қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың суверенитеті негізінде құрылуы керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық пен еркіндікті қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның ойынша, мемлекеттің функциясы ең қажетті нәрселермен шектелуі тиіс, келісімнің негізінде пайда болған мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы керек. Локк үкімет билігін бөлуді ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш институттан тұрады, заң билігі - парламентте, атқарушы билік - сот пен армия, федеративтік - корөл мен министрліктерде. Конституциялық монархияның бұл концепциясы буржуазия мен дворяңдар арасында компромисс орнатуға ықпал етті, сондықтан Локкты Англияда либерализмді орнатушылардың бірі десе болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни шыдамдылық қажет, бірақ атеизмге жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес

• Джордж Беркли (1685-1753) - ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар - түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін

көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі - жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қ абылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік "Мен'*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.

Давид Юм (1711-1776) - ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз "әсерлер" ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.

Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.

8- ТАҚЫРЫП

НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Классикалық ұгымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

2. И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары. Философиялық сөздікте классика деген ұғымға - сlаssіcus (латынша) -

тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы - тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін

із қалдырған ойшылдар.

Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр - Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы - білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.

2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, мо-

нархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.

3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.

Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық философиясының ерекшеліктері:

I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.

2) пиетизм - лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.

3) Философияның басты объектісі - адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.

Иммануил Кант (1724-1804) - неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады.

Ол философия пәнін оқытушы ретінде детанымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілдібұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға

тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.

Кант басты назарды танылушы субстанцияның құрылымына емес, танушы субъектінің ерекшеліктеріне аударды. Оның философиясының негізгі мәселесі - табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.

Кант өзінедейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта

отырып, априори теориясын ұсынды:

1) Бізді қоршаған дүние - өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын - біздің ақыл-ойымыз, а'рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді.

2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, "антиномиялар" тудырады. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі - еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік - табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.

Бұл қайшылықтарды шешу Кант үшін қиын болды, ол бір шешімге келе алмай, ақыл-ойдың дәрменсіздігі туралы тұжырымға келді. Бірақ

мәселе ақыл-ойдың шектеулігінде емес, дүниедегі процестердің диалек тикалық қайшылықты екендігінде еді, оны кейін Гегель түсіндірді. Кант зердені (ақыл-ойды) сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті:

1) Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері кушті болды, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).

2) Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). Фило-софияның маңызы төмендеді.

3) Сыншылдық кезеңі - Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті.

Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: "адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады", -деп жазған болатын. Кант философия саласын мына төрт сұрақтың төңірегінде жинақтады: 1. Мен не біле аламын? 2. Мен не істеуім керек? 3. Мен не нәрсеге үміттене аламын? 4. Адам дегеніміз не? Бірінші сұраққа мета-физика жауап береді, екіншісіне - мораль, үшіншісіне - дін, төртіншісіне антропология. Бірақ бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді.

Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын но-уменальдік дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигибелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың - табиғат пен еркіндіктің — арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс, бұлжымайтын ережелер.

Шартты ережелерді орындау-орындау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс деп шартты түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке мәселеңіз. Ал адамгершіліктік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заңы адамның абсолюттік еркіндігін

реттеуші. Кант: "Сен еркін де ақылды болуға тиістісің" деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив (Кант философиясының бұл ұғымы қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте "категориалды императив", "әдептілік императиві" деп аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін "бұлжымайтын императив" ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз ұғымына негізделген.

Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады, себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді. Яғни парыз категориясы адамды экзистенциалдық тандау жасауға мәжбүр етеді. Бұл тандауды Кант адамның пайдасына шешеді: "Адамның өзінің алдындагы парызы - өзін адамгершілікті тіршілік етушінің жетістіктерінен~аиыруга тиым салуда, ягни өзін ішкі еркіндіктен айыруга, затқа айналдыруга тиым салуда ". Кант осылайша дүниедегі заттардың бәрі де салыстырмалы құндылыққа ие еркіндігін, бірақ парасатты және еркін жігер ең басты құндылық болып есептелетінін айтады. Ақыл-ой, парасат адамға биік мақсаттарға жету үшін берілгенін, сондықтан оны жануарлық инстинкген төмен коюға болмайтынын Кант ерекше ескертеді, адамның ең бірінші, өзінің алдындағы парызы өмірінің мәнін құрайтын мақсаты - өзін ақыл-ойға жүгіне отырып, жан-жақты жетілдіру деп анықтайды.

Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: "Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны". Бүл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды. Канттың ойынша, осындай саналы тұлғалардан кемелденген республика құрылады, мұндай қоғамда бір тұлға басқа тұлғалар үшін құрал емес, мақсат.

Демократиялық даму жолына түскен бі қоғам үшін осы қағида, әрине, аса маңызды.

Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Қазіргі заманда достық, жолдасть ұғымдарының құны түсіп отырғаны жасырын емес. Осы асыл қасиетерді уақытша, белгілі бір мақсатқа жету жолында қолданатын адамдардың саны соңғы уақытта көбейіп отыр. Бұл құбылыс еткінші деп ойлаймыз, себебі мұндай қарым-қатынас алдамшы ғана. Заман қанша қатігез болса да адам өзінің басты қасиетін - адамшылығын ұмытпауы керек. Нағыз достық, сыйластық пайдаға негізделмеген, шынайы, кіршіксіз болуы тиіс, ал уақыт ша сезімге сүйенген адам өзін де, басқаны да төмендетеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза.

Келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: "Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын", "Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай болып қызмет ет". Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру - әрбір адамның парызы, бұл тұжы-рым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақыл-ойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз.

Осы қағиданың бір ғана отбасы көлеміндегі әсерін алып қарайықшы. Әрбір ата-ана парыздарын дұрыс түсініп, өздеріне қатаң талап қоя білсе, кейінгі ұрпаққа қандай ізгі үлгі болар еді. Ал осы істі қоғам көлемінде алып қарастырсақ, бұл өте қиын, күрделі нәрсе. Адамдардың көпшілігі парыз ауырлығынан саналы түрде қашып, тыныш қана өмір сүруді таңдауы мүмкін. Бірақ адам атына лайық, мәнді өмір сүремін деген адам парызын орындау міндетін өмірінің басты анықтаушы күші ретінде түсінуі тиіс деп ойлаймыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: