Темекі шегуге байланысты этикет ережелері

Темекі шегу.Негізгі ережесі- рұқсат алу керек, Ғимараттардың ішінде жағылған темекімен кіруге болмайды. Қонаққа келгенде үй иелерінен темекі шегуге бола ма деп сұрау керек. Егер де рұқсат етсе ризалығыңызды білдіріңіз. Егер де онда темекі шегіп тұрғандар болса үй иесінен сұрамай,ал отырғандардан сұрайсыз. Алған рұқсатыңыз үшін ризашылық білдіруге ұмытпаңыз.

Егер үй иесі сізге темекі шегуді ұсынса онда рахмет айтып бас тартыңыз: мүмкін үй иесі сыпайылықтан сізге ұсыну арқылы өзінің үйі түтінге толмай қонақжайлылығын көрсетіп жатқан шығар.Қонақ сыпайы адам ретінде бас тартып келесі шақыруды күту қажет.кейін ол толық темекі тартуға құқығы бар,Егер жанында әйел адам болса оның рұқсатымен ғана. Егер қонақ темекі шекпесе, үй иесі оның рұқсатынсыз темекі шеге алмайды. Кімде кім темекі шегуді ұсынса сол адам от жағып беру керек,егер де ол адам әйел немесе жасы үлкен болса.

Ер адам тартатын әйелге от тұтатуы керек. Қоғамдық орындарда пепельницаның болуы автоматты түрде темекі шегуге рұқсаты бар.Тарелка,стакан,темекінің пачкасы пепельница ретінде қолданылмайды. Пепельницада өшірілмеген темекіні қалдыруға болмайды. Театрларда, концерттік залдарда,галереяларда тек арнайы ұсынылған орындарда тартуға болады.

Түскі ас кезінде тек кофе берген соң көршілердің рұқсатымен тартуға болады.Үстел үстінде трубкалар мен темекіні шегуге рұқсат жоқ. Ресми қабылдауларда ең бірінші болып үлкендер мен атақты адамдар,кейін басқалары шегеді.

Болмайтын нәрселер: темекілерді атуға, сіріңкені дастарханға,кілем,еденге лақтыруға, фильтріне дейін шегу, өзіңнің темекіңді басқаға шегуге беруне,егер де сіріңке мен зажигалка болмаса темекіні қолдан алмай беру керек, уақытша пепельницаға темекіні сала тұруға, ол өшіп қалса қайта алуға, басқа адамдардың жанында мундштукты желдету мен трубканы бұрау, қонақтарды күтіп алғанда трубка немесе темекімен қарсы алу, тілек немесе сөз айтқан кезде темекіні тұтату. Темекі түтінің адамның бетіне жіберу қорлық болып саналады.

27. Сыйлық беру және қабылдаумен байланысты этикет ережелері

Сыйлық. Сыйлықтар әр түрлі себеппен беруге болады. Жалпы ұсыныстар мынадай.

Істеуге болмайды:

- ақша сыйлауға;

- қымбат сыйлықтар сыйлау,ескертпе тек жақын туыстарға ғана;

-өте арзан сыйлық беру;

-қолданылатын заттарды сыйлау;

-мағынасыз заттарды сыйлау,мысалы спиннинг балық ауламайтыны туралы білмей;

-бұл заттар сізге керек жоқ себебімен сыйлау;

-адам ұнатпайтын нәрсені сыйлау;

-білмей жатып оған керек пе ол күте алама деп жануар сыйлау;

-егер де ер адам мерейтойын тойламаса тәтті тағамдар мен гүл сыйлау;

-туалет заттарын тек жақын туыстарға береді;

-әйелдерге күшті ішімдіктер беру ішінде мықталған шараптар;

-әйелге туған күніне және 8 наурыз мерекесіне жуу,жинауға қатысты заттар сыйлау;

-сыйлық арқылы ұрысты жеңілдендіру.Алдымен кешірім сұрап сосын ғана сыйлық сыйлау;

-сыйлықты бергенде оның қандай қымбат және сирек екенін айту;

-таза декоративті және тәжірибелік емес заттарды жаңа қонысқа немесе неке қию тойына беруҒ

-беріп жатқан сыйлықты сынға алып,оның дәрежесін түсіру;

-оған сыйлық ұнадыма деп сұрай беру;

-сыйлықтан бағасы бар этикетті жұлып алу;оны қалдыру керек;

-кітапқа жазу;бұл автордың ғана құқығы, құттықтауды открыткаға жазған жөн,

Істеуге болады: Сыйлықтарды әдемі орағыштарға салу керек.

Сыйлықты сюрприз ретінде берсе болады,бірақ сыйлық берілетін адаммен бірге таңдауға болады.Үйлену тойы мен жаңа қоныста пайдалы зат алған жөн.Үйлену тойы меретойлары.1 қағаздық,2 шынылы, 10 фарфорлы,15 қола, 20 хрустальді, 25 күміс, алтын; қорғасынды;бриллиантты. Осы материалдардан сыйлық беру керек. Бірақ қазіргі таңда алтын сырға күміс тойға беру этикетті бұзуға жатпайды,Қонаққа балалар сыйлығын әкелгенде әке-шешесінен сұрау керек.

Гүлдер. Германияда гүлді орағышта беру керек,ал Францияда керісінше. Раушан гүлдеріне қатты орағыштар қажет. Егерде гүлдерді жеке емес, үшінші жақпен берсе, онда ішінде жазбасы немесе визиткасы болу керек.Ашық-қызыл түсті раушандар –қатты махабаттың белгісі. Сондықтан да тұрмыстағы әйелге немесе үлкен жастағы әйелге мұндай букетті сыйлау орынсыз. Ақ түсті гүлдер- тазалық пен пәктіктің белгісі-келіндерге сыйлайды. Сары гүлдерді айырылысу мен опасыздық белгісі бірақ қазір ол ескірген дәстүр.Ең жақсысы бір түсті гүлдер берген жөн. Жазықтың және бақшаның гүлдерін араластырып берген дұрыс емес.

Букет ұзақ тұру үшін сабағын бұрыштап өткір пышақпен қию керек. Қалампыр мен хризантемаларда тік қию керек.(2-3 см).Сирен мен жасминнің сабақтарын жұлу керек, ал георгин мен мактарды отқа жағып немесе кипитокпен қайнату керек.Ал сосын салқын суға салу керек.Қант қосылады (20-30 г/л, қалампыр үшін – 60 г/л).

Букетті қалай орналастыру керек. Гүлдер бір-біріне жабысып тұрмау керек. Вазаның формасы букетке сәйкес келу қажет. Жоғары үлкен ваза еденге қойылады, ал кішкентай вазаны үстел немесе шкафтың үстіне қояды.Букет жақсы көріну үшін вазаны бір түсті жазықтықтың үстіне қою керек. Ең идеалды нұсқасы- ақ қабырға. Гүлді алған соң бірден вазаға қою керек.

Сыйлықты қабылдау этикеті. Сыйлықтар қарапайым болады деп ойлау қажет. Сыйлықты қабылдағанда, ол үшін ризалығыңды білдіргенде сыйлыққа емес беруші адамға қарау кереек.

Бірден ашып қарап қайта рахмет айту керек. Егер қонақ сыйлықсыз келсе онда оны басқа қонақтарды сияқты жылы жүзбен қарсы алу керек. Егер де қонақтар бірдей сылйық әкелсе

1)өзіне бұл ұқсастықтың ұнамайтынын көрсетуге болмайды.

2)қонақ көзінен сыйлықты алып тастау.

Сыйлықтарды арнайы ұсынылған жерге қою қажет. Егер электромеханикалық құрылғылар сыйласа,бірден қосуға асықпаңыз.Сыйлықтық тамақтар мен ішімдіктерді алып кетпейді ал мерекелік үстелге қояды. Кейде сыйлықты қабылдауға болмайды. егер ұялып,шешімсіз бас тартсаңыз,бұл еркелік сияқты көрінеді.Сыйлық беруші ренжімес үшін өзіннің бас тартқанынды түсіндіріп, назар аударғанына риза білдіру керек.

28. Жол жүру этикеті

Жолда.

Автомобильде. Егер ер адам машинаны өзі жүргізсе,ол оң жақ алдыңғы есікті ашып сосын өзі отыру қажет. Такси тоқтатқан немесе бейтаныс адаммен отырып жатқан әйел оң жақ артқы есіктен отыру керек.Егер ер және әйел адам таксиге отырса, ер адам оң жақ артқы есікті ашады. Әйелдерге машинаға кіргенде бірінші бір аяқпен сосын келесі аяқпен кірген дүрыс емес.Ең дұрысы отырып сосын аяқты бүгіп қойған дүрыс.Ер адамға алдыңғы орынды алған дұрыс емес, себебі жанында серігіне қатысты дұрыс болмайды. Ең жақсы орын артқы оң жақ орындық,сол себептен ер адам әйел адамды отырғызып айналып сол жағынан отыру керек.Егер іс трасса да болса онда әйел адам жылжу керек.Шығар кезде ер адам бірінші шығып әйел адамға қол беріп шығуға көмектесу керек.

Поезд. Киім және аяқ киім ыңғайлы және таза болу керек. Дәлізге жатар киіммен немесе іш көйлекпен шығуға болмайды.купеге кірерде амандасыңыз.Егер онда шығарып салушылар болса онда жүк сөмкесін қалдырып, олардың қоштасуына кедергі жасамау керек. Және көршілестер жүкті салып жатқан жағдайда да.Жолаушылар мен шығарып салушылар дәліз бен тамбурда ұзақ тұрып қалмау керек. Басқа адамдарға бөгет жасайды.

Орналастыру кезінде ер адам әйел адамға және кәрі адамдарға ауыр сөмкелерін қоюға,үстіңгі полкалардан матрацтарды алуға көмектесу керек,Жас әйел төменгі полкадан оны ересек әйел адам ғана емес, ересек ер адам немесе ауру адам сұраса да орнын беру керек.

Төменгі полканы жоғарғы полканың жолаушысы қолдануына болады. Егер төменгі полкада бірнеше жолаушы отырса онда ауру немесе дәрежелі адам отырса оған терезе және үстелдің жанынан ыңғайлы орынды босату керек.

Жүктің қоймасы жоғары полканың жолаушысына да тиесілі. Кешке бірінші болып жоғары полканың адамдары ұйықтауға жату керек. Егер жолаушылардың біреуі ұйқыға дайындасла,онда басқалары дәлізге щығып оның киініп алуына мүмкіндік беру керек. Таңертең ер адам әйел адам киініп алу үшін шығып кету керек. Қатты иісі бар тағамды ішу керек емес. Балалардың көзінше арақты қолданбаған жөн.Өзінің тамағымен жолаушы купедегі көршілермен бөлісуге міндетті емес,тек десерттік тағамдарды ұсынуға боладыү Егер тамақ қымбат және күшті болса,көршілеріңізге дәм таттырыңыз.

Болмайтын нәрселер:

-үстел үстінде қоқыс қалдыруға және терезеден лақтыруға;

-темекі шегуге, купеде шаш тарауға қатты түшкіруге;

-ұзақ уақыт бойы дәретханадан шықпау,жолаушылас адамды әңгімеге еріксіз кіргізу. Егер көршіңіз сөйлескісі келмесе,оған ренжіп таң қалудың қажеті жоқ. Егер көршіңіз сөйлескіш болып,онымен сөйлесуден алшақтағыңыз келсе оны тікелей көрсетпей, өзіңіздің қажеттілігіңізді айтыңыз:мысалы,ертеңгі көрсетілім немесе экзаменге дайындалу және т.б. және

кітап оқуға кірісіп тереңдеу немесе кешірім сұрап шығып кету;

-бейтаныстардың әңгімесіне кірісу

-Балалары жылап жүрген жолаушыларға өзіңнің ұнамсыздығынды көрсету;

- ыстық немесе суық екенін айту,проводниктің дөрекіліне, көрші купенің шулы компаниясына өзіңнің ұнамсыздығыңды білдіру;

- басқа жолаушылардан бұрын кіріп,өзіңнің қазір келетін достарына орын алу.

Тік ұшақ. Егер стюардесса белбеуді тақсың десе, оны тақпау ақымақтық:яғни балалық,ал ерлік емес.Қорқатын жолаушыларға әзілдемеңіз және әуе апаттары туралы айтпаудан сақ болыңыз. Қуанышты дауыстар мен жақсы әндерден ұстаңыныз. Арнайы пакеттерді қолданудан ұялмаңыз. Оны қолданған соң, стюардессаға беру керек. Әрқашан тамақтар мен ішімдіктер тегін. Бірінші класс салонында бәрін қолыңызға алудың қажеті жоқ.Тік ұшақтан шығар кезде стюардессаға ризашылық білдіріңіз.

Су кемелері. Бір каютадан жүзіп келе жатқан жолаушылар бір-бірімен танысу керек. Бірінші класстағы жолаушылар мейрамханадағы кешкі асқа костюмдер мен кешкі ұзын көйлектерде шығу керек.Капитан-команда мен жолаушылардың бастығы, оның сөзі заң.Оған қарсы шығуға болмайды.

29. Көше, есік, көлік, лифт сияқты қоғамдық орындардағы сыпайылық ережелері

Көшеде. Өзіңізден жасы үлкен, дәрежесі үлкен немесе асығып бара жатқан танысыңызды көрсеңіз,оны тоқтатпай оның жанына жүріс барысында жайғасады.Бірақ адамға жайғасудан бұрын ол қарсы еместігін сұрап алған жөн.

Әйелдерге косметикамен және шұлығын көше ортасында түзеуге болмайды. Ер адам әйел адамның сол жағынан жүру керек.Ескерту әскери адамдар үшін. Егер әйел адамның жанында екі ер адам жүрсе,негізгісі ортасынан ал әйел адам оң жағынан жүреді. Бұл жағдайда әйел адамға жақын ер адам сол жағынан.Егер екі әйел адам болса ер адам ортасынан жүреді.

Есікте. Әйел адаммен ер адам келе жатып алдындағы бүкіл қиыншылықтарды өтуге көмектеседі,есікке жақындағанда тез жүріп оған есікті айқара ашу керек. Ғимаратқа әйел адамнан соң кіреді,Бірақ жарық емес ғимараттарда мейрамхана, кафе,барлар,казиноларда ер адам бірінші кіреді.Егер есікке бірдей жастағы адамдар жақындаса кім жақын тұр сол бірінші кіреді.Кішісі үлкенді,үй иесі қонақты бірінші өткізу керек.Кейде үлкен адам кіші адамға бірінші орын береді,қарсы шығуға болмайды.

Қалалық қоғамдық орындарда. Орын беру керек. Танысынмен амандасу және қоштасу кезінде ның фамилиясы мен атын айтпаған жөн.Жанындағылардың назарын аударып қатты сөйлеуге болмайды.

Істеуге болмайды: көлікте отбасы және жұмыс істерін,интимдік сұрақтарды талқылауға; паүстінен немесе иықтан жоғары жолаушы ұстап тұрған кітап,газетті оқу; көлікте газет оқып тұрып оны барлық ұзындығына ашып тұру.Ер адам көліктен бірінші шығып әйел адамға шығуға көмектеседі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: