Курсы:4

Пәні: Балалар аурулары

Тест сұрақтары:

1. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 айлық ұл бала анасымен келді, туылған кезіндегі салмағы 2800 г. Нәрестелік кезеңі жақсы өткен. Оған қосымша тамақтар беріліп жүрген. 6 айдан бастап жарма ботқасы, сирек көкөніс пюресі берілген. Диспепсиямен ауырған. Диспансерлік зерттеуде: Нb - 80 г/л, эр. - 3.2х1012/л, ретикулоциттер - 4,0%. Баланың тері жамылғысы бозғылт, пастозды. Бауыры және көкбауыры аздап ұлғайған.

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән?

А)Тапшылық анемиясы

В)Шала туылған баланың ерте анемиясы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

Е)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы+

2. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 айлық ұл бала анасымен келді, туылған кезіндегі салмағы 2800 г. Нәрестелік кезеңі жақсы өткен. Оған қосымша тамақтар беріліп жүрген. 6 айдан бастап жарма ботқасы, сирек көкөніс пюресі берілген. Диспепсиямен ауырған. Диспансерлік зерттеуде: Нb - 80 г/л, эр. - 3.2х1012/л, ретикулоциттер - 4,0%. Баланың тері жамылғысы бозғылт, пастозды. Бауыры және көкбауыры аздап ұлғайған.

Бұл баладағы анемияның дамуында қандай патогенетикалық механизмнің

шешуші мәні бар?

А)Темірдің және микроэлементтердің тағаммен жеткіліксіз түсу

В)Туылған кезде белок, витамин, темір және микроэлементтердің

тапшылығы

С)Гем синтезін қамтамасыз ететін ферменттердің төмен белсенділігі

D) Эритроциттерге қарсы антидененің бөлінуі

Е)Эритроциттердің гемолизі

3. Аймақтық дәрігердің қабылдауына шала туылған 1,5 айлық ұл бала келді. Туылған кездегі салмағы 2100 г. Ретсіз тамақтандырады. Анасының сүті мол. Ай сайынғы салмақ қосуы жақсы. Ауырмаған. Қан анализінде: Нb - 106 г/л, эр. - 3.1х1012/л. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған.

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән?

А)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

В)Шала туылған нәрестенің ерте анемиясы

С)Шала туылған нәрестенің кеш анемиясы

D)Алиментарлық анемия

Е)Минковский- Шоффаргемолитикалық ауруы

4. 4,5 айлық қыз бала 1-ші жүктіліктен, асфиксиямен, шала туылған, салмағы 1700 г. Анасының қан тобы А(II), нәрестенікі – B(III). Ана сүтімен тамақтандырады. Салмағы жақсы қосылуда. Диспансерлік тексеру кезінде селқос, бозғылт, систолалық шу байқалған, бауыры және көкбауыры шамалы ұлғайған. Нb - 70 г/л, эр. - 3.1х1012/л, түс көрсеткіші - 0,69.

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән?

А)АВО жүйесі бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы

В)Шала туылған баланың ерте анемиясы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Алиментарлық анемия

Е)Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

5. 4,5 айлық қыз бала 1-ші жүктіліктен, асфиксиямен, шала туылған, салмағы 1700 г. Анасының қан тобы А(II), нәрестенікі – B(III). Ана сүтімен тамақтандырады. Салмағы жақсы қосылуда. Диспансерлік тексеру кезінде селқос, бозғылт, систолалық шу байқалған, бауыры және көкбауыры шамалы ұлғайған. Нb - 70 г/л, эр. - 3.1х1012/л, түс көрсеткіші - 0,69.

Бұл баладағы анемияның дамуында қандай патогенетикалық механизмнің шешуші мәні бар?

А)Эритроциттерге қарсы антидененің бөлінуі

В) Туылған кездегі қордағы темір және микроэлементтер тапшылығы

С)Темір және микроэлементтердің тағаммен түсуінің жеткіліксіздігі

D)Туылған кездегі феталды гемоглобиннің болуы

Е)Нәруыздың құрамындағы эритроцит қабығының туа біткен ақауы

6. 4,5 айлық қыз бала 1-ші жүктіліктен, асфиксиямен, шала туылған, салмағы 1700 г. Анасының қан тобы А(II), нәрестенікі – B(III). Ана сүтімен тамақтандырады. Салмағы жақсы қосылуда. Диспансерлік тексеру кезінде селқос, бозғылт, систолалық шу байқалған, бауыры және көкбауыры шамалы ұлғайған. Нb - 70 г/л, эр. - 3.1х1012/л, түс көрсеткіші - 0,69.

Бұл жағдайда қандай ем тиімді болып келеді?

А)Темірге бай ”Симилак ” сүт қоспасы

В)Ет қосылған тағамды енгізу

С)Темір препараттарын беру

D)В12витаминін егу

Е)Эритроциттік массаны құю

7. Қабылдау бөліміне шала туылған 1 жас 2 айлық ұл бала келіп түсті. Тамақтануы жасанды, барлық қосымша тамақтандыруды кеш алған, жиі ауырады, үлкен дәреті тұрақсыз. Тексеру кезінде тері жамылғысы сарғыш реңді бозғылт, көкбауыры ұлғайған (қабырға жотасы қырынан 4 см шығыңқы). Нb - 80 г/л, эр. - 2х1012/л, түс көрсеткіші - 1,2, ретикулоциттер - 20%, бос билирубин - 34 мкмоль/л. Анасының қан тобы I (0), баласының қан тобы II(А).

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән

А)Алиментарлық анемия

В)АВO жүйесі бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

Е)Шала туылған баланың ерте анемиясы

8. Стационарда 8 жасар ұл бала Минковский- Шоффар анемиясы диагнозымен ем қабылдауда.Осы аурудан кейін апластикалық криз пайда болды. Гемоглобин - 65 г/л.

Бұл жағдайға жалпы қан анализіндегі қандай өзгерістер тән?

А)Сфероцитоз

В)Тромбоцитопения

С)Түс көрсеткішінің жоғарылауы

D)Эритропения

Е) Лимфопения

9. Аймақтық дәрігерге 7 айлық нәресте анасымен келді. Дамуы нашар, жиі ауырады. Жүктіліктің 38-39 аптасында туылған. Айран және сиыр сүті беріледі. Қосымша тамақ берілмейді. Диспансерлік зерттеуде анемия байқалды. Нb - 92 г/л, эр. - 3.9х1012/л.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А) Алиментарлық анемия

В) Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

С)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Шала туылған баланың ерте анемиясы

Е)Шала туылған баланың кеш анемиясы

10. Аймақтық дәрігерге 7 айлық нәресте анасымен келді. Дамуы нашар, жиі ауырады. Жүктіліктің 38-39 аптасында туылған. Айран және сиыр сүті беріледі. Қосымша тамақ берілмейді. Диспансерлік зерттеуде анемия байқалды. Нb - 92 г/л, эр. - 3.9х1012/л.

Алиментарлық анемияға тағы қандай лабораториялық көрсеткіш тән?

А)Түс көрсеткіші төмен

В)Түс көрсеткіші жоғары

С)Ретикулоцитоз

D)Эритроциттің осмотикалық тұрақтылығының төмендеуі

Е)Бос билирубин деңгейінің жоғарылауы

11. Стационарда 1 жас 9 айлық ұл балаға Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы диагнозы қойылған. Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л.

Бұл анемияға қандай лабораториялық көрсеткіштер тән?

А)Микро сфероцитоз

В)Ретикулоцитопения

С)Тікелей билирубиннің жоғарылауы

D)Эритроциттің гипохромиясы

Е)Лимфоцитоз

12. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 7,5 айлық ұл бала анасымен келді, екінші жүктіліктен, 38-аптада туылған. Анасының сүтімен тамақтанады, қосымша тамақ берілмеген, тістері жоқ, отыра алмайды, зерттеу кезінде анемия байқалды. Нb - 85 г/л, эр. - 3.7х1012/л, түс көрсеткіші - 0.69.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А)Шала туылған баланың ерте анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Тапшылық анемиясы

D)Минковский –Шоффар гемолитикалық анемиясы

Е) Нәрестенің резус-факторлы гемолитикалық ауруы

13. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 айлық ұл бала анасымен келді. Жүктіліктің 38-39- аптасында туылған. Жасанды түрде тамақтандырады.Тамақты нашар жейді.Отит және диспепсиямен ауырған. Диспансерлік зерттеуде алиментарлық анемия деп диагноз қойылды.

Бұл жағдайда қандай ем тиімді болып келеді?

А)Эритроциттік масса

В)Антибиотикотерапия

С) В6витаминін егу

D)Темір препараттарын алу

Е)Гемотрансфузия

14. 1 жас 9 айлық қыз бала ауруханада анасымен ем қабылдауда. Туылған кездегі салмағы 1800г, бойы 43 см. Ана сүтін ембейді, бейімделген қоспалар қабылдайды. Статикалық функциялары кеш жетілген. Стационарда тұмау кезінде қыз балада анемия анықталды. Тері жамылғысы сарғыш реңді бозғылт, көкбауыр қабырға асты доғасынан 4 см шығыңқы.Қан анализінде: Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А)Минковский-Шоффар гемолитикалық ауруы

В)Алиментарлық анемия

С)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Шала туылған баладағы кеш анемия

Е)Геморрагиялық анемия

15. Аймақтық дәрігерге 7,5 айлық ұл бала анасымен келді. Балаға нәрестенің кеш анемиясы деп диагносика жасады. Тамақтануы дұрыс. ЖРВИ-мен бірнеше рет ауырған.

Бұл жағдайда анемияның дамуына не себеп болды?

А)Туылған кезінде феталды гемоглобин құю

В)Темірдің тағаммен жеткіліксіз түсуі

С)Гем синтезіне қатысатын ферменттің белсенділігінің төмендеуі

D)Туылған кездегі темір тапшылығы

Е)Сүйек кемігінің функционалды жетілмеуі

16. 35 күндік шала туылған ұл балада анемия анықталды. ”NAN”қоспасымен тамақтанады. Бала диспепсия және отитпен ауырған. Қан анализінде Нb - 90 г/л, эр. - 2.5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,1, ретикулоциттер саны - 0,8%.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Шала туылған баладағы ерте анемия

В)Шала туылған баладағы кеш анемия

С)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Гемолитикалық тұқым қуалайтын анемия

Е)Алиментарлық анемия

17. Аймақтық дәрігерге 3,5 айлық қыз бала анасымен келді. Бірінші жүктіліктен, шала туылған. Туылған кездегі салмағы 2100 г. Тамақтануы ретсіз. Анасының сүті мол. Салмағы жақсы қосылып жатыр. Жалпы қан анализін зерттеу кезінде кездейсоқ анемия бар екені анықталды. Қан анализінде Нb - 80 г/л, эр. - 3.3х1012/л, түс көрсеткіш - 0,7. Бауыры және көкбауыры ұлғайған.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Алиментарлық анемия

В)Шала туылған баланың ерте анемиясы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

Е)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

18. Аймақтық дәрігерге 3,5 айлық қыз бала анасымен келді. Бірінші жүктіліктен, шала туылған. Туылған кездегі салмағы 2100 г. Тамақтануы ретсіз. Анасының сүті мол. Салмағы жақсы қосылып жатыр. Жалпы қан анализін зерттеу кезінде кездейсоқ анемия бар екені анықталды. Қан анализінде Нb - 80 г/л, эр. - 3.3х1012/л, түс көрсеткіш - 0,7. Бауыры және көкбауыры ұлғайған.

Бұл баладағы анемияның дамуында ненің шешуші мәні бар?

А)Туылған кездегі темір және микроэлементтердің жеткіліксіздігі

В)Асқазан ішек жолдарында темір сіңірілуінің жеткіліксіздігі

С)Темір мен микроэлементтің тағаммен жеткіліксіз түсуі

D)Нәруыз құрамындағы эритроцит қабығының туа біткен ақауы

Е)Эритроциттің гемолизі

19. Аймақтық дәрігерге 1ай 10 күндік қыз бала анасымен келді. Шала туылған нәрестенің кеш анемиясы деп диагноз қойылды.

Бұл балаға анемияға байланысты не істеу керек?

А) В12витаминін егу

В)Темір препараттарын беру

С)Эритроциттік масса құю

D)2-3 аптадан кейінгі қайта тексеру

Е)Асқорыту ферменттерін беру

20. Стационарда ауыр түрдегі шала туылған 2,5 айлық ұл балаға анемия (ерте және кеш анемия) диагнозы қойылды.

Анемияның сипатын анықтауда қандай критерий шешуші болып табылады?

А)Гемоглобин көрсеткіші

В)Эритроцит саны

С)Түс көрсеткіші

D)Баланың жасы

Е)Шала туылу дәрежесі

21. 6 айлық қыз бала, шала туылған. Аралас (сиыр сүтімен) тамақтанады. Бұрын ауырмаған. Диспансерлік тексеру кезінде анемия анықталған, Нв - 80г/л.

Бұл жағдайда анемияның дамуына не себеп болған?

А)Туылған кездегі темір жетіспеушілігі

В)Туған кездегі феталды гемоглобиннің жетіспеушілігі

С) Тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі

D)Сүйек кемігінің морфологиялық және функционалды жетіспеушілігі

Е)Гем синтезін қамтамасыз ететін ферменттің жетіспеушілігі

22. Аймақтық дәрігерге 7 айлық ұл бала анасымен келді. 2 аптаға шала туылған, жетілуі нашар, жиі ауырады. Айран және сиыр сүтімен қоректенеді, қосымша тамақ алмайды. Диспансерлік тексеруде анемия анықталған. Нb - 92 г/л, эр. - 3.9х1012

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Темір жетіспеушілік анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Минковский- Шоффар гемолитикалық анемиясы

D)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

Е)Геморрагиялық анемия

23. 2 жастағы балада анемия анықталды. Нb - 65 г/л, эр. - 2.7х1012/л, ретикулоциттер саны -6%, қан сарысуының темір байланыстырушы қабілеті - 80 мкмоль

Бұл жағдайда қандай анемия дамуы ықтимал?

А)Гемолитикалық

В)Темір жетіспеушілік

С)Нәруыз жетіспеушілік

D)Витамин жетіспеушілік

Е)Гипопластикалық

24. Аймақтық дәрігер 4 жасар ұл балада орташа ауырлық дәрежедегі темір жетіспеушілік анемиясын анықтады?

Қандай көрсеткіш диагнозды нақтылайды?

А) Нb 60 г/л

В) Эритроциттер 3.0х1012

С) Түс көрсеткіші 1,0

D) Түс көрсеткіші 1,2

Е) Нb 80 г/л

25. Стационарда 1,5 жастағы ұл бала емделуде, екінші жүктіліктен, мерзімінде туылған. ЖРВИ-мен жиі ауырады. Соңғы уақыттарда ата-анасы баласында селқостық, сарғыш реңді сұрлану пайда болуына шағымданады. Тексеру кезінде көкбауырының ұлғайғаны анықталған. Hb-80 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші-1,1, бос билирубин - 42 мкмоль/л, байланысқан билирубин - 6 мкмоль/л. Психомоторлық дамуы жасына сәйкес. Минковский шоффар

Жаңа туылған баланың гемолитикалық ауруын басқа себеппен пайда болатын гемолитикалық анемиядан ажырату диагностикасы үшін маңыздысы қайсысы?

А)Баланың жасы

В)Түстік көрсеткіштің көлемі

С)Бос билирубиннің деңгейі

D)Бала мен ананың резус фактор сәйкессіздігі

Е)Байланысқан билирубиннің пайда болуы

26. Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен келді, екінші жүктіліктен, 34-ші аптада туылған, анасы мен баласының резус фактор сәйкессіздігі анықталады. ”NAN” қоспасын береді. Респираторлы вируспен ауырған кезінде анемия анықталған. Нb-90 г/л, эр. - 3.8х1012/л, түс көрсеткіші - 0,71.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі дамиды?

А)Жаңа туылған баланың гемолитикалық анемиясы

В)Шала туылған баланың ерте анемиясы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Алиментарлық анемия

Е)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

27. Аймақтық дәрігерге 3,5 айлық ұл бала анасымен қаралуға келді. 32-ші апталық жүктілікте туылған. Ана мен бала қанының резус фактор сәйкессіздігі бар. ”Малыш” қоспасын береді. Жетілуі нашар, терісі сұр, басын ұстай алмайды. Нb - 80 г/л, эр. - 3.4х1012/л, түс көрсеткіші - 0,7.

Бұл жағдайда қандай анемия пайда болады?

А)Шала туылған баланың ерте анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Алиментарлы анемия

D)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

Е)Жаңа туылған баланың резус факторлы гемолитикалық ауруы

28. 4 айлық бала ана сүтін емеді. Егіздің сыңары. Жүктіліктің 34-ші аптасында туылған. Терісі бозғылт. Дәрігер шала туылған баланың кеш анемиясы деп диагноз қойды.

Бұл балаға қандай ем қажет?

А) В12 витаминін бұлшықетке егу

В) Сүт тағамдарын енгізу

С)Альбумин көктамырға егу

D)Темір препаратын беру

Е)В6витаминін бұлшықетке егу

29. Шала туылған қыз баланың туылған кездегі салмағы 1450 г, ұзындығы 41 см. 3,5 айлығында бөлімшеден шыққан кезіндегі нәрестенің салмағы 3500 г, ұзындығы 51 см. Ана сүтін емеді. Қан анализінде: Нb - 85 г/л, эр. - 3.0х1012/л., түс көрсеткіші - 0,7

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Шала туылған баланың ерте анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Алиментарлық анемия

Е)Физиологиялық анемия

30. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6,5 айлық шала туылған ұл бала анасымен келді. Шала туылған баланың ерте анемиясы анықталған.

Қандай көрсеткіш бұл анемияға тән?

А) Тромбоцитопения

В) Ретикулоциопения

С) Мегалобластоз

D) Гиперхромия

Е) Гипорхромия

31. 2 айлық нәрестенің қанын тексергенде Нb - 105 г/л, эр. - 3.0х1012/л., түс көрсеткіші - 1,0. Жүктіліктің 34-ші аптасында 2000 г салмақпен туылған. Анасының сүтін ретсіз емеді. Салмағын жақсы қосуда. Қазір салмағы 4700 г. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қан тобы нәрестенікі II(A), анасында - III(B).

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән?

А)Шала туылған баланың ерте анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)АВО жүйесі бойынша жаңа туылған баланың гемолитикалық ауруы

D)Алиментарлы анемия

Е) Жасына тән физиологиялық жағдай

32. Аймақтық дәрігерге шала туылған ұл бала анасымен келді. Жасанды бейімделген қоспа береді. АВО жүйесі бойынша ана мен бала қанының сәйкессіздігі бар. Гемоглобиннің құрамы жүйелі түрде бақыланады. 1 айлық мерзімде алғаш рет анемия анықталған: Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0. Бауыр қабырға асты доғасынан 1,5 см-ге шығыңқы, көкбауыр пальпацияланбайды.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)АВО жүйесі бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы

В)Алиментарлық анемия

С)Шала туылған баланың ерте анемиясы

D)Шала туылған баланың кеш анемиясы

Е)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

33. Аймақтық дәрігердің қабылдауына ұл бала анасымен келді. Егіздің сыңары, екінші жүктіліктен, шала туылған. Донор сүтін береді. Гемоглобиннің мөлшері жүйелі түрде бақыланады. 1ай 7 күнде алғаш рет анемия анықталған. Нb - 75 г/л, эр. - 2.2х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

В) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

С)Шала туылған баланың кеш анемиясы

D)Шала туылған баланың ерте анемиясы

Е)Алиментарлық

34. 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. Туылған кездегі салмағы 3100 г, жүктіліктің 37-аптасында туылған. АВО жүйесі бойынша анасы мен баласының қан тобының сәйкессіздігі анықталды. Туылған кезден бастап “Малыш” қоспасын береді. 6 айдан бастап көкөніс пюресі, ботқа берген, екі рет ЖРВИ-мен ауырған. Қан анализінде Нв - 88 г/л, эритроциттер - 3,4х1012/л, түс көрсеткіші - 0,8, сарысудағы темірдің мөлшері - 5,9 мкмоль /л, сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабілеті - 48,4 мкмоль /л.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Сидеробластық анемия

В)Темір тапшылықты анемиясы

С)Жаңа туылған баланың гемолитикалық анемиясы

D)Шала туылған баланың кеш анемиясы

Е) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

35. 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. Туылған кездегі салмағы 3100 г, жүктіліктің 37-аптасында туылған. АВО жүйесі бойынша анасы мен баласының қан тобының сәйкессіздігі анықталды. Туылған кезден бастап “Малыш” қоспасын береді. 6 айдан бастап көкөніс пюресі, ботқа берген, екі рет ЖРВИ-мен ауырған. Қан анализінде Нв - 88 г/л, эритроциттер - 3,4х1012/л, түс көрсеткіші - 0,8, сарысудағы темірдің мөлшері - 5,9 мкмоль/л, сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабілеті - 48,4 мкмоль/л.

Бұл жағдайда қандай ем қажет?

А)Темір препараттарын беру

В)Витаминотерапия

С)Антибиотикотерапия

D)Эритроциттік масса құю

Е)Ферментотерапия

36. Стационарда 3 жасар ұл бала ем алуда, ЖРВИ-ден соң сарғаю пайда болған. Тексеру кезінде физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалған. Қарағанда: өсіңкі бас сүйек, кең көзаралық. Тері жамылғысы сарғыш реңді сұр түсті. Бауыр қабырға асты доғасынан З см-ге, көкбауыр 4 см-ге шығыңқы, тығыз. Қан анализінде: Нв - 75 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, сфероцитоз, Прайс-Джонс қисығының сол жаққа жылжуы.

Бұл балада қандай патологияны болжауға болады?

А)Талассемия

В) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

C) Глюкоза 6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілік анемиясы

D) Сидероахрастикалық анемиясы

Е) Жүре пайда болған апластикалық анемия

37. 4 жастағы бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалды. Тері жамылғысы сұр, қолтық асты және шат аймақтарында терінің гиперпигментациясы бар. Сүйектің дамуының патологиясы, таңдай гипоплазиясы бар. Қан анализінде: Нв - 85 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, ретикулоциттер - 0,2%, тромбоциттер - 12,0х109/л, лейкоциттер - 3,4х109/л. Сүйек миының пунктуациясында гипопластикалық эритропоэз анықталған.

Бұл белгілер қандай анемияға тән?

А)Фанкони апластикалық анемиясы

В)Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

С)Талассемия

D)Фолий тапшылықты анемиясы

Е)Темір тапшылықты анемиясы

38. 3 жасар бала аймақтық педиатрдың қабылдауына анасымен келді. Қарағанда бала әлсіз, физикалық және психикалық дамудың кешеуілдеуі байқалды. Тері жамылғысы сарғыш реңді сұр. Тексергенде гепатоспленомегалия. Қан анализінде микроцитарлық анемия, ретикулоцитоз,гипохромия, бос билирубиннің деңгейі жоғары.

Бұл белгілер қандай анемияға тән?

А) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

В)Фанкони апластикалық анемиясы

С)Инфантильді пикноцитоз

D)Талассемия

Е)Глюкоза 6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілік анемия

39. Стационарға 1,5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. III дәрежелі шала туылған. Жиі ауырады. Дұрыс тамақ жемейді, әсіресе көкөністі. Тексеру кезінде - терісі бозғылт, сарғыш, спленомегалия. Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0. Қан сарысуындағы сарысулық билирубиннің деңгейі - 40 мкмоль/л. Анасының қан тобы O(I), баланікі A(II).

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі дамиды?

А)Алиментарлық анемия

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Жаңа туылған нәрестенің АВО жүйесі гемолитикалық ауруы

D)Витамин тапшылықты анемия

Е) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

40. Аймақтағы педиатрдың қабылдауына 10 айлық баланы анасы алып келді. ЖРВИ-мен жиі ауырады, ішектік инфекцияның ауыр түрімен ауырған. Дене салмағы қалыптыдан 18%-ға төмен. Соңғы 2 айда үлк ен дәреті 2-3 күнде 1 рет келеді. Баланың үлкен дәреті келген кезде тік ішектің шығып кететіні анасын ойландырады.

Не себептен тік ішектің шығып кетуі байқалуда?

А) іштің қатып қалуынан

В) тік ішектің сегізкөзге көлденең орналасуы

С) шектің шырышты қабатының әлсіз болуы

D) ішек шажырқайының ұзын және жіңішке болуы

Е) салмағының қалыптыдан төмен болуы

41. Перзентханада орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуымен туылған 5 күндік балаға зонд арқылы тамақтандыру тағайындалған.

Осы емді тағайындау кезінде нені ескеру керек?

А) ауыз қуысы шырышты қабатының жағдайына

В) өңеш ұзындығының жас ерекшілігіне

С) асқазанның орналасу ерекшелігіне

D) асқазан сыйымдылығының ерекшілігіне

Е) баланың жалпы жағдайына

42. Аймақтық дәрігердің бақылауына 3 апталық қыз бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Анасының айтуынша үлкен дәреті көп өзгереді.

Дәрігердің ашығу дәретіне күдіктенуіне не себеп?

А) сары түсті, қалыпты

В) қан және шырыш аралас

С) қою қоңыр, көлемі аз

D) сұйық консистенциялы

Е) қатты консистенциялы

43. Аймақтық дәрігерге 2 апталық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Үлкен дәреті күніне 4-6 рет.

Үлкен дәретінің қандай сипаты дәрігерге күдік туғызды?

А) сары түсті, ащы иісті, ботқа тәрізді

В) қою қоңыр түсті, шырыш аралас

С) сары-жасыл түсті, шырыш аралас

D) қоңыр түсті, сұйық, шырыш аралас

Е) сары түсті, сұйық, шырыш аралас

44. Перзентханада жаңа туылған нәрестені алғаш рет емізуге берген кезде тыныс жолдары сүтпен бітеліп, жөтел пайда болды.

Тыныс жолдарының сүтпен бітелуіне және жөтелдің пайда болуына не себеп болды?

А) жалпақ төс аномалиясы

В ) тілдің қысқа үзбегі

С) ұртта май қабатының болмауы

D) қасқыр таңдай аномалиясы

Е) ему рефлексінің төмен болуы

45. Аймақтық дәрігерге 1 айлық ұл бала анасымен келді, соңғы күндері тамақтануы аралас (бейімделген қоспа береді) қомағайлықпен емеді, құсу пайда болады. Құсудың себебі не болып табылады?

А) пилороспазм

В) аэрофагия

С) пиолростеноз

D) диспепсия

Е) жедел эзофагит

46. Шала туылған 4 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда бауыр қабырға асты доғасынан 1,5 см шығыңқы, басып көргенде жұмсақ-созылмалы консистенциялы.

Бұл симптомды қалай бағалайды?

А) ЖРВИ-ға байланысты бауырдың ұлғаюы

В) рахиттің бастапқы кезеңі

С) жасына сай қалыпты

D) өт жолдарының атрезиясы

Е) шала туылған баланың кеш анемиясы

47. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала ана сүтін емеді. Дәрігердің қараған белгілерінің ішінде қайсысы қалыпты болып есептеледі?

А) жиі құсуға бейім

В) үлкен дәреті күніне 6 рет, сұйық

С) метеоризм (іш кебу)

D) сілекейдің көп бөлінуі

Е) тілдің ақ өңезбен жабылуы

48. Аймақтық дәрігерге 2,5 айлық ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша аздап құсу байқалады.

Құсуға не себеп болды?

А) асқазанның кардиалдық бөлімінің жетілмеуі

В) асқазанның горизонталды орналасуы

С) асқазанның пилорикалық бөлімінің жақсы дамуы

D) ішек моторикасының күшеюі

Е) өттің аз бөлінуі

49. Аймақтық дәрігерге 3,5 жасар ұл бала анасымен келді. Қарағанда: аналь тесігінің маңында қызару, тырналған іздер байқалды.

Бұл симптом қай аурудың белгісі?

А) коли-инфекция

В) дизентерия

С) энтеробиоз

D) аскаридоз

Е) лямблиоз

50. 2,5 айлық дені сау баланы анасының ауырып қалуына байланысты бейімделген сүт қоспасына ауыстырды.

Жасанды тамақтандыруға ауыстырған кезде, баланың үлкен дәреті қалай өзгереді?

А) қалыпты, қою қоңыр түсті

В) ботқа тәріздес, жасыл-сары түсті

С) үгінді тәріздес, аз көлемді

D) ашық сары түсті, шырыш аралас

Е) жасыл түсті, шырыш аралас

51. 3 апталық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Ана сүтін емеді, анасының айтуынша үлкен дәреті қою қоңыр түске өзгерген.

Аймақтық дәрігер ана сүтінің аздығына не күдік туғызады?

А) ащы иісті үлкен дәрет

В) ботқа тәріздес үлкен дәрет

С) үлкен дәреттің аз мөлшерде болуы

D) шырыш аралас үлкен дәрет

Е) қан және шырыш аралас үлкен дәрет

52. Аймақтық дәрігерге 1 айлық бала анасымен келді. Анасының айтуы бойынша бала құсуға бейім және күніне бірнеше рет фонтан тәрізді құсу байқалады. Ана сүтін емеді, туылғаннан кейінгі қосқан салмағы 280 гр. Пилоростенозға күдіктенеді.

Пилоростеноз белгілеріне жатпайтын белгіні көрсетіңіз?

А) 1 айда қосқан салмағы

В) туылғаннан құсуға бейімділігі

С) фонтан тәрізді құсық

D) ұйып қалған сүт құсу

Е) құсықтың емуінен көп болуы

53. 5 айлық ұл бала анасымен аймақтық педиатрға келді. Қарағанда қандай белгі физиологиялық болып табылады?

А) тершеңдік

В) жұтқыншақ гиперемиясы

С) тілдің өңезденуі

D) сілекейдің бөлінуі

Е) метеоризм (іш кебу)

54. Ауруханаға 9 айлық бала анасымен келіп түсті. Дене салмағы 7200г, бой ұзындығы 69 см. Туылған кездегі салмағы 3500г, бой ұзындығы 52см. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы қалыпты, аралас тағам береді. 6 айлығында сүт ботқасын берген. Көкөніс езбесін (пюре) алмаған. Ботқаны қабылдаудан бастап нәжісі сасық иісті, сұйық болып өзгерген, нашар қорытылған. Салмақ қосуы азайған. 6 айлығында ЖРВИ-мен ауырған, симтоматикалық ем қабылдаған.

Бұл баланың салмақ-бойлық көрсеткішін қалай бағалауға болады?

А)Нормотрофия

В)Гипостатура

С)I дәрежелі гипотрофия

D)IІ дәрежелі гипорофия

Е)Паратрофия

55. Ауруханаға 9 айлық бала анасымен келіп түсті. Дене салмағы 7200г, бой ұзындығы 69 см. Туылған кездегі салмағы 3500г, бой ұзындығы 52см. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы қалыпты, аралас тағам береді. 6 айлығында сүт ботқасын берген. Көкөніс езбесін (пюре) алмаған. Ботқаны қабылдаудан бастап нәжісі сасық иісті, сұйық болып өзгерген, нашар қорытылған. Салмақ қосуы азайған. 6 айлығында ЖРВИ-мен ауырған, симтоматикалық ем қабылдаған.

Бұл жағдайда қандай ауруды ойлауға болады?

А)Муковисцидоз

В)Ішек инфекциясы

С)Целиакия

D)Фенилкетонурия

Е)Лактазаның жетіспеушілігі

56. Ауруханаға 9 айлық бала анасымен келіп түсті. Дене салмағы 7200г, бой ұзындығы 69 см. Туылған кездегі салмағы 3500г, бой ұзындығы 52см. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы қалыпты, аралас тағам береді. 6 айлығында сүт ботқасын берген. Көкөніс езбесін (пюре) алмаған. Ботқаны қабылдаудан бастап нәжісі сасық иісті, сұйық болып өзгерген, нашар қорытылған. Салмақ қосуы азайған. 6 айлығында ЖРВИ-мен ауырған, симтоматикалық ем қабылдаған.

Осы баланы емдеуде қандай ем тиімді болып табылады

А)Антибиотиктерді тағайындау

В)Белогы шектелген диета қабылдау

C)Көп мөлшерде ас қорыту ферменттерін беру

D) Тағамнан дәнді дақылдарды шектеу

Е)Примадофилюс тағайындау

57. 6 айлық бала аймақтық дәрігердің қабылдауына анасымен келді. Алғашқы жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен, мерзімінде туылған. Туылған кездегі дене салмағы 3400г, бой ұзындығы 51 см. 5 айлығында салмағы 5500г, қазіргі уақытта 6000г, бой ұзындығы 65см. Тәбеті төмен, терісі қызарған, іш пен аяқ-қолдағы май қабаты азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А)Нормотрофия

В)Гипостатура

С) I дәрежелі гипотрофия

D)IІ дәрежелі гипорофия

Е)Паратрофия

58. Салмағы 7800 г, бойы 60 см 1 жастағы қыз бала анасымен ауруханаға түсті. Жүктіліктің

3-айында анасы ЖРВИ-мен, герпетикалық инфекциямен ауырған. Мерзімінде босанған, туылған кездегі дене салмағы 2600г, бой ұзындығы 48 см. 5 айға дейін салмағы дұрыс қосылған. Одан кейін физикалық және психомоторлық дамуы бәсеңдеген. 6 айға дейін емшекпен емізілді. 6 айлығында көкөністік езбелер (пюре), ботқалар, 8 айлығында етті фарш алған. Бірнеше рет ЖРВИ-мен ауырған. Көптеген бұзылыстар анықталған. Анасымен әкесінің бойының ұзындығы 160 және 155 см.

Баланың салмақ пен бой көрсеткішін қалай бағалауға болады?

А)Гипостатура

В) I дәрежелі гипотрофия

С) II дәрежелі гипотрофия

D) III дәрежелі гипотрофия

Е) Паратрофия

59. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 айлық ұл бала анасымен түсті. Салмағы 4100 г. Туылған кездегі салмағы 3500г, ұзындығы 51 см. Анасы сиыр сүтін береді, 2 айлығында жедел ішек инфекциясымен ауырған, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Тексеру барысында әлсіздік, тәбеті жақсы. Тері жамылғысы бозғылт түсті, тері асты май қабаты азайған. Терісі әжімделген, қыртысталған, тегістелмейді.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А)Гипостатура

В) I дәрежелі гипотрофия

С)II дәрежелі гипотрофия

D) III дәрежелі гипотрофия

Е) Паратрофия

60. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 айлық ұл бала анасымен түсті. Салмағы 4100 г. Туылған кездегі салмағы 3500г, ұзындығы 51 см. Анасы сиыр сүтін береді, 2 айлығында жедел ішек инфекциясымен ауырған, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Тексеру барысында әлсіздік, тәбеті жақсы. Тері жамылғысы бозғылт түсті, тері асты май қабаты азайған.Терісі әжімделген, қыртысталған, тегістелмейді. Бұл балаға қандай ем көрсетілген?

А) Белок коррекциясы

В) Ас қорытқыш ферменттер

С)Поливитаминдер беру

D) Белокты, глюкозаны, майларды парентеральды енгізу

Е) Минералды элементтер корррекциясы

61. 8 айлық қыз бала анасыменаймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Жүктілік қалыпты өткен, босану кезеңі жедел. Туылған кездегі салмағы 3200г, ұзындығы 50см. Ана сүтін емеді. 6 айдан бастап қосымша тамақ берген. Сүтті ботқаны жақсы көреді. Көкөністерден жасалған пюрені қаламайды. Салмағы 10.800г, бойы 72 см. Терісі бозғылт, бұлшық еттер мен тіндердің тонусы төмендеген, терлегіш.

Баланың жағдайын бағалаңыз?

А) Гипостатура

В) II дәрежелі гипотрофия

С) III дәрежелі гипотрофия

D) Нормотрофия

Е) Паратрофия

62. Нашар отбасынан шыққан 7 айлық бала аймақтық дәрігердің бақылауында келді. Ата-анасы ішімдік ішеді. Бала жасанды тамақтануда болған, қосымша тамақтар енгізілмеген. Гипотрофияның 3-ші дәрежесі анықталған.

Дәрігер не себепті бұндай диагноз қойды?

А)Дене салмағы қалыптыдан 10%-ға төмен

В) Дене салмағы қалыптыдан 20%-ға төмен

С) Дене салмағы қалыптыдан 30%-ға төмен

D) Дене салмағы қалыптыдан 15%-ға төмен

Е) Дене салмағы қалыптыдан 25%-ға төмен

63. Аймақтық дәрігер қабылдауына 4 айлық қыз бала анасымен келді. Гипотрофияның 1-ші дәрежесі анықталған.

Қандай көрсеткіш гипотрофияның 1-ші дәрежесі деп қоюға дәләл болды?

А)Анорексия

В)Тін тығыздығының төмендеуі

С)Іштің тері асты шел май қабатының азаюы

D)Аяқ, қол тері асты шел май қабатының азаюы

Е)Беттің тері асты шел май қабатының азаюы

64. 4 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы дене салмағының азайғанына, тәбеті төмендегеніне шағымданады. Туылған кездегі салмағы 3400г, қазіргісі - 5400г. Баланы жалпы қарау кезінде: терісі бозғылттанған, бос, аяқ пен қолда, іште тері асты шел май қабаты азайған, тін тургоры төмен.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) I дәрежелі гипотрофия

В) II дәрежелі гипотрофия

С) III дәрежелі гипотрофия

D) Паратрофия

Е) Гипостатура

65. 3 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы дене салмағының азайғанына, тәбеті төмендегеніне шағымданады. «Малыш» қоспасын және айран береді. Баланы жалпы қарау кезінде: терісі бозғылттанған, бос, аяқ пен қолда, іште тері асты шел май қабаты азайған. Дене салмағы қалыптыдан 23%- ға төмендеген.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Гипостатура

В) Паратрофия

С) I дәрежелі гипотрофия

D) II дәрежелі гипотрофия

Е) III дәрежелі гипотрофия

66. 5 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге қабылдауына келді.Анасы қыз баланың аз салмақ қосуына шағымданады. Қазіргі салмағы - 6000г. Туылған кездегі салмағы - 3800г. Қараған кезде: терісі бозғылт, сұр, құрғақ, оңай қыртыстанады, шел-май қабаты іште жоғалған, аяқ қолында азайған, тін тургоры төмендеген. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Паратрофия

В) Нормотрофия

С) Гипостатура

D) 1-ші дәрежелі гипотрофия

Е) 2-ші дәрежелі гипотрофия

67. 1 жасар ұл бала ансымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Балада гипотрофияның 2-ші дәрежесі анықталды. Анамнезінде туылғаннан бастап ентігу, мезі ететін жөтел, өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. 1 жастан бастап “үлкен іш”, көп көлемді, сасық иісті, майлы үлкен дәрет байқалып жүр, 2 рет тік ішегінің шығып кетуі байқалған.

Бұл баладағы гипотрофияның себебін анықтаңыз?

А)Фенилкетонурия

В)Муковисцидоз (поражение бронх и жкт)

С)Целиакия

D)Сепсис

Е)Ішек инфекциясы

68. 3,5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Ана сүтін емеді, әлсіз, респираторлы инфекциямен, отитпен ауырған. Гипотрофияның 2- ші дәрежесі анықталды. «Малютка» қоспасымен тамақтанады.

Бұл балаға дұрыс тамақтануын принципін таңдаңыз?

А) Белок, көмірсуды жасына сәйкес салмаққа, майды қазіргі салмағына есептеу

В) Барлық макронутриенттерді жасына сәйкес салмаққа есептеу

С) Макронутриенттер қазіргі салмағына есептеу

D) Шырын қосу, жеміс-жидек пюрелерін қосу

Е) Донорлық сүтті беру

69. 3 айлық ұл бала анасымен стационарға келіп түсті. Анасы баланың аз салмақ қосуына шағымданады.

Қандай көрсеткіш гипотрофияның 2-ші дәрежесі деп қоюға қоюға негіз болды?

А)Тәбетінің төмендеуі, ұйқысының мазасыз болуы

В)Терінің эластикалық қабілетінің төмендеуі

С)Іште, аяқ-қолда тері асты май қабатының аз болуы

D)Іште, аяқ-қолда тері асты май қабатының болмауы

Е)Жиі құсу, үлкен дәретінің сұйылуы

70. Аймақтық дәрігердің қабылдауына анасы өздігінен отыра алмайтын 7 айлық баланы әкелді. Терісі бозғылт, тін тургоры төмендеген, іште тері асты май қабатының болмауы, аяқ-қолында аз екендігі байқалды. Дене салмағы қалыптыдан 20%-ға төмен.

Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

А) I дәрежелі гипотрофия

В) II дәрежелі гипотрофия

С) III дәрежелі гипотрофия

D)Паратрофия

Е) Гипостатура

71. 2,5 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Ана сүтін жақсы емеді, ему кезінде мазасыз. Анасының сүтін және бейімделген қоспа қабылдайды. Анасы студент болғандықтан, қарт әжесі балаға қарайды. 1 ай бұрын бала ринитпен ауырған. Балаға гипотрофия деген диагноз қойылды.

Гипотрофияның себебін көрсетіңіз?

А)Ана сүтінің аздығы

В) Қоспа мөлшерінің аздығы

С)Инфекциямен ауыру

D)Күтімнің нашарлауы

Е)Тәбеттің нашарлауы

72. 4 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Гипотрофияның 1ші дәрежесі деген диагноз қойылған. Туылған кездегі салмағы 3400г, қазіргісі - 5500г. Анасының сүтін емеді. Мазасыз, ему кезінде қомағайлық байқалады.

Гипорофияның 1-ші дәрежесі деген диагноз қоюға не себеп болды?

А)Тін тургорының төмендеуі

В)Іште тері асты шел-май қабаты азаяды

С)Салмағы қалыптыдан 700 г-ға төмен

D)Тамақтандыру кезінде нәрестенің мазасыздануы

Е)Бетте тері асты шел май қабаты азаяды

73. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық қыз бала анасымен келді. Анасы аз салмақ қосатындығына шағымданады.

Қандай көрсеткіш гипотрофияның 2- ші дәрежесі деп қоюға негізгі себеп болды?

А)Бетте тері асты шел-май қабаты азаяды

В)Жиі лоқсу, құсу

С)Іште тері асты шел-май қабаты азаяды

D)Іште, аяқ-қолда тері асты шел-май қабаты азаяды

Е)Үлкен дәреттің сұйылуы

74. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық ұл бала анасымен келді. Жасанды тамақтандырылуда, тәулігіне 2 мезгіл ботқамен тамақтанады.Салмақ қосуы жақсы.

Бұл нәрестеге қандай критерийге сүйеніп паратрофия диагнозы қойылды?

А)Үлкен дәреттің тұрақсыз болуы

В)Тері асты жеткіліксіз дамыған

С)Терінің бозғылттануы

D)Бұлшық еттердің гипотониясы

Е)Жұмсақ тіндер тургорының төмендеуі

75. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық ұл бала анасымен келді. Соңғы 4 айда құрамында 4% белок, 60% майлар, 36% көмірсуы бар, жалпы калориясы 110 ккал/кг құрайтын тағамдар мен қоректік заттар түсіп отырған.

Балада қандай ауруы дамуы мүмкін?

А)Гипотрофия

В)Квашиоркор

С)Рахит

D)Семіздік

Е)Паратофия

76. Стационарға өршіген дистрофиямен 1 айлық ұл бала түсті. Анамнезінде: туылған кезден бастап бала салмағын аз қосып отырған, нәжісі тұрақсыз, 2 апталығында әр тамақтанған сайын фонтан тәрізді құсу болған, ауруханаға түскен кезінде баланың салмағы 21%-ға дейін азайған, бойында ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Баланың дисторфия дәрежесін бағалаңыз?

А) Паратрофия

B) Гипостатура

С) I дәрежелі гипотрофия

D) II дәрежелі гипотрофия

Е) III дәрежелі гипотрофия

77. Стационарға өршіген дистрофиямен 1 айлық ұл бала түсті. Анамнезінде: туылған кезден бастап бала салмағын аз қосып отырған, нәжісі тұрақсыз, 2 апталығында әр тамақтанған сайын фонтан тәрізді құсу болған, ауруханаға түскен кезінде баланың салмағы 21%-ға дейін азайған, бойында ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Бұл жағдайдағы дистрофияның негізгі себебін анықтаңыз?

А) Жедел ішек инфекциясы

В) Пилороспазм

С) Лактаза жетіспеушілік

D) Пилоростеноз

Е) Өңеш ахалазиясы

78. Стационарға ОЖЖ зақымдалған және қайталамалы обструктивті бронхитпен ауыратын 9 айлық ұл бала балалар үйінен келіп түсті. Тыныс жетіспеушілігінің 1-ші дәрежесі бар. Тексергенде баланың бойы 60см, салмағы 6 кг (туылған кездегі салмағы 2900г, бой ұзындығы 49 см). Баланың физикалық, психомоторлық жағынан дамуының тежелуі байқалады.

Дистрофияның дәрежесін бағалаңыз?

А) I дәрежелі гипотрофия

В) II дәрежелі гипотрофия

С) III дәрежелі гипотрофия

D) Паратрофия

Е) Гипостатура

79. Стационарға ауыр пневмониямен және өршіген синдромымен 7 айлық бала келіп түскен. Тексергенде: дене салмағы 22%-ға дейін азайған, психомоторлық қызметінің дамуы тежелген. Қатты қақырықсыз жөтелдің салдарынан өкпеде физикалық өзгерістер бар, іші ұлғайған, нәжісі өзгерген. Балаға ана сүті және «NAN» қоспасы беріледі. Үлкен дәретін қарағанда: нәжісі мол, майлы, жабысқақ, жылтыр түсті және сасық иісті.

Гипотрофияның дәрежесін анықтаңыз?

А)Гипостатура

В) I дәрежелі гипотрофия

С)II дәрежелі гипотрофия

D) III дәрежелі гипотрофия

Е) Паратрофия

80. Стационарға ауыр пневмонияме н және өршіген синдромымен 7 айлық бала келіп түскен. Тексергенде: дене салмағы 22%-ға дейін азайған, психомоторлық қызметінің дамуы тежелген. Қатты қақырықсыз жөтелдің салдарынан өкпеде физикалық өзгерістер бар, іші ұлғайған, нәжісі өзгерген. Балаға ана сүті және «NAN» қоспасы беріледі. Үлкен дәретін қарағанда: нәжісі мол, майлы, жабысқақ, жылтыр түсті және сасық иісті.

Аталған баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?

А) Экссудативті энтеропатия

В) Ішек дисбактериозы

С) Муковисцидоз

D) Целиакия

Е) Созылмалы пневмония

81. Аймақтық дәрігер гипотрофияның 1-ші дәрежесі мен диарея бойынша 1,5 айлық ұл баланы үй жағдайында тексерді. Анамнезінде туғаннан бастап нәжісі тұрақсыз, соңғы 2 аптаның ішінде тәулігіне 8-10 рет іші өте бастады. Нәжісі сулы, патологиялық қалдықтарсыз, қышқыл иісті. Бала үлкен дәретке отырғанда мазасызданады, көп мөлшерде газ шығады. Ана сүтін емеді.

Бұл баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?

А)Стафилоккты энтероколит

В) Ішек дисбактериозы

С) Лактаза жетіспеушілік

D) Целиакия

Е) Муковисцидоз

82. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл бала анасымен келді. Салмақ қосуы аз. Анамнезінде: туылғаннан бері көп құсу, үлкен дәреті тұрақсыз (іш қату мен диарея алмасып отырады), ұйқысы мазасыз. Қараған кездегі баладағы дене салмағының жетіспеушілігі 11%.

Баладағы гипотрофияның дәрежесін көрсетіңіз.

А)Гипостатура

В)I дәрежелі гипотрофия

С)II дәрежелі гипотрофия

D) III дәрежелі гипотрофия

Е) Паратрофия

83. Аймақтық дәріге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow