Диагнозды негіздеуге не себеп болды?

A.Баспа

В)Бөртпе

С)Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

D)Гипертермия

Е)Спленомегалия

245. Стационарда сепсис диагнозы қойылған 6 айлық ұл балаға остеомиелитті жоққа шығаруы үшін тізе және сан сүйектерінің рентгенограммасын жасатты.

Осы жастағы нәресте сүйегінің қандай ерекшеліктері бар және рентгенограмманы талдау кезінде есепке алынуы керек?

А)Эпифиздің шеміршектік сипаты

В)Сүйектердің әлсіз минерализациясы

С)Эпифиздегі сүйектену ядросының қалыптасуы

D)Сүйек қабының айқындығы

Е)Сүйек қабының қалыңдауы

246. Аймақтық дәрігер 1 жасар қыз баланы тексеру кезінде оның теріасты шел май қабатының дамуын жеткілікті деп бағалады. Бұл жағдайда іштегі теріасты шел май қабатының қалыңдығы қандай болуы керек?

А)0,5 см

В)0,7 см

С) 2 см

D) 3 см

Е)4 см

247. Дәрігер жаңа туған нәрестені қараған кезде кеуде клеткасының сәл ғана білінетін экскурсиясына, аускультатция кезінде сәл ғана білінетін шуға көңіл аударды.

Жаңа туған нәрестеде тыныс алудың бұл ерекшелігі немен байланысты?

А) Қабырғалардың көлденең орналасуы

В)Көкеттің әлсіз жиырылуы

С) Тыныс бұлшықеттерінің әлсіздігі

D) Мукоцилиарлы аппараттың жетілмеуі

Е)Тыныс алу жолдарының тар болуы

248. Балабақшаның бір топ балаларын диспансерлік тексеру кезінде үнемі жөтелетін бірнеше балалар анықталды. Олардың мұрынмен тыныс алулары қиын, ауызбен дем алады, мұрындарынан шырышты-іріңді бөлінділер ағады. Көмейдің артқы қабырғасынан дәл сондай секрет бөлінеді. Жұтқыншақ қалыпты жағдайда.

Бұл балаларды тексерген кезде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

А) Бронхит

В) Аденоидит

С) Жедел ринит

D) Гайморит

Е) Пневмония

249. 7 күндік жаңа туған нәресте аймақтық педиатр үй жағдайында қарады. Бала активті. Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?

А) Тыныс жиілігі минутына 30 рет

В)Аритмиялық тыныс алу

С) «Қорапша» тәрізді перкуторлы дыбыс

D) Әлсіз тыныс шуы

Е)Құрғақ және ылғалды сырылдар

250. Пневмонияның ауыр түрімен ауыратын 14 күндік ұл баланы аймақтық педиатр үй жағдайында келіп қарады. Ентігу, тыныс алуы минутына 80 рет, ара-кідік 20 секундқа созылатын апноэ ұстамалары цианозбен бірге пайда болады.

Бұл баладағы апноэ ұстамалары қандай функциональды ерекшеліктерге байланысты?

А) Бронхтың дренаждық қызметінің жеткіліксіздігі

В) Кеуде клеткасы экскурсиясының әлсіздігі

С) Шырышты қабаттың ісінуге және гиперсекрецияға бейім болуы

D) Тыныс алу орталығының дұрыс қызметтік жетиспеушілігі

Е) Көкеттің әлсіз жиырылуы

251. 2 апталық баласы бар ана аймақтық дәрігерден баланы емізу туралы кеңес сұрады. Қыз баланың дені сау.

Бұл балада тыныс алу жиілігі минутына қанша болу қажет?

А) 40-50

В) 30-35

С) 25-30

D) 18-20

Е) 15-16

252. Аймақтық дәрігерге 1 жастағы ұл бала балабақшаға бару үшін тексерілуге келді. Баланың дамуы жасына сай. Ана сүтін емеді. Баланың дені сау.

Бұл жастағы баланың минутына тыныс алу жиілігі қандай болу керек?

А) 40-50

В) 30-35

С) 25-30

D) 18-20

Е) 15-16

253. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 1,5 жастағы ұл баланы анасы алып келді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: спастикалық дем алумен ұстама тәрізді жөтел, жиі құсумен аяқталады.

Бұл симптомдарға қарап қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) Көмейдің жедел стенозы

В)Пневмония

С) Трахеит

D)Бронхоаденит

Е) Көкжөтел

254. Аймақтық дәрігерге 2 жастағы ұл баланы анасы алып келді. 2 аптадан бері ауырады, мазасыз, дене температурасы 37,20С. Терең ылғалды жөтел жиі байқалады, өкпесін тыңдағанда құрғақ және жайылмалы ылғалды әр түрлі калибрлі с ырылдар естіледі. Аускультациялық зерттеуге қарап қандай ауру туралы ойлайсыз?

А) Көмейдің жедел стенозы

В)Бронхит

С)Пневмония

D) Плеврит

Е)Бронхоаденит

255. Дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер тексеру барысында жедел пневмония ауруына күдіктенді. Бұл диагнозды қоюға не себеп болды?

А) Терең ұстама тәрізді жөтел

В) Ауыз төңірегіндегі цианоз

С) Өкпеде ұса көпіршікті ылғалды сырылдар

D) Дене температурасы 37,8 С

Е) Минутына 30 рет тыныс алу

256. Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді. Терісінде және шырышты қабатта экссудативті-катаральді диатездің белгілері бар, жедел респираторлы инфекциямен ауырған. Аурудың 4 күнінен бастап балада «үрген» тәрізді өрескел жөтел, жалпы мазасыздық, ентігу, дем алу кезінде шулы тыныс, қырылды дауыс пайда болған.

Бұл симптомдар нені көрсетеді?

А) Круп синдромы

В)Туа бітті стридор

С) Көкжөтел ұстамасы

D) Бөгде зат түсу

Е) Жедел пневмония

257. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. 3 күн бойы жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырады. Қаралған күні баланың жағдайы нашарлаған: мазасыз, дене температурасы 37,50С, «үрген» сияқты өрескел жөтел, бұғана үсті мен қабырға аралығының ішке кіруімен шулы тыныс алу, инспираторлық ентігу, тыныс алуы минутына 50 рет, мұрын-ауыз төңірегінде цианоз. Перкуссия кезінде өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Аускультацияда өрескел тыныс шуы, қатаң сырылдар, біршама орнықпаған әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

Осы клиникалық көріністерге қарап қандай патология туралы ойлайсыз?

А)Жедел пневмония

В)Жедел бронхит

С) Бронх демікпесі

D) Жедел стенозды ларинготрахеит

Е)Тыныс жолына бөгде зат түсу

258. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала обструктивті синдромды респираторлы-вирусты инфекциямен ауырған.

Өкпебронхтық жүйенің қандай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері обструктивті синдромның дамуына әсер етті?

А) Тыныс алу бұлшықеттерінің жетілмеуі

В)Шырышты қабаттың васкуляризациясы

C) Бронх шырышты қабатының жыбыр эпителиінің толық дамымауы

D) Бронх шырышты қабатында көп қатарлы цилиндрлі эпителийдің болуы

Е)Көкеттің әлсіз жиырылуы

259. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. 2 аптадан бері нәресте мазасыз, ұйқысы бұзылған, шошып оянады және тершең. Емшекті нашар емеді. Үлкен дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі бозғылт, шүйде аймағының шашы түскен, тургоры төмендеген,үлкен еңбегінің жиегі батыңқы. Дәрігер нәрестеге рахит диагнозын қойған.

Нәрестеде рахиттің қай сатысы дамып жатыр?

А) Бастапқы

В) Асқыну

С)Өршу

D)Реконвалисценция

Е) Қалдықты өзгерістер

260. 6 айлық ұл бала аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы баласының басының тез үлкейгеніне шағымданады, өйткені оған сатып алынған қалпақтың тар болып қалғанын айтады. Патронаждық мейірбикемен жүргізілген өлшеуде баланың бас айналымы - 43 см, кеуде шеңберінікі – 44 см.

Параметрлерді бағалаңыз.

А)Баланының жасына сай және пропорционалды

В)Екі параметр де ұлғайған

С) Бас өлшемінің шамадан артық үлкен болуы

D) Кеуде шеңберінің өлшемі үлкен

Е)Екі параметр де қалыптыдан төмен

261. 8 күндік мерзіміне жетіп туылған нәрестені босану бөлімінен шыққан соң екінші күнінде патронажды мейірбике қарап тексерді. Оның физикалық дамуын жасына сай деп бағалады. Бұл қорытындыны негіздеуге нәрестенің қандай дене салмағы негіз болды?

А) Туылған кездегі салмағына сай

В)100,0 г салмақ жоғалтқан

С)200,0 г салмақ жоғалтқан

D)100,0 г салмақ қосқан

Е.)200,0 г салмақ қосқан

262. Аймақтық дәрігердің қаралуына ұл бала анасымен келді. Баланың дені сау, басын ұстай алады, тіке қарай алады. Дене салмағы 5000 г, бойының ұзындығы 58 см (туылған кездегі салмағы 3500 г, бойы 52 см).

Бұл баланың дамуы қай жасқа сәйкес келеді?

А)1 ай

В)2 ай

С)3 ай

D)4 ай

Е)5 ай

263. Аймақтық дәрігердің қармағында салмағы 2200 г, дене ұзындығы 45 см нәресте туылды. Дұрыс даму кезінде осы баланың 1 жасында антропометриялық көрсеткіштері қандай болады?

А) Бойы 82 см- ге, салмағы 5 есеге дейін өседі

В) Бойы 82 см- ге, салмағы 4 есеге дейін өседі

С) Бойы 75 см- ге, салмағы 5 есеге дейін өседі

D) Бойы 75 см –ге, салмағы 3 есеге дейін өседі

Е) Бойы 75 см-ге, салмағы 4 есеге дейін өседі

264. Емханаға профилактикалық екпе жасатуға 7 айлық қыз баланы анасы алып келді. Нәрестенің туылған кездегі дене салмағы 3200 г.

Осы жастағы балаға қандай салмақты дұрыс деп есептейсіз?

А)8800 г

В)6000 г

С)7000 г

D)7500 г

Е)9000 г

265. 10 жасар ұл бала спорт үйірмесіне қатысады. Оның дене параметрлері пропорционалды және жасына сай орташа көрсеткішке сәйкес келеді.

Салмақ пен ұзындықтың дұрыс көрсеткішін көрсетіңіз.

А)28 кг және 120 см

В)30 кг және 136 см

С)36 кг және 145 см

D)38 кг және 140 см

Е)40 кг және 145 см

266. Аймақтық дәрігерге профилактикалық тексеруден өтуге ұл бала анасымен келді. Оның салмағы 25 кг, бойы 123 см.

Баланың жасын көрсетіңіз.

А) 3 жаста

В) 4 жаста

С) 5 жаста

D) 6 жаста

Е) 7 жаста

267. Аймақтық дәрігерге 11 айлық ұл бала анасымен келді, туылған кездегі салмағы 3000 г, мерзімінде жетіліп туылған.

11 айлық балада қандай салмақ болуы қажет?

А)9800 г

В)10 500 г

С)8000 г

D)8500 г

E)7500 г

268. Аймақтық дәрігерге 4,5 айлық ұл бала анасымен келді. Дене салмағы 7000 г, ұзындығы 66 см. Туылған кездегі салмағы 3500 г, ұзындығы 53 см.

Оның дамуына баға беріңіз?

А) Салмағы мен бой ұзындығы қалыпты

В) Қалыптыдан жоғары

С) Қалыптыдан төмен

D) Салмағы қалыпты, бой ұзындығы қалыптыдан төмен

Е) Салмағы қалыптыдан жоғары, бой ұзындығы қалыпты

269. Аймақтық дәрігерге келген 6 айлық ұл баланың ата-анасы оны дені сау деп есептейді. Дәл қазіргі сәтте баланың дене салмағы 8800 г (туылған кездегі салмағы 3200), бойының ұзындығы 72 см (туылған кездегі бойының ұзындығы - 52 см). Өздігімен отыра алады. 2 тісі бар.

Осы баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

А) Жасына сай қалыпты

В) Жасына сай қалыптыдан едәуір жоғары

С) Жасына сай қалыптыдан төмен

D) Жасына сай қалыптыдан төмендемеген

Е) Екі параметрі де қалыптыдан төмен

270. Аймақтық дәрігерге 6 айлық нәресте анасымен келді. Диспансерлік зерттеуде ұл баланың физикалық дамуынан мынадай көрсеткіштер алынды: дене салмағы 6800 г, бойының ұзындығы 67 см, бас шеңбері - 43 см, кеуде шеңбері - 44 см. Туылған кездегі салмағы 3400 г, бойының ұзындығы -51 см.

Физикалық дамудағы қай параметрі қалыптыдан ауытқыған?

А) Бас шеңбері

В)Кеуде шеңбері

С) Бой ұзындығы

D) Дене салмағы

Е) Туылған кездегі дене салмағы

271. Аймақтық дәрігерге ұл бала анасымен келді. Нәрестенің дене салмағы 9200 г, бойының ұзындығы - 72 см, бас шеңбері - 44,5 см, кеуде шеңбері - 46,5 см. Туылған кездегі салмағы - 3200 г, ұзындығы - 51 см.

Нәресте қай жаста?

А) 3 ай

В)6 ай

С)7 ай

D)9 ай

Е)12 ай

272. Мерзіміне жетіп туылған нәрестені өмірінің 10-шы күні педиатр үй жағдайында қарау кезінде анықтады: салмағы 3300 г, ұзындығы 55 см (туылған кездегі салмағы 3500 г және ұзындығы 54 см).

Баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

А) Физиологиялық салмақ жоғалту

В) Салмағы төмен

С) Бой ұзындығы төмен

D) Салмағы да, бой ұзындығы да төмен

Е) Бойы қалыптыдан жоғары

273. Аймақтық дәрігерге 4 жасар ұл бала анасымен келді. Анасы баласының қатарластарынан физикалық даму жағынан қалып бара жатқанына шағымданады. Қарағанда: дене салмағы 16 кг, ұзындығы 100 см.

Баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

А) Жасына сай қалыпты

В) Бой ұзындығы төмен

C) Салмағы да, бой ұзындығы да төмен

D) Салмағы төмен

Е)Бойы қалыптыдан жоғары

274. 5 жасар ұл бала балабақшаға бару үшін аймақтық дәрігердің диспансерлеуінен өтеді. Оның дамуы қалыптының төменгі шекарасы деп қойылды.

Бұл бағалауда қай салмақ негізге алынды?

А)30 кг

В)28 кг

С)25 кг

D)21 кг

Е)18 кг

275. Диспансерлік қарауда аймақтық педиатрмен мерзіміне жетіп туылған 1 айлық қыз баланың параметрлері өлшенді. Физикалық дамуы қалыпты деп есептелінеді.

Әрі қарай үйлесімді дамуына дене салмағының айлық қосуы қандай болу керек?

А) 500 г

В) 800 г

С) 550 г

D) 950 г

Е) 1000 г

276.Аймақтық дәрігер диспансерлік бақылау кезінде жетіліп туылған 1 айлық қыз баланың дене параметрлерін алды. Физикалық дамуы жағынан дұрыс жетілген.

Егер туылған кездегі бойы 50 см болса, қазіргі бойының ұзындығы қандай болады?

А)61 см

В)58 см

С)56 см

D)53 см

Е)51 см

277.Жаңа туылған нәресте босану үйінде жүктіліктің 32 апталық мерзімінде туылған. Дене салмағы 1700 г, бойының ұзындығы 42 см, бас шеңбері 30 см, кеуде шеңбері 25 см.

Осы жүктілік мерзіміне сай физикалық даму параметрлерін бағалаңыз?

А) Дене салмағы жүктілік мерзіміне сай емес

В) Дене ұзындығы жүктілік мерзіміне сай емес

С) Бас пен кеуде шеңбері жүктілік мерзіміне сай емес

D) Физикалық дамудың барлық параметрлері жүктілік мерзіміне сай

Е) Физикалық дамудың барлық параметрлері жүктілік мерзіміне сай емес

278. Аймақтық дәрігерге 10 айлық ұл бала анасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Мазасызданғанда шулы тыныс пайда болады. 1-дәрежелі көмейдің стенозы диагнозы қойылған.

Ауруханаға дейінгі кезеңде сіз қандай ем қолданасыз?

А) Бумен ингаляциялау

В) Антигистаминді дәрмектер

С) Жалпы ыстық ванна

D) Несеп айдағыш дәрілік заттар

Е) Ауа ваннасы


279. Аймақтық дәрігер 8 айлық ұл баланы шақыртумен көруге келді. Балада экссудативті диатез бар. 3 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: риниттің белгілері бар, жөтел, дене температурасы 38,50С-ке дейін жоғарылаған. Түнде бірнеше рет тыныс жеткіліксіздігі мазалаған, дем алғанда шулы, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, «үрген тәрізді» жөтел болған.

Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?

А) Бронх демікпесі

В) Обструктивті бронхит

C) Круп синдромы

D) Бастапқы пневмония

Е) Көкжөтел

280. Перзентханада шала туылған бала алғашқы күндері электр жылытуы бар керуетте жатқызылған. Таңертең дене температурасын өлшегенде оның 38,40С-ке дейін жоғарылағанын байқаған.

Қандай себептен кейін баланың температурасы жоғарылаған?

A) Инфекция

В) ОЖЖ-ның перинаталды зақымдалуы

С) Жылу берудің бұзылуы

D) Қатерлі гипертермия

Е) Егуден кейін

281. 1 жарым жасар ұл бала дене қызуы 39,80С-ке дейін жоғарылап, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін клоникалық-тоникалық құрысулар ұстамасы пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері құрысуды фебрильді етіп бағалады.

Фебрильді ұстамасы неден пайда болды?

А) Мидың гипоксиясы

В) Гематоэнцефалиялық барьердің өткізгіштігінің жоғарылауы

С) Метаболикалық ацидоз

D) Қыртысты қабық структрулары кемелділігінің жетіспеуі

Е) Метаболикалық алкалоз

282. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жас 2 ай қыз бала анасымен келді. ЖРВИ-мен 3-ші күн ауыруда. Стенозды ларинготрахеиттің белгілері пайда болды. Диагноз қойыңыз?
А) «Үрген тәрізді» жөтел

В) Өкпеде ылғалды сырылдар

С) Экспираторлы ентігу

D) Катарльды белгілердің айқын болуы

Е) Өкпеде ұсақ калибрлі сырылдар болуы

283. 1 жарым жасар ұл балада кешке дене қызуы көтерілді. Екі күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Кешке дөрекі жөтел, ентікпе, тыныс алуы минутына 40 ретке дейін, мазасыз, дем алу кезінде бұғана үстінің кіріңкі болуы байқалады. Шақыртумен келген аймақтық дәрігер баланы ауруханаға жатқызуды ұсынды.

Дәрігер неден күдіктенді?

А) Риниттің белгілері

В) Пневмонияға күдіктену

С) интоксикация белгілері

D) көмейдің бастапқы тарылуы

Е) Тонзиллиттің белгілері

284. Аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық бала анасымен тұмаумен ауырып келді. Дене температурасы 39,80С, шағын катаральді белгілер бар. Терісі сұр, ұстағанда қолы және аяқтары салқын, саусақтарында көгеру бар. ЖСЖ минутына 150 рет. Зәрдің тығыздығы 1010. Осы айтылған симптомдар жиынтығын қалай бағалайсыз?
А) тыныс жетіспеушілігі

В) жүрек жетіспеушілігі

С) гипотермиялық синдром

D) гипертермиялық синдром

Е) бүйрек жетіспеушілігі

285. Аурухананың қабылдау бөлімінде 8 айлық қыз бала ЖРВИ-мен ауырып келген. Гипертермиялық синдром пайда болды: дене қызуы 39,50С, ентігу, тахикардия, терінің сұрлануы, саусақтарының көгеруі, денесі салқын. Бұл жағдайда балаға қандай көмек береміз?

А) Антибактериальдық терапия

В) Антипиретиктер

С) Витамин препараттары

D) Қантамырларды кеңейтетін препараттар

Е) Дене қызуын басатын дәрі-дәрмектер

286. Емхананың аймақтық дәрігеріне 8 айлық ұл баланы анасы алып келді. Дәрігер тексеріп қарағанынан соң балаға рахиттің II дәрежесі диагнозы қойылды.

Аймақтық дәрігер қандай ем тағайындайды?

А) Витамин D3

В)Витамин Е

С)Витамин B5

D) Витамин РР

Е)Витамин А

287. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен.

Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?

А) Крипторхизммен туылған нәресте

В) Жетіліп туылған нәресте

С) Шала туылған нәресте

D) Тым жетілген нәресте

Е) Жетілген аз салмақты нәресте

288.Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді.Шағымдары:дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген,әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған. Дәрігер қарағанда:өкпесінде қатаң тыныс,үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылда р естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады.

Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?

А)Бронхтық астма

В)Жедел бронхит

С)Созылмалы бронхит

D)Жедел пневмония

Е)Созылмалы пневмония.

289. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 1 жасар ұл баланы көруге келді. Бала кенеттен ауырып қалған. Дене қызуы 38,50С, ринит белгілері және жөтел байқалады. Анасының айтуынша бала кешке қарай мазасызданған. Тыңдағанда: шулы тыныс, дөрекі «үрген тәрізді» жөтел, инспираторлық ентігу, бұғана үсті ойығының ішке кіруі, ауыз төңірегінің біршама цианозы байқалды.

Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?

А)Көмейдің компенсацияланған стенозы

В)Көмейдің субкомпенсацияланған стенозы

С)Көмейдің декомпенсациялық стенозы

D)Стеноздың терминалды фазасы

Е)Ларингит

290. Қабылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды.

Балада сусызданудың пайда болуына қандай көрсеткіштер тән?

А)Шөлдеу, шырышты қабаттың құрғауы

В)Үлкен еңбектің ісінуі

С)Тері жамылғысының ылғалдануы

D)Дене қызуының көтерілуі

Е)Әлсіз,мазасыздану

291. 9 айлық бала стационарға сусызданудың 3- дәрежесімен жеткізілді.

Ауыр дегидратация диагнозын қоюға тән көрсеткіштер?

А) тін тургорының қатты төмендеуі

В)Диурезі сағатына 10 мл-ден төмен

С)Акроцианоз

D)Қайталамалы құсу

Е)Дене қызуының көтерілуі

292. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 10 айлық баланы қарады. Дәрігер ішек инфекциясы, сусызданудың 2- дәрежесі диагнозын қойды. Дене салмағы 7% -ға дейін төмендеген.

Қандай емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

А)Көктамырішілік гемодезді енгізу

В)Көктамырішілік реополиглюкин енгізу

С)Көктамырішілік тұзды глюкоза ерітінді енгізу

D)Энтералды тұзды-глюкоза ерітінді енгізу

Е)Көктамыр ішілік физиологиялық ерітінді енгізу

293. 2 жарым жасар ұл бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Лимфатико-гипопластикалық анамолиясы бар. Анасы соңғы тәулікте баласының тәбетінің төмендеуін, мұрынмен дем алуы қиындығын, әлсіздігін байқады. Дене температурасы 37,00С. Түнде кенеттен мазасыз ұстамалы жөтел, ысқырықты, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болды. Бала мазасызданды. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында анықтады: бетінің ісіңкі болуы, ауыз төңірегінің цианозы, тыныс алу жиілігі минутына 52-60 рет, аускультацияда өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды екі жақты сырылдар естіледі.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Обструктивті синдромы бар ЖРВИ

В)Бронхтарға бөгде зат түсу

С) Бронх демікпесінің ұстамасы

D)Жедел пневмония

Е)Көкжөтел

294. Қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. Бала басының ауыруына, әлсіздікке, зәрінің түсі «ет жуындысы тәрізді» екеніне шағымданады. Стационарда жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды.

Емді қажет ететін жедел гломерулонефриттің асқынуын атаңыз?

А) Эклампсия

В)Жедел қанайналым жетіспеушілігі

С)Жедел бүйрек жетіспеушілігі

D) Емізікшелік бүйрек некрозы

Е)Жүрек жетіспеушілігі

295. 6 жасар ұл бала стационарда жедел гломерулонефрит диагнозымен ем қабылдауда. Ауру нефритикалық синдроммен өтуде: макрогематурия, артериалды гипертензия. Аурудың 4-ші күні жедел бүйрек жетіспеушілігімен асқыну пайда болған.

Осы көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел бүйрек жетіспеушілігін дәлелдейді?

А)Бас ауыруы, енжарлық

В)Құсу және диарея

С)Диурез тәулігіне 200 мл

D) Дене қызуы 37,8-38,20С

Е)Ұйқысының бұзылуы

296. 3 жарым жас ұл баланың дене қызуы 380 С, ринит белгілері бар, «үрген тәрізді» дөрекі жөтел және инспираторлы стридор, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, мазасыздық анықталды.

Баладағы жоғарғы тыныс алу жолдары жедел обструкцияның негізгі себебі?

А)жедел ринит

В)ларингоспазм

С) жедел эпиглотит

D) көмейдің аллергиялық ісінуі

Е) жедел тонзиллит

297. Жедел жәрдем дәрігері ЖРВИ-мен ауырған 2 жасар ұл баланы қарады. Гипертермиядан құрысу ұстамаса пайда болды. Құрысулар фебрильді түрде бағаланды.

Мұндай жағдайда құрысуға қарсы қандай препарат тағайындаған дұрыс?

А)анатруксоний

В)хлоралгидрат

С) оксибутират натрий

D)имбретил

Е)циклобутан

298. Стационарға 1 жарым жасар қыз бала жедел ішек инфекциясымен, сусызданумен түсті. Қандай клиникалық симптомдар организмнің сусыздану дәрежесін көрсетеді?

А)дене салмағының 3-4% -ға жоғалуы

В)тері қабатының сұрлануы

С) тері қатпарының баяу жазылуы

D)аяқ-қолдың салқындауы

Е)дене қызуы 37,2-37,60С

299. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2-дәрежесі диагнозын қойды.

Қандай симптом сусызданудың дәрежесін қоюға негіз бола алады?

А) дене салмағының 7%-ға төмендеуі

В)сұйық нәжіс тәулігіне 10 ретке дейін

С)шырышты қабаттың біршама құрғауы

D) әлсіздік, адинамия

Е)тері қабатының сұрлануы

300. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2 -дәрежесі диагнозын қойды.

Гиповолемиялық шоктың белгілері жоқ сусызданудың 2-дәрежесінде регидратацияның қандай түрін қолданған дұрыс?

А)8 сағаттың ішінде су мен шәйді үзіліссіз беру

В) глюкозаның тұзды ерітіндісін оральды енгізу

С)глюкозаның тұзды ерітіндісін парентеральды енгізу

D) коллойдты ерітінділерді енгізу

Е)гемодезді көктамырдан жіберу

301. Қалалық балалар емханасына 2айлық ұл бала дәрігердің қабылдауына келді. Бала күз мезгілінде 7айлық мерзімде жетілмей туылған. Баланың салмақ қосуы қалыпты. Рахиттін алдын алу мақсатында профилактикалық щаралар ретінде, педиатр қандай препарат қолданады?

А)Витамин Д3 100 000 – 120 000ХБ

В) Витамин В12

C) Витамин Д3 400 – 500ХБ

D)Оксидевит 0,25мкг

Е)Рокальтрол 0,5мкг

302.Балалар емханасына 3айлық ұл бала аймақтық дәрігерге қаралуға келді. Анасының айтуы бойынша: мазасыз, әлсіз, жарыққа және қатты дыбыстарға өте сезімтал, ұйқысы сергек, терлегіш, әсіресе емізу кезінде. Қарағанда: терісі бозғылт, құрғақ, шүйде шашы «ай тәрізді» түскен және сүйегі бір жақтама қисайған.

Нәрестеде рахиттің қай сатысы?

А) Реконвалесценция сатысы

В) Бастапқы сатысы

С) Өршу сатысы

D) Қайталану сатысы

Е) Айығу сатысы

303.Қалалық балалар емханасына 7айлық қыз бала педиатрдің қабылдауына келді. Антропометриялық көрсеткіштері: салмағы – 5700гр, бой ұзындығы – 69см. Анасының жұмысқа түсуіне байланысты 6 айлығынан бастап нәрестеге сиыр сүтін берген. Нәресте 6 айлығына дейін жасына байланысты қажетті салмақты қоспаған. Туылған кездегі салмағы – 3400гр, бойы - 51см.

Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Гипостатура

В.)Гипотрофия ІІ дәреже

С)Паратрофия

D) Гипотрофия ІІІ дәреже

Е)Спазмофилия

304. Перзентханада кесар тілігімен 33апталық нәресте, 1700грамм салмақпен дүниеге келді. Нәрестеде шала туылудың қай дәрежесі?

А) І дәреже

В)ІV дәреже

С)V дәреже

D) IІ дәреже

Е)III дәреже

305. 7 айлық ұл баланың жедел ауруына байланысты ата–анасы аймақтық дәрігерді үйіне шақырды. Дәрігер қарағанда: нәрестеде дене қызуы жоғары, мазасыз, тершең, жөтелу, тәбетт жоқ, айқын ентігу белгілері байқалады. Дәрігердің болжамы бойынша, жедел обструктивті бронхит диагнозын қойды

Алғаш жасалынатын көмек?

А) Бронходилятатор препараттарын қолдану

В) Қабынуға қарсы препараттарды қолдану

С) Витаминотерапия

D) Иммунодепрессанттарды қолдану

Е) Төсек режимін сақтау

306. Аурухананың қабылдау бөліміне 2жасар ұл бала келді. Анасының айтуы бойынша: дене температурасы кенеттен 39 С-қа жоғарылаған, балада жалпы мазасыздық, әлсіздік болған, тамақтан бас тартқан. Қарағанда: тыныс алу жиілігі минутына 45рет, жиі ылғалды жөтеледі, жалпы интоксикация белгілері айқын, өкпесінде ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде нейтрофилез, лейкоцитоз, ЭТЖ 20-40мм/сағатына. Рентгенде: өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер көрінеді.

Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Жедел пневмония

В)Созылмалы пневмония

С)Жедел бронхиоплеврит

D) Созылмалы бронхит

Е)Созылмалы обструктивті бронхит

307. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 5жасар қыз бала келіп түсті. Дене қызуы кенеттен жоғарылаған. Қарағанда: интоксикация белгілері анық, жөтелі сирек,өкпесінде әлсіз және қатаң тыныс алу, ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді, сегментарлы, шекаралары айқын көленкелер көрінеді. Дәрігердің диагнозы қандай?

А) Ошақты пневмония

В)Сегментарлы пневмония

С)Жедел бронхит

D) Аллергиялық ренит

Е)Парагрипп

308. Балалар емханасына лор дәрігеріне 10жасар қыз бала қаралуға келді. Шағымдары: мұрны бітеліп, аузымен демалады, ұстамалы түшкіру, қышуы бар, ішінен шамалы серозды бөлініс шығады. Конюктивит белгілері байқалады. Дене температурасы қалыпты. Риноскопияда: мұрынның шырышты қабаты бозғылт түстес, ісінген.

Дәрігердің диагнозы қандай?

А) Аллергиялық обструктивті бронхит

В) Жедел бронхит

С) Аллергиялық ринит

D)Аллергиялық емес бронхит

Е) Жедел респираторлы вирусты инфекция

309. Емхананың педиатр қабылдауына келген 4жасар ұл балаға дәрігер бронхтық демікпе диагнозы қойды. Балада ұстамаларының жиілігі айына 3-4рет, ал түнгі ұстамалар аптасына 2-3рет, жылдағы ремиссияның ұзақтығы 3айдан аз, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды. Зерттегенде: бронх өткізгіштігі төмендеген.

Бронх демікпесінің қандай дәрежесі?

А) Жеңіл

В)Орташа

С)Ауыр

D) Аралас

Е)Айқын

310. Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Екі тізе буындарының қақсап ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: баланы дене температурасы субфебрильді, әлсіз, шаршағыш, тәбеті төмен, буындары ісінген, қызарған, жергілікті температурасы жоғарылаған. Қан анализінде: С реавктивті белок оң мәнді. Дәрігердің диагнозы?

А) Тетрадо Фалло

В) Ревматизм

С) Круп синдромы

D) Бронхит

Е)Туа пайда болған жүрек ақауы

311. Перзентханада кесар тілігімен 29апталық нәресте, 1450грамм салмақпен дүниеге келді. Нәрестеде шала туылудың қай дәрежесі?

А) І дәреже

В)ІV дәреже

С)V дәреже

D) IІ дәреже

Е) III дәреже

312. Балалар ауруханасына неонатология бөліміне 3апталық ұл бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: әлсіз, мазасыз, ему кезінде көгереді және тез шаршайды, салмақ қосуы төмен болған. Анасы 7апталық жүктілік кезінде тұмаумен ауырған. Қарағанда: жүрек ұшының солға қарай ығысқаны айқын байқалады. Перкуссияда: жүрек көлемінің үлкейген. Аускультацияда: І тон дыбысы әлсіз, шоқырықты ырғақтың, солғын систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: QRS комплексі вольтажы төмендеген, Т тісшесінің инверсиясы, SТ сегментінің депрессиясы. Дәрігердің диагнозы?

А) Жатырішілік инфекция

В)Туа пайда болған жүрек ақауы

С) Туа пайда болған кардит

D)Нәрестелік пневмония

Е) Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

313. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Бала ашыққан кезде және астан 1–2сағаттан соң асқазан маңы ауырсынады, қыжылдайды. Әкесінде асқорыту жүйесінде ауруы бар. Лабараториялық тексеруде: тұз қышқылының максимальды секрециясының жоғарғы деңгейі, қан мен зәрде песиногеннің жоғары мөлшері байқалады. Баланың нәжісінде жасырын қан анықталған.

Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Ларингоспазм

В) Асқазан атониясы

С) Ойық жара ауруы

D) Аэрофагия

Е) Өңеш рагы

314. Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 14жасар қыз бала келіп түсті. Буындарының қақсап ауырсынуына, таңертегі құрысуға шағымданады. Қарағанда: дене температурасы субфебрильді, симмертриялы түрдегі буындарының ісінуі, ауырсыну, гиперемиясы байқалады. ЭТЖ 14мм /сағ жоғарылаған.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Геморрагиялық васкулит

В) Жүйелі қызыл жегі

C) Жаншау

D) Ювенильді ревматоидты артрит

Е) Ревматизм

315. Балалар ауруханасына 12 жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқы л дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Сигмоидит

В) Гастроэзофагальды рефлюкс

С)Ойық жаралы колит

D) Гастродуоденит

Е)Кіндік жарығы

316. Аймақтық дәрігерге 4 айлық қыз бала қаралуға келді. Анасының айтуы бойынша. тамақтандырғаннан соң сәби көбіне мазасызданады. Іші үнемі кебіңкі болады. Тамақтанудан 5-10 минуттан соң,өзгермеген сүттің иісімен бірге ауаның дыбыспен шығуы естіледі. Қарағанда: эпи гастрий маңы тез толысып, перкуссияда қораптық дыбыс береді. Баланың осы жағдайы қай кезде байқалады?

А) Аэробты инфекция

В) Гастроэзофагальды рефлюкс

С) Гастрит

D) Панкреатит

Е) Аэрофагия

317. Балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 4 апталық ұл бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: 2апта бойы жалғасқан лоқсулар бірте бірте көбейген. Балада фонтан тәрізді құсық, әр тамақтың кезінде немесе тамақтанғаннан кейін болады. Сәби ылғи мазасыз, аш, қомағайланып сорады. Нәжісі сирек, мөлшері аз. Бұлшықет гипотониясы айқын байқалады. Салмақ қоспаған. Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Пилорикалық бөліктің дамымауы

В)Панкреотит

С) Пилоростеноз

D)Кардия сфинктерінің жеткіліксіздігі

Е)Пилороспазм

318. Балалар емханасына 7жасар қыз бала педиатрге қаралуға келді. Балада астено-вегетативті бұзылыстар, эпителиальдық белгілер, иммуно реактивтілік төмендеуі айқын байқалады. Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Гипервитаминоз

В) Базофилия

С) Анемия

D) Гемолитикалық сарғаю

Е) Психикалық бұзылыстар

319. Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 9жасар қыз бала келіп түсті. Қыз 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Балада кенеттен мұрнынан қан кету, терісінде көгеру, қызару тәрізді бөртпелер пайда болған. Қарағанда: тері астында айқын қан құйылу белгілері басым. Дене қызуы қалыпты. Лабороториялық зерттеулерде тромбоцитопения анықталған.

Дәрігердің диагнозы?

А) Тромбоцитопениялық пурпура

В) Апластикалық анемия

С) Теміртапшылықты анемия

D) Гемолитикалық сарғаю

Е) Геморрагиялық васкулит

320. Балалар ауруханасына 5жасар қыз бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: бала әлсіз, шаршағыш, шөлдегіш, кіші дәретке көп барады, әсіресе түнгі уақытта, тамаққа деген тәбеті жоғары, салмағы азайған. Қарағанда: баланың терісі бозғылт, құрғақ, шел май қабаты ішінде мардымсыз, аузынан жағымсыз иіс шығады.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Гипотиреоз

В) Эпидемиялық зоб

С) Сидеропения синдромы

D) Гемолитикалық сарғаю

Е) Қант диабеті

321. Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 8 жасар қыз бала келіп түсті. Аурудың басталуы кенеттен баланың төменгі іш аймағының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуімен басталған. Кіші дәреті жиі және ауырсынумен шығады. Анасы зәрінің қызғыш түсті болғанын, лайланғанын байқаған.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Бүйрек тас ауруы

В) Жедел цистит

С) Пиелонефрит

D) Созылмалы цистит

Е) Вульвит

322. Балалар ауруханасына 13 жасар қыз бала келіп түсті. Науқас бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Түнде кіші дәретке көп отырады. Баланың тамаққа тәбеті төмен, басы ауырады, әлсіз. Бірден қимыл жасаған кезде бел аймағындағы қатты ауырсыну мазалайды. ЖҚА: ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз, солға ығысқан нейтрофилез. ЖЗА: протеинурия, нейтрофильді лейкоцитурия, микрогематурия анықталған.

Дәрігердің диагнозы?

А) Созылмалы энтерит

В) Жедел холецистит

С) Пиелонефрит

D) Жедел цистит

Е) Нефроптоз ІІІ дәрежесі

323. Балалар ауруханасына 13 жасар қыз бала келіп түсті. Науқас бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Түнде кіші дәретке көп отырады. Баланың тамаққа тәбеті төмен, басы ауырады, әлсіз. Бірден қимыл жасаған кезде бел аймағындағы қатты ауырсыну мазалайды. Дәрігердің алғашқы іс-әрекеті?

А) Доплерометрия

В) Компьютерлік томография

С) Флоуметрия

D) Ультрадыбыстық зерттеу

Е) Жалпы қан, зәр анализдері

324. Перзентханада ұл бала 36 аптада туылды. Туылған кездегі салмағы 2500 грамм, бойы 45 см. Тері түсі қызғылт, тері асты майлары мардымсыз, денесінде үлпілдеген жүндері бар, ему рефлексі төмен. Шала туылған балалардың жетілу ерекшеліктеріне байланысты 1 жастың аяғында неше есе рет өседі?

А) 8-10рет

В) 3-4рет

С) 1-2рет

D) 7-8рет

Е) 4-5рет

325. Перзентханада 41 аптасында ұл бала табиғи жолмен туылды. Салмағы 4100 грамм, бойы 54см. Бас сүйектері қатты, жиектері жіңішке, үлкен еңбегі қалыптыдан кішкентай. Терісі құрғақ, жартылай түлеген. Алақаны табаны жем болып сорылған. Апгар шкаласы бойынша 8 балл. Неонатолог баланың жетілуіне қарай қандай сипаттама берді?

А) Мерзімінен бұрын туылған

В) Тым жетілген

С) Жетілмей туылған

D) Шала туылған

Е) Мерзімінде туылған

326. Емхананың аймактық дәрігеріне 7айлық ұл баланы анасы алып келді. Баланың туған кездегі салмағы 3300 г. Қазіргі кездегі салмағы 6200г. Қол-аяқтарында және кеудесінде шел кабат майы жоқ, терісі бозғылт, құрғақ, тері тургоры төмендеген.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Паратрофия

В) Гипотрофия ІІ дәрежесі

С) Гипотрофия І дәрежесі

D) Гипостатура

Е) Гипотрофия ІІІ дәрежесі

327. Аймақтық дәрігердің қабылдауына анасы 9 айлық баласын алып келді. Қыз бала,салмағы 7800 г. Анасының айтуы бойынша: әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш, көп жылайды, тәбеті төмен. Дәрігер тексергенде: терісі құрғақ, бозғылт, оңай қатпарланады, шел май қабаттары кеудесі, аяқ – қолдарында мардымсыз.

Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Гипостатура

В) Паратрофия

С) Кахексия

D) Гипотрофия

Е) Рахит

328. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дуниеге келді. Бойы 44 см, салмағы 2300г. Қарағанда: терісі қоңыр қызыл, денесінде үлпілдек жүндері бар, тері асты майлары мардымсыз, кіндігі төмен орналасқаны және ему рефлексінің анықталмауы байқалған.

Неонотолог қандай диагноз қойды?

А) Дермотитпен туылған нәресте

В) Жетіліп туылған нәресте

С) Гидроцефалиямен туылған нәресте

D) Шала туылған нәресте

Е) Тым жетіліп туылған нәресте

329. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл баланы алып келді, салмағы 8000 г. Дәрігер тексергенде: терісі бозғылт, құрғақ, оңай қатпарланады, кеудесі, аяқ-қолдарында шел май қабаты азайған. Бала әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш. Анасының айтуы бойынша тәбеті төмен.

Аймақтық дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А)Гипотрофия

В)Паратрофия

С) Кахексия

D) Гипостатура

Е) Рахит

330. Емханаға педиатрдың тексеруіне 1 жасар ұл баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша: бала мазасыз, тәбеті төмен, терлегіш, шошығыш. Дәрігер тексерген кезде: бас сүйектерінің жұмсақтығы және үлкен еңбегінің шеттері майысқыш, үлкен, қабырғаларында «тәспі» тәрізді өзгерістерді анықтады. Қанның биохимиялық аналізінде: гипокальциемия, гипофосфатемия анықталды.

Педиатр қандай диагноз қойды?

А) Гипотрофия

В) Гипостатура

D) Паратрофия

С) Рахит

Е) Анемия

331. Емхананың аймақтық дәрігеріне 8 айлық ұл баланы анасы алып келді. Дәрігер тексеріп қарағанынан соң балаға рахиттің II дәрежесі диагнозы қойылды.

Аймақтық дәрігер қандай ем тағайындайды?

А) Витамин D3

В)Витамин Е

С)Витамин B5

D) Витамин РР

Е)Витамин А

332. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген, рефлекстері төмен. Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?

А) Крипторхизммен туылған нәресте

В) Жетіліп туылған нәресте

C) Шала туылған нәресте

D) Тым жетілген нәресте

Е) Жетілген аз салмақты нәресте

333. Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді. Шағымдары: дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген, әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған. Дәрігер қарағанда: өкпесінде қатаң тыныс, үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады.

Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?

А)Бронхтық астма

В)Жедел бронхит

С)Созылмалы бронхит

D)Жедел пневмония

Е)Созылмалы пневмония.

334. 1,5 айлық кыз бала аймақтық аурухананың қабылдау бөліміне ылғалды жөтел, мазасыздық, тәбетінің төменеуіне шағымданып келді. Педиатр қызға жедел бронхит диагнозын қойды. Қан анализдерінде: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары. Педиатр науқасқа қандай ем тағайындайды?

А)Қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер

В)Антибактериальді дәрілер

С)Витаминді ем

D)Физиотерапиялық ем

Е)Гормональді ем

335. 4 жасар бала анасымен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келді. Келген кездегі шағымдары: дене қызуының көтерілуі, басының ауруы,жағдайының нашарлап тәбетінің болмауы, ұйқысының бұзылуы. Дәрігер қарағанда: ылғалды жөтел және ентігу, өкпеде перкураторлы дыбыс қысқарған, қораптық дыбыс естіледі,крепитация және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылаған. Рентген суретінде: оң өкпесінің төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер бар, өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі көрінеді. Дәрігер қандай клиникалық диагноз қойды?

A)Созылмалы бронхит

В)Интерстициальді пневмония

С)Жедел бронхит

D) Ошақты пневмония

Е)Созылмалы пневмония

336. Аймақтық дәрігердің қарауына 7жасар ұл бала анасымен келді.Шағымдары: көзінде бөгде дене тұрғандай сезім,жасаурау,жарықтан қорқу, ұстамалы түрде түшкіру, мұрыннан көп сұйықтық ағу. Қарағанда: жоғары ерін мен мұрын айналасының терісі қызарған және ісінген. Анасының айтуы бойынша көктем айларында және күзде осындай белгілер жиі байқалады. Қан анализінда және мұрыннан алынған жағындыда эозинофилия анықталды.

Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Тұмау

В) Жедел ларингит

С) Созылмалы ларингит

D) Поллиноз

Е) Фарингит

337. 9 жасар ұл бала қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасымен келді. Бала мұрнының бітелуіне, ұстамалы түрде көп түшкіруге, мұрыннан шырышты сұйықтықтың ағуына, тершеңдікке түнгі ұйқысының бұзылғанына және мұрнының бітелуінен аузымен тыныс алуына шағымданады. Сұрастыру барысында науқастың тағамдық заттарға және өсімдіктерге аллергиясы бар екені анықталды. Дәрігер баланың мұрнын қарап тексергенде мұрынның щырышты қабатының ісінгенін, қызарғанын көрді. Көз айналасының ісінуін, бетінің аздап ісініп қызарғанын да көрді. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) Аллергиялық обструктивті бронхит

В)Аллергиялық фарингит

С) Аллергиялық ринит

D)Тұмау

Е)Бронхтық астма.

338. Жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар бала келді. Баланың келген кездегі жағдайы ауыр, дем шығару кезінде ентігеді, мұрны бітеліп түшкіреді, ұстамалы түрде жөтеледі, басы ауырады. Дәрігер тесергенде: АҚ-ның жоғарылауы, тахикардия, аускультацияда қораптық дыбыс, ”музыкалық” сырылдар естіледі. Біраз уақытқа дейін баланың дем алуы қиындап, түрі бозарды, жағдайы жеңілдегеннен соң қақырық тастады.

Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) Аллергиялық ринит

В) Поллиноз

С) Жедел бронхит

D) Пневмония

Е) Бронх демікпесі

339. Орталық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді. Бала 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Келген кездегі шағымдары: ентігеді, жүрек тұсы ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тахикардия, цианоз белгілері бар. ЭКГ-де ритмнің бұзылысы, PQ интервалының ұзаруы, Т тісшесінің өзгеруі, ST сегментінің төмендеуі анықталады. Аускультацияда қосымша жүрек шулары естіледі. ФКГ-де I-тон амплитудасының төмендеуі және деформациясы, патологиялық III-IV тон анықталды. Баланың клиникалық диагнозы қандай?

А) Миокардит

В)Ірі қан тамырларының транспозициясы

С)Қарыншааралық перденің ақауы

D) Жүрекше аралық ақауы

Е)Перикардит

340. Қалалық емханаға дәрігердің қабылдауына 8 жасар баланы анасы алып келді. Шағымдары: дене температурасының көтерілген, буындары ісінген,ауырсынған. Анасының


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow