Болмыс философиясы (Онтология ) 8 страница

Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстыр-малы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылытарихи қалып-тасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектел-ген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын Дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формала-рының болғаны сезсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді.

Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол - ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір түлсырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.

Батыс философиясында прагматистік (рга§та - іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелер-ге жетеек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», - дейді осы ағымның өкілдері.

Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», - деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып түрсың», - десе, екіншілер: «Қазіргі жастар Бұлылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактіліқ тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда түрғақдардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.

Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол - біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинс-кийге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол - Құдайдың аяны деген пікір үхтады. Бүгінгі таңда Бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық қүздылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдык күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген саяқты.

Таным деңгейлері мен әдістері. Кең түрде алғанда, гректің «тейюсіоз» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол саяқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады.

Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар - әмпирикалық және теориялық білім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Қайсыбір зерттеу әмпирикалық сатыдан, яғни ғылыми дерек-терді жинаудан басталады. Ол үщін зерттелетін зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аудара-тын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі, өйткені ол «іаЬиіа газа» - таза тақта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін объект жөнінде белгілі бір пікір, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.

Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелік білімді ұғым, тұжырым, заң т.с.с. ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз.. Енді теориялық білімнің құрылымына келер болсақ, оларға проблема (мәселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.

Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді. Сондықтан кейбіреулер проблеманы - білмейтінімізді білу дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс жөнінде екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі - оны дұрыс қоя білумен байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, проблеманы айқын сезіну қажет. Шешілген проблема ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады.

Гипотеза (болжау) - белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол - осы Дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде - адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.

Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы - осы Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «ұлы Жарылыс» (Огапсі Ехріокіол) гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вақуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын саяқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) Бұл Дүние өзінің ішкі граЬитация күші арқылы тартылып, яғни коллапсқа үшырап, өз өмірін тоқтатады. Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адам-ның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нәрсе - осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы ({ео8 - құдай, зойа - даналық) Е.Блаватская өзінің «Құлия доктрина» деген еңбегінде айтқан болатын.

Әрине, жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш Дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толтырып тұрған әфир саяқты гипотезалар ғыльш дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) мәртебе-сінен айырылып қалды.

Теория - зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстарды ң ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы Дәлелденген, қайшылық-сыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Әволю-циялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.

Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.

Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдық моде-лін (үлгісін) жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.

Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеу-меттік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, құқтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.

Танымның практикалық табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді қанағаттандырьш қана қоймайды. Оның негізгі мақсаты - өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты орасан-зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.

Заң - зерттелген заттар, я болмаса құбылыстарды ң ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсе-теді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.

Енді таным методологиясын талдауға уақыт келген саяқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:

· Жеке ғылым әдістері

· Жалпы дүниетану әдістері

· Ең жалпы (универсалды) методологиялар.

Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным улгілерін жасайды. Ол - оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол саяқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.

Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылым-ның әрбір саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.

Ғылымның әмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданы-латын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, әкспе-риментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоға-рыда айтқанбыз (107-6.). Экспериментке келер болсақ, ол зертте-летін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы әкспери-менттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдала-нылады.

Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедук-ция, әкстраполяция, модельдеу, тарихтық және қисындық, абстрак-тіліқтен натылыққа өрлеу т.с.с. жатады.

Абстрактілеу дегеніміз зерттеліп жатқан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.

Жалпылау - жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.

Анализ - зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.

Синтез - заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.

Индукция - белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.

Дедукция - жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады.

Әкстраполяция - белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).

Модельдеу - кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа үлиақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аәродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа үлнақтың сынағы басталады.

Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда басқа заттардың оның даму жолын қалай бүрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен қоғам өмірін зерттегенде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихи әдіс арқылы Қазақ елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілер-дің болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге көтерілгенін тарих-шылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз -қысқартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.

Абстрактіліқтен нақтылыққа өрлеу әдісі - ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.

Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсікте-ріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.

Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынаста-рының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.

Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін абстрактіліқ ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін категориалдық (ұғымдық) жүйе жасалуы қажет. Бірақ Бұл жасалған жүйенің кемшілігі - оның абстрактілігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы бар абстрактіліқ демокрагия теориясы бар. Ал осы демократия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғүрпы, соған сәйкес менталитеті (ой өрісі) т.с.с. бар. Сондықтан Қазақ еліндегі демократиялық үрдістің нақтылы теориялық моделін жасау үшін, сол абстрактіліқ ұғымдарды пайдаланып, абстрактіліктен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.

Диалектика және метафизика

Енді танымдағы ең жалпы (универсалды, нғни филосо-фиялық) методологияға келер болсақ, ол:

А) барлық ғылым саласында қолданылады;

В) оның негізгі қағидалары нақтылы жүріп жатқан зерттеудің басынан аяғына дейін басшылыққа алынады.

Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниенің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері - бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңды-лықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап, Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас пайда болды. Олар - диалектика және метафизика.

Көне заманда стихиялық диалектиқаның негіздері Шығыс пен Батыста бірдей қалыптаса бастады. «Дүние - ағым, өзен», - деді Гераклит. Қытай данасы Лао-цзы болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек қағидалар шығарды. «Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыққа жету үшін кішіден баста, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек (әйтпесе, бақытты екеніңді қайдан білесің)...» т.с.с. Грек толыра-ғында ұлы Сократ алғашқылардың бірі болып ой қайшылықтарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қозғалысты қалайша ой арқылы беруге болатындықты зерттеді...

Жаңа Дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Г.Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп, диалектикалық ойлау методологиясын жасады.

XIX ғ. марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл Дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соларға сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Бүкіл XX ғ. жаратылыстану мен әлеуметтану нәтижелері - диалектикалық методологияның салта-натты өрлеуі болды десек, асыра айтпаған болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар қоғамтану пәндеріне, содан кейін биология саласына, XX ғ. физика, астрофизика, химия, геология т.с.с. ғылымдарға кірді.

Бүкіл Дүние қозғалыс пен дамуда, ал оның қайнар көзі - ішкі қайшылықта екенін барлық ғылым салалары бүгінгі таңда дәлелдеді. Олай болса, қайсыбір зерттеуде заттың ең алдымен ішкі қайшылығы ашылып, оның өзіндік қозғалысы, өзгерісі анықталуы керек. Ол үшін ойлау категориялары да бір-бірімен тығыз байла-нысты, сонымен қатар қайшылықты, бір-біріне өтетін дәрежеге көтерілуі қажет.

Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-бірімен сансыз неше түрлі байланыста болғаннан кейін, диалектикалық методоло-гияның зерттеуші алдына қоятын келесі талабы - заттың неше түрлі байланыстарын жан-жақты зерттеу. Әрине, ол байланыс-тардың шегіне жетіп, барлығын қамту мүмкін емес. Дегенмен де мейлінше көбірек қамту бізді қателіктерден сақтайды.

Дүниеге келген әрбір зат өне бойы бір орында түрып қалмайды. Ол өзгеріске үшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақы-рында, өмірден озады. Сондықтан диалектиқаның негізгі талап-тарының бірі - зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан қарау.

Дүниеге әр зат өз қайталанбас болмысымен келеді, сонымен қатар басқа заттармен ортақ қасиеттері арқылы бірігіп, байла-нысады. Олай болса, әр зат өз ерекшелігімен құнды. Сондықтан қайсыбір зерттеудің негіздерінің бірі болып нақтылық қағидасы жату керек, өйткені барлығына бірдей абстрактіліқ ақиқат танымда ешқашанда болған емес.

Диалектиқаның әрбір категориясының методологиялық мәні бар, өйткені олар Дүниенің сан қилы жақтарының ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал Дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін, диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қатар қайшылықты болып келеді. Сондықтан қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып, жаңа сапаның пайда болуына, себеп салдарға, шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына, кездейсоқтық қажеттіктің іске асуына т.с.с. әкеледі.

Енді диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методо-логияны талдау үшін, ең алдымен осы ұлымның мағынасын анықтау керек. Уақытында Аристотельдің болмыс іліміне арнаған «Бірінші физика» атты еңбегін Андроник Родосский «Метафизика» (физиқаньщ ар жағында деген мағына береді) деген атпен жарыққа шығарған болатын. Сол уақыттан бастап осы күнге дейінгі Бұл категорияның негізгі мағынасы - болмыс ілімі, табиғаттың ар жа-ғында жатқан терең философиялық мәселелерді талдау. Мысалы, «Бұл Дүние шектелген, я шексіз бе, мәңгілік, я уақытша ма?», «ақиқат, ізгілік, әсемдік, бақыт дегеніміз не?», «Құдай бар ма, я жоқ па?» т.с.с.

Жаңа Дәуірде Г.Гегель Бұл категорияға екінші мағына берді. Ол - диалектикалық методологияға қарсы тұрған даму тұжырымы. Олай болса, метафизика дамуға қандай тұрғыдан қарайды деген заңды сұрақ туады.

Қозғалыс, дамудың қайнар көзін метафизика сыртқы ықпал, себептен көреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, тұлғаның білім алуы оған білім беретін мұғалімдердің сапасына байланысты (сыртқы ықпал). Бірақ сол адамның білімге деген құштарлығы, білгені мен білмейтіні арасындағы ішкі қайшылық оның жүрегінде от болып жанбай, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де, терең білім ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол өз белсенділігі арқасында жақсы маман болып шығуы ғажап емес. Бүгінгі өмірде «Мен шетелден оқып келдім», - деп «ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бір-ақ ешкі» азаматтарды жиі кездестіруге болады. Оларды шетелдерде оқытуға әке-шешелерінің қолы жеткенмен, балалары үміттерін ақтамайды. Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса кішіреюіне» теңейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрық, метафизикалық тұрғыдан қарағанда, кішкентай аяқ-қолы, басы бар адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. Ал қазіргі ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен жолын қысқаша қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық қасиетке ие болу үшін, негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған жылдар бойы дамытқан тілін меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы организм) филогенезді (тектің дүниеге келіп, өмір сүруі) қайталауы дейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: