Жетісай, 20_

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ

Тараулар атауы, реті Аудиториялық сабақтар Аудиториядан тыс сабақтар
лекция лабор ОБСӨЖ СӨЖ
  Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні   - -  
  Химияны оқытудың мақсаты мен міндеттері   - -  
  Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздері   - -  
  Орта мектептегі химия курсының мазмұны және құрылымы     -  
  Химиялық ұғымдарды қалыптастыру   - -  
  Химиялық ұғымдарды түсіну үрдісі. Ұғымдарды дамыту мен қолданудың әдістемесі.   - -  
  Химия тілі – химияны оқытуда таным құралы   - -  
  Химияны оқыту әдістері     -  
  Химиялық есептер –химияны оқытудың бір құралы.   - -  
  Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру     -  
  Орта мектепте химияны оқытудағы оқуды ұйымдастыру формалары   - --  
  Сабақ-химияны оқытудағы басты ұйымдастыру формасы   - -  
  Химия сабақтарын жіктеу   - -  
  Мұғалімді сабаққа дайындау     -  
  Химиядан топ серуен   - -  
  Химиядан факультатив сабақтар   - -  
  Химияның алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру   - -  
  Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсінік қалыптастыру     -  
  Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі   - -  
  Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесін оқып-үйрену әдістемесі   - -  
  Орта мектеп химия курсындағы атом құрылысы теориясын оқып-үйрену әдістемесі   - -  
  Химия курсында химиялық байланысты және заттардың құрылысын оқытудың маңызы     -  
  Валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы   - -  
  Химиялық реакциялар туралы ұғымның дамуы   - -  
  Мектеп химия курсындағы ерітінділер туралы оқу материалдарының орны мен маңызы   - -  
  Электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту     -  
  Химияны жүйелеп оқыту курсында элементтерді және олардың қосылыстарын оқытудың негізгі ұстанымдары   - -  
  Элементтердің негізгі қосылыстарына сипаттама   - -  
  Органикалық заттарды оқып-үйренудегі әдістемелік ұстанымдар   - -  
  Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау     -  
  Барлығы     -  

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

1-лекция.

Тақырыбы: Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні

Жоспары:

1. Химияны оқыту әдістемесі

2. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Лекция мақсаты: Студенттерге химияны оқыту әдістемесі пәнімен таныстыру және бұл пәнді жетік меңгерту.

Лекцияның мәтіні:

1. Химияны оқыту әдістемесі

Осы кездегі химияны оқыту әдістемесі-ғылым. Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні болғандықтан, еліміздің қазіргі дамуы мен қоғамдық мүддесіне қызмет етуде. Химия материяны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Химия-заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия-заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгеріс жағдайын, онда болатын әрекеттерді, оны басқаруға болатын әдістерді зерттейтін ғылым.

Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым пәні болғандықтан, қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру және тәрбиелеудің мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес химия пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне негізделіп құрылады. Химиялық материалдарды оқып-үйрену барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға сүйенеді. Химияны оқыту әдістемесі- мұғалімге арналған ережелер мен тәлімгерліктің жиынтығы емес, химияны оқыту үрдісінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің шығармашылық ізденісіне бағыт сілтейтін ғылым.

Химияны оқыту әдістемесі: неге оқытады, нені оқытады, қалай оқытады деген сұрақтарды шешуді көздейді. Бірінші сұрақтың жауабы мектеп химия курсындағы материалдарды іріктеп алу арқылы анықталады. Ол үшін химия ғылымының даму логикасы мен тарихы, теориялық және нақты материалдардың өзара арақатынасы ескеріледі.

Екінші сұраққа былай жауап беруге болады: химияны оқыту әдістемесі оқушының жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнына сай қарастыруға нұсқау береді; оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасайды; оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары мен жаттығуларына бағыт сілтейді. Оқыту үрдісінде ұғымдарды, заңдарды, теорияларды іріктеп алудың жолдарын қарастырады.

Үшінші сұрақтың жауабы оқытуға байланысты қарастырылғаны жөн. Оқыту-мұғалімнің қызметі. Мұғалім оқушыларға химиялық білімді меңгертеді, оны ақпараттар берумен байланысты орындатады. Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Келесі мәселе-қалай оқиды деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың іс-әрекеті бойынша анықталады. Оқушы білімді енжар игеріп қана қоймай, өздігінен ойлау, білім алу әдісін үйренуі қажет. Оқушылардан мұғалімнің түсіндірген материалдарын, кітаптан оқығандарын жай ғана есте сақтаудан гөрі, оны ойлап, ой елегінен өткізе білу, ұғына білу талап етіледі.

2. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі- сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз- жасөспірімнің бойна ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту-білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту-нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Оқыту әрекетіне “мұғалім-оқушы”, “оқушы-оқу пәні”, “оқушы-оқушы” қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі- мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттарымен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.

Химияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.

 
 


Мақсаттары мен міндеттері

 
 


Оқыту формалары

 
 


 
 


Бақылау сұрақтары:

1. Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым пәні ретіндегі маңызы қандай?

2. Химияны оқыту әдістемесі неге оқытады?

3. Химияны оқыту әдістемесі нені оқытады?

Лекция

Тақырыбы: Химияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері

Жоспары:

1. Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары

2. Химияны оқыту мақсаттарының түрлері

3. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері

4. Химиядан білім берудегі оқу-танымдылық міндеттер

Лекция мақсаты: Орта мектепте химияны оқытудың мақсаты және түрлерімен студенттерді таныстыру және қалай оқытқан дұрыс екенін үйрету.

Лекцияның мәтіні:

1. Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары

Жеке оқу пәндерінің мақсаты мектептің алдына қойған қоғамның әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы ғылыми және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар:

1. Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;

2. Химия зерттханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;

3. Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;

4. Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;

5. Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;

6. Оқушылардың білім мен білік алудағы инициативасын, дербестігін және табандылығын тәрбиелеу;

7. Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

Химия пәнінің мақсаттары тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.

2.Химияны оқыту мақсаттарының түрле рі

Химия курсының мазмұны егеменді еліміздің оқу жүйесі жөніндегі орта мектепте жалпы білім берудің тұжырымдамасында анықталған. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады.

Оқытудың тәрбиелік қызметі әрі негізгі, әрі анықтаушы міндет атқарады. Ол еңбекке баулу, адамгершілікке үйрету нысанды қасиеттерін қалыптастырады. Оқыту кезінде ғылыми көзқарас, саяси-идеялық, нанымдық пікірлер тудырып, жан-жақты тәрбиенің сипаты заңдылық екені де белгілі. Ол оқытудың білімдік, машықтану мақсаттарымен бірлікте бір-бірімен байланысты қалыптасады. Оқытудың білімділік мәні- оқушыларға химия ғылымының негіздерін үйретуді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Химияны оқыту дамытылған мәнде жүргізілуі керек, өйткені танымдық мүмкіндіктер, логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекеттерге байланысты.

Химияны оқытуда пайдаланылатын дидактикалық материалдар мен үйлестіріп беретін заттар, тәжірибелерді орындау оқушыларды байқампаздыққа, ұқыптылыққа, сезімталдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.

3. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері

Оқытудың мақсаты дегеніміз-жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады: заттар туралы білім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның алатын орнын көрсету.

Химиядан орта білім берудің екінші міндеті - пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып түсінуге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химия заңдылықтарына сүйеніп, молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі.

Химиядан орта білім берудің үшінші міндеті- табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөніндегі ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Заттар және олардың кездесу түрлері

 
 
Минералдар және тау жыныстары


Молекула

       
   
 
 


Қарапайым бөлшектер
Атом
Заттар
2. Химия
4. Биология
3. Геология
2. Химия
1. Физика
Химиялық элемент
Организмдер денесін құрайтын заттар

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы материалын іріктеу.

Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу.

Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу.

Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту.

4. Химиядан білім берудегі оқу-танымдылық міндеттер

Оқыту мен тәрбиелеу- бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу- танымдық бірінші міндет деп санауға болады.

Оқу-танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті- оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті- оқытудың уәжділігін арттыру, факторлармен түрлі заңдылықтардың туу себебін аша білу.

Оқу-танымдық қызметті дамытудың бесінші міндеті- оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту. Сонымен қатар, химияны оқытуда мынадай жалпы міндеттері де шешіледі:

1. Химияны оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;

2. Педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтарын химияны оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану үрдісін зерттеу;

3. Химияны оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және керегінше қорытындылау;

4. Педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді оқыту үрдісінде қолдану және тәжірбиеге енгізу тетігі мен әдістемесін жасау.

Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, тәжірибеден өткен оқыту әдістері мен тәсілдерін мектеп өміріне енгізу басты міндет болып табылады. Осыдан келіп химияны оқытудың мынадай жеке міндеттері туындайды.

1) оқытудың ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

2) Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдарысын бағалаудың және оқыту әдістерін жеке тәсілдерін жақсарту;

3) Оқыту үрдісінің тиімділігін тексеру;

4) Мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) сыныптан тыс жұмыстардың формаларын жетілдіру жолдарын табу;

Бақылау сұрақтары:

1. Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттарымен таныстыру?

2.Оқытудың тәрбиелік қызметтері?

3.Химиядан орта білім берудің қанша міндеті бар?

4. Химиядан орта білім берудің міндеттерін ата?

Лекция

Тақырыбы: Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздері

Жоспары:

1.Химияны оқыту үрдісінің үлгісі

2.Оқыту үрдісінің элементтері

Лекция мақсаты: Сабақ беру кезінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, арқылы химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, әр түрлі химиялық құбылыстарды түсіндіру

Лекцияның мәтіні:

1. Химияны оқыту үрдісінің үлгісі

Оқыту әрекеті-педагогика, дидактика және әдістеме ғылымдары тұрғысынан түсінуге болатын күрделі үрдіс. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз- жасөспірімнің бойына ұжымдық тәрбиені сіңдіру болса, дидиктикалық жағынан алғанда оқыту- білім мазмұнын жасөспірімдерге сабақ беру арқылы жеткізу. Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту нақты оқу пәнінің материалын жасөспірімдерге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқытудың бірлігі ретінде қарастырылады.

Оқыту әрекетіне “мұғалім-оқушы”, “оқушы-оқу пәні” қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі- мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, оқытудың ұйымдастыру формаларынан, сабақ беру, оқу, оқыту құралдары мен әдістерін және оқыту нәтижесі арқылы жүзеге асады.

Оқытудың мақсаты мен мазмұнын, құрылысы мен әр түрлі әдістерін және оқыту құралдарын пайдаланудың дидактикасын анықтайды.

Орта мектепте химияны оқытудың мазмұны, оқушыларды химия ғылымымен, оның техникалық негіздерін үйретуді көздейді. Дамыту функциясы химия мұғалімінен әр түрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дамыту сатыларын терең білуді талап етеді. Химия мұғалімі оқытудың сыныптық жүйедегі (8-9) сабақ беру ерекшеліктерін жете білулері керек.

Химиядан сабақ беру кезінде мұғалімнің ұйымдастырушылық қызметінің маңызы зор, мұғалім химия ғылымының негіздерін оқыту арқылы оқушыларды кәсіптік бағдар алуға тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Сабақ беру кезінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мұғалім химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, әр түрлі химиялық құбылыстарды түсіндіреді, сонымен қатар, мұғалім оқушылардың бойына іскерліктер мен дағдылар қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ беру кезінде дидактикалық материалдарды мүмкіндігіне байланысты қолданады, оқыту құралдарын көрнекі көрсетіп, шығармашылық тапсырмаларды орындауда әр түрлі тәсілдерді қолданады. Мұғалім сабақ беру кезінде оқыту үрдісін зерттеу мен қатар, оқушылардың ақыл-ой қабілетін, тағы басқа да психикалық қасиеттерін зерттейді. Шығармашылық тұрғыда өткен әрбір сабақ мұғалімнен көп ізденіп, көп оқуды керек етеді. Оқушылар химия негіздерін оңай меңгере алмайды, ол үшін іздену, іс-әрекет етуі –оқуы керек.

2. Оқыту үрдісінің элементтері

Оқу үрдісінің құрылысына мынадай элементтер кіреді:

  1. Мұғалімнің түсіндірген немесе хабарлаған ақпараттарын, оқулықтан оқып алған білімдерін, ауызша ойлап не жазбаша жоспар тізіп өзінше айтып шығу.
  2. Химиялық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың не құбылыстардың анықтамасын сан рет қайталап, ойда сақтау.
  3. Өткен тақырыптан алған білімдерін, іскерліктерін химияның келесі тақырыптарын оқығанда пайдалана білу.
  4. Химиялық білімдер жүйесін, терминдер мен сөздіктерді дәптерлеріне жазып, қайталап отыру.

Мұғалім мен оқушы қызметі бір-біріне байланысты әр түрлі оқыту құралдарын пайдалануды, сабақта немесе дербес жұмыста үйлесімді қолдануды талап етеді. Оқыту құралдарының көптеген түрлері бар. Оны кестеден байқауға болады.

Оқыту құралдарының негізгі топтары Мысалдары
  Баспадан шыққан оқу және оқу-әдістемелік құралдар Бағдарламалар, химия оқулығы, есептер жинағы мен жаттығулар, дидактикалық, анықтамалық материалдар, химия оқыту кітабы, ғылыми әдебиеттер.
  Тілдік логикалық құралдар Химиялық ұғымдар, белгілер, терминдік, номенкламтуралық материалдар, әдістемелік құралдар, анықтамалар, сөздіктер, оқу энциклопедиясы.
  Көрнекіліктер Аспаптар, табиғи сызба-нұсқалар, кестелер, нысандар, қондырғылар, модельдер, макет, суреттер.
  Техникалық материалдар Химия кабинетінің жабдықтары
  Аудио-визуалды қондырғылар Диафильм, диапозитив, графопроектор, кинофильмдер, жапсырма құрақты оқу фильмдері, теледидар хабарламалары.

Бақылау сұрақтары:

1.Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз не?

2.Оқу үрдісінің құрылысына қандай элементтер кіреді?

3.Оқыту құралдарының негізгі топтары және оларға мысал келтір


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: