Діни экзистенциализм мен антропология 7 страница

Абай бүкіл болмысымен, жан-тәнімен өз халқын сүйген, сол себепті оның тарихи қалыптасқан кемшіліктерін әшкерелей білген. Өз кемшілігін сезіну - одан жартылай құлылумен тен емес пе, қалған жартысын білім алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргенің кұрысын» (29-сөз., аталған шығарма, 63 б.), - деп қынжылады. «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдерге сын көзбен қарап, қазақ, дүниесезімінде қалыптасқан теріс кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады.

Біздің бұл мәселеге тоқталған себебіміз - дербес мемлекет болып қалыптасып, жаңа өмірге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзіндік сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де, Абайдың деңгейінен төмен болып тұрғандығы. Керісінше, қоғамдық санада «Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пікір кең тараған. Сонда біз халықтың теріс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса бүгінгі таңдағы қазақ халқының кемшіліктері жоқ па? Олай болса, біз неге басқа алға кеткен халықтардан озып кетпейміз? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы «қазақ елі көп ұлтты мемлекетке айналғаннан кейін, басқалардың алдында ез кемшіліктерімізді әшкерелегеннің жөні болмас» деген пікірді де естіп жүрміз. Ал басқалар сынаса, жатып алып долданамыз.

Әрине, көп ұлтты елде бірін-бірі сынау үлкен саяси қателік болар еді. Сонымен қатар «Ауруын жасырған - өледі» дегенді еске алсақ, ұлттық сын керек сияқты, және оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болу керек. Сонда ғана алға жылжұлық орын алға, ұлттың сана-сезімі өседі. Басқа жағдайда, орынсыз, Абай уақытында сынға алған, өркөкіректікке келеміз. Ал жақсы жақтарымызға келер болсақ, оны басқа халықтар айтпай-ақ біліп, біздің ұлтымызды сыйлайды. Міне, осындай ащы ойлар Абайды оқығанда еске келеді, ол да болса ойшылдың өсиеттерін орындау парызынан шығады.

Келесі Абаймен ақылдасатын көкейкесті мәселе - Қазақстанның ғаламдасу (глобализация) үрдісіне кеңінен кіруі. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениеті мен тілін игеру керектігі жөніндегі ойларында терең көрсетіп кетті. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста түр. Зардабынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» (25-сөз., аталған әдебиет, 51-6.), - дейді ұлы ағартушы. Яғни жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, біз шетелдерден жаңа технологияларды алып, өндірісімізді дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетінің тұрпайы да дөрекі - зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсіні көрсететін түрлерінен өз ділімізді алшақ ұстауымыз қажет. Ал іс жүзінде біріншісінен гөрі екіншісі - елді жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетімізден жаттанып, XXI ғ. «жаңа мәңгүрттеріне» айналу қаупі төніп тұрғандай.

Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл Дүниесінің кіндігі - адам. Олай болса, «Адам бол!», - дейді бабамыз. Яғни әрбір кісі әрқашанда өзінің тұлғасының адам ұғымына сәйкестігін өлшеп, өмірбақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзін жан-жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарын-дарын сыртқа шығарып, гүлдетіп, бұл өмірде ерекше орны бар тұлғаға айналын, өзін бақыттымын деп сезіне алады.

Бірақ адам идеясы, ұғымы мен тірі өмірдегі пенденің арасын қанша жақындатсақ та, олар бір-бірімен толық қосылмайды. Мүны терең түсіне білген Абай да, қазіргі тілмен айтқанда, э кзистенциалдық ой-өрістің шеңберінен көрініп, XX ғ. пайда болған осы Батыс ағымы қойған адам мәселелерін қамти білді, оны біз 1-ші қара сөзден-ақ байқаймыз. «...әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық... Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық,... бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған омірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» (аталған әдебиет, 7-6.), -деген ойшыл сөздерінен өмір философиясын көру қиын емес.

Дегенмен де «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», бәрі де өзгерісте болғаннан кейін, ұлы Абай нағыз адам болу үшін болашақ ұрпақтарына өсиет ретінде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - дейді.

«Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз».

Әрине, Абай - телегей-теңіз, біз оның кейбір маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға Абайтану жолында сәттілік тілейміз.

§ 6. XX гасырдағы отандық философия

Қайшылыққа толы XX ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ресей империясының шеңберінде қысылған, езілген халықтың ұ лттық сана-сезімі оянып, еріктікке, халықтың бостандығына деген құштарлығы оянады; халық зорлық-зомбылықтың негізінде жартылай қырылып, геноцидке (түқымымен құру) тұсе жаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерінде түпкілікті түрде көшпенділік өмір салтымен қоштасып, жерге отырады, сауаты ашылып, мәдениеті дамиды. Жергілікті халықтың саны күрт төмендеген соң, оның кең-байтақ бай жеріне басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өз еркімен, я болмаса қуғын-сүргінге ұшырағаннан көптеп келе бастайды, қазақ елі көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтереді, тау-кен өндірістері тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-соңды болмаған қарқынмен игеріле бастайды.

70-ші жылдардың аяғы, 80-ші жылдардың басында Кенес Одағы іріп-шіріп, империя күйзеліске ұшырайды, соның нәтижесінде 90-ші жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсіз мемлекеггер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып, Егемен Қазақ Елі дүниеге келеді. Сонымен ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы жарқын үміттерімен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен аяқталып, XXI ғ. ұласады. Міне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерістер мен көлемді оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтереді. Енді әңгімені нақтылай келе, XX ғ. ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары

Ұлы Абайдың туысы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.) - XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы.Ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлім-тәрбие берушісі - Абайдың ықпалы ете зор болды. Өзінің аса дарыңдылығының арқасында Шәкәрім бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз бетінше оқып-біліп, соның нәтижесінде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиеті мен поэзиясынан сусындап, өзіне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын қалыптастырды.

Шәкәрімнің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдың діни философияға, нақтылай келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде мойындағанмен, Табиғат әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре береді) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы» өлеңінде ойшыл Дүние жөнінде былай дейді: «Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлің бір «мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге тұспейді».

Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол жоқ жерде өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ ойшыл сол қозғалыстың өзі бір қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде еріксіз XX ғ. өмір сүрген әйгілі француз діни философы Теяр де Шарденнің дүниенің негізіндегі «тангенциалдық» (физиқалық) және «радиалдық» (психиқалық) энергиялар жөніндегі ойлары есімізге тұседі, өйткені Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай:

«Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсіп болдық адам.

Кейіміз есті, кейіміз надан,

Жаралыс салған сондай мән».

АҚЫННЫҢ бұл өлең жолдарынан біз адамның өзі табиғаттың төл туындысы екенін байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.

«Жанымыз - куннен келген нұрдан,

Тәніміз - топырақ пенен судан.

Күн - атам, анық жер - анам,

Бірі нүр беріп, бірі - тамақ,

Бұзады бірақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам - бұл жер, әрі - молам...».

Қандай ғажап ойлар! Күннің сәулесінің арқасында жер бетінде тіршілік дүниеге келді емес пе? Бұл шумақтан біз Шәкәрімнің тіпті деизмнен гөрі пантеизмге (Табиғаттың өзін Құдаймен теңейтін ілім) жақынырақ екенін жорамалдаймыз. Сонымен қатар Бұл дүниеде еш нәрсе де мәңгі емес, өзінің сатыларынан өтіп (ер жетем,толам, солам) өмір сүруін тоқтатады. Бірақ ол ізсіз жоғалып кетпейді, басқа бір денеге, құбылысқа айналады.

«Әлектриядан не шықты,

Істедің талай қызықты!

Дәл озін көрген адам жоқ,

Шын затын оның кім ұқты?

Ісінен білдік барлығын», - дейді ұлы ойшыл. Бұл жолдар, бір жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетістіктерін білгенін көрсетсе, екінші жағынан, оларды түсінуде идеалистік жолға түсіп кетпей, практика, іс-әрекет арқылы оның шындығына жету мүмкіндігі айтылады.

«Күннен неге тұсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут шерікте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.

Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,

Бола ма, уақыт деген өлшеу салып?

Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан біз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты - күн сәулесінің жылдамдығының 300 мың км/сек. екенін білгенін байқаймыз. Екіншіден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшіншіден, табиғаттың терең сырларын әрі қарай зерттеп, диалектиқалық ұғымдармен ғылымды байыту керектігін терең сезінгенін көреміз.

Терең философиялық мәні бар ерекше мәселе - жан мен тәннің арақатынасы, өзара байланысы.

«Жансыз тән қалайша жүрмек?

Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннің арақатынасында басымдылық біріншіде, тәуелділік екіншіде, яғни сана, ақыл тәнді билейді.

Енді гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрім өзінің «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерінде ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жүмбақсырын ұқ, таныпбіл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, білу, нану, ұғыну - бәрі ақыл ісі, ал оның іргесі мида жатыр. Бірақ ол үшін адам ден белгілі ақпараттар алуы қажет. Оны жеткізетін - түйсіктер.

«Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын - иіс, тіл — дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек», - деген жолдар ақынның бұл мәселені өз заманының денгейінде шешкенін көрсетеді.

Сонымен қатар дүниені тану жолында соңғы ақиқатқа ешкім де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесіп кету де кездеседі. Сондықтан, бәрін ой елегінен өткізу қажет.

«Тегіс тексер, сөз көрсең - сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мінін.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, білсең шынын». Бұл жолдарда ақын ғылыми этиқаның бүгінгі таңда бізге керек негізгі бір қағидасын алға тартады. Өйткені гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетістіктердің бәрін сынап, «бәрі - теріс, қате, шындыққа бүгін мен ғана жеттім», - деп лепіріп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.

Енді, міне, ұлы ғалымның этиқалық, ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келді. Ол ойшылдың негізгі еңбегі - «Үш анықты» - басынан аяғына шейін самғап өтетін негізгі идея. Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылады. Бірінші - ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы ізденіп, зерттеп жетті. Екінші - діннің берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылын келген «ақыл-ой мен сенім ақиқаттары», олардың ара-қатынасы. Осы екі «аныққа» ойшыл үшінші - ар-ұжданды қосып оның іргелілігін баса айтады. Яғни, Шәкәрім Абайдың «жүрек», «нұрлы ақыл» қатегорияларын әрі қарай тереңдетеді. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әділет, мейірім кіреді. Шәкәрімнен кейін жарты ғасыр өткен шақта австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды «адамның ішкі Құдайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.,1990,с.90), деген болатын. Мұның өзі де бабамыздың өз заманын озған ғүлама екенін дәлелдемей ме?

Ақыннын ойынша, ар-ұждан - рухтың өзегі, сондықтан бүкіл өнер-білім оның сынынан өтуі керек.

«Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі қосылса».

Біз Бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз - Өйткені, ол бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуы- аясындағы деді- өйткен,

үш шешуші мәселесіне айналып отыр. Ар-ұжданның аясындағы Ілім тіршілікті сақтап, қоғамды гұлдетеді, ал оны еске алмайтын ылын бүкіл тіршілікті адамзатпен бірге құртып жіберуі мүмкін. Оған бүгінгі таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пікірге екі дүниежүзілік соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтіп. мйллиондаған адам өмірінен айырылып барып келген болатын.

Шәкәрімнің заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физиқа ғылымы тек өзінің алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр еді. Болашақ болатын апатты әлі ешкім сезінген жоқты. Ғылымның тез қарқынмен дамуының негізінде сциентистік-технократиялық (таза ғылым мен техниқаның шешуші рөлін мойындайтын ілім) көзқарастар кең етек алған болатын. Міне, осындай ахуалда ұлы бабамыз көрегендік танытып, болашақта болуы мүмкін апаттарды алдын ала болжай білді. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар.

Өкінішке қарай, қазақ еліндегі реформаларды жұргізу сатыларының алғашқы кезеңдерінде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан діні мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негізделген саясат басым болып, оның қаншама теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Менмендік, қоғамдық пікірмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкаппарлық т.с.с. келеңсіз кұбылыстар тек адамгершілікке, ар-ұжданға негізделген саясат арқылы ғана жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек.

Қазіргі жаңару сатымызда Шәкәрімнің айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары да бізге рухани азық болмақ. «Ақ ісіңе Құдай жақ, Адамнан тіпті шошыма» немесе: Құдай таза жаратты, сен таза бол,

Ұқсаң анық айттым ғой, Бұл—таза жол», - дейді ақын. Сонымен бірге ол әрбір адамды жасампаздық енбекке шақырады: «Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,

Бәрін Құдай қылады дегенге ерме», - деп ескертеді. Әсіресе, мына жолдар бізге ауадай қажет сияқты: «Өнер қылма ар сатып жалданбақты, Ұлық болып елді жеп мақтанбақты.

Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,

Қашан жақсы көруші ел алданбақты».

Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік те терең, өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкіл әлемдік білімге өз үлесін қосты деп айтуға әбден болады.

XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері

XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлтгық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше түлғалар ретінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхаме-дов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақгы білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмүхамедов т.с.с.).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы түлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстын белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың улттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабыддап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар арқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек:

«Қыран кұстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,

Батыр хандар, асқақ жандар үмытылды.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумақтарынан-өткенді романтизациялаумен қатар, сол кездегі халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенін байқаймыз.

Оны біз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да керуімізге болады:

«Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған».

Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ. Өйткені олар халықтың болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқұлық-тар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесапарды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады. Оны біз Ахаңның мына жолдарынан байқаймыз:

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын:

Ел бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін» (қараңыз: Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, № 4, 3 б.).

Ақырында, бәрі де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан «мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.

Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саяси және құқтық философия төңірегінде өрбімек.

XX ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) кейпі бүкіл сол кездегі үлттық-демократиялық ағымда-ғы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқұлықтың көлеміне бай-ланысты, осы ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманнын сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: