Тапсырма. 1. Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау, зерттеу нәтижесі бойынша тау жыныстарының үлгілік коллекциясын

1. Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау, зерттеу нәтижесі бойынша тау жыныстарының үлгілік коллекциясын топтарға бөлу (магмалық, метамофтық, шөгінді).

2. Магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстарын классификациялау негізімен танысу (1, 2, 3 кесте).

3. Тау жыныстарының коллекция үлгілерін сипаттап беру, кестелерді қолдану және тау жыныстарының сыртқы белгілерін ажырату.

Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.

Тапсырмаға түсініктеме.

Тау жынысы – дегеніміз, жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттар. ПЕТРОГРАФИЯ - тау жыныстарын зерттейтін ғылым.

Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үш топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстары.

Магмалық жыныстар. Магмалық жыныстар дегеніміз, жер астынан балқып шыққан тас заттардың, яғни магманың қатаюынан пайда болған тау жыныстары.

Жыныстардың морфологиялық белгілері. Минералдар құрамы бойынша жыныстар былайша бөлінеді:

· Мономинералдар – құрамында бір ғана минерал бар (мысалы, мрамор құрамында кальцит минералы ғана бар);

· Полиминералды - құрамында бірнеше минерал кіреді.

3 кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы

Химиялық құрамы Пайда болу жағдайы Минералдық құрамы (басты минералдар)
Интрузивтік Эффузивтік
Қышқылдық Гранит Пегматит Липарит Обсидиан Пемза Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы
Орташа Сиенит Диорит Трахит Андезит Обсидиан Пемза Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы және басқа түсті минералдар андезит, мүйіз алдамшасы
Негізді Габбро Диабаз Лабродорит Базальт Обсидиан Пемза Лабрадор, ангит, мүйіз алдамшасы
Ультра-негізді Дунит Пироксенит   Оливин, авгит

Құрылысы. Магмалық тау жыныстарының (заттың кристалдану дәрежесі, құрамына кіретін кристалдың пішіні және көлемі) құрылысы төмендегідей болады:

· Түйіршікті, немесе толық кристалданған;

· Афаниттік – қарусыз көзбен көрінетін, кристал түйіршіктері жоқ;

· Шыны тектес – аморфты, кристалданбаған зат (вулкандық шыны);

· Порфирлік шыны тектес немесе жасырын кристалды зат жеке кристал түйіршіктерінің бедері байқалады;

· Пегмативтік – қосындының екі компонентінің біз мезетте кристалдануынан пайда болады. Минералдар өскін тәрізді болып көрінеді.

Түсі. Құрамындағы минералдардың түсіне байланысты. Тау жынысының түсін құрамындағы минералдың басым реңімен анықтайды.

Шығу және қатаю жағдайына қарай магмалық жыныстар тереңдік немесе интрузивтік, салалы (аралық), төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді:

· Тереңдік (интрузивтік) егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда түйіршік кристалды құрылыстар пайда болады;

· Салалы – магма бұрын пайда болған тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болады (пегматиттер);

· Төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары-дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.

Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:

1. механикалық шөгінділер

2. балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ)

3. химиялық және биохимиялық шөгінділер

4 кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы

№ п/п Тау жыныстары Бөлшектер диаметрі, мм Жыныстардың атауы
Бос күйінде кіріккен
Жұмырланбаған Жұмырланған Жұмырланбаған Жұмырланған
             
  Кесек шөгінділер (псефитер) 100-10 Тоң кесектер ұсатылған тас қиыршық Қойтас   конгломерат
  Орташа шөгінділер (сынықтар) 2-0,05 құм   құмтас құмтас
  Шаң тәріздес (алевтиттік) 0,05-0,01 Лесстер, лесстектес құмбалшықтар, Вулкан күлдері (алевриттер) Алевролиттер.

· Механикалық жолмен (үгілу, ұсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы құм, қиыршықтас, малтатас, қойтас және осы айтылғандардың біріккен түрі құмтас, женттас, конгломерат т.б. механикалық шөгіндіге жатады;

· Балшық тектес диаметрі 0,01 мм-ден кіші түйіршіктерден құралған. Физикалық әсерлерден шағылып немесе химиялық іруден пайда болады;

· Химиялық және биохимиялық шөгінді жыныстар, химиялық бұзылудан және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетінен бұзылып шөгеді. Химиялық құрамына қарай былай бөлінеді:

· Карбонаттық (известняк, доломит);

· Кремний тектес (диатомиттер, трепельдер);

· Күкірт қышқыл (мирабилит, гипс, ангидрит);

· Темір тектес (сидерит, темір рудалары, пирит);

· Фосфатты (фосфориттер);

· Көміртектес, немесе жанғыш, қазбалар (торф, қазба көмірлер, жанғыш тақта, мұнай)

Метаморфтық тау жыныстары. Метаморфтық жыныстар-магмалық және шөгінді жыныстардың әртүрлі өзгерістерге ұшырып, - өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтуы, сонымен қатар минералдық және химиялық құрамының өзгеруінен пайда болады.

Барлық метаморфтық тау жыныстарының құрылысы кристалданған. Түйіршіктер пішіні жапырақ, қабықша және ине тәріздес болуы мүмкін.

Текстура. Жыныстың құралуы, яғни жыныс құрамына кіретін минералдардың орналасу тәртібі және тығыздық дәрежесі төмендегідей болады:

· Жолақты – минерал құрамы, қалыңдығы әртүрлі жолақтардың кезектесін орналасуы;

· Талшықты – көпшілік талшық тәріздес кристалдардың түйісіп-айқасып орналасу;

· Қомақты – беріктігі жақсы тығыз минерал түйіршіктері;

· Тақталанған – созыңқы пішінді минералдардың параллель орналасуы.

5 -Кесте -Метаморфты тау жыныстарының классификациясы

Текстура. Атауы Алғашқы тау тынысы Минералдық құрамы
Жолақты Гнейс Гранит, сиенит, шөгінді жыныстар Дала шпаты слюда, мүйіз алдамшасы
Тақталанған Сланец Балшықтектес Тальк, слюда, мүйіз алдамшасы, кварц
Қомақты Мрамор Кварцит Известняк, доломит құмдақ кварцты Кальцит Кварц және қосындылар

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тау жыныстарының сыртқы белгілерін атап беріңіздер?

2. Тау жыныстарының құрылысының және текстурасының негізгі түрлерін сипаттап беріңіздер?

3. Магмалық, метаморфты, шөгінді тау жыныстары қандай жолдармен пайда болады?

ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАР

Жұмыс мақсаты: Негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу, қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: