Глоссарий. 1. Көлік – жолушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын материалдың өндірістік қоры

1. Көлік – жолушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын материалдың өндірістік қоры.

2. Техника – сақтаудың, тасымалдаудың,қондырудың сала бақылауының техникалық құралдары, қозғалтқыштары, жабдықтары,механизмдері.

3. Машина – адамның ақылдық және физикалық еңбегін оңайлату мақсатында ақпарат,материал және энергияның түрленуі үшін механикалық қозғалыс жасайтын қондырғы.

4. Механизм – бір қозғалыстың түрін екіншіге түрлендіру үшін арналған тетіктер жүйесі.

5. Тетік – құрастырмалы операциялардың қолдануынсыз маркасы мен аталуы бойынша біркелкі материалан жасалған бұйым.

6. Бұйым – кез- келген зат немесе кәсіпорынмен жасалған өндірістік заттар жиынтығы.

7. Құрастырмалы бірлік – құрастырмалы операция өздерінің арасындағы біріктіруге жататын, құрамды бөліктер бөлімі.

8. Агрегат – белгілі бір функцияны өздігінен орындауға қабілетті, бұйымның басқа құрамалы бөлігінен немесе бүтін бұйымды бөлік құрастыру мүмкіндігіне, толық өзара ауысымдылыққа не құрастырма бірлігі.

9. Торап – тек басқа құрамалы бөліктермен бірлесе отырып бұйымда бір арналудың белгілі бір функциясын орындайтын құрастырма бірлігі,

10. Жетек – энергия көзінен, беріліс механизмінен және басқару аппаратурасынан тұратын машинаны немесе механизмді қозғалысқа келтіретін қондырғы.

11. Трансмиссия – тораптан торапқа немесе күштік қондырғыдан машинаның құрастырма бірліктеріне қозғалысты беруге арналған механизм.

12. Қозғағыш – топыраққа машина массасын беретін және машинаға қозғалысты хабарлайтын қондырғы.

13. Трактор – прицепті және аспалы машинаның қозғалысына, сонымен қатар басқа машиналарда құру үшін база ретінде қолдануға арналған өздігінен қозғалаытн шынжыр табанды немесе дөңгелекті машина.

14. Кран – құрылыс кезінде жүктерді көтеруге арналған конструкция, құрылыс машинасы.

15. Конвейер – тарту немесе тасымалдайтын орган арқылы жүктерді тікелей механикалық әсер жолымен тасымалдайтын техникалық құрал.

16. Экскаватор – топырақ және тау – кен жұмыстарын өңдеуге арналған машина.

17. Жүк автомобилі – жүктерді тасымалдауға арналған жеке қозғағышы бар рельссіз көлік құралы.

18. Беріктік – бұзылуға қарсы тұру мен формасының сыртқы жүктеме әсерінен қайтып келмес өзгеруіне материалдың қабілетті, тар мағынада тек бұзылуға қарсы тұру.

19. Қатаңдық – деформациялауға қарсы тұру қабілеттілігін анықтайтын конструкция элементінің сипаттамасы; материалдың физикалық құрамына және қимасының геометриялық сипаттамасына тәуелді.

20. Сенімділік – дененің өз формасын және көлемін орнына қайта келу құрамы.

21. Портал – П күйіндегі екі топсалы түрдегі тіректі конструкция.

22. Критерий – бағалау, анықтау немесе бір заттың классификация негізінде өндірілетін белгі.

23. Жүйе – белгілі бір бүтіндікті, бірігуді құрайтын бір бірімен қатынаста және байланыста болатын элементтің көпшілігі.

24. Параметр – негізгі үрдістің, құбылыстың немесе жүйенің қандай да бір негізгі құрамын сипаттайтын шама.

25. Үлгілеу – объектінің қандай да бір құбылысты, үрдісті немесе жүйені олардың үлгісін құру және игеру жолымен зерттеу.

26. Беріктік шегі – үлгінің бұзылуына әкелген ең үлкен жүктеме алғашқы қимасының ауданының қатынасына тең.

Сурашов Нұрғали Толымбекұлы,

Гудович Михаил Иванович,

Жұманов Мерген Әмірұлы.

«Көліктік техника динамикасы»

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиясы мамандығы үшін

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Редактор

Техн. редактор

«Көтеру тасымалдау машиналары Хаттама № __«» 2011 ж.

және гидравликасы» кафедрасында

болған отырыста ОӘК бойынша

айтылған мәселе қарастырылды

Өндірістік инженерия институтының

оқу әдістемелік кеңесінің отырысында

ОӘК бекітілді

Хаттама № __«» 2011 ж.

Қол қойылған күні ___.___. 2011ж.

60 х 84 1/16 пішінде. Қағаз кітап-журнал түрінде.

Көлемі ___.___ уч.-изд.л. Тираж _____ экз. Тапсырыс № ____

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

Алматы қаласы, Ладыгина көшесі, 32

баспаханасында шығарылады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: