Діни экзистенциализм мен антропология 8 страница

Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту керек, ол ушін басқа амал болмаса, оны «маса» сиякты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.

Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуі—алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстанның автономиялық дәрежесіне, өзін-өзі басқару мумкіндігіне жетіп, халықты ағарту, мәдениеггі жанарту арқылы көптен бері созылған халықтың ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжарлықтан құтқару мақсатын қойды.

А.Байтурсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық үрдісті дамыту, адам құқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрін заңды жетілдіру арқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол рулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына тұседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да тұсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:

«Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,

Біреулер алып қала салып жатыр.

Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. А.Байтурсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқтары қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқтық санасының өсуіне өзінің пайдасын

тигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жана шаруашылық түрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтүрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, әкстенсивтік шаруашылық формаларын интен-сивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап түрған көп өндіріс орындары осы ойды дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жүмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!

Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жүмабасв, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жумабаевтың көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің аяныіпты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы тең құқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» тұсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтүрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтын ауыр жағдайына байланысты туберкулез бруцеллез т.с.с. жұкпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде куңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.

Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің қайнар көзін ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрді. Сондықтан А.Байтурсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесіне жан аямай, ізгі ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.

Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентифиқация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оғақ барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.

Сонымен қатар ол екінші қауіпті да көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдің қойған талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалуды автаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті) бағыттан көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра бағалауы.

Кеңестік дәуірдегі отандық философия

Кеңес дәуірінің бастапқы кезіндегі ахуалды біз жоғарыда әңгіме еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сынаржақты бағалауға болмайды. Көп нәрсені жоғалтқанымызбен бірге жетістіктеріміз де аз болған жоқ. сіресе 50-ші жылдардың аяғынан бастап, жеке тұлғаға табыну әшкереленгеннен кейін, қоғамның өрлеуі басталды. Қазақстандағы тың игеру үрдісі елді көп ұлттық қоғамға келді. Жер байлығы игеріліп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен кітапханалар, мұражайлар бой көтерді.

Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттік университетінде арнаулы факультет ашылып, кәсіби философия дүниеге келіп, олар зиялылар тобының ішінде ерекше орынға ие болды. Сонымен ұлттық тарихта классиқалық философия дискурсының үлгісімен қалыптасқан философиялық ой-өріс дүниеге келді.

Қазақ философтары маркстік парадигманың (үлгінің) шеңберінде әсіресе 60-шы жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Біршама Дарынды жас философтар жоғарыдан түсірілетін «тапсырмалы тақырыптардан» бас тартып, сол кездегі саяси жағынан алғанда Қауіпсіз логиқа саласына өз назарын аударады. Олардың айрықша көзге көрініп, дүниежүзілік деңгейге көтерген философия саласы -ол диалектиқалық логиканың категориялық құрылымын байытып, тереңдетуге арналған зерттеулер еді. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан Ж.Абділдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, олардың шкірттерін айтуға болады. Философия мен жаратылыстану саласындағы байланыстарды зерттеуге Қ.Рахматулли М.Сәбитов, З.Мұқашев, А.Балғымбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б ғалымдар өз улесін қосты.

Неміс классиқалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған адам мәселесі онын еріктігі мен жасампаздық іс-әрекеті жаттану, т.с.с. мселелерін терен талдап, маркстік тұрғыдаң дамытқан көрнекті ғалым Қ.Әбішевті және оның шәкірттерің ерекше атауға болатын сиякты.

Қазақ философиясында ерекше орны бар түлға - А.Қасымжанов. Ол алғашқылардың бірі болып, Әл-Фарабидің философиясын зерттеп, оны өз халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар өз халқынын тағдыры, қазақ, жалпы туркі руханиятына арналған онын еңбектері - ғалымнан болашақ ұрпақтарға қалған асыл мұра.

Философияның өзекті салалары саналатын этика ғылымының отандық философиядағы іргесін қалаған Г.Ақмамбетовті, э стетиқа бойынша Б.Қазыханова, Қ.Нүрланованы және олардың шәкіртте-рінің қызметін атап кетуге болады.

Енді әлеуметтік философияға келер болсақ, қазақ халқының тарихына алғашқылардың бірі болып философиялық сараптау жасап, көшпенділіктен жаңа өмірге өту үрдісін мазмұнды талдаған Д.Кішібеков болды. Қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бір өтпелі кезеңнен өту үрдісіне байланысты ғалым бүгінгі таңдағы өзгерістерді сараптап, нақтылы да тиімді ұсыныстар берді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын терең талдап, бүгінгі өтпелі қоғамдағы әлеуметтік рестратификация (қайта құрылу) мәселесін зерттеуге қомақты улесін қосып журген М.Әженовті және онын шәкірттерін атаймыз. Бұл тұлғанын философиялық кадрларды дайындауға қосқан үлесі де ерекше.

Қазақстанның кеңес заманында «халықтар достығының лабораториясына» айналуына байланысты ұлт аралық қатынастарды зерттеуге ерекше көңіл бөлінген болатын. Бұл мәселені зерттеуге қомақты үлес қосқан Н.Жанділдин, М.Сужиқов, А.Айталы, Т.Срсенбаев, Р.Абсаттаров, Н.Байтенова, Н.Малинин т.б ғалымдарды атауға болады.

60-80-ші жылдары қоғамдық қатынастардың нормативтік табиғатын, дәстүрлі мәдениеттің даму жолдарын зерттеп, өзіндік ізін қалдырған кернекті галым Н.Срсенбаевты атау керек.

80-ші жылдардан бастап әлеуметтік таным методологиясын дамытуға өз қомақты үлесін қосқан, сонымен қатар отандық философия тарихын зерттеуге атсалысып жүрген ғалым А.Қасабек - зиялы қауымға жақсы таныс. Осы кезде ғылыми-техниқалық революция және тұлғаның дамуына байланысты. Тұрғынбаевтың біршама нәтижелі енбектері жарық көрді.

Саяси және кұктық философияға өз үлесін қосқан Л.Байделдинов, Т.Мустафин, М.Баймаханов, Л.Вайсбергті атап өтуге болады.

Бұл жылдары қоғамның рухани өмірі, қоғамдық сана мәселелері де зерттеуден тыс қалған жоқ. Оған ерекше ізін қалдырған ғалымдар Қ.Шүлембаев, С.Темірбеқов, О.Сегізбаев, Е.Шехтерман, Л.Славин т.б. ғалымдар болды.

Әрине, кеңес заманында өмір сүріп, шығармашылық тұрғыда еңбек еткен ғалымдардың бәрін атап, олардың еңбектеріне талдау жасау мүмкін емес, ол үшін арнаұлы кітап жазу керек. Жоғарыда аталған түлғалардың өздері-ақ еліміздегі кәсіби философияның биік деңгейде болғанын көрсетеді деген ойдамыз.

Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы

Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханияты, тілі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерттеліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтің бірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономиқалық, саяси-құктық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабеқовтің еңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаев болды.

Қазақ мдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мдениеттанудағы көкжиектермен үштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғабитовтың еңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз.

Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінін ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрлановатың еңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мүраны зерттеуге Т.Айтқазин, Т.Бүрбаев, К.Бегалинова өз үлестерін қосты.

Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты улесін қосып журген Ғ.Есімнің еңбектері ерекше аталуға тиіс.

Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар дәуірдің қойған жаңа жалаптарына сәйкес жауап беру, Дүниежүзілік көштен қалын қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді.

Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нүржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б. ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады.

Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.

Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек.

Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды.

Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады.

Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан
кейін көп ұзамай, либералдық-демократиялық саяси бағыт
басымдыққа ие болды. Алайда біздің пәніміз саясаттану емес,
философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды
деген сұраққа жауап берейік. «Шындық, батыста бүгінгі таңдағы артта қалған елдер ертелі-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсіп, дамиды. Олардың ұлттық мәдениеті, тілі ертең-ақ қоғамдық сананың шетінде қалың «универсалдық батыс түсінігі толығынан өз басымдығына жетеді. Бұл бүкіладамзат дамуының негізгі жолы» деген пікірді біз Н.Әмірқұлов пен Н.Масановтың 90-шы жылдардың орта кезінде шыққан еңбектерінен окимыз. Бұлар ашық батысшылдар. Қазіргі қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз. Екінші көлемді топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады билік басындағы біршама қызметкерлер, әсіресе, батыс елдерінен соңғы жылдары білім алған, өз елінде уақытында ұлттық мәдениеттен терен нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық іс-әрекетіне негізделген озық технологиялар, құқықтың мемлекет үлгілерін т.с.с. жетістіктерін алып, өмірге дереу енгізу керек, сонымен қатар жеке адамдардың кұқықтарын сақтау негізінде олардың жасампаздық; күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханиятгың дамуын сол жолға бағындыру - заңды нәрсе. Кейбір зиялылар қоғамды апаттан құлжарудың негізгі жолы исламдық бағытпен дамуда деген пікір айтады. Сонда ғана біз өз болмысымызды сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бір жағынан, кеңес заманынан бері келе жатқан ағарған саясатқа, екінші жағынан, қазақ халқының ислам дінінде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек. Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (А.Қасымжанов, Т.Срсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.) ұстайды. Олардын ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырын, озған елдердің жетістіктерін соларға бейімдей қабылдап, өзгеруіміз керек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттын жақтаушылары зиялылар арасында ең кеп болғанымен, қазіргі саясатта олардын үндері әлсіз естіледі. Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды тандауға мүмкіндік бермеді.Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге әерекшеленіп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен бақытты болу жақсы» деген идеологияның негізінде руханияттың үдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі, жекешендірілу жолында жасалған келеңсіз жайттар т.с.с. әлеуметтік наразылықты күшейтіп, билік басындағылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың ә леуметтік-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: