Глоссарий 1 страница

Менеджмент курсын оқитын студент экономикалық және басқарушылық терминдерін сауатты меңгеру қажет. Төменде берілген глоссарий қажетті барлық терминдер мен анықтамаларды құрайды. Берілген анықтамалар мен терминдерді оқу, басқару қызметінің теориясын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.

Менеджмент жүйесінің талдауы - бұл кәсіпорынның өмірлік басқару жүйесі мен ұйымдастыру құрылымын зерттеу кезеңі, сонымен қатар, бәсекелестікте орын алу мақсатында жұмыстың қорытындысына белсенді түрде әсер ету болып табылады.

Көлденең байланыс- иерархияның түрлі деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Менеджменттің сыртқы ортасының жүйесі – бұл кәсіпорынның бәсекелестігі мен белсенділігіне, оның тұрақтылығына тікелей және жанама әсер ететін макроортаның құрамы, микроорта мен аймақтың инфрақұрылымына әсері.

Фирманың ішкі ақпараттық жүйесі - ұйымдастыру орталықтарының шешім қабылдауына қажетті ақпараттың ағым қызмет көрсететін жиынтығы. Ол нақты тасушылармен бекітілген ақпараттар мен байланыс каналдарынан және техникалық құралдардың көмегімен өңдеуден өткен ақпараттан тұрады.

Тік байланыс - иерархияның бірдей деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Іскерлік стратегия- холдинг пен корпорация құрамына кіретін фирмалар мен жеке кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.

Мақсаттар ағымы- бұл құрылымды, мақсаттар жүйесінің жиынтығында, программаларда, жоспарларда көрсетілген басты мақсат («ағаш төбесі»), ағаш қатысты 1-ші, 2- ші және т.б деңгейлер («ағаш төбесі») иерархиялық (деңгейлер бойынша бөлінген) принцип бойынша құрылған.

Имидж- қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Байланыс кезеңі- бұл ойдарды қарастыру, ақпаратты кодтау, байланыс каналдарын талдау және ақпаратты жіберу, ақпаратты қайта кодтау, жауапты әзірлеу және жіберушіге ақпаратты қайта жіберу сияқты ақпараттық алмасу осындай бір-бірімен байланысты сатылардан тұрады.

Таңдау критериі - оптималды шешім қабылдау мен баламалы салыстырулар негізінде жүргізілетін көрсеткіш.

Лидерлік - ұйымның мақсаттарын белгілеп оған жетудің барлық жолдарын қолданатын, топ қызметін біріктіретін механизмдердің бірі.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Миссия - ұйым қызметінің болашаққа бағдарланған мақсаты.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Кері байланыс - қабылдаушының жіберушіден келген ақпаратқа реакциясы, коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру құралы.

Оперативті басқару - бұл ағымды жаңалықтарды басқару. Оған оперативті жоспарлау, оперативті есеп, оперативті бақылау кіреді.

Өкілеттілік - жұмыскерлердің әрекеттерін анықтау мен ұйымның ресурстары қолдану құқығының шектеулігі.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Кадрларды басқару жүйесі (персоналды басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, кадрлардың штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.

Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы администрацияның өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Басқару потенциалы – басқару жүйесі қолданатын барлық ресурстар жиынтығы.


7. дәріс кешені

Тақырып 1- Менеджменттің мәні мен қағидалары

Мақсаты: Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық аспектілерінің кезеңдерін көрсетіп, міндеттері мен басты мақсаттарын қарастыра отырып мазмұнын ашу, анықтама беру.

Жоспар:

1.1. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

1.2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты

1.3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

1. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Менеджмент – бұл, басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби қарекетінің дербес түрі қарастырады:

- кәсіпорынның нарықтық сұранысы мен қажеттіліктеріне, сұранысы бар өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру және белгілі тұтынушылардың талаптарына бағытталуын;

- өндіріс тиімділігін арттыруға, аз шығындарымен оңтайлы нәтижеге жетуге тұрақты талаптануын;

- кәсіпорын мен оның бөлімдер әрекетінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау еркіндігін қамтамасыз ететін шаруашылық тәуелсіздігін;

- нарық жағдайларына байланысты бағдарламалар мен мақсаттарына тұрақты түрде түзетім енгізуді;

- нарықтағы айырбас процесіндегі кәсіпорын мен оның бөлімдері әрекетінің соңғы нәтижесін шығаруын;

- оңтайлы шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер жүргізу үшін компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпарат базасын қолдану қажеттілігін.

“ Менеджмент” термині “ басқару” терминіне мағынасы жағынан ұқсас болып келеді. Демек, “ басқару” термині “ менеджментке” қарағанда кеңірек ұғымды білдіреді. Себебі, ол адам әрекетінің көп түрлілігіне (көлік құралдарын басқару); әр түрлі әрекет ету сфераларына (мемлекетті басқару); басқарудың әр түрлі органдарына (қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдарын, сонымен қатар кәсіпорын бірлестіктеріндегі басқару) байланысты көптеген мағыналарда қолданылады.

«Менеджмент» тек қана пайда (кәсіпкерлік табыс) алу мақсатында өз қарекетін іске асырушы кәсіпорындар санаттарына байланысты қолданылады. Менеджмент тек қана өндірістік кәсіпорындар қарекетін емес, сонымен қатар банктердің, сақтандыру қоғамдардың, туристік агенттіктердің, көліктік компаниялардың, қонақ үйлерінің, өндірістік кәсіпорындар қарекетінің дербес экономикалық суъектілері ретінде, нарыққа қатысушы басқа да шаруашылық бірліктерін қамтиды.

Менеджмент - бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез- келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент- бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана, жеңе білу қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Э.А. Уткин Менеджмент – бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджментің әлеуметтік- экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент – бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе- менеджмент – бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының жүйесі. Менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

П. Друкер менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау деп түсіндіреді.

Менеджменттің түрлері:

Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Менеджменттегі басты нәрсе- кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

- жоспарлау және болжау;

- ұйымдастыру;

- ынталандыру;

- бақылау.

Менеджмент әдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

-кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әректін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгі- ленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

-ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;

-алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедурала- рының жүйесі.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, лоар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдер сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын териясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады.Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын модельдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолдану.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті,инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғы- сын ескере отырып құралады.Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.

2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, бассшылық ету деген сөз.

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зертттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Еуропалықтардың пікірінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

«Менеджер» - бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы- фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс.

Менеджер табиғатына П. Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Менеджердің бірінші міндетіне- қолда бар ресурстармен «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Менеджердің екінші міндетіне- кез келген шешімді қабылдап, іс- әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы туралы да ойланып- толғануы жатады.

И.Н. Герчикова: Менеджер- бұл нарық жағдайындағы фирма қызметінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы.

Сонымен, менеджер – бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларджы ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам.

Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:

Топ менеджмент- басқарудың жоғарғы буыны. Бұған диреторлар кеңесі төрағасын, президент, аға вице- президент, фирмалар вице-президенттері жатады. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен, және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады.

Мидле менеджмент - өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, зауыт директорлары, олардың орынбасарлары. Бұлардың міндеті қабылдаған шешімді жүзеге асыру.

Ловер менеджмент – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар- цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары- жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді.

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:

- менеджменттің жоғары деңгей (топ management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейді әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді.Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;

- мнеджменттің орташа (midle management) деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған,сондықтан да ол «функционалды» менеджмент деп аталады.Функционалды менедж- мент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.

- менеджменттің төменгі деңгейіне (lover management) алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады.Олар кәсіпорын қызметкер- лерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орын- далуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Менеджер табиғатына П.Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Менеджердің бірінші міндетіне – қолда бар ресурстармен «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, «менеджер -әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады».

«Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым елестеуі, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне -кезкелген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіорынның болашағы туралы да ойланып-толғануы жатады. Әрбір менеджерге, деп атап көрсетеді Друкер, өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді.

Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкер- шілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті –сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалау- ды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмы- сын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілді- руі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің ны- ғаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Әрбір менеджер –деп тұжырымдайды Друкер, -өзіне есе берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған қызметтердіміндетті түрде атқаруы тиіс. Бұлардың барлығы жақсы атқаруы да, жаман атқару да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір жайт, осы аталған қыз- меттердің әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық нышанда болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі кешен болып саналады және де қызметтің әрбір түрін орындау үшін алуан түрлі сапа мен бірлікті қажет етеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: