Витамин В12 (цианокобаламин)

Витаминді алғаш рет 1948 жылы ашылды, үшвалентті кобальт, аминды және цианды топтардан құралған биологиялық активті қосылыстар. Витамин В12 құрылысында корринфті сақина, нуклеотидті ядро және аминопропанолды көпіршік табылған.

Витамин В12 көмірсуды және липидтер алмасуын реттеуге, аминқыш-қылдар, пурин және пиримидин негіздер синтезіне қатысады; эритро - циттер жетілуіне, жілік майында гемоглобиннің бастапқы затын түзуге В12 маңызы зор.

Витамин В12 табиғи көзі тек микробалдырлар болып келеді; оның синтезі өте күрделі метаболизм жолымен өтеді:

В12 кристалдық формасын алу технологиясы.

Кезендік тереңдік ферментация тәсілімен өндіруші P. Shermanii анаэробты жағдайда жүгері экстаркті, глюкоза, кобальт тұздары мен аммоний сульфаты бар субстратта 3 тәулік бойы дақылдандырады. Инкубация мерзімі аяқталғанда дақылы бар қоректік ортаға 5,6-диметилбензимидазол (5,6-ДМБ) қосады. Витаминнің концентрациясы 250 мкг/г жеткенге дейін тағы 72 сағат бастапқы зат қатысуымен ферментация жалғаса береді. Клеткада жиналып қалған В12 85 0С температурада рН 4,5-5,0 сепарация және сумен экстракциялау жолымен бөліп алады, экстрагенттен ақуыздарды тұнбалайды, ал сұйықтығын ион алмасу колонкалардан өткізеді. Колонкаларға адсорбцияланған В12 ацетонмен элюацияланады, әрі қарай витаминді кристалдайды да витаминнің дәрілік формасын тағайындайды.

В12 витаминін алудың микробиологиялық үрдістерінің сипаттамасы

Микроорганизм Ортаның негізгі компоненттері В12 витаминнің шығымы, мг/л Ескерту
Bacillus megaterium Қызылшалық меласса, аммоний фосфаты, кобальт тұздары, бейорганикалық тұздар 0,45 Аэробтық процесстің ұзақтығы 18 сағ
Propionibacterium freudenreichii Жүгері тұндырмасы, глюкозаның кобальттік туындысы, рН (NH OH қосу арқылы)   Аэробтық (3 тәулік) және анаэробтық (3 тәулік) кезендер.
Propionibacterium freudenreichii Жүгері тұндырмасы, глюкозаның кобальттік туындысы, рН (NH OH қосу арқылы)   Үздіксіз екі кезенді үрдіс, 33 сағ. бойы
Propionibacterium shermanii Жүгері тұндырмасы, глюкозаның кобальттік туындысы, рН (NH OH қосу арқылы)   Кезендік үрдіс ұзақтығы 7 тәулік
Streptomyces olivaceus Глюкоза, соя ұны, спирттік өндірістің еритін қалдықтары, бейорганикалық тұздар 3,3 6 тәулік бойы аэрация мен ферментация
Streptomyces sp. Соя ұны, глюкоза, кобальттік тұз 5,7 6 тәулік бойы аэрация мен ферментация

Витамин В2 (рибофлафин) алу технологиясы

В2 витаминнін алуының технологиялық процессі аэробты ферментация, термолиз және концентрлеу, кептіру мен грануллаға айналдыруынан тұрады.

Ферментация стерилді жағдайда, тұрақты аэрация жасауымен 28-300С температурада 60-100 м2 көлемді ферментерлерде жүреді. Субстрат ретінде сояның, балықтың және жүгері ұны, меласса, сүттің сарысуы, казеин, техникалық май, кальций карбонаты, бір ауыспалы фосфат калийі. Өсіру стимуляторы ретінде биотин, тиамин, инозит қосады.

Ферментацияның ұзақтығы 60-80 сағат, мицелийдің лизиске ұшырағанға дейін, саңырауқұлақтың спора түзуіне дейін рибофлавиннің концентрациясы 1200 мг/л барады.

Ферментация аяқталғанда дақылдық сұйықтықты мицелиймен бірге вакуум-кептіруші аппаратқа салады. 800С температурада клетка құрылымдардың термолизисі жүреді және сусыздануы мен концентрленуі байқалады. Әрі қарай сироп тәрізді массаны аэрозольмен кептіреді, ылғалдылығы 8 % тен болу керек. Кептірілген массадан гранулалар дайындалады, оларды толықтырады (1 г концентратқа 15 В2 келеді) жемдік қоспа ретінде қолданады. Медицинада қолданатын витамин В2 әрі қарай тазартылады және кристалдайды. Витамин В2 тағы химиялық синтезбен алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: