Болмыс философиясы (Онтология ) 9 страница

Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. «Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады. Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» пайымдауды оқырман талай рет естіген болар. Сырттай қарағанда, Дәл сол саяқты. Бірақ биылғы кыс өткенмен толық тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я болмаса мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның Бұл өмірдегі өмірі өте қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын, жас кезімізде болмаған құбылыстардың Дүниеге келгенін байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль саяқты алып жануарлар мен қүхтардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы - жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі өне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық «бір шеңбердегі қайталаудың» жалғандығын байқауға болады.

Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса, корісінше, Дәлелдеу әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, қоғам омірінің күрделілігі, оның шеңберіндегі топтардың әртүрлі мүдде-лсрінің болуы, екінші жағынан, саясатта үстем толтьщ өз мүддесін іске асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі таңдағы аса өткір мәселе - халықаралық терроризмді алар болсақ, оның шынайы қайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия ресурстарын зорлық-зомбылық жасап, күші келген-дсрдің қайта бөлу әрекетінен туындайды. Нақтылай келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы соғысқа кінәлі - Саддам Хусейннің саяси режимі емес (ақырында, сол елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, Спрде-бір адам-затқа қауіпті қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алуына бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі неше түрлі софисти-калық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық қауымдастық алдында төккен абыройын жуып-шайып жатқаны...

Әклектикаға (екіекШшз қанша іздесе де, грек сөзі, таңдау) кслер болсақ, ол адамның саналы түрде белгілі бір саладағы әртүрлі ілмыраға келмейтін құбылыстарды таңдап, бір арнаға құю әреке-гінен пайда болады.

Синергетика методологиясы Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында түрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-өзіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.

Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.

Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол Дүние-дегі барлық заттар мен құбылыстар ға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». Ол - даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен Бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін).

Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифурка-циялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.

Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дә-режеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.

Дәріс №14

Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы

Дәрістің мақсаты: қоғам ұғымын, оның құрылымын, болмысын, ондағы формациялық жүйені, саяси әлеуметтік проблемаларды қоғамдық ұйымдар мен институттарды қарастыру, танысу, талдау

1. Қоғам ұғымы. Әлеуметтілік мәселесі

2. Қоғамның құылымы

3. Қоғам болмысы және оның түрлері

4. Қоғамдық сана түрлері

Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі - Азия құрлығының ортасында, мүхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «қоғам» категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг саяқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.

Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құдтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады?

Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?

Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.

«Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады» - дейді көне Қытай философиясы.

К.Маркстің ашқан екінші - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына келер болсақ, қоғамтану саласында оған парапар тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын саяқты.

Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаж-дықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы - қоғамның іргетасын құрайтын шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтық, моральдық, Эстетикалық, діни т.с.с. құбылыстар орналасады.

.Маркстің ашқан Бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі қиындық - өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы. Адам әрқашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам өзінің отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында басқа адамдармен саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік қаты-настарға келген кезде «санасын үйде қалдырып кететінін» кезге елестету тіпті мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі қағидасын қалайша түсінуге болады?

К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған қоғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза бетген» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол мате-риалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі қарай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды.

Сонымен қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында қалыптасатын тұрақты да қайталанатын байланыстарды айтуымыз-ға болады. Мысалы, екі бір-бірімен таныс емес адам кездейсоқ кездесіп, біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» - десе, екіншісі: «Сіз қайдан келдіңіз?» - деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байла-нысқа түсіп, ақпарат алмасты. Бірақ Бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту асырасілтеушілік болар. Егерде біз профессордың күнбе-күнгі студенттермен кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға әбден жатқызуға болады.

Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизон-тальды және вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. Ал студенттер мен профессордың арасын-дағы қатынастар - вертикальды. Ол қатынастар заңмен бекітілген. Оқытушы мен кафедра меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен қарым-қатынасы да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік лауазымы жатыр. Олай болмайынша, қоғам хаосқа айналып, ешқандай тәртіп орнамас еді.

Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі әлеуметтік рөлдерді тудырады. «Студент», «профессор», «кафедра меңгеру-шісі», «ректор», т.с.с. қоғам өмірінде мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді ойнап қоймай, оның сан алуанына ие болады. Мысалы, профессор сонымен қатар «әке», «ата», «саяси қайраткер», «спортшы», «театрсүйгіш» т.с.с. саяқты рөлдерді атқаруы мүмкін. Сонымен, тек актерлер ғана театр сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді ойнайды, оның сахнасы әлеуметтік кеңістікте.

Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық қатынастарға түсіп, еңбек нәтижеле-рімен алмасып, өз мұ-қтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде), яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен статус - адамның қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге келсең - еріктісің, құлдың баласы болсаң - құл болып қала бересің, шаруаның статусы сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие боласың. Бір толтан екіншіге өту - мұндай жағдайда өте қиын шаруа.

Бүгінгі қоғамға келер болсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Мысалы, біздің Елбасы қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы статустарға жетіп, ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, ондай қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашық қоғам» деп әбден айтуға болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, білімі арқасында биік статустарға жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!

«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда қазіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық қоғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып, шетелдерде болып жатқан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.

Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, еңбек үжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, әрі қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек үжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с.

Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция мен Мысырға турист болып барып, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғүрпына, салт-дәстүрлеріне мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол - шындық. Олай болса, біз оны түсінуіміз керек.

Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18 ғасырдан бастап, Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қарқынмен дамып келеді.

Шығыс қоғамының негізгі ерекшелігі - қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әрқашанда ұжымның шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы қажет. Рұлық, жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. қауымдастықтың шеңберінде пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, нормалар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен қатар ркым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде ұстайды, ол - қорғалған. Сондықтан Бұл қоғамдарда әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, Мұнда да байлар мен кедейлер бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде құрылған. Жекеменшікке де Батыстағы саяқты толыққанды құқық Мұнда жоқ. Көп жағдайда байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика Бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол - негізгі қажет-тіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық - рухани жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап қорғау болып табылады.

Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып қаналдарды қазып, суармалы егіншілікпен айналысты, көшпен-ділерден қорғану ретінде ұзындығы 6000 шақырымнан артық «ұлы қорғанды» соқты. Қытайдың ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін қаналы - олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс деспотиясы» деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған.

Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек еткен адамға табиғат өз жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік құқдылығы мен жеткіліктігі, оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі негізгі құндылықтарболып есептелінеді. Екінші ерекшеліктерінің бірі - рационализм, істеген істің бәрін есеп-қисаптан өткізу, көп жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни адамның іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға, өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге бағытталған.

Мұндай ахуалда қоғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі.

Мұндай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкіндіктері болғанмен, рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық мүддеге қарағанда жоғарылығында болса керек, өйткені шынайы адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары ұстағанда ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техни-қаны, соғыс құралдарын дамытудың негізінде 16 ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне бағындыру саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің ресурстарын өз пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің материалдық жағынан алып қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп айтуымызға болады. Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың (қоғамның қай саласы болмасын) шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. Мемлекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, ал іскерлер тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. Сонымен қатар нарықтық қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. Сонымен нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып алушы болса, екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі, артистің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті, архитектордың үй жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. Адамның әлеуметтік статусы - оның істейтін ісінің тауар ретіндегі өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен адам қалтасындағы ақшасының қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның статусы тек байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі, ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйіспеншілік, нәзіктік, абырой-намыс саяқты моральдық құндылықтар көп жағдайда «бос сөз» болып, ескерілмей қалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: