Модуль-29

Жылулық сәулелену

$$$ 1791

Абсолют қара дененің жұту коэффициенті неге тең болады?

А) 0

В) 1

С) 2

D) 3

Е) 4

$$$ 1792

Температурасын 2 есе арттырғанда абсолют қара дененің энергетикалық жарықтануы қанша есе өзгереді?

А) 2 есе артады

В) 4 есе арттады

С) 6 есе артады

D) 8 есе артады

Е) 16 есе артады

$$$ 1793

Абсолют қара дене үшін Виннің ығысу заңын анықтаңыз.

А)

В)

С)

D)

E)

$$$ 1794

Жиілігі n фотонның энергиясы неге тең?

А) Е=h/l

B) Е=mgh

C) E=mv2/2

D) E=hn

E) Жауаптар ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1795

Төменде келтірілген физикалық құбылыстардың қайсысында жарықтың толқындық қасиеті білінеді?

А) Фотоэффект

В) Комптон эффектісі

С) радиоактивті ыдырау кезіндегі ядроның ауытқуы

D) интерференция құбылысы

Е) Жауаптар ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1796

Төменде келтірілген физикалық құбылыстардың қайсысында жарықтың корпускулалық қасиеттері білінеді?

А) Фотоэффект

В) жарықтың үйектелуі

С) жарықтың дифракция құбылысы

D) Интерференция құбылысы

Е) Жауаптар ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1797

Қандай құралдарда жарықтың кванттық қасиеттері пайдаланылады?

А) Фотоэлемент

В) Дифракциялық тор

С) Сахариметр

D) Поляризатор

Е) Анализатор

$$$ 1798

Сыртқы фотоэффекті үшін Эйнштейн теңдеуін көрсетіңіз.

А)

В)

С)

D)

E)

$$$ 1799

Фотоэффектінің «қызыл шекара» өрнегін көрсетіңіз.

А)

В)

С)

D)

E)

$$$ 1800

Комптон эффектісі дегеніміз.... шашырауы.

А) электрондармен электрондардың

В) фотондардың еркін электрондардан

С) электрондармен фонондардың

D) фотондармен фотондардың

Е) фонондармен фонондардың

$$$ 1801

Шашырау бұрышы болса, онда комптондық шашырау кезінде толқын ұзындығы максимал өзгеріске ұшырайды.

А) p/2

В) p/3

С) p/4

D) p/5

Е) p

$$$ 1802

Әртүрлі температурада өзіне түсетін түрлі жиіліктегі сәулелерді толық жұтатын дене... деп аталады.

А) абсолют қатты

В) серпімді

С) сұр

D) серпімді емес

E) қара

$$$ 1803

Дененің энергетикалық жарқырауының оның жұту коэффициентіне қатынасы, дененің материалына байланысты емес және температура мен жиіліктің функциясы болып табылатын қара дененің энергетикалық жарқырауына тең. Бұл:

А) Ом заңы

В) Стефан-Больцман заңы

С) Кирхгоф заңы

D) Малюс заңы

E) Вин заңы

$$$ 1804

Электромагниттік сәуле шығарудан туындайтын жартылай өткізгіш немесе диэлектрик ішіндегі электрондардың сыртқа ұшып шықпай байланысқан күйден еркін күйге өтуі... деп аталады.

А) Керр эффектісі

В) Холл эффектісі

С) Комптон эффектісі

D) сыртқы фотоэффект

E) ішкі фотоэффект

$$$ 1805

Электромагниттік сәуленің әсерінен заттың электрондарды шығаруы … деп аталады.

А) Керр эффектісі

В) Холл эффектісі

С) Комптон эффектісі

D) сыртқы фотоэффект

E) ішкі фотоэффект

$$$ 1806

Заттың еркін электрондарынан қысқа толқынды сәулелердің серпімді шашырауы кезінде олардың толқын ұзындығының өзгеруі … деп аталады.

А) Керр эффектісі

В) Холл эффектісі

С) Комптон эффектісі

D) сыртқы фотоэффект

E) ішкі фотоэффект

$$$ 1807

Фототок, U0=3,7 В тежеуші кернеу түсірілген кезде тоқтайтын болса, онда металл бетінен ұшып шығатын фотоэлектрондардың максималь жылдамдығы қандай болады? (е=1,6×10-19 Кл; mе=9,1×10-31 кг).

А) 0,14 Мм/с

В) 0,44 Мм/с

С) 0,64 Мм/с

D) 1,00 Мм/с

E) 1,14 Мм/с

$$$ 1808

Қандай да бір металл үшін фотоэффектінің “қызыл шегі” 500 нм-ге тең. Фотоэффектіні тудыратын фотон энергиясының минималь мәнін анықтаңыз.

(1 эВ=1,6×10-19 Дж; h=6,63×10-34Дж×с; с=3×108 м/с).

А) 2,49 эВ

В) 3,49 эВ

С) 4,49 эВ

D) 5,49 эВ

E) 6,49 эВ

$$$ 1809

Вольфрам үшін фотоэффектінің “қызыл шегі” l0=275 нм болса, онда электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы қандай болады?

(h=6,63×10-34Дж×с; с=3×108 м/с; 1 эВ=1,6×10-19Дж).

А) 0,52 эВ

В) 1,52 эВ

С) 2.52 эВ

D) 3,52 эВ

E) 4.52 эВ

$$$ 1810

Абсолют қара дененің температурасы 300 К-нен 900 К-ге дейін артады. Максимум сәулеленуге сәйкес келетін сәулелену жиілігі қалай өзгереді?

A) өзгермейді

B) 9 есе кемиді

C) 9 есе артады

D) 3 есе кемиді

E) 3 есе артады

$$$ 1811

Абсолют қара дененің температурасы 2 есе артса, бұл дененің энергетикалық жарқырағыштығы Rэ қалай өзгереді?

A) 2 есе артты

B) 2 есе кемиді

C) 16 есе артты

D) 16 есе кемиді

E) өзгермейді

$$$ 1812

Абсолют қара дененің Rэ энергетикалық жарқырағыштығын 81 есе арттыру үшін оның температурасын қанша есе өзгерту керек?

A) 3 есе арттыру керек

B) 3 есе кеміту керек

C) 9 есе арттыру керек

D) 9 есе кеміту керек

E) өзгертпеу керек

$$$ 1813

Абсолют қара дененің температурасын 2 есе арттырады. Бұл дененің максимум сәуле шығарғыштығына сәйкес келетін толқын ұзындығы қалай өзгереді?

A) 4 есе артады

B) 4 есе кемиді

C) өзгермейді

D) 2 есе артады

E) 2 есе кемиді

$$$ 1814

Абсолют қара денені 10 К-ге дейін қыздырған кезде, оның жұту қабілеті қалай өзгереді?

A) 10000 есе артады

B) 100 есе артады

C) 10 есе артады

D) өзгермейді

E) 10000 есеге кемиді

$$$ 1815

Фотонның комптондық шашырауы қандай бұрыш кезінде толқын ұзындығының үлкен өзгерісі болады?

A) 00

B) 450

C) 900

D) 600

E) 1800

$$$ 1816

Комптондық 900-қа шашырау кезінде рентген сәулелерінің толқын ұзындығы қаншаға өзгереді?

A) 0,4 пм

B) 1,2 пм

C) 4,8 пм

D) 9,6 пм

E) өзгермейді

$$$ 1817

Комптондық 600 шашырау кезінде рентген сәулелерінің толқындық ұзындығы қаншаға өзгереді? (h=6,6×10-34 Дж×с, m0=9,1×10-31 кг, с=3×108 м/с).

A) 2,4 пм

B) 1,2 пм

C) 4,8 пм

D) 0,6 пм

E) 7,2 пм

$$$ 1818

Электронның вакуумды фотоэлементтің (катод) бетінен шығу жұмысы 2 эВ, ал фотон энергиясы 6,7 эВ болса, онда электронның максимал энергиясын табыңыз.

A) 4,7 эВ

B) 8,7 эВ

C) 0 эВ

D) 6,7 эВ

E) 2 эВ

$$$ 1819

Кадмийден электрондардың шығу жұмысы 4,08 эВ. Фотоэлектрондардың максимал энергиясы 2,04 эВ болу үшін кадмийге түсетін фотондардың энергиясы қандай болуы керек?

A) 2 эВ

B) 4,08 эВ

C) 2,04 эВ

D) 6,12 эВ

E) 8,16 эВ

$$$ 1820

Электронның металдан шығу жұмысы 4,6 эВ болса, онда фотонның қандай минималды энергиясында фотоэффект құбылысы байқалады?

A) 4,4 эВ

B) 4,6 эВ

C) 9,2 эВ

D) 2,3 эВ

E) 0,2 эВ

$$$ 1821

Абсолют қара дененің шығару спектріндегі максимумға кейбір температура кезінде lmax=482 нм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Температура екі есе артқан болса, онда lmax қандай болады?

A) 482 нм

B) 964 нм

C) 241 нм

D) 500 нм

E) 50 нм

$$$ 1822

Арктур жарық жұлдызының спектралды тығыздық максимумы lmax=580 нм-ге дәл келеді. Жұлдыз бетінің Т температурасын анықтаңыз (b=2,9×10-3 м×К).

A) 1000 К

B) 2000 К

C) 3000 К

D) 4000 К

E) 5000 К

$$$ 1823

Абсолют қара дененің температурасы қыздырғанда 1000 К-нен 3000 К-ге дейін өзгерді. Бұл кезде оның энергетикалық жарқырауы қанша есе артты?

A) 90

B) 33

C) 81

D) 60

E) 30

$$$ 1824

Вольфрам ұнтақ шаңымен толтырылған натрийдегі фотоэффектінің “қызыл шегі” 590 нм. Электрондардың шығу жұмысын анықтаңыз. h=6,63×10-34 Дж×с деп алыңыз.

A) 5,20×10-19 Дж

B) 3,37×10-19 Дж

C) 4,25×10-19 Дж

D) 4,00×10-19 Дж

E) 20×10-18 Дж

$$$ 1825

Түскен жарықтың толқын ұзындығын екі есе кеміткен кезде, фотондардың энергиясы қалай өзгереді?

A) 2 есе кемиді

B) 4 есе кемиді

C) 2 есе артады

D) есе кемиді

E) өзгермейді

$$$ 1826

Адам денесінің t=37oC температурасымен бірдей абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының максимал спектралды тығыздығына қанша l толқын ұзындығы сәйкес келеді? (Вин тұрақтысы b=2,9×10-3 м×К).

A) 9,3 мкм

B) 7,8 мкм

C) 0,899 мкм

D) 0,1 мкм

E) 18,6 мкм

$$$ 1827

Энергиясы 6×10-19 Дж-ға тең фотон импульсі қандай болады?

A) 18×10-11 кг×м/с

B) 2×10-27 кг×м/с

C) 9×10-11 кг×м/с

D) 4×10-27 кг×м/с

E) 10-27 кг×м/с

$$$ 1828

Фототокты шектейтін тежегіш потенциалды (тежеуші өрістің потенциалдар айырмасы) анықтайтын қатынасты көрсетіңіз.

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 1829

Энергетикалық жарқырағыштығын 16 есе арттыру үшін, абсолют қара дененің термодинамикалық температурасын қанша есе өсіру керек?

А) 8

В) 6

С) 4

D) 3

Е) 2

$$$ 1830

Абсолют қара дененің температурасы Т=2кK. Сәулелену энергиясының максималь мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығын анықтаңыз (b=2,9×10-3 м×K)

А) 1,25 мкм

В) 1,45мкм

С) 2,0 мкм

D) 2,25мкм

Е) 0,66 мкм

$$$ 1831

Суретте әртүрлі температура үшін абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі берілген. Ең төмен температураға сәйкес келетін қисықты атаңыз.

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

E) 5

$$$ 1832

Мына формуланың қайсысы абсолют қара дене үшін Стефан-Больцман заңын өрнектейді?

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 1833

Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің таралу қисығында максималь мәнге сәйкес келетін толқын ұзындығы 2,9 мкм -ге тең. Бұл қисық қандай температураға сәйкес келеді? (b=2,9Һ10-3м×K)

А) 2900 K

В) 1000 K

С) 1500 K

D) 1650 K

Е) 1550 K

$$$ 1834

Фотондар энергиясы 10,7 эВ, ал катодты жасаған заттан электрон шығу жұмысы 2 эВ болса, фотоэлектрондардың катодты тастап шығатын максимал энергиясы қандай болады?

А) 8.7 эВ

В) 10 эВ

С) 50 эВ

D) 6,2 эВ

Е) 4,7 эВ

$$$ 1835

Шығу жұмысы 3*10-19 Дж-ға тең болса, натрий үшін фотоэффектінің “қызыл шегі” қандай болады? ( =6,63*10-34 Дж*с)

А) 0,665 мкм

В) 0,667 мкм

С) 0,663 мкм

D) 0,670 мкм

Е) 0,672 мкм

$$$ 1836

Электрондардың кадмийден шығу жұмысы 4,08 эВ-ке тең. Фотоэлектрондардың максимал энергиясы 4,08 эВ-ке тең болуы үшін, кадмийге түсетін фотон энергиясы қандай болуы керек?

А) 2 эВ

В) 4,08 эВ

С) 2,04 эВ

D) 6,12 эВ

Е) 8,16 эВ

$$$ 1837

Фотоэффекті үшін Эйнштейн теңдеуінің негізінде қандай заң жатыр?

А) Импульстің сақталу заңы

В) Энергияның сақталу заңы

С) Импульс моментінің сақталу заңы

D) Ньютонның екінші заңы

Е) Масса мен энергияның өзара байланыс заңы

$$$ 1838

Қандай шашырау бұрышында комптондық шашыраудағы толқын ұзындығының максималь өзгеруі болады?

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 1839

Абсолют қара дененің 600 К температурасындағы энергетикалық жарқырағыштығы оның 300 К температурасындағысынан неше есе көп?

А) 16 есе

В) 4 есе

С) 9 есе

D) 3 есе

Е) 18 есе

$$$ 1840

3000 К температурасында сәулелену энергиясының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығын анықтаңыз. Вин тұрақтысы b=3×10-3 м×К.

А) 0,25 мкм

В) 12 мкм

С) 0,5 мкм

D) 1,25 мкм

Е) 1 мкм

$$$ 1841

Энергетикалық жарқырағыштығын 4 есе арттыру үшін, абсолют қара дененің термодинамикалық температурасын неше есе өсіру керек?

А)

В) 2

С) 4

D) 16

Е) 1,73

$$$ 1842

Күн бетінің сәулеленуінің спектраль тығыздығының максимумы l=482 нм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Күн бетінің температурасы қандай болады?

А) 2×103 К

В) 3×103 К

С) 4×103 К

D) 5×103 К

Е) 6×103 К

$$$ 1843

Рубидийді 1×1015 Гц жиіліктегі жарықпен сәулелендіргенде, одан ұшып шыққан электрондардың максималь кинетикалық энергиясы 2,82×10-19 Дж болған. Рубидийден электрондардың шығу жұмысы қандай болады? Планк тұрақтысын һ=6,63×10-34 Дж×с деп алыңыз.

А) 4,2×10-19 Дж

В) 3,5×10-19 Дж

С) 3,8×10-19 Дж

D) 3,3×10-19 Дж

Е) 4,0×10-19 Дж

$$$ 1844

Литий үшін фотоэффектінің “қызыл шегі” қандай болады? Шығу жұмысы A=3,84×10-19 Дж, Планк тұрақтысы h=6,63×10-34 Дж×с.

А) 0,58×1015 Гц

В) 0,8×1015 Гц

С) 1×1015 Гц

D) 1,2×1015 Гц

Е) 1,5×1015 Гц

$$$ 1845

Жиілігі 15×106 Гц-ке тең фотонның энергиясы, жиілігі 5×106 Гц фотон энергиясынан неше есе көп болады?

А) 2 есе

В) 3 есе

С) 4 есе

D) 5 есе

Е) 6 есе

$$$ 1846

380 нм толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон импульсі Р қандай болады?

А) 1,55×10-27 кг×м/с

В) 1,63×10-27 кг×м/с

С) 1,74×10-27 кг×м/с

D) 1,80×10-27 кг×м/с

Е) 1,85×10-27 кг×м/с

$$$ 1847

Катодты жиілігі әртүрлі монохромат сәулелермен жарықтандырғанда, катодта қандай шама өзгеретін болады?

A) электронның шығу жұмысы

B) электрондардың максимал жылдамдығы
C) ұшып шыққан электрондардың мөлшері
D) қанығу тогының күші
E) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1848

Төменде келтірілген теңдеулердің қайсысы фотоэффектінің негізгі заңын көрсетеді?

A)

B)

C)

D)

E)

$$$ 1849

Фотоэффекті құбылысы кезінде пайда болған фотондардың минимал энергиясы 4,5 эВ болса, онда электрондардың металдан шығу жұмысы қаншаға тең болады?

A) 2,25 эВ

B) 9 эВ

C) 4,5 эВ

D) 2,8 эВ

E) 13,5 эВ

$$$ 1850

Катод монохромат жарықпен жарықтандырылады. Қанығу фототогының шамасы неге тәуелді болады?

A) жарық жиілігіне

B) жарық интенсивтігіне
C) катод мен анод арасына түсірілген кернеуге
D) катод материалына
E) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1851

Абсолют қара дененің А жұту қабілеттілігі келесі қатынасқа бағынады:

A) А<1

B) А=1

C) A=0

D) A=const

E) A>1

$$$ 1852

Сұр дененің А жұту қабілеттілігі келесі қатынасқа бағынады:

A) А<1

B) А=1

C) A=0

D) A=const

E) A>1

$$$ 1853

Абсолют қара дененің температурасын 3 есе өсірсе, онда оның максимум сәуле шығаруына сәйкес келетін толқын ұзындығы қалай өзгереді?

A) 3 есе өседі

B) 3 есе кемиді

C) өзгермейді

D) 9 есе өседі

E) 9 есе кемиді

$$$ 1854

Максимум сәуле шығаруға сәйкес келетін толқын ұзындығы 2 есе өсетін болса, онда абсолют қара дененің температурасы қалай өзгереді?

A) 2 есе өседі

B) 2 есе кемиді

C) өзгермейді

D) 8 есе өседі

E) 8 есе кемиді

$$$ 1855

Сыртқы фотоэффект кезінде фотон энергиясы қайда жұмсалады?

A) металды қыздыруға

B) электронға кинетикалық энергия беруге

C) электронның металдан шығу жұмысына

D) электронның шығу жұмысына және оған кинетикалық энергия беруге
E) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1856

²Жылулық сәулелену² деп … айтады.

A) энергия көзі заттағы бөлшектердің жылулық қозғалысы болып табылатын электромагниттік сәуле шығаруын

B) дене беті мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуын

C) жылуды бір ортадан екінші бір ортаға тасымалдау процесін

D) дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне жылудың таралуын
E) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

$$$ 1857

Фотоэффект байқалуы мүмкін фотоэффектінің ²қызыл шекарасы² деп … айтады.

A) фотоэффект байқалуы мүмкін минимал жиілікті

B) фотоэффект байқалуы мүмкін максимал жиілікті

C) фотоэффектіні тудыратын жарық толқынының минимал ұзындығын

D) фотоэлектрондардың ең үлкен дегендегі жылдамдығын
E) фототок жойылатын ең аз теріс потенциалдар айырымын

$$$ 1858

Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы 2 есе артатын болса, онда жарық жиілігі қалай өзгереді? Шығу жұмысы ескерілмесін.

A) 4 есе артады

B) 4 есе азаяды

C) 2 есе артады

D) 2 есе азаяды

E) өзгермейді

$$$ 1859

Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы 2 есе артатын болса, онда жарық жиілігі қалай өзгереді? Шығу жұмысы ескерілмесін.

A) 4 есе артады

B) 4 есе азаяды

C) 2 есе артады

D) 2 есе азаяды

E) өзгермейді

$$$ 1860

Сәуле шығару жиілігі 2 есе өсті. Фотон массасы қалай өзгереді?

A) 4 есе өседі

B) 4 есе кемиді

C) 2 есе өседі

D) 2 есе кемиді

E) өзгермейді

$$$ 1861

1 с ішінде катодтан ұшып шығатын электрондардың саны 1019 болса, қанығу фототогы неге тең болады?

A) 1 А

B) 2 А

C) 1,6 А

D) 16 А

E) 3,2 А

$$$ 1862

Қанығу фототогы 1,6 А болса, 1 с ішінде катодтан қанша электрон ұшып шығады?

A) 109

B) 1012

C) 1017

D) 1019

E) 1021

$$$ 1863

Жарық фотонының жиілігі 3 есе артса, оның массасы қалай өзгереді?

A) 1,5 есе артады

B) 3 есе артады

C) 1,5 есе азаяды

D) 3 есе азаяды

E) өзгермейді

$$$ 1864

Қандай да бір металл үшін фотоэффектінің ²қызыл шегі² 0,3×10-6 м. Фотоэффект туындайтын фотон энергиясының минимал мәнін анықтаңыз ( Дж*с).

A) Дж

B) Дж

C) Дж

D) Дж

E) Дж

$$$ 1865

Абсолют қара дене үшін Стефан – Больцман заңының формуласын көрсетіңіз.

A)

B)

C)

D)

E)

$$$ 1866

Планк формуласын көрсетіңіз.

А)

В)

С)
D)
Е)

$$$ 1867

Фотон импульсі неге тең?

А)

В)

С)
D)
Е)

$$$ 1868

Виннің ығысу заңын көрсетіңіз.

А)

В)

С)
D)
Е)

$$$ 1869

Абсолют қара дене үшін Кирхгоф заңын көрсетіңіз.

A)

B)

C)

D)

E)

$$$ 1870

Кирхгоф заңы бойынша дененің шығару қабілетінің оның жұтылу қабілетіне қатынасы:

1 Дененің оптикалық қасиеттеріне және температурасына байланысты

2 Дененің температурасына байланысты

3 Барлық денелер үшін жиілік функциялары бірдей

4 Барлық денелер үшін жиілік және температура функциясы болады

А) 2

В) 3

С) 4
D) 1 және 2
Е) 1

$$$ 1871

Жиілігі ν фотонның энергиясы неге тең?

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 1872

Фотон энергиясын қандай формулалармен есептеуге болады?

1. h

2.

3.

4.

5.

А) 1 және 3

В) 3 және 5

С) 1,3 және 5

D) 1,3 және 4

Е) 1 және 2

$$$ 1873

Электрондық шашырау үшін Dlmax максимал комптондық ығысу неге тең (lк=2,43×10-12м)?

А) Dlmax= 2,43 пм

В) Dlmax= 1,22 пм

С) Dlmax= 2,64 пм

D) Dlmax= 9,72 пм

Е) Dlmax= 4,86 пм

$$$ 1874

Сәуле шығарумен жылулық тепе-теңдік күйдегі идеалды шағылдырғыш беттің сәуле шығарғыштық және жұтқыштық қабілеті неге тең?

А) аw, т=0 rw, т=1

В) аw, т=0 rw, т=0

С) аw, т=1 rw, т=f (w, т)

D) аw, т=1 rw, т=0

Е) аw, т=0 rw, т

$$$ 1875

Пішіндері және өлшемдері бірдей екі дене бастапқы Т0 температураға дейін қыздырылды. Олар бір-бірінен оқшауланған және вакуумде орналасқан. Денелердің қайсысы тезірек салқындайды?

А) аw, т –жұту қабілеті үлкен дене

В) Жұтылу қабілеті аз дене

С) Екі дене бірдей салқындайды

D) Екеуі де салқындамайды

Е) аw, т –жұту қабілеті үлкен дене қызады, басқасы салқындайды

$$$ 1876

Өзінің табиғаты бойынша фотон:

А) Гравитациялық өрістің кванты

В) Кристалл торларының жылулық тербелісінің кванты

С) Ядролық күштер өрісінің кванты

D) Электрстатикалық өрістің кванты

Е) Электрмагниттік өрістің кванты

$$$ 1877

Төменде келтірілген касиеттердің қайсысы тек классикалық жылулық сәуле шығаруға сәйкес келеді? 1-сәуле шығарудың толқындық табиғаты, 2-сәуле шығару сәуле шығарғыш денемен тепе-теңдікте бола алады, 3-тұтас жиілікті спектр, 4-дискретті жиілікті спектр:

А) Барлығы- 1, 2, 3 және 4

В) Тек 1 және 2

С) Тек 1, 2 және 3

D) Тек 1

Е) Тек 2

$$$ 1878

Абсолют қара дененің температурасы 2 есе артса, оның сәуле шығарғыштығы (энергетикалық жарқырауы) қалай өзгереді?

А) 2 есе артады

В) 4 есе артады

С) 8 есе артады

D) 16 есе артады

Е) есе артады

$$$ 1879

Төменде келтірілген денелердің қайсысында сәуле шығарудың максимумы ең аз толқын ұзындығына сәйкес келеді:

А) Теңіздің бетінде

В) Адам денесінің бетінде

С) Қыздырылған үтік бетінде

D) Электр плитасының қызған спиралында

Е) Балқыған металда

$$$ 1880

бірлік бет арқылы толқын ұзындығының бірлік интервалындағы шығаратын қуаты r(l, Т) болса, дененің энергетикалық жарқырауы қандай формуламен өрнектеледі:

А)

В) dR=r(l,T)dl

С) а (l, Т) r (l, Т)

D) dl

Е) dl

$$$ 1881

 
 

Сызбада абсолют қара дененің r(l, T) сәуле шығарғыштық қабілетінің әр түрлі температураға арналған l толқын ұзындығына тәуелділігі кескінделген. Сызбадан Т1/ Т2 қатынасын анықтаңыз:

А) 1,23

В) 1,33

С) 3,0

D) 0,5

E) 0,75

$$$ 1882

Кирхгофтың универсал функциясын кескіндейтін сызбада аудандары бірдей екі аймақ бөлініп көрсетілген. Осы аймақтар үшін 1) rw,т сәуле шығарғыштық қабілетінің; 2) DRw,т энергетикалық жарқыраудың қатынастары қандай болады?

А) r1> r2; DR1=DR2

В) r1> r2; DR1>DR2

С) r1= r2; DR1=DR2

D) r1< r2; DR1<DR2

Е) r1< r2; DR1>DR2

$$$ 1883

Фотонның релятивистік массасы неге тең?

A) Нөлге

B)

C)

D)

E)

$$$ 1884

Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы фотонның жылдамдығына қатысты дұрыс болады?

А) Фотон жылдамдығы нөлден басқа кез-келген мәнді қабылдай алады

В) Әрқашан: с>3 × 108 м/c

С) Фотон жылдамдығы жиілікке тәуелді

D) Фотон жылдамдығы нөлге тең

Е) Фотон жылдамдығы ваккумда м/с тең немесе м/с-тен кіші заттарда

$$$ 1885

Де Бройль гипотезасы бойынша:

А) Жарық - электрмагниттік толқындық қасиетке және бөлшектер ағыны қасиетіне ие күрделі құбылыс

В) Рентген сәулесі заттардан сейілгенде, оның толқын ұзындығы өзгереді

С) Барлық қыздырылған заттар электромагниттік толқын шығарады

D) Зат бөлшектері корпускулалық және толқындық қасиетке ие

Е) Атом қозған күйден стационар күйге өткенде фотон шығарады

$$$ 1886

Дененің энергетикалық жарқырауының жұту коэффициентіне қатынасы дененің материалына тәуелді емес және температура мен жиіліктің функциясы болып табылатын қара дененің энергеикалық жарқырауына тең. Ол заң:

A) Ом заңы

B) Стефан-Больцман заңы

C) Кирхгоф заңы

D) Малюс заңы

E) Вин заңы

$$$ 1887

Формалары және өлшемдері бірдей екі дене бастапқы Т0 температураға дейін қыздырылды. Олар бір-бірінен оқшауланған және вакуумде орналасқан. Денелердің қайсысы тезірік салқындайды:

A) аw, т –жұтылу қабілеті үлкен дене.

B) аw, т –жұтылу қабілеті үлкен дене қызады, басқасы салқындайды.

C) Жұтылу қабілеті аз дене.

D) Екі дене бірдей салқындайды.

E) Екеуі де салқындамайды.

$$$ 1888

Әртүрлi температурада өзiне түсетiн түрлi жиiлiктегi сәулелердi толық жұтатын дене... деп аталады.

A) қара

B) серпiмдi емес

C) серпiмдi

D) сұр

E) абсолют қатты

$$$ 1889

Абсолют қара дененің температурасын төрт есе арттырғанда оның энергетикалық жарқырауы неше есе өзгереді?

A) 256 есе артады

B) 64 есе артады

C) 16 есе артады

D) 4 есе артады

E) 2 есе артады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: