JS Циклдер 1 страница

Бір инструкцияларды бірнеше рет қайталау қажеттігі туындаған жағдайда циклдер пайдаланылады. Цикл белгілі бір шарт орындалғанша қайсыбір әрекеттер жиынтығының орындалуын қамтамасыз етеді. JavaScript тілінде while, do while, for циклдік операторлары қолданылады. Циклдан шығу тек келесі жағдайларда ғана орын алады: цикл шартының орындалмауы, цикл денесінде break операторының орындалуы, цикл денесінде return операторының орындалуы. Алдыңғы екі жағдайда басқару циклдан кейін орналасқан операторға беріледі, соңғы жағдайда циклдың орындалуы тоқтатылады және ағымдағы функциядан да шығады. Циклдың орындалуына break пен return- нан басқа continue кілттік сөзі де әсер ете алады. Циклдың орындалу барысында Continue сөзі кездесетін болса, онда ағымдағы өңдеу процесі аяқталады да басқару цикл басына қайта жіберіледі, яғни циклдың келесі мәнін тексеруден өткізу процесі басталады. Әрі қарай циклдың орындалу шарты қанағаттандырылса, қайтадан циклдың келесі мәні бойынша тексеру басталады.

Циклдер бір кодты бірнеше рет орындауға мүмкіндік береді. Оған қоса циклдер өте жиі қолданылады. Циклдік процесс ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады:

FOR - параметрлі циклдік оператор;

WHILE - алдын-ала циклдің орындалу шартын тексеретін оператор;

REPEAT - соңында циклдің тоқтау шартын тексеретін оператор.

Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді. Программада алдымен циклдің тақырыбы жазылады, онан соң қайталанатын операторлар бөлімі – цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдік операторлардың келесі ерекшеліктері бар:

1) Қайталанатын операторлар (циклдің денесі) бір-ақ рет жазылады.

2) Циклге тек қана басынан ғана (тақырыбы) кіруге болады.

3) Циклдің айнымалылары алдын-ала циклге дейін нықталуы тиіс.

4) Цикл денесінде көшу операторын (Goto) қолданып, программаның басқа бөліктеріне шығуға болады.

5) Цикл ұйымдастырғанда, міндетті түрде циклден шығу шарты орындалатынын қарастыру керек, әйтпесе программа орындалуы циклге келгенде тоқтап тұрып қалады (программа мәңгі циклденіп қалады).

Цикл денесінің әр қайталануында цикл айнымалыларының мәндері де өзгеріп, жаңа мән қабылдап отырады. Қайталану саны циклдің тақырыбында және цикл денесінде берілетін айнымалылардың мәндеріне байланысты болады.

62. JS WHILE операторы. FOR циклі. BREAK және CONTINUE операторлары.

Әдетте, WHILE операторы қайталану саны алдын-ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Цикл денесінің әрбір орындалуының алдында, WHILE операторында циклдің орындалу шарты тексеріледі, шарттағы айнымалылар мәндерінің өзгеруіне әсер ететін операторлар цикл денесінде беріледі. Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, онда ол операторлық жақшаларға алынады, жалпы жазылу түрі:

WHILE шарт DO

цикл денесі;

Әзірше, WHILE операторында жазылған шарт орындалып тұрса, цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер шарт орындалмай қалса, онда қайталану процесі тоқтап, бақару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы салыстырылатын айнымалылар мәндері циклге дейін беріліп, олардың жаңа мәндерінің өсімі цикл денесінде беріледі. Егер WHILE операторындағы шарт бірде-бір рет орындалмаса, онда программа орындалуы циклді аттап өтеді. Егер шарттағы айнымалы мәндері ешқашан өзгермесе, онда программа мәңгі циклденіп қалады.

WHILE циклінің блок-схемасы:

 
 


Жоқ

 
 


Ия

for циклі – ең танымал циклдің бір түрі. Оның жазылуы: for (A; B; I){S}

мұндағы:
A – алғашқы мән, (первоначальное выражение)
B – жалғастырылу шарты. Егер бұл мән жалған болса, циклдің орындалуы тоқтатылады.
I – мәннің инкременті (артуы),
{} - циклдің денесі,
S - операторлар.

FOR циклі (үшін циклі) параметрлі циклдік операторлар цикл денесінің қайталануы алдын-ала белгілі болғанда қолданылады. Жалпы жазылу түрі төмендегідей болады:

FOR K:=M TO N DO

цикл денесі;

мұндағы K-циклдік айнымалы (есептеуіш), әр цикл орындалғанда K-ға 1 қосылып тұрады.

M - K айнымалысының алғашқы мәні;

N - K айнымалысының соңғы мәні.

Цикл денесі жай немесе құрама оператордан тұруы мүмкін, егер цикл денесі құрама оператордан тұрса, онда ол операторлық жақшаға алынып жазылады. Циклдің параметрі (К) тек қана айнымалы болуы тиіс, ал М және N өрнек болуы да мүмкін (нақты Real-типтен басқа). Көбінесе цикл параметріне бүтін типті айнымалы қолданылады, оның мәні циклдің әр орындалуынан соң 1-ге артып отырады (қадамы 1-ге тең).

FOR циклінің блок-схемасы:

 
 


Цикл денесінің орындалуы FOR операторындағы К параметрінің мәні соңғы М параметрінің мәніне жеткенге дейін қайталанады. Егер К мәні М мәнінен асып кетсе, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Сондай-ақ FOR және DOWNTO операторларының көмегімен кері циклдер ұйымдастыруға болады, кері циклдің жалпы жазылу түрі төмендегідей:

FOR К:= N DOWNTO М

Цикл денесі; мұндағы:

К-циклдік айнамалы(есептеуіш), әр цикл орындалғанда 1-ге азайып тұрады.

N- К айнымалысының алғашқы мәні.

М- К айнымалысының соңғы мәні.

BREAK командасының көмегімен циклдің орындалуын мерзімінен бұрын үзіп жібере аламыз. Мысалы:

//1 ден 20 ға дейінгі мәндерді шығаратын тапсырманы орындайтын цикл

for (i=1;i<=20;i++) {

document.write(i + '<br />');

//Цикл 5 ке дейін санаған кезде, циклды үзіп жібереміз

if (i==5) {

break;

}

CONTINUE ағымдағы орындалып жатқан циклді үзіп жіберіп келесісін жалғастырады.

//1 ден 20 ға дейінгі мәндерді шығаратын цикл for (i=1;i<=15;i++) {//Циклдің орындалу шеңберінен 3,10,13сандарын қалдырып кету if (i==3) { continue; } else if (i==10) { continue; } else if (i==13) { continue; } document.write(i+'<br />');}

63.JS Массивтер мен жазбалар, оларға қолданылатын операциялар.

Элементтерінің саны алдын-ала белгілі бір типті индексті айнымалылардың жиынтығын массив деп атайды. Массивтің типі күрделі болып табылады. Массивтерді программада қолдану үшін, оларға белгілі бір ат беріледі. Содан соң программаның VAR немесе TYPE бөлімінде қызметші сөзімен сипаттап, компьютердің жадынан массив элементтеріне орын бөледі. Жалпы жазылу түрі төмендегідей: TYPE «массив атауы»=ARRAY[X1] OF X2;

VAR: «массив атауы» ARRAY[X1] OF X2; мұндағы:

«массив атауы»-массивті белгілеген идентификатор, X,А,MAS, т.б.

ARRAY-массив ұғымын білдіретін қызметші сөз.

OF-қызметші сөз(жалғау)

X1-массив индексінің типі, нақтыдан (Real) басқа барлық типтер қолданылады.

X2-массив элементінің негіздік типі.

Егер программада бірнеше массивтің индекстері мен негіздік типтері бірдей болса, онда оларды бір тізімге біріктіріп жазып сипаттауға болады, төмендегі мысалдарда элементтері нақты сан болатын А,B,С массивтерінің бәріне де компьютердің жадынан 100 элемент бөлінген, сондықтан олар бір тізімге біріктіріліп сипатталған. Массивтердің типтер бөлімінде сипатталуы:

CONST N=100; {}

TYPE Mas=Array[1..N] Of Real;

Element=(Ge, C, O, N, Na, K, Li, Cu, Zn);

Gaz=Array[Ge..N] Of Integer;

VAR A,B,C:Mas; X:Gaz;

Массивтермен амалдар орындау. Массив тек қана тең, тең емес және меншіктеу амалдарына ғана қатыса алады. Бұл амалдарға қаиысатын массивтердің типтері мен элементтер саны бірдей болуы керек. Мысалы мынадай массивтер берілсе: VAR X,Y:Array[1..5] Of Byte;

X=Y–егер массивтердің индекстері сәйкес элементтері тең болса, онда нәтиже «ақиқат» болады(True)

X<>Y-егер массивтердің индекстері сәйкес элементтерінің кемінде біреуі тең болмаса, онда нәтиже «ақиқат» болады(True)

X:=Y- X массиві Y массивінің барлық элементтерін меншіктейді, ал Y массивінің элементтері өзгеріссіз қалады.

Массив элементтері программадағы өрнектер мен меншіктеу операторларының сол жағында да, оң жағында да тұруы мүмкін. Массив элементтерінің негіздік типіне қолдануға болатын амалдарды массив элементтеріне де қолдануға болады, мысалы: А(15, -8, 0, -5,5) - А массиві 4 элементтен тұрады, элементтердің программада сипатталуы мен жазылуы:

VAR A:Array[1..4] of Real;

A[1]=15; A[2]=-8; A[3]=0; A[4]=-5.5

Массив элементтерінің индекстері өрнектер мен операторларда тік жақшаларға алынып жазылады.

64. JS ARRAY объектісі, оның қасиеттері. Массив элементтері.

Элементтерінің саны алдын-ала белгілі бір типті индексті айнымалылардың жиынтығын массив деп атайды. Массивтің типі күрделі болып табылады. Массивтерді программада қолдану үшін, оларға белгілі бір ат беріледі. Содан соң программаның VAR немесе TYPE бөлімінде қызметші сөзімен сипаттап, компьютердің жадынан массив элементтеріне орын бөледі. Жалпы жазылу түрі төмендегідей: TYPE «массив атауы»=ARRAY[X1] OF X2;

VAR: «массив атауы» ARRAY[X1] OF X2; мұндағы:

«массив атауы»-массивті белгілеген идентификатор, X,А,MAS, т.б.

ARRAY-массив ұғымын білдіретін қызметші сөз.

OF-қызметші сөз(жалғау)

X1-массив индексінің типі, нақтыдан (Real) басқа барлық типтер қолданылады.

X2-массив элементінің негіздік типі.

Егер программада бірнеше массивтің индекстері мен негіздік типтері бірдей болса, онда оларды бір тізімге біріктіріп жазып сипаттауға болады, төмендегі мысалдарда элементтері нақты сан болатын А,B,С массивтерінің бәріне де компьютердің жадынан 100 элемент бөлінген, сондықтан олар бір тізімге біріктіріліп сипатталған. Массивтердің типтер бөлімінде сипатталуы:

CONST N=100; {}

TYPE Mas=Array[1..N] Of Real;

Element=(Ge, C, O, N, Na, K, Li, Cu, Zn);

Gaz=Array[Ge..N] Of Integer;

VAR A,B,C:Mas; X:Gaz;

Есептеулерде бір өлшемді массивтермен қатар көп индексті массивтер де кездеседі. Оларды индекстерінің санына қарай n-өлшемді массивтер деп атайды. Екі индексті массивтерді матрицалар деп атайды. Матрица элементтерінің бірінші индексі қатардың, екіншісі-бағанның нөмерін білдіреді. Екі өлшемді массивтердің типтер бөлімінде сипатталуы:

CONST N=100; M=100;

TYPE Mas=Array[1..N, 1..M] Of Real;

VAR A:Mas;

Массив элементтерін ендіру және шығару цик арқылы жүзеге асады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып ендіріледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек. Элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылады.

Массивтің ұзындығы мен элементтері программа барысында өзгере алады.

var а = new Array() – бұл бос массив. Array объектісінің бір ғана қасиеті бар, ол lenght қасиеті, ол массивтің ұзындығын, яғни ондағы элементтер санын анықтайды. Array объектісінің көптеген әдістері бар, оларды ішіндегі маңыздыларына тоқталып өтейік.

Concat(arr1, arr2, …)–бұл әдіс екі не одан да көп массивтерді біріктіреді. Бастапқы массивтер өзгермейді, нәтижесінде массивтердің бірігуінен туындаған жаңа массив ашылады. Жаңа массив аргументтері саны кез-келген болуы мүмкін (arr1, arr2, … массивтерінің барлық элементтерінен тұрады).

65. JavaScript тілінің объектілері және олардың қасиеттері.

JavaScript объектілері - JavaScript программалау тілінде пайдаланылатын ең маңызды бөлігі. Программалау тілін жетік түсіну үшін оның объектілерімен жұмыс істей білу керек. JavaScript тіліндегі берілгендердің ең маңызды типі объект болып табылады. JavaScript-те программалауда объектілермен және оның әдістерімен жұмыс істеу білу айтарлықтай маңызды.

Егер біз бар объектіге қандай да бір жаңа қасиеттер қосқымыз келсе, онда бізге объектілер конструкторы prototype керек.

String.prototype.out = new Function("a", "a.write(this)");... "Привет!".out(document); Привет!

Object -JavaScript тілінің объектісі, осыған орай оның әдістері болуы мүмкін.

Әдістің 3 түрін қарастырайық: ToString(), ValueOf(), Assign().

ToString()-символдар қатарында объектінің пайда болуын жүзеге асырады.

ValueOf() әдісі объектінің мәнін алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда ToString() әдісі бойынша жұмыс істейді, әсіресе, егер мәнді бетке шығару керек болған жағдайда. Assign() әдісі контекстте кейбір мәндегі объектіні иемдендіру үшін қолданады. object=value;< = > object.assign(value);

JavaScript-тің базалық тілінен басқа маңызды бөлігі құжаттың объектілік моделі (Document Object Model, DOM). Оны кейде HTML құжаттардың бөлігі деп те, жеке стандарт деп те қарастырады. Құжаттың объектілік моделі JavaScript сценарийлерінің HTML мазмұнымен байланысуы мен қарым-қатынасының негізін құрайды. DOM-да құжаттағы әрбір элемент және құжаттың өзі, браузер терезесі программалау объекті болып саналады. Әрбір объекттің өзіндік қасиеті мен әдістері болады. Объектілер қасиеттері HTML құжат элементтерінің параметрлерін көрсетеді, олардың көмегімен сценарий HTML тэгтеріндегі абрибуттарды, форматтау стильдерін, контейнерлердің мәтіндік мазмұнын өзгерте алады. Әдістер құжат объектілеріне әртүрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде оқиға, құбылыс түсінігі де бар, ол программалық үзілістер аналогы болып саналады. Олар WWW жұмысына бағытталған, мысалы, браузердің жұмыс аймағына құжатты жүктеу немесе гиперсілтеме бойынша өту.

Динамикалық HTML-де пайдаланушының кез келген әрекеті жүйелік оқиға ретінде қабылданады. JavaScript көмегімен оқиғаларды өңдеу нәтижесінде Web-парақтарды динамикалық интерактивті қосымшаларға айналдыруға болады. JavaScript көмегімен жүзеге асырылатын, HTML-де орындала алмайтын негізгі әрекеттерді қарастырайық:

- HTML формаларынан алынған мәліметтерді серверге жіберер алдында тексеру;

- Пайдаланушы іс-әрекеті сипатына қарай парақ мазмұнын өзгерту;

- Парақ мазмұнын операциялық жүйе, браузер типтеріне, мерзім мен уақытқа байланысты өзгертіп отыру;

- Әртүрлі статикалық HTML –объектілердің анимациясы;

- Көпфреймді құжаттарды басқару;

- ActiveX, Flash, Java-аплет сияқты қосымшаларды басқару;

- Браузер терезесін басқару: өлшемін, орналасу позициясын өзгерту, жаңа терезелерді ашу, жабу.

JavaScript тілінің мүмкіндіктер өте көп болғанымен, оның құралдарымен қажетті нәтиже бермейтін іс-әрекеттер де бар. Бұл операциялар ActiveX-тің әртүрлі құралдары көмегімен жүзеге асырылады:

- пайдаланушы компьютерінен файлдарды оқу және жазу (арнайы cookie файлдарынан басқа);

- пайдаланушы комьютерінен қосымшаны жүктеу;

- сервердегі мәліметтер базасына не файлдарын тікелей пайдалану;

- парақта графиктік объектілерді құру.

HTML құжаты мен сценарий жазу үшін арнайы программалық қамсыздандыру қажет емес. Оған тек текстілік редактор мен браузер ғана керек. JavaScript сценарийлерін жазу, жүзеге асыру үшін де Интернет желісіне қосылу міндетті емес, ол тек өз сайтыңызды жариялауды мақсат еткен жағдайда ғана қажет.

66. Оқиғалар мен функциялар. Оқиғалар қасиеті мен әдістері.

Оқиғалар. Процедура болғандықтан бұл программалық кодтарды «әдіс» деп қарастырады да, «оқиға»- қабылдайтын мәндері осы процедуралық типтер болатын «қасиет» болады. Оқиға болған кезде, шақырылатын процедураны немесе әдісті оқиға өңдеуші / Event Handler - обработчик событий/ деп атайды, С++Builder- де әрбір кластың өзіне тән оқиғаларына сәйкес, программа модуліне, визуальдық компоненттің белгісіне екі рет шерту арқылы, автоматты түрде қойылатын стандарт оқиға өңдеушілері болады, Стандарт оқиғалардан басқа, кез-келген оқиғаларды өңдеушілердің шаблон процедураларын Object Inspector терезесінің Events жапсырмасындағы оқиғаның атына сәйкес жолға екі рет шерту арқылы қояды.

Әдістер. Кластың немесе объектінің әдістерін осы класқа енетін, процедуралар мен функциялар құрайды. Олар кәдімгі процедуралар мен функциялар сияқты жазылады. Кластың әдістерінің немесе процедура мен функциялардың тақырыбы /мысалы, procedure Button1Click (Sender: TObject);/ программа модулінің interfase - секциясындағы класты сипаттау бөлімінде жазылады да, ал денесі әдістің қайсы класқа тиесілі екендігін көрсететін құрама атпен /мысалы, TForm1.Button1Click(Sender: TObject); / implementation – секцияда жазылады.

С++ -те кез-келген класс үшін анықталған, кластың жаңа данасын құратын конструктор және құрылған дананы жоятын деструктор деп аталатын екі әдіс қарастырылған. TОbject класы және одан тарайтын тума кластардың басым бөлігі үшін бұл әдістер сәйкесінше Create және Destroy деп аталады.

Қасиеттер. Кластың қасиеттері немесе сол класқа жататын объектінің қасиеттері - бұл өрістерді пайдалануға арналған арнайы механизм. Класты сипаттауда қасиеттерді жазу үшін property, read, write қызметші сөздері қолданылады. Программа модулінде қасиеттердің мәнін көрсету келесі түрде жазылады:

кластың_аты->қасиеті:= мәні;

67.Form объектісі

Форма. C++ Builder ортасында құрылатын қосымшаның орындалуы кезінде экранға шығатын визуальдық бөлімінің негізін TForm класының өкілі болып табылатын Form компоненті құрайды. C++ Builder ортасы жүктелгенде, құрылатын жобаға (Project1) сәйкес форма терезесі (Form1) өзі автоматты түрде пайда болады /4.3-сурет/. Форма терезесі, бұл - Windows қосымшаларына тән тақырыптық зонасы, жүйелік мәзір батырмасы, басқару батырмалары және таза жұмыстық обылысы бар, өлшемі өзгеріп отыратын терезе.

Жобаға тағы да форма терезелерін қосу үшін File à New à Form командасы орындалады. Программа құруда Form компонентінің келесі қасиеттері мен әдістері жиі пайдаланылады:

TCaption типтер к ласына жататын Caption қасиеті форманың тақырыбын, яғни тақырыптық зонадағы мәтінді жазу үшін қолданылады;

TComponentName типіне жататын Name қасиеті Form компонентінің атын немесе идентификаторын беру үшін қолданылады, әдетте ол Form1, Form2... болып кете береді, егер қолданушы қажет болған жағдайда бұл атауларды өзгерте алады және программада оны сол өзі берген атпен шақырып пайдаланады, мысалы, Name қасиетінің мәні Form1 –ден MainForm- ға өзгертілсе онда оны программада пайдаланғанда

Form1à Caption:= “Форма терезесі”; деп жазудың орнына MainFormà Caption:= “Форма терезесі”; түрінде жазады. Бұл Name қасиетіC++ Builder ортасындағы қолданылатын барлық программалық компоненттерге тән қасиет.

Программада Form компонентінің жаңа экземпляр-данасын құру үшін constructor Create (AOwner: TComponent); конструкторы қолданылады, егер жаңа дананы құру команда түрінде талап етілетін болса оны программа мәтінінде келесі түрде жазады:

ApplicationàCreateForm(TForm1, Form1);

бұл программаның негізгі терезесін құру болып табылады, ал қалған терезелерін құруды, мысалы

Form2=TForm2.Create(Application); түрінде беруге болады.

Close функциясы форма терезесін жабуды қамтамасыз етеді, программадағы жазылуы:

Form1 à Close();

Hide функциясының қызметі - форманы экранда көрсетпей жасырып тұрады, жазылуы:

Form1 à Hide();

Show функциясы орындалғанда көрінбей тұрған форма, алдыға шығып экранда көрсетіліп тұрады, жазылуы:

Form1 à Show();

Форма компонентінің TNotifyEvent класына жататын OnCreate оқиғасы форма құрылған кезде бір-ақ рет орындалады, сондықтан бұл функцияға форманың құрылуымен бірге орындалатын (мысалы пароль енгізу сияқты) операциялар жазылады. OnCreate оқиғасына сәйкес функция Object Inspector терезесінің Events жапсырмасындағы OnCreate жолының терезесіне екі рет шерту арқылы шақырылады

void __fastcall TForm2::FormCreate(TObject *Sender)

{

}

68. Серверлік JAVA SCRIPT және AJAX технологиясы

JavaScript - Бұл тіл де скрипттер тілі. Бұл тіл де көбінесе уеб саласында қолданылады. Бұл тілдің PHP тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің (қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс javascript тілімен іске асады.
Сонымен қатар осы сайттағы жауап жазатын өрістің жоғарысында жазуды қалың қылатын, жатай қылатын, сурет қоятын белгілер бар. Жазуды белгілеп B белгісін бассақ сол жазуымыз қалың болады. Міне, осы сияқты операциялар JavaScript тілінің көмегімен орындалады.
Сонымен қатар қазіргі таңда кең етек алып жатқан Ajax технологиясы да осы Javascript тілінің көмегімен жазылады.

JavaScript – ң идеясы өте қарапайым. JavaScript программасында орындалатын операциялар жақсы танымал және түсінікті объектілер әрекетін бейнелейді, Олар Netscape Navigator прораммасымен жұмыс істеу облысы және HTML тілі контейнерінің элементі болып табылады. JavaScript – ң объектілі – бағытталуы осымен тоқталмайды. Қасиеттер жиынтығы бар және объектілер функциясының жиынтығынан тұратын объектілер ғана бар. Ақырғылары әдіс деп аталады. Әдістерден басқа функциялар да бар, олар дәстүрлі программалау тілінің функцияларына өте ұқсас және ол стандартты математикалық типпен жұмыс істеуге немесе программаны орындау процесін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар JavaScript – те программалық үзілу аналогі деген оқиға бар. Осы оқиғалар World Wide Web – те жұмыс істеуге бағытталған, мысалы, Navigator жұмыс істеу облысына бетті жүктеу немесе гипермәтіндік сілтемені таңдау. Оқиғаларды қолдана отырып гипермәтіндік бет және программа авторы динамикалық объектіні көруді ұйымдастыра алады, мысалы, жүгіртпелі жол немесе көптерезелі интерфейсті басқару.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: