JS Циклдер 3 страница

Сондай-ақ сайтты жариялауда ақпарат толық көрсетілуі үшін браузерлер ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, Internet Explorer мен Netscape Navigator браузерлеріндегі ерекшеліктер, кейбір тегтер тек белгілі бір браузерде жұмыс атқарады немесе әртүрлі нәтиже береді. Сайт әртүрлі браузерлерде сәйкестілікпен тиімді бейнеленуі үшін бірнеше ережені ұстану керек: әзірлеу барысында құралдарды минималды түрде пайдалану – аскетизм принципі; әрбір браузер үшін беттің арнайы версиясын қолдану – көпварианттылық принципі.

WEB-парағының өміршеңдік циклінің ұзақтығы оған енушілер санына байланысты. Оның өміршеңдігіне кепіл болатын тағы бір нәрсе сайтты жаңартып отыру, яғни сайтқа қолдау жасау. Ол үшін ҒТР-қосылуды орнату керек (сайтты жариялаудағыдай), содан соң өз компьютеріңізде алдын-ала дайындалған файлдармен сервердегі файлдарды алмастыру немесе кірістіру әрекеттерін орындау керек. Сайтты жаңарту барысында әрбір өзгерістер енгізгеннен кейін сайтты тестілеуден өткізу керек, себебі кейбір өзгерістерден соң қайсыбір элементтер жұмыс жасамай қалуы не дизайны өзгеріп, үйлесімсіздік пайда болуы мүмкін.

Қазіргі таңда Web-технологиялар рыногі қарқынды даму үстінде. Қолданыста жүрген көптеген клиент жағында да, сервер жағында да Веб-қосымшалар әзірлеуге мүмкіндік беретін визуалды құрылғылар үнемі жетілдіріліп, дамып отырады. Мысалы, бүгінгі күні қолданыстағы Macromedia DreamWeaver МХ ортасының Dreamweaver CS6 версиясы жарық көрді. Қазіргі таңда Adobe Flash мультимедиалық платформаға деген веб-шеберлердің қызығушылығы кеміп келе жатыр, ал HTML тілінің жаңа версиясы HTML5 пен онымен бірге үйлесімді пайдаланылатын Adobe Cretive Suite 6 Web-қосымша әзірлеу кешені танымал болып, кең қолданысқа ие болуда. Adobe Cretive Suite 6 кешені құрамына енетін Photoshop CS6(графиктік редактор), Premier Pro CS6(видео редактор) Adobe Dreamweaver CS6(HTML редактор) қосымшалары негізінде соңғы кездегі технологиялық жетістіктерге қол жеткізе отырып, мобильді құрылғыларға арналған, кез келген ОЖ-ге негізделген смартфондар қосымшаларын құруды тиімді орындайды.

Интернет желісінің заман талабына сай ауқымы артуы, пайдаланушылар мен веб-әзірлеушілердің талғам, талаптарының өзгеруі, жетілуі веб-қосымшалар (клиенттік, серверлік) нарғығының дамуына тікелей әсер етеді, осыған орай программалық өнімдер нарығының бәсекелестігіне төтеп беру мақсатында олар да үнемі жетілдіріп, дамып отырады.

73. АЖ негіздерінің мақсаттары мен міндеттері.

Ақпарат жүйелерінің негізі деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады. Ақпарат жүйесі қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпарат жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу, шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектінің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді жіктеуде оны мынадай ішкі кластарға бөлуге болады:

· Ақпараттық-анықтамалық жүйелер

· Ақпараттық-кеңес беру жүйесі

· Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.Ақпараттық- анықтамалық жүйе ақпаратты жинап, оны адамдардың пайдасы үшін дайындайды.

Ақпараттық-кеңес беру жүйесі обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдайлар үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпараттық-қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамдардың қатысуынсыз ендіріліп басқарылатын обьектідегі үрдіс автоматты түде реттеледіАЖ-нiң өмiрлiк циклінің, жекелей алғанда қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ұзақтығы, техникалық және жүйелiк бағдарламалық құралдардың моральдық, және физикалық eскipy мерзiмдерiнен әлденеше рет асып кетедi. Сондықтан әртурлi ақпараттық-бағдарламалық, платформалар (poтtability) арасында қолданбалы бағдарламалық құралдардың тасымалдаушылығын қамтамасыз ету қажет. Қосымшалардың тасымалданушылығына қойылатын талап мәлiметтердi бөлiктеп өңдеу қолданылатын гетерогендiк платформалардан туындайды. Осы бағытты одан әpi дамыту әртурлi салалар, әcipece, ғылым, мәдениет және бiлiм беру салалары үшiн электронды мәлiметтер алмасу форматтарына стандарттар әзiрлеумен байланысты бол­ды. Fылыми жарияланымдардың электронды көрсетiлулерiмен алмасудың стандартталған форматтары, осы салалардағы объектiлердiң, өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, математи­ка, химия, биология және медицина мен өзге де ғылым салалары үшiн ұсынылған. «Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттiлiк өте ертедегi уақыттан әртүрлi физикалық табиғат объектiлерi үшiн пайда болды: сол кездiң өзiнде-ақ: Аристотель, тұтастық (яғни, жүйе - авт.) – оны құраушы бөлiктердiң қосындысы ғана eместігіне назар аударды. Нақтылай айтқанда, «жүйе» терминi және онымен байланысты кешендi, жүйелiк көзқарасты философтар, биологтар, психолог­тар, кибернетиктер, физиктер, математиктер, экономистер әртүрлi мамандықтардағы инженерлер зерттейдi және солар ой елегiнен еткiзедi. Осы терминдi пайдалануға деген қажеттiлiк математикалық өрнекпен әлдененi көрсету, бейнелеу, көзге елестету мүмікн болмаған жағдайларда туындайды және бұл үлкең күрделi, бiрден толық түciнікті (анық емес) емес және тұтас, бiрыңғай болады. Мысалы - «күн жүйесi», «станокты басқару жүйесi», кәсiпорынды (қаланы, өңiрдi және т.б.) ұйымдық басқару жүйесi, «экономикалық жүйе», «қан айналысы жүйесi» және т.б.

Бiрыңғай АЖ-ге ықпалдасатын функциялар мен iшкi жүйелер, бiр-бiрiнен аумақтық алыс тұруы мүмкін кәсіпорын бөлiмшелерiнде орналасқаң гетерогендiк (грекше. heteтoәenes - әртeкті) бағдар­ламалық-ақпараттық платформаларда жүзеге асырылуы мүмкін. Компьютерлердiң, сыныптары мен типтерiндегi, операциялық жүйелердегi, мәлiметтер қорларын басқару жүйелерiндегi (МҚБЖ) және өзге де жүйелiк бағдарламалардағы айырмашылық, я осы платформалардың шешiлетiн есептер сыныптарының, талаптарына сәйкес келу керектігінең я осыған дейiн пайдаланылған техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалану қажеттiлiгiнен болады.Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазiргi АЖ-нi құруда маңызды рөл атқарады. Мәлiметгер қорлары, бiлiм қорлары, қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары ақпараттық қорлар болып тусiндiрiледi. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар аса елеулi, ал осыған дейiн қолда бар қорлардың келемi мен құндылығы аса зор және тез өсiп отырады.

74. Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері.

Қазiргi АЖ -де сипаты ақпараттар беру тәсiлдерiмен анықталатын ақпараттық технологиялардың (АТ) бiрнеше түрлерiнiң ұштасуы та­лап етіледі:

• есептеу есептерiн және/немесе басқару есептерiн шешу;

• мәліметтерді өңдеу;

- мәтіндерді өңдеу;

·машиналық кескіндемелер;

·бейнелердi өңдеу (статикалық немесе бейнекескiндер);

·сөйлесу хабарларын өңдеу.

Осы технологиялар үшiн тиiстi мәлiметтер қорларын қолдайтын АЖ (мысалы, МҚБЖ) орталарының жүйелiк бағдарламаның қамтамасыз етiлуi мен мәлiметтердiң тиiстi типтерiн өңдейтiн қоолданбалы бағдарламаларды талап етедi. Ақпараттарды берудiң осы тәсiлдерiн пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиiс.

АЖ-нiң өмiрлiк циклінің, жекелей алғанда қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ұзақтығы, техникалық және жүйелiк бағдарламалық құралдардың моральдық, және физикалық eскipy мерзiмдерiнен әлденеше рет асып кетедi. Сондықтан әртурлi ақпараттық-бағдарламалық, платформалар (poтtability) арасында қолданбалы бағдарламалық құралдардың тасымалдаушылығын қамтамасыз ету қажет. Қосымшалардың тасымалданушылығына қойылатын талап мәлiметтердi бөлiктеп өңдеу қолданылатын гетерогендiк платформалардан туындайды.

Осы бағытты одан әpi дамыту әртурлi салалар, әcipece, ғылым, мәдениет және бiлiм беру салалары үшiн электронды мәлiметтер алмасу форматтарына стандарттар әзiрлеумен байланысты бол­ды. Fылыми жарияланымдардың электронды көрсетiлулерiмен алмасудың стандартталған форматтары, осы салалардағы объектiлердiң, өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, математи­ка, химия, биология және медицина мен өзге де ғылым салалары үшiн ұсынылған. Сондай-ақ мұражай коллекцияларының (Сәулет, живопись, мyciң музыкалық шығармалар) және құжаттамалық мұрағаттардың электронды көрсетiлулерi үшiн стандартталған фор­маттар бар.

Электронды кiтапханалар құpy проблемалары электронды ката­логтарды, библиографиялық сипаттамаларды, жарияланымдардың толық мәтіндерін көрсетуге, осы құжaттapдaғы қажетті ақпараттарды iздеуге және онымен алмасуға қолданылатын стандарттар көмeтiмeн шешеді.

Осылардың барлығы, ақпараттық қорлардың жиынтығы мен осы қорларға қатынау құралдарын бiлдiретiң қоғамның ақпараттық инфрақұрылымдарын (бүкiл дүниежүзi үшiн жаhандық, ұлттық немесе өңiрлiк) құpy және дамыту проблемасын шешуге мүмкiндiк бердi

75. Жүйелер теориясының есептері

Ақпарат жүйелерінің негізі деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады. Жүйелер теориясының негізін салушы австриялық биолог Людвиг Фон Берталанфи. «Жалпы жүйелер теориясының тарихы мен статусы» еңбегінде және Г. Вунш, Дж. Ван Гиг, У. Росс Эмби, А. Холл, А. И. Усмова, Ю.А.Урманцев өз еңбегінде жүйе, элемент, байланыс, мақсат ұғымдарына анықтама беруге тырысып жүйе категориясын таным теориясы категориясымен қатар қойды.

Жүйе элементі деп нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын обьектіні айтамыз. Жүйе және оның элементтері туралы айтқан кезде орта, обьект, өзара байланыс және қасиеттер ұғымдары қатар жүреді. Жүйе анықтамасындағы байланыс ұғымы бағыт, күш, түр сипаттаулармен беріліп ішкі, сыртқы немесе тікелей, кері түрлерімен ерекшеленеді. Ұйымдастырылған жүйелердің қызметтерін сипаттау үшін жүйелік теорияда күй, өзгеру барысы, теңбе-теңдіқ тұрақтылық, даму, мақсат ұғымдары да қолданылады. Жүйенің күйі оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіреді. Оны көбінесе жүйеге енуші әсерлер мен шығушы нәтижелері арқылы анықтауға болады. Егер жүйе бір күйден екінші күйге өтетін болса, осы үрдіс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді. Сыртқы әсерлер әрекеті қарастырылмаған кездегі жүйенің өз күйін өзгеріссіз сақтап қалу қабілеті теңбе-теңдік деп аталады. Сыртқы әсерлер әрекетінен соң жүйенің теңбе-теңдік күйге оралу қабілеті тұрақтылық деп қарастырылады. Егер жүйенің теңбе-теңдік қалпына қайтып оралатын қасиеті болса, оны теңбе-теңдік тұрақты күй деп атайды. Жүйені зерттеліп отырған обьект, құбылыс туралы ақпарат алудағы білімдерді ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруға болады. Ақпараттық жүйенің басқару жүйесін меңгеру барысында да жүйені обьектілік категорияларға жатқызып, яғни материалдық немесе материалдық емес жүйелерге бөлеміз. Жалпы жүйелер өте қарапайым, қарапайым, күрделі, өте күрделі деп топталады. Олар үшін обьектілер атрибуттар және қатынастар ұғымы қалыптасады. Күрделі жүйелер бір текті элементтердің үлкен жиынтығынаң әр түрлі қасиеттер мен әртекті қатардан тұрады. Жүйелерді тұрғызу барысында олардың мынадай қасиеттері ескеріледі. Гомеостатикалық, тұтастық, бөлекшеліқ дербестіқ қосындылық, бөлінгіштіқ көпшілдіқ бейімділіқ изоморфизм, сәйкестілік. Жүйенің гомостатикалық қасиеті тиімділікті айтарлықтай түрде төмендетпей қызметті жүргізу қабілеті. Сондықтан ақпараттық жүйені құрастыру мақсаты ақпарат қорының ортақтасқан тиімді өзара әсерлері өзгермейтіндей оларды біріктіру болып табылады. Тұтастық қасиеті жүйедегі бір элементтің өзгерісі барлық қалғандарының өзгерісіне алып келетін элементінің өзара байланысы. Жүйенің тұтастық қасиеті жекелей алғанда өз құрамына бірде бір элементке тән емес қасиеттен ие болатын жүйенің эммерженттілік деп аталатын жаңа сапасының пайда болуын анықтайды. Мысалы, ақпараттық жүйе шешім қабылдауға жәрдемдескенімен бірақ мынадай қасиет оның бірде бір элементінде жоқ. Бөлекшелік деп жүйені сыртқы ортадан қорғау мүмкіншілігің жүйеге кіретін кіші жүйе автономиясын түсінеміз. Жүйенің қосындылық қасиеті деп егер жүйенің кейбір элементтері өзгермесе де оның бір элементі өзгеріс бүкіл жүйенің өзгеруіне алып келуін айтады. Сондықтан ақпараттық жүйені әр элементінің және ол өзара байланысқан бір элементінің келесі бір элементке әсері мүмкіндігінше аз болатындай етіп жобалау қажет. Бөлінгіштік жүйеден анағұрлым ұсақ бөліктерді кіші жүйені немесе элементтерді бөліп алу мүмкіндігі. Кез-келген ақпараттық жүйе атқарымдық және жабдықтаушы ішкі жиындардан тұрады. Атқарымдық ішкі жиындар атқарымдық есептер жиынтығына бөлсе, ал жабдықтаушы ішкі жиындар нақты есептерге бөлінеді. Көпшілдік қасиеті жүйеге кіретін жеке элементтерінің күйі, басқа элементтерінің өзгеріс күйінен өзгеше болуын көрсетеді. Бейімділік жүйенің өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделіп отыру қабілеті. Изоморфимзмділік бір жүйені басқа жүйелердің қасиеті арқылы көрініп бейнелену мүмкіндігі. Бұл қасиет нақты экономикалық жүйелерді экономикалық-математикалық модельдер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Сәйкестік қасиеті жүйенің әдіскерлік ұйымдастырушылық, техникалық, ақпараттық және басқа да обьектілердің басқа жүйелердегімен сәйкестендіре жабдықтайды. Кері байланыс қасиеті басқарушы жүйе мен басқарылушы жұйе ақпарат арқылы тікелей және кері байланысып қозғалысқа түседі.

76 Ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдары мен құрылымы

Ақпарат жүйелерінің негізі деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады. Жүйелер теориясының негізін салушы австриялық биолог Людвиг Фон Берталанфи. «Жалпы жүйелер теориясының тарихы мен статусы» еңбегінде және Г. Вунш, Дж. Ван Гиг, У. Росс Эмби, А. Холл, А. И. Усмова, Ю.А.Урманцев өз еңбегінде жүйе, элемент, байланыс, мақсат ұғымдарына анықтама беруге тырысып жүйе категориясын таным теориясы категориясымен қатар қойды. 1930жылы Л.Берталанфи тұңғыш рет жүйенің жалпы теориясы концепциясын тұжырымдады. 1940 жылы байланыстар теориясының практикалық есептерінен пайда болған ақпараттық жүйелерінің қазіргі кезде жүйе элементінің үрдісін оңтайландырудағы қажетті математикалық құралға айналды. Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен байланысты болатын әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады.

Ақпараттық жүйелерге қатысты ақпарттар құрылымын қарастырсақ, ақпараттарды бірліктерге бөлуге болады: реквизит, көрсеткіш, массив, ақпарат ағыны, ақпарт жүйесі. Мұндай ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатқызылмайтын ең кіші олшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизиттік негіз, реквизиттік белгі.

Әрбір реквизит әріптер, сандар жиынтығынан тұрады, мәндері мағыналардың сандық қасиеттерімен сипатталады. Бұл жағдайда ол – реквизиттік негіз деп аталады. Мән мағынаның сапалық касиеттерін білдіретін реквизит – реквизит-белгі деп аталады. Бұл ұғымдар экономикадағы ақпараттық жүйелерде қарастырылған пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпараттық жүйенің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттардың атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі негізгі бірлігі қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні (мән-мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өңдеу барысындағы шартты белгілеуді білдіреді. Атрибуттың мәні деп нақты бір жағдайдағы құбылыстың, жағдайдың, обьектінің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттардың барлық мүмкін мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп аталады. Атрибуттың аты - А болса, ол (А, d) деп белгіленсе, мұндағы d D онда D жиыны А атрибутының мәнінің домені (анықталу облысы) деп аталады. d шамасы А атрибутының берілген уақыт мезетіндегі мағынасы болады.

77. Ақпараттық жүйені құрудағы кибернетикалық амал.

Кибернетика - динамикалық жүйелер­мең басқарумен байланысты ақпараттың үдерiстердi зерделейтiң табиғаттағы, қоғамдағы, Tіpi организмдердегi және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Кибернетикалық mәсiлдеме - кибернетика қағидаттары негiзiнде, жекелей алғанда, тiкелей және кepi байланыстарды анықтау, басқару удерiстерiн зер­делеу, жүйелер элементтерiн әлдебiр «қара жәшiктер» (олардың кipeтін және шығатын ақпараты ғана зерттеушiге қолжетiмдi, ал iшкi құрылғы белгiсiз болуы мүмкін жүйе) ретiнде жүйелер элементтерiн қарастыру көмегімен жүйелердi зерттеу.

Жүйелердiң iшкi құрылымы модельденетiн талдамалық тәсiлдемеден өзгешелігі - «қара жәшiк» әдісінде жүйелердiң. сыртқы атқарымы модельденедi. Осылайша, эксперимент жасаушы көзқарасы тұрғысынан жүйелер (модельдер) құрылымы, жүйелердiң. тәртiптiк ерекшелiктерiн ғана имитациялайтын (елiктеу) қapa жәшікте жасырынған.

Кибернетикалық тәсiлдемеде, оған жасалатын сұратулар типi бой­ынша ажыратылатын ақпараттың модельдердi зерттейдi: жүйелердiң сыртқы әсерге жауап қатуын модельдеу; жүйелердiң өзгеру динами­касын болжау; құндылықтардың берiлген атқарымдарына қатынасы бойынша жүйелер параметрлерiн оңтайландыру; жүйенi адаптивтi басқару.

Кибернетика мен жүйелердiң жалпы теориясының ортақ мәселерi көп, мысалы, зерттеу объектiсiн жүйелер түрiнде елестету, жүйелердiң, атқарымдары мен құрылымдарын зерделеу, басқару проблемаларын зерттеу және т.б. Бiрақ жүйелер теориялары­нан өзгешелiгi кибернетика, зерттеу объектiлерiнде ақпараттар ағындарының әp түрлерiң оларды өңдеу, талдау, түрлендiру, беру тәсiлдерiн бөлiп кepceтетін және зерделейтiн басқару үдерiстерiн зерттеуге ақпараттық тәсiлдеменi тәжiрибеде қолданады.

78. Ақпарат және басқару.

Адам немесе құрылғы тудыратын ақпараттық әcep арқылы жүйелердiң, мақсатты бағытталған тәртiбiн қалыптастыру үдерiсi жалпыланған түрде басқару болып түсiндiрiледi. Басқарудың мына­дай есептерiн атауға болады:

- мaқсaт құpy есебi (жүйенiң тәртiбiн немесе қажет күйдi анықтау); тұрақтандыру есебi (ауытқымалы әсерлер жағдайларында жүйелердi сол күйде ұстап құру);

- бағдарламалдарды орындау есебi (басқарылатын шамалардың мәні белгiлi детерминацияланған заң бойынша өзгерген кездегi жағдайларда жүйенi талап етiлетiн күйге ауыстыру);

- қадағалау есебi (басқарылатын шамалардың өзгеру заңдары белгiсiз немесе езгеретiн жагдайлардагы жүйелердiң талап етiлетiн тәртiбiн қамтамасыз ету);

- оңтайландыру есебi (берiлген жагдайлар және шектеулер кезiнде жүйелердi сипаттамалардың экстремалды мәндерi күйiнде де ауыстыру немесе ұстап тұру).

Кибернетикалық тәсiлдеме тұрғысынан АЖ -нi басқару ақпараттар алмасу, өңдеу және түрлендiру үдерiстерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырылады. Кибернетикалық тәсiлдеме АЖ-нi үш iшкi жүйе: басқарушы жүйе, басқару объектiсi және байланыс жүйесi құpaмынa кipeтін басқарылатын жүйе

Басқару жүйелерi атқарымдарының негiзгi топтары болып мына­лар саналады:

• шешiмдер қабылдау немесе aқпapaттap мазмұнын mурлендiру атқарымдары басқару жүйесiндегi бастысы болып саналады, басқару объектiсi мен сыртқы орталардың жай-күйi туралы ақпараттар мазмұнын басқарушы ақпаратқа түрлендiру арқылы көрiнедi;

• ақпараттар өңдеудiң бұрыннан белгiлi атқарымдары ақпараттар мазмұнын өзгертпейдi, ақпараттарды есепке алу, бақылау, сaқтay, iздеу, бейнелеу, таралымын көбейту, түрлендiру формаларын ғaнa қамтиды.

• aқпapammap алмасу aтқapымдаpы қ абылданған шешiмдердi басқару объектiсiне дейiн жеткiзумен және шешiмдер қабылдайтын тұлғалар арасында ақпараттар алмасу (мәтiндiқ кестелiқ графиктiқ электрондық және басқа ақпараттарды жинау, телефонмең факспең жергiлiктi және жаhандық желiлермен және т.б. жiберу).

79. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері. АЖ сандық және сапалық сипаттау әдісі.

Жүйелердi сипатгау әдiстерi нысандандырушылықты apттыpy тәртiбiнде - алғашқыда жүйелiк талдау, негiзiнең онымен байланысты болған сапалық әдiстерден бастап ЭЕМ-дi қолданатын сандық жүйелiк модельдеуге дейiн жiктеледi. Әдiстердiң сапалық және сандық болып бөлiнуi, әрине, шартты сипатта болады.

•Сапалық әдiстерде есептiң қойылуын ұйымдaстыpyғa, оны нысандандырудың жаңа кезеңіне нұсқаларды қалыптастыруға, нұсқаларды бағалау тәсiлдемесiн таңдауга, адамның тәжiрибесiн пайдалануға, әрқашан да сандық бағалаулармен көрсетiле бермейтiн оның артықшылықтарына жете назар аударылады.

• Сандық әдiстер нұсқаларды талдаумен, олардың мүлтiксiз дәл сандық сипаттамаларымен байланысты. Есептiң қойылуы үшiн бұл әдiстерге құралдардың болмауынан осы кезеңдi жүзеге асыруды адамға толықтай қалдырады. Жүйелiк талдay әдiстерiнiң осы шеткі сыныптары арасында eкi кезеңді- есептің қойылу, нұсқаларды әзірлеу кезеңі мен нұсқаларды бағалау және сандық талдау кезеңiне ұмтылатын әдiстер бар, бiрақ мұны нысандандырушылықтың әртүрлi дәрежесiмен әртүрлi алғашқы тұжырымдамалар мен терминологияларды қатыстыра отырып жасайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: