Шартты операторлар

JavaScript тілінің операторлары 3 ке бөллінеді:

1 Қарапайым операторлар.

2 Басқару және цикл операторлары.

3 Объект қасиеттері мен әдістері.

Басқару операторлары. If операторы. Оператордың жазылу түрі:

If (шарт) оператор1 else оператор2

Бұл жердегі If шартты операторы егер деген мағынаны береді. Егер логикалық шартты қанағаттандырса, онда оператор1 орындалады, алкері жағдайда оператор2 орындалады. Шарт операторын қысқартылған күйде де жазуға болады (If (шарт) операторы).

Қарапайым мысал қарастырайық:

$flag = true;

if ($flag)

echo “
” flag айнымалысы ақиқат мәнді қабылдады. “

else

{echo “
flag айнымалысы жалған мәнді қабылдады “

Іf операторы алдымен flag айнымалысын тексереді. Егер шарт қанағаттанарлық болса, онда бірінші фигуралық жақшаның ішіндегі оператор орындалады, ал егер шартты қанағаттандырмаса, онда екінші фигуралық жақшаның ішіндегі операторлар орындалады.

Егерде тек жалғыз шарт қарастырылса, онда есеб шешімі онша күрделі болмайды. Ал егерде екі, немесе одан да көп шарттар қарастырылса онда шарт құрауда бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін.

$flag1=true // ақиқат

$flag2=true // ақиқат

if ($flag1 && $falg2) // $flag1 және $falg2 мәні ақиқат

echo “
” Екі шарттың мәні ақиқат “

else

echo “
” Екі шарттың кемінде біреуі жалған“

ІF конструкциясы. SWITCH операторы.

JavaScript тілінің операторлары 3 ке бөллінеді:

1 Қарапайым операторлар.

2 Басқару және цикл операторлары.

3 Объект қасиеттері мен әдістері.

Цикл операторлары. Цикл операторлары бір амалдың бірнеше рет қайталануына алып келеді. JavaScript-да цикл операторының төрт түрі бар:

· while

· do…while

· for

· forreach

Алдыңғы үш цикл операторлары С++ тілінен алынған болса, ал соңғы оператор Реrl тілінен алынған. Бұл бөлімде тек алдыңғы үш цикл операторын қарастырамыз.

While операторында бірінші логикалық шарт тексеріліп, содан кейін барып амалдар орындалады. While операторының жалпы жазылу үлгісі төмендегідей:

While (шарт)

оператор;

Циклды орындалу тәртібі мынадай, алдымен шарт тексеріледі. Егер шарт қанағаттандырылса, онда цикл орындалады. Цикл операторы шарт қанағаттанғанынша орындала береді. Циклға шарт беруден алдын оның бір кезде орындалатынына көз жеткізу керек, әйтпесе шексіз циклға түсіп қалуы мүмкін. Мысал:

$var = 5;

$i = 0;

while (++$i <= $var)

echo($i);

echo(‘

Бұл мысалдың орындалуы нәтижесінде і айнымалысының 1-ден 5-ке дейінгі қосындысы көрінеді.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:

double arrow
Сейчас читают про: