Тапсырма

1.Директорлар Кеңесі  
2. Кәсіпкер  
3.Акция  
4.Пайдасыз корпорация  
5. Акционерлер  
6.Франчайз  

а) жаңа мүмкіндіктерді іздейді, тәуекелге барады

б) кәсіпорынға сауда торабының бір бөлігі ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін лицензия

в) пайдасын қайырымдылық және діни мақсаттарға жұмсайтын бизнесті ұйымдастыру нысаны

г) корпорация акционерлерінің таңдайтын өкілдері

д) корпорацияның иелері пайданың бір бөлігін алады

е) корпорацияға иелік ету үлесі

Жауаптар: 1-г, 2-а, 3-е, 4-в, 5-д, 6 -б

2 тапсырма. Мына мәселені талқылаңыз:

1. Егер Сіз өз бизнесіңізді ұйымдастырғыңыз келсе, ұйымдастырудың қай нысанын таңдар едіңіз? Неге? (жауаптар әртүрлі болуы мүмкін)

2. Әуе бизнес саласына қарағанда мейрамхана бизнес саласына кіру кедергілері төмен, неге? (бизнесті ұйымдастырудың нысандары әртүрлі: ресторан – монополиялық бәсеке, авиа бизнес - олигополия)

3. Келесі аталған кәсіпорындардың әрқайсысы нарықтық құрылымның қай түріне жатады:

Ø Сүт дүкені (монополиялық бәсеке)

Ø Шаштараз (монополиялық бәсеке)

Ø Мемлекеттік емес мектеп (олигополия)

Ø Дәнді-дақыл фермасы (жетілген бәсеке)

Ø Метрополитен (табиғи монополия)

Ø Металлургия комбинаты (олигополия)

Ø Жинақ банкі (олигополия)

4. Бәсекелестік фирма қандай жағдайда өзінің өнімін өндіруді тоқтатады? (Орташа жалпы шығындарды азайту кезіндегі шығарылатын өнім көлеміне қарағанда ұзақ мерзімдегі периодта фирма өнім көлемін аз шығарады, яғни өндіріс көлемі толық пайдаланылмайды. Қоғамға белгілі бір өнім көлемі жетпейді. Әртүрлі өнімдерді өндіретін фирмалардың көп болуы қоғамның қажеттіліктерін мейлінше толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді, тауар мен қызмет түрінің ассортименті ұлғаяды. Фирма шығындарын өсіруге мәжбүр болады, бұл әрине банкротқа ұшыратады.)

5. Тышқан қақпанын шығаратын «Тышқандарға өлім» атты фирмасын монополист деп санауға болады ма, егер

Ø бұл фирма тышқан қақпанын шығыратын жалғаз фирма болса, (ия,санауға болады)

Ø нарықта осындай тауарды шығаратын екі фирма пайда болса, (жоқ,санауға болмайды, бұл олигополия)

Ø «Тышқандарға өлім» атты фирмамен қоса әйел адамдарға арналған әтір мен тышқандарға қарсы аэрозольдерді өндіретін «Ландыш» фирмасы бар, бұл нарықта мысықтарды жаттықтырумен айналысатын жануарларды қорғау қоғамы қызмет етеді, кеміргіштермен күресетін ақылы бөлімше қызмет етеді. (жоқ,санауға болмайды, себебі алмастырушы тауарлар бар)

«Алтын кілт» ертегісі.

Тапсырма: бос орындарды толтырыңыз.

Дуремар өзінше бір жалғыз кәсіппен айналысқан болатын: сүліктерді ұстау кәсібі.Ол бұл саладағы жалғаз маман болғандықтан, сүліктерге бағаны өзі тағайындады және оған ешкім кедергі жасай алмады. Демек, ол _____________________ (монополист). Енді осы кәсіппен Буратино да айналаспақшы болды. Сонда ситуация мұлдем басқаша болды: сүліктің бағасы ______________________ (бәсекелестік күрес негізінде) және әр қайсысының аулаған сүлік көлеміне байланысты болды. Сонымен қатар Дуремар сүлік бағасын өзгерткен сайын Буратино жауапты реакция білдіруі керек болды. Дуремар мен Буратино _____________________ (бәсекелестер) болды. Егер де сүлікті ұстаумен тұрғындардың жартысы айналысқан болса, онда бірдей нарықтық баға тағайындалатын еді, және де әрбір сүліктің басына бұл баға сыртқы фактордың әсерінен туындаған баға болатын еді, яғни бұл баға - Дуремар ықпалысыз, нарық тағайындаған баға. Бұл нарық моделі _______________________ (монополиялық бәсеке) деп аталады. Сүлікті аулау кәсібіндегі бәсекеге шыдамай алмаған тұрғындардың бір бөлігі біліншілікке (банкротқа) ұшырады. Ал қалған 10 адам өзінің жеке сауда маркаларын жарнамалау арқылы бизнестерін жалғастырды. Бұл нарықтық модель _________________________ (олигополия) болып табылады. Ал егер мемлекет сүліктерді аулауда өзінің монополиясы туралы жарялайтын болса, онда мемлекеттің шексіз құқығы ретінде сүліктерге бағаны тағайындау болатын еді. Бұл нарықтық жағдайды ____________________ (табиғи монополия) деп атауға болады.

ТЕСТ

1. Төменде аталған тұжырымдардың қайсысы дұрыс

а) ақша да, акция да, облигация да физикалық түрдегі капитал болып табылмайды

б) ақша да, акция да, облигация да физикалық түрдегі капитал болып табылады

в) акция физикалық түрдегі капитал болып табылады, ал ақша мен облигация - физикалық түрдегі капитал болып табылмайды

г) ақша физикалық түрдегі капитал болып табылады, ал акция мен облигация - физикалық түрдегі капитал болып табылмайды, себебі олар құнды қығаздар

2. «Мүйіздер мен тұяқтар» фирмасы – ашық акционерлік қоғам. Ол өзінің акцияларын алғашқы нарықта 10 млн. теңгеге сатты. Демек,

а) фирма активінің жалпы сомасы 10 млн.теңгеден кем емес

б) фирманың жарғылық капитал мөлшері 10 млн. теңгеден кем емес

в) келесі жылы фирма акционерлеріне 10 млн. теңгеден кем емес дивидендтер төлеуге міндеттеме алды

г) дұрыс жауабы жоқ

3. Дивидендтер дегеніміз:

а) компаниядағы меншік құқығы туралы куәландыратын акционерлік капиталдағы үлес

б) құнды қағаздарды сату мен сатып алудағы брокердің клиенттен алатын төлемі

в) мүлікке, тауарға, өндіріске иелік ету құқығы туралы немесе құнды қағаздар иесіне төленуге тиісті қарыз сомасы туралы куәландыратын құжат

г) компания акционерлері жиналысының шешімі бойынша акция иелеріне төленетін пайда үлесі

4. «Ассоль» дүкені жиһаздарды көтерме сауда бағаларымен сатып алады, ал оны жоғары бөлшек сауда бағасымен сатады. Сонымен қатар, дүкен бөлмесінің бір бөлігі косметика сататын фирмаға жалға берілген. Бұдан келесі тұжырым жасауға болады:

а) дүкеннің алатын түсімі дүкен табысына тең

б) дүкеннің табысы дүкен түсіміне қарағанда көп, себебі табыс түсімнен басқа өзіне жалдық төлемді қосады

в) дүкеннің табысы дүкен түсімне қарағанда көп, себебі табысты есептеу бөлшек сауда бағаларын ескереді, ал түсімді есептеу - көтерме сауда бағаларын ескереді

г) дүкеннің түсімі осы дүкеннің табысынан көп, себебі түсім дүкен төлейтін салықтарды шегермеген кезде анықталады, ал табыс – дүкен төлейтін салықтарды шегеріп тастағаннан кейін анықталады

5. Дивидендтер:

а) барлық акция иелеріне үнемі төленіп отырады

б) акционер меншігінде болатын фирма мүлігіндегі үлес

в) тіпті фирма пайдалы жағдайда болса да, төленбеуі мүмкін

г) фирма кеңеюімен бірге өсіп отырады

Жауаптар: 1-А, 2- Г, 3-Г, 4 – Б, 5- Б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: