Тест тапсырмалары

2)Жағдайлық есептер

3) Сұрақтар

Қосымша №1

СӨЖ-ге қойылатын талаптар.

1. Студенттің өзіндік жұмысы- тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, баяндама және есеп түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етілген, өз бетінше оқуға арналған тақырыптардың белгілі тізімі бойынша жасалатын жұмыс.

2. СӨЖ орындау талаптары: студенттің алған тапсырмасы белгіленген уақытта және толық көлемде орындалуы керек. СӨЖ аудиториядан тыс жұмыс ретінде қарастырылады, тексеру жұмыстары семинар, тәжірибелік және ОЖСӨЖ барысында жүзеге асуы мүмкін.

Тапсырманы орындау барысында:

· тақырыпты өз бетінше оқу қажет болған жағдайда оқытушымен кеңесуі;

· студенттер негізгі және қосымша әдебиеттерді, статистикалық мәліметтерді меңгеруі, оларды жағдайлар мен керекті стратегияларды шешу үшін сараптай алуы керек;

· тапсырма жеке немесе топпен дайындалады.

3. СӨЖ тапсыру түрлері:

· Реферат

· Презентация

· Тест сұрағы

· Жағдайлық есептер

Студенттердің өзіндік жұмысы электронды түрде қабылданады.

· Реферат жазу: студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат

ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат

· Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кес емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.

· Тест сұрағын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.

· Жағдайлық есептерді құрастыру: өз бетінше орындалады, есептер адекватты, қарапайым, тапсырма түсінікті болуы тиіс. Қойылған сұрақтар нақты (3-4), тақырыпқа сай болуы керек. Жағдайдың баяндалуы, берілген сандар мен дәлелдер жалпы түсінікті, нақты, шынайы болғаны жөн. Есептің саны 5 кем болмауы тиіс.

4.СӨЖ- орындалуына қойылатын талаптар:

- Реферат - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 10-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады.

Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

-Презентация - оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,

негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер - тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;

Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет.

Бір тақырыпқа 20 слайд дайындау керек.

Мультимедиалық презентацияны бағалау көрсеткіштері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.

-Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,

мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.

-Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар:

жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес.. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

Қосымша №2

Бағалау криерийлері:

Бақылау түрі Баға Бағалау белгілері
Жағдайлық есептерді дайындау және шешу, талдау. Өте жақсы А (95-100%); А- (90-94%) баға сәйкес. Жұмысқа белсенді қатысса, шынайы ойлау қабілетін көрсетсе, тақырыпты меңгеруде терең білім көрсетіп, талқылауда басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін пайдаланса қойылады.
Жақсы В+ (85-89%); В (80-84%); В- (75-79%) баға сәйкес. Жұмысқа белсенді қатысып, тақырыпты меңгергенін көрсетсе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса қойылады.
Қанағаттанарлық С+ (70-74%); С (65-69%); С- (60-64%); D+ (50-54%) баға сәйкес. Жұмыс барысында белсенді болмаса, түсінбеушіліктер не қате жіберіп, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындық-тарға тап болса қойылады.
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) баға сәйкес. Топпен бірге жұмысқа қатыспай, оқытушыға жауап беруде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны қолданбаса қойылады.
Бақылау түрі Баға Бағалау белгілері
Тест тапсырмаларын орындау Өте жақсы 90-100% дұрыс жауап
  Жақсы 75-89% дұрыс жауап
  Қанағаттанарлық 50-74% дұрыс жауап
  Қанағаттанарлықсыз 50%-дан кем дұрыс жауап
Бақылау түрі Баға Бағалау белгілері
Тест тапсырмаларын дайындау Өте жақсы А (95-100%); А- (90-94%) баға сәйкес. Тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.
Жақсы В+ (85-89%); В (80-84%); В- (75-79%) баға сәйкес. Тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.
Қанағаттанарлық С+ (70-74%); С (65-69%); С- (60-64%); D+ (50-54%) баға сәйкес. Тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) баға сәйкес. Тест тапсырмаларының саны 20, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.
Бақылау түрі Баға Бағалау белгілері
Реферат дайындау және қорғау Өте жақсы А (95-100%); А- (90-94%) баға сәйкес. Егер де студент рефератты қорғау кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бергенде, ғылыми жетістіктер келтіргенде. Мәтінді компьютерде тергенде, глоссарий құрастырғанда, мазмұны мен безендірілуі қойылатын талапқа сай болғанда. Қолданылған әдебиеттер жаңа әрі жеткілікті болғанда.
Жақсы В+ (85-89%); В (80-84%); В- (75-79%) баға сәйкес. Егер де студент рефератты қорғау кезінде айтарлықтай қателік жібермесе, айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білсе. Мәтінді компьютерде теріп, глоссарий құрастырғанда, мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан сәл ауытқу болғанда. Қолданылған әдебиеттер жаңа әрі жеткілікті болғанда.
Қанағаттанарлық С+ (70-74%); С (65-69%); С- (60-64%); D+ (50-54%) баға сәйкес. Егер де студент қорғау кезінде айтарлықтай дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, тек оқытушы айтқан әдебиттермен шектелсе, материалды қиыншылықпен жүйелей білсе. Мәтін қолмен жазылып, мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Қолданылған әдебиеттер мөлшері аз болып, Интернеттен дайын материалды пайдаланғанда.
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) баға сәйкес. Егер де студент қорғау кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, негізгі әдебиттермен жұмыс істеменгенде, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай стилистикалық және логикалық қателіктер жібергенде. Мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Интернеттен дайын материалды пайдаланғанда Қолданылған әдебиеттер мөлшері аз болып СӨЖ уақытылы өткізілмегенде.

· СӨЖ-де берілген тақырып мазмұнының толық қамтылуы бағаланады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: