Тестік тапсырмалар

Тесттік тапсырмалар (25),

Ситуациялық есептер (5).

Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы

Сабақ кезеңі Сабақты өткізу құралдары хронометраж
  Ұйымдастыру бөлімі және сабақтың тақырыбы мен өткізу жоспарымен таныстыру, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау. Тесттік тапсырмалар көмегімен сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін бағалау. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары, оқу журналы, тестілік тапсырмалар 8.00-8.50
  Үзіліс   8.50-9.00
  Ауызша сұрау көмегімен сабақтың тақырыбы бойынша теориялық білімін бағалау. Аз топта жұмыс Оқу журналы, тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер 9.00-9.50
  Үзіліс   9.50-10.00
  Жас нәрестелер, мектеп жасына дейінгі балалар даму тарихын талдау. Кіші топта жұмыс жасау. Презентация Баланың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер 10.00-10.50
  Үзіліс   10.50-11.00
  Тақырып бойынша теоретиялық білімді ситуациялық есептер шешу арқылы бағалау Ситуациялық есептер 11.00-11.30
  Қортынды   3,5 акад. сағат

ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

Тақырып: «Бүйрек аурулары бар балаларды жүргізу ерекшеліктері».

Сіздің назарыңызға 1, 2, 3 және одан да көп дұрыс жауабы болуы мүмкін тапсырма ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптардың номері бар клавиштерді басыңыз.

1. ДЕНІ САУ БАЛАЛАРДАҒЫ ЗӘРДІҢ ТҮСІ:

1) ашық, мөлдір 5) ақ, көпіршікті

2) лай, қауыздармен 6) сабан-сары

3) қоңыр-қызыл 7) қою сары

4) қою қоңыр

2.БҮЙРЕКТІҢ ШУМАҚТЫ АППАРАТЫНЫҢ ФУНКЦИЯСЫН АНЫҚТАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ЗӘР ТАЛДАУЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1) жалпы 5) Адисс-Каковский бойынша

2) Нечипоренко бойынша 6) Амбурже бойынша

3) Зимницкий бойынша 7) Сулкович бойынша

4) Шварц формуласымен есептеу

3.ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТКЕ ТӘН ШАҒЫМ

1) дизуриялық бұзылыстар 5) эпигастрий аймағындағы ауырсынулар

2) зәр шығарғанда ауырсынулар 6) олигоурия

3) ісінулер 7) артериялық қан қысымы жоғарылауы

4) полиурия 8) гематурия

4. ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ КЕЗІНДЕГІ БОЛЖАМЫ АСА АУЫР ЗӘР СИНДРОМЫ

1) бактериурия 5) глюкозурия

2) лейкоцитурия 6) анурия

3) зәр қышқылының тұздары 7) гематурия

4) протеинурия

5.ЖІТІ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТПЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 4) 1 жыл

2) 3 жыл 5) 5 жыл

3) 4 жыл 6) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

6. СОЗЫЛМАЛЫ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТПЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 5) 7 жыл

2) 3 жыл 6) 6 жыл

3) 4 жыл 7) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше

4) 5 жыл

7. ЖІТІ ПИЕЛОНЕФРИТПЕН АУЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 4) 5 жыл

2) 3 жыл 5) 1 жыл

3) 4 жыл 6) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

8. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСҚЫНБАҒАН (БІРІНШІЛІК) СОЗЫЛМАЛЫ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 5) 6 жыл

2) 3 жыл 6) 7 жыл

3) 4 жыл 7) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше

4) 5 жыл

9. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСҚЫНҒАН (ЕКІНШІЛІК) СОЗЫЛМАЛЫ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 4) 5 жыл

2) 3 жыл 5) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

3) 4 жыл

10.ТУА БІТКЕН НЕФРОПАТИЯМЕН НАУҚАС БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ ҰЗАҚТЫҒЫ

1) 2 жыл 4) 5 жыл

2) 3 жыл 5) 7 жыл

3) 4 жыл 6) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

11. ЖІТІ ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

1) ісінулер 5) интоксикация

2) бас ауыру 6) іш қату

3) гипертония 7) лейкоцитурия

4) қызба

12. ПИЕЛОНЕФРИТКЕ ТӘН АНАЛИЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

1) гематурия 4) С-реактивті ақуыз

2) бактериурия 5) гиперхолестеринемия

3) лейкоцитурия 6) серопозитивті ревматикалық фактор

13. БАЛАЛАР ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫН АМБУЛАТОРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ТЕКСЕРУ ӘДІСІ

1) УДЗ 4) компьютерлік томография

2) цистография 5) радиоизотопты ренография

3) уретрография 6) рентгенді-урологиялық зерттеулер

14. ЖІТІ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ КЕЗІНДЕ ЕМДІК ТАМАҚТАНУҒА ЖАТАДЫ

1) тұзсыз емдәм

2) тағамда ақуызды шектеу

3) калориясы жеткілікті емдәм

4) шектеусіз жаына қарай тамақтану

5) өсімдік тектес тағамдар басым емдәм

6) зәрмен ақуыздың шығуына байланысты ақуызы мол емдәм

15. ЖІТІ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ АНАМНЕЗІНДЕ ЖИІ БАЙҚАЛАТЫН БҰРЫН АУЫРҒАН АУРУЛАРЫ

1) ангина 4) микоплазмалы инфекция

2) скарлатина 5) терінің бұзылысы – импетиго-пиодермин

3) хламидиялы инфекция 6) пневмококкты инфекция

16. ЖІТІ ЦИСТИТ:

1) императивті кіші дәретке отырғысы келу

2) іштегі ауырсынулар

3) бел аймағындағы ауырсынулар

4) зәр шығарғанда болатын ауырсынулар

5) ісінулер

6) поллакиурия

17. НЕФРОТОКСИКАЛЫҚ ӘСЕРІ АЗ АНТИБИОТИК

1) ампициллин 4) ристомицин

2) левомицетин 5) рифампицин

3) гентамицин 6) пенициллин

18.БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫНДА ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ БАҚЫЛАЙДЫ

1) нефрологтың жүйелі кеңесімен учаскелік дәрігер

2) учаскелік дәрігердің жүйелі кеңесімен нефролог

3) бас дәрігер және оның емдеу ісі жөніндегі орынбасары

4) нефрологтың кеңесімен бөлім меңгерушісі

5) учаскелік дәрігердің жүйелі кеңесімен бөлім меңгерушісі

19.ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЗӘР ТАЛДАУЫН ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНДА ТАПСЫРУ ЖИІЛІГІ

1) алғашқы жарты жылда айына 2 рет, 2-ші жарты жылда айына 1 рет

2) алғашқы 3 айда - айына 2 рет, ары қарай - тоқсанына 1 рет

3) алғашқы 3 айда айына 2-3 рет, ары қарай - айына 1 рет

4) алғашқы жарты жылда - айына 1 рет, 2-ші жарты жылда - 2 айда 1 рет

5) жыл бойы айына 1 рет

20. ЕМШЕК ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДА ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

1) қызба 4) қаназдық

2) беймазалық 5) ісінулер

3) құсу 6) диарея

21. ЕГЕР 5 ЖАСАР БАЛАДА МЕКТЕПТІҢ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫНА БАРУЫ КЕЗІНДЕ АУЫРСЫНУСЫЗ ЖӘНЕ ЗӘРДЕГІ ӨЗГЕРІССІЗ ЖИІ ДӘРЕТКЕ ОТЫРУЫ БАЙҚАЛСА, ОНДА АЙТУҒА БОЛАДЫ

1) жіті пиелонефрит

2) созылмалы пиелонефрит

3) зәр шығару жүйесі инфекция

4) қуықтың гиперрефлекторлыя дисфункциясы

5) жіті цистит

22. ПИЕЛОНЕФРИТТЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС ҚАБЫНУ ПРОЦЕССІ ЗАҚЫМДАЙДЫ

1) бүйректің тубуло-интерстициалды тіндерін 4) бүйрек маңы тінін

2) бүйректің түбегін және тостағаншаларын 5) бүйрек капсуласын

3) шумақтық аппаратты 6) протеинурия

23. НЕФРОТИКАЛЫҚ СИНДРОММЕН ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ

1) «ет жуындысы» түсті зәр 4) гиперлипидемия

2) гипоальбуминемия 5) дисбактериоз

3) диспротеинемия

24.БАЛАЛАРДА ХПН БАРЫН АНЫҚТАУҒА БОЛАТЫН СИМПТОМДАР

1) диарея 4) остеопатия белгілері

2) қаназдық 5) дене дамуының артта қалуы

3) гипергликемия 6) жәр тығыздығының тұрақты төмен болуы

25. ХПН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

1) азоттық

2) анемиялық

3) КЩС бұзылуы

4) зәрлік

5) остеодистрофиялық


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: