Діни экзистенциализм мен антропология 9 страница

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге
болады?

2. Көне түркі мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай?

3. Көне түркі мифологиясындағы өлімнен қашып, өлместікті
іздеген кім болды?

4. Гректердің «Жеті даналарының» бірі болып саналатын
түркі бабамыздың есімі кім болды?

5. «Ақыл, әділет, дәулет, қанағат» құндылықтары елді бақытқа әкеледі», — деген ойшыл кім?

6. «Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз.

7. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы
неде?

8. Сопылықтың қай сатысында адам Алла тағаламен қауышады?

9. Өмірде алудан гөрі болуды арман еткен жырауларды есіңізге түсіріңіз.

10.Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кім болды?

11.Абылай ханның кеңесшісі болған ұлы жырау кім еді?

12.Қазақтың дана билерін есіңізге түсіріңіз.

13. Қазақ болмысындагы шамандықтың қалдықтарын терең
зерттеген ағартушы кім болды?

14. «Адам бол!» ұранын тастаған ойшыл кім еді?

15. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш
Жазған ағартушы кім болды?

16.Абай қандай «бес нрседен қашық, бес нәрсеге асық^бол»
Дейді, соны есіңізге тұсіріңіз.

17.Сот билігіне жыл кесілмей, сайлауды қалаған кім болды?

18. Шәкәрімнің танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады?

19. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты есіңізге түсіріңіз.

20. «Үш анықты» жазған кім?

21. «Маса» жинағын жазған ағартушы.

22. Кеңес дәуірінде диалектикалық логика саласын дамытқан
философтарды есіңізге түсіріңіз.

23.Ұлт аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есіңізге түсіріңіз. Өтпелі кезең теориясын терең зерттеген ғалым.

24. Отандық философиядағы «батысшылардың» көзқарасын
сипаттаңыз.

25.«Діни іргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз?

26. Философиядағы «Отаншыл бағыттың» өкілдерін есіңізге
түсіріңіз.

27. Қазақстанның XXI ғ. болашағына өз дүниетанымыңыздың
негізінде философиялық болжам жасап көріңіз.

Рефераттар тақырыбы:

1. Қазақ мифологиясының ерекшеліктері.

2. Анахарсис - жеті грек даналарының біріне айналған түркі
баба.

3. Ж.Баласағүн және оның философиялық-этиқалық ойлары.

4. А.Жүйнекидің нақыл сөздері

5. Сопылық философияның ерекшеліктері

6. Қ.Яссауидің діни-этиқалық көзқарастары.

7. Асан қайғы - алғашқы қазақ жеріндегі утопист.

8. Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастары.

9. Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары.

10.Абайдың адам философиясы.

11.Абайдың саяси-құқтық көзқарастары.

12.Шәкәрімнің «ар-ұждан философиясы» және оның бүгінгі
адамзатқа қажеттігі.

13.XX ғ. басындағы ұлттық-демократиялық бағыттағы ойшылдар.

14.А.Байтүрсынұлының ағарту ісіне қосқан еңбегі.

15.Кенес заманындағы отандық философия.

16.Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.

XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия

Кіріспе сөз

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.

XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашайда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді! Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап кетуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырын, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзқарастарды тудырды.

Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жатқан адамдардың геноцидке құллырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сияқты болды.

XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсақ, олар да қайшылықтарға толы. Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерүйығын» - коммунизмді дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен Сталиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқгы! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе э кзистенциализм бағытын күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді.

XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сақталуына көп көңіл бөліне бастады.Бірақ байлықтың өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің қызығына тоймай, күнбе-күнгі өмірден ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард», екінші жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылыл жатқан кедей елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп, ғасырдың аяғына қарай дессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе жатқан секілді. Ал енді XX ғасырдың рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да кеше түрлі шытырман қайшылықтарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер, мәдениет кұндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, өлі байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде сирек кездесетін ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелді.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі ғарыштың әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.Әрине, мұндай талдауларды әрі қарай жалғастыра беруге болар еді.Бірақ жоғарыда көрсетілген сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.

§ 1. Неопозитивизм ағымы

Неопозитивизм (нео - латын сөзі, оң, дұрыс деген мағына береді) - батыс философиясының шеңберінде қазіргі шлымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді халдап шешуге бағьпталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына тоқталу қажет.

Егер неміс классиқалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер е рікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым—белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететің тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.

Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - ХІҮ-ХҮШ ғғ; 3. по-зитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизиқалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактілік алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшінші позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (езімшіл-дік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.

Жоғарыдағы көрсетілген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерімен айналысып, біршама жетістіктерге жетеді. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, тұрпайылықтан өтіп, күрделеніп жатқан құбылыс. Әрбір жаңа пайда болған ғылым саласы өзінің қажетті алғышарты ретінде өткен сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математиқа - астрономия - физиқа химия - биология - социология. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негізделгенмен, бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-бірімен ұштастыру қажеттіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты біріктіретін жана дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты қайшылықтарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа ағарган дін қажет - ол қазіргі өмір сүріп жатқан, бұрыңғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетін адамдардан тұратын а дамзаттын өзі. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретінде қарап табынуға шақырды.

Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені дүниеде сол адамның өзін тудырған біздін арғы анамыз «Ұлы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну -алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді.

XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалық физиканың негізгі қағидаларына үлкен сокқы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», -деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп, біртұтастық дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Э рнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.

Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» дсген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардын ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөліктерін алып қарасақ, онын физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз, Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын айнад қоршаған дуние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан дүниесіңе,өтіп, оның неше турлі тебіреністерін туғызып, адамның осы дүниені телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретіңде сезінгенде ғана пайда болса керек. Сонынен қатар танымның будда жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине, субъективтік идеализм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.

Эмпириокритицизмнің негізгі қағидаларының бірі - «ойлаудын тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-өзін сақтау үшін биологиялық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», -дейді олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды.

Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.

Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағынды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардын ішінен шыға алмай қалды. мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенін өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математиқалық логиқа тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логиқалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логиқалық позитивизмнің келесі өкілін Р.Карнапты алатын болсақ, ол схематикалық логиқа арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі құралы - верификация принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкес-тігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этиқа мен психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логиқалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.

Б.Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен кұштарлықтары тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.

Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистиқалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логиқалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логиқалық-философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің Шеңбері менің Дүниемнін шеңберін құрайды», дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз қазір «халықтың менталитеті» деген ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактілік ұғымдардың кұрсауына қамап адастырады.

XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы саты дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - К арл Раймунд Поппер (1902-1994 яок) Томас Самюәль Күн (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж)' Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болғаң ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардын терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкін дігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы ағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: