Пайдаланылатын материалдар

Жаттығу «Мәселені жасыру: Қоғам немесе меншік компания алдындағы жауапкершілік»
Слайд №1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. теңге
Слайд №2. 2001 жылы экономикалық қызмет түрлері эмитенттелген акциялардың бойынша бөлінуі
Слайд №3 Экономиканың салалары бойынша екінші деңгейдегі банктердің несиелері (млн. теңге)

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Экономика JA» Алматы, 2003ж.

2. К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006ж.

3. «Экономика JA. Қазақстан Республикасының қосымшасы» Алматы, 2003ж.

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

Қаржы нарықтары еркін кәсіпкерлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар ақшаларды жинақтаушылардан фирмаларға қарай ығыстырады, ал фирмала болса өз кезегінде бұл қаражаттарды жаңа капиталды ресурстарға инвестициялау үшін қолданады. Кәсіпкерлер қаржы нарықтарын күрделі инвестициялау үшін қаражаттар көзі ретінде қолданады. Бұл қарыздану, компанияның жаңа акцияларын сату, меншік қаражаттарды жинақтау секілді жолдармен іске асады.

Кәсіпорын капиталды ресурстарды жаңадан ашылатын немесе ұлғаятын кезде сатып алады. Бұл инвестициялау деп аталады.Алайда, әр-бір долларды инвестициялау үшін, шамамен осы сомма жинақталуы қажет екенін кез-келген адам біле бермейді.

Біз әлде-бір нәрседен бас тартып, үнемдейтін ақшалар экономикада бизнеске инвестиция ретінде жұмсалады. Көптеген американдықтар пайыз немесе табыс табу үшін өз жинақтарын банкке салады. Осы арқылы олар қаржы нарығының қатысушысы болады. Қаржы нарығы дегеніміз ақшаларды қолданғаны үшін ақша төлеуге келісетін қарыз алушы немесе басқа адамдар мен осы жинақтардың иелері арасында айырбас жүргізу.

Қаржы нарықтары кәсіпкерлік экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Қаржы нарығының екі жағы бар. Бір жағында, өз ақша қаражаттарын тиімді етіп салу жолдарын іздестіретін инвесторлар мен жинақтары бар адамдар болады. Екінші жағынан, капиталды ресурстарды сатып алуды қалайтын бизнесмендер болады. Бизнесмендер қажетті қаражаттарды алу үшін қаржы нарықтарын қалай пайдаланады? Олар ақшаны қарызға алады, капитал деп аталатын иелік үлесін сатады, немесе ақшаларды өздері жинақтайды. Шағын бизнесті қаржыландырудың бірнеше ерекшелігі бар.

Экономиканың бұл аясының кәсіпорындарын қаржыландырудың жеті көзі бар:

1. Жеке жинақтар. Жеке жинақтар көлемі шектеулі болса да,олар өте қажет, әсіресе, егер,кәсіпорын иесі қаржыландырудың басқа көздерін іздестіретін жағдайда.

2. Отбасы және жолдастар. Алғашқы кезде қаржыландырудың негізі көзі, бірақ, мұндай қарыздар мен инвестициялар жеке қатынастардың шиеленісуіне әсер етуі мүмкін.

3. Серіктестіктерді құру. Компанияның иелігін бөлу қосымша капитал мәселесін шеше алады, бірақ, пайда міндетті түрде бөлінетін болғандықтан бақылау бәсеңдей түседі.

4. Акцияларды сату және корпорацияны құру. Корпорация шектеулі жауапкершілікті және иелік құқығын оңай өткізуді қамтамасыз етеді, бірақ, корпорацияны құру шығындары өте жоғары, және пайда да бөлінуі тиіс.

5. Коммерциялық банктен қарыз алу. Қарыз беруші - банктің критериилері алты бөлімнен тұрады: капитал, қамтамасыз ету, мүмкіндіктер, сипаты, жабылуы мен міндеттемелері. Бұдан басқа өте нақты жасалған бизнес-жоспар қажет.

6. Шағын бизнес Әкімшілігінің несиелік бағдарламалары. Бұл бағдарламалар тікелей несиелерді де, шағын кәсіпорындарға қаржылық артықшылық беретін займ кепілдігін қамтиды. 1996 жылы Әкімшілік займдары 2,2 миллиард долларды құраған болатын.

7. Тәуекел капитал. Тәуекел капиталдың танымалдығы 1980-1990 жж. инновациялар мен кәсіпкерліктің кезеңінде өсе түсті. Тәуекел капиталы бар фирмалар өздерін үндемейтін иелер секілді ұстайды, бірақ, сонымен қатар, қомақты пайданы іздестіреді. Бүгінгі таңда, қаржыландырудың бұл нысаны, индустриалды технологиялар аясында ерекше танымал.

Әлбетте, мұнда кәсіпкер үшін де, инвестор үшін де тәуекелдің орын алу мүмкіндігі бар, себебі, тәуекел мен табыс бір-бірімен тығыз байланысты. Инвестициялаудың тәуекелі жоғары болған сайын, бұл инвестициялаудан түсетін табыс та арта түседі. Кәсіпорынның қызметі әрқашан да сәтті болмайды. Сіздің барлық ақшыңыздың немесе оның бір бөлігінің жоғалу тәуекелі бар нарыққа инвестициялау нарықтық тәуекел деп аталады. Компаниялар инвесторларға жоғары пайыз төлеуде тәуекелге барады. Тәуекелдің басқа түріне инфляция тәуекелі жатады. Бұл бағаның көтерілу әсері. Егер бағалар жоғарылайтын болса, инвесторлардың өз инвестицияларынан табатын табысы төмен болады. Бизнес қарызын «арзан» деп аталатын ақшалармен төлеуі мүмкін.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Кейде, бизнестің табысы бір апталық немесе айлық қимадағы шығындармен сәйкес болмайды. Ақшалардың кірістік ағымы шығындық ағымға қарағанда төмен болады және қолма-қол қаражаттар шоттарды төлеу үшін жеткіліксіз болады. Бұл жағдайды, әдетте, «қолма-қол ақша ағымының өзекті мәселесі» деп атайды. Міне, осы жағдайда, қысқа мерзімді несие бұл мәселенің шешімі бола алады. Мұндай қарыздар, әдетте, бір жыл ішінде өтеледі және жаңа ғимарат, құрал-сайман мен басқа да ресурстарды сатып алуды қаржыландыру үшін қолданылмайды. Қысқа мерзімді қарыздар шикізат материалдары мен тауарлық қорларды төлеу секілді күнделікті шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кең тараған нысандарына коммерциялық несиелер, қаржылық мекемелерден және басқа компаниялардан займ алу жатады.

Қысқа мерзімді қаржыландырудың нысандарын
коммерциялық несиелер қаржылық мекемелерден займ алу басқа компаниялардан займ алу

Коммерциялық несие ашық шот бойынша несие қағидасы негізінде әрекет етеді. Компания сатушыдан қажетті тауарларды арнайы шот бойынша (несие) сатып алады, ал оған төлейтін төлемді кейінге қалдырады. Коммерциялық несие сатып алған тауардың төлемін кейінге қалдыру (30,60 және 90 күнге), бөліп төлеу, құрал сайманды қарызға алу және т.б. нысанда болуы мүмкін, бірақ әрқашан сатып алушыға көмек беру үшін арналады. Коммерциялық несиенің құны сатылатын тауардың бағасына қосымша құн қою арқылы айқындалады.

Қаржы мекемелерінен займ алу. Банктер және қаржылық компаниялар секілді қаржы мекемелерінен займ алу қысқа мерзімді несиенің тағы бір көзі болып табылады. Әдетте, енді ашылып жатқан компания бірнеше несие алады, бұл үшін кәсіпорынға өз ағымды шығындарын жабу үшін қажетті шекті сомма көрсетілетін арнайы келісім жасалады. Бұрыннан қызмет етіп келе жатқан компаниялар да бұл әдісті қолданады. Қаржы мекемелерінің бұл қарызы әрқашан әлде-бір нәрсемен қамтамасыз етіледі, яғни қорғалады. Бұдан басқа, көптеген несие берушілер қарызданушының несие тарихымен, қолма-қол ақша ағымының қозғалысымен, пайданың болжамымен, несиенің қайтарылуына кепілдік болатын қамтамасыз етілумен және қарызданушының мінез-құлқымен танысқысы келеді. Несие берушілер қарыздану құжаттарын, соның ішінде, іскерлік және жеке қаржылық есептемелерді, табыстық кеден декларациясын және өте жиі бизнес-жоспарды мұқият зерттейді. Несие бойынша төленетін пайыздар оның мөлшеріне, тәуекел деңгейіне және қарызданушының қарызын төлеу мүмкіндігіне байланысты болады. Қаржылық мекемелердің алатын пайызы банктерге қарағанда жоғары болады.

Басқа компаниялардың займдары ірі ұлттық компаниялардыңарасында кең тараған национальных компаний. Мысалы, егер, «Дженерал Моторс» компаниясына өз қызметкерлеріне төлемдерді төлеу үшін қысқа мерзімге 10 миллион доллар қажет болса, онда ол қолма-қол ақшасы бар және пайда тапқысы келетін басқа компанияларға тікелей жүгіне алады.

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Облигациялар шығаратын корпорациялар жаңа технологияларды сатып алу, ұлғаю немесе корпоративтік бірігу (жұту) үшін қаражаттарды алғылары келеді. Корпорациялар жаңа облигацияны шығарғысы келген жағдайда, банкке шығарылымға кепіл болу туралы өтінішпен жүгінеді.

Займды алу үшін, корпорациялар ұзақ мерзімді қарыздық облигацияларды жиі сатады. Облигацияның ұстаушылары корпорацияларға қарызға ақша береді, және осының салдарынан корпорациялардың несие берушісіне айналады. Облигацияның қызмет ету мерзімі барысында оның ұстаушылары пайыз ретінде сыйақы, ал облигация өтелетін кезде - оның толық құнын алады. Сонымен қатар, компаниялар сауда несиесі, қаржылық мекемелердің займдары және басқа компаниялардан тікелей қарыздану арқылы қысқа мерзімге қарыздана алады. Қаржылық институттар, өз кезегінде, компанияларға ақшаны қарызға береді. Компаниялардың күрделі және басқа да ресурстарға салған инвестициялары бір бөлігі жаңа құрал-жабдықтардың шығындарын жабуға мүмкіндік беретін ауқымды пайда табуға ықпал етеді. Компанияның үстінен есептелетін пайыздарды қоса қарызын қайтаруға мүмкіндігі болады. Сонымен, бизнес экономиканың өсуіне пайдаланатын ақшалары өз иесіне де инвестициядан табыс әкеледі және жинақтардың көбеюіне мүмкіндік береді.

Егер, облигацияның ұстаушылары компанияның несие берушісі болып саналатын болса, онда акционерлер оның иесі болып табылады. Корпорациялар, көбіне, қаржы нарығында қорларды жинау үшін жаңа акциялар шығарады. Барлық корпорациялар жай акцияларды шығарады, ал кейбіреуі, сонымен қатар, қарым-қатынасы облигацияларға ұқсас артықшылығы бар акцияларды шығарады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: