Кредиттер саны: 3 1 страница

Саясаттану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Журналистика және саясаттану факультетінің деканы

_________________ Т.А.Ж.

_______________________

________________2015 ж.

5В050200 – Саясаттану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана 2015


Силлабус

1 Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасында с.ғ.к., доцент міндетін атқарушы

Байланыс телефоны: (709500) 33 - 213, meruken@mail.ru

Ғылыми қызығушылығы: ұлттық қауіпсіздік, антитерроризм, діни экстремизм, саяси конфликтология

Ғылыми мектеп: Абай атындағы ҚазҰПУ, теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасы

2. Пәннің атауы және коды:

Кредиттер саны: 3

3. Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс          
Тәжірибелік сабақ          
Семинарлық сабақ          
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
БӨЖ          

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Теориялық саясаттану, Қолданбалы саясаттану, Салыстырмалы саясаттану.

Постреквизиттер – Саяси талдау және болжам, Саяси технология, Стратегиялық жоспарлау және болжам жасау

5. Оқу пәнінің сипаттамасы:

5.1. Оқу пәнінің аты: Мемлекеттің модернизациялау бағдарламаларына, барысына мониторинг және баға бере алу, талдау жасай алу дағдыларын игереді.

5.2. Оқу пәнінің мақсаты: Мемлекеттердің модернизациясы үлгілерін, қалыптастырудың жолдары мен механизмдері, негізгі құжаттарын білу және игеру.

5.3. Оқу пәнінің міндеттері:

- саяси модернизацияны зерттеудің жалпы, арнайы әдiстерiн және әдiстемелерiн игеру;

- саяси модернизация үлгілерін, детерминанталарын түсіну;

- саяси модернизация типтерін игеру;

- саяси анализ жасау тәжiрибесiн меңгеру және негiзгi саяси теориялар мен халықаралық қатынас теориялары, категориялары, заңдылықтары мен әдiстерiн танып-бiлу;

саясат пен халықаралық қатынастардың негiзгi тарихи көздерiн саяси факторлардың әсерiмен байланыстыра отырып зерттеу;

- мемлекеттік модернизациялау бағдарламаларына талдау сияқты бiлiмдер мен дағдыларды қалыптастыру және игеру.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны: Аталмыш курс студенттерге саяси модернизация саласындағы негiзгi теорияларды: саяси мәтiндер, негiзгi бағыттар, саясаттың негiзгi категориялары мен заңдылықтары, саяси ойдың, халықаралық қатынас теорияларының даму тарихы, саяси кеңiстiк және халықаралық қатынас жүйелерiн түсiну, модернизация жөніндегі саяси iлiмнiң Қазақстандағы дамуын қарастыру, елiмiздiң, басқа елдердiң саяси анализiн жасау, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және оның географиялық факторлармен байланыстылығы, әлеуметтану, саясаттану және экономика салаларындағы ғылымдарды iс жүзiнде қолдана алу, оларды келешек қызметте қолдануға үйретуге бағытталған.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

Апта № Тақырыптың аты Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1 Саяси даму: ұғымы мен критерийлері Саяси дамудың басқа қоғамдық мəселелерден айырмашылығының параметрлері. Кіріспе дәріс (1 сағ), Проблемалы семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Пән бойынша библиографиялық ізденіс (таңдау бойынша)
2 Даму теориясы. Даму жөніндегі зерттеулер санаттары. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Коллоквиум
3 Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттар. Саяси дамудың негізгі түрлері. Реформа жəне революция: ұғымдар мен типологиясы. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Кестелер мен схемалар дайындау
4 «Саяси модернизация» ұғымы. Саяси модернизация теориялары-саяси дамудағы бағыттарының бірі. Модернизация типтері. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Ауызша және жазбаша бақылау түріндегі карточкалар дайындау
5 Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт және типологиясы. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Рефераттар (таңдау бойынша)
6 Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация Саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлі. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Эссе
7 Қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі Жаңарту ісін талап ететін əлеуметтік-экономикалық, саяси мəдени- идеологиялық факторлар. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Сараптамалық эсселер дайындау
8 Қытайдағы модернизация. Біртіңдеп модернизациялау. Модернизацияның қытайлық моделі. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Рефераттар дайындау
9 Дамушы елдердегі саяси модернизация. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Тақырып бойынша сөздік құрастыру
10 КСРО-дағы модернизация Тоталитарлық саяси жүйеден демократияға көшудің тарихи қажеттілігі. КСРО-ның ыдырауы. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Сараптамалық эсселар дайындау
11 Посткеңестік елдердегі саяси модернизация. Орталық жəне Орталық-шығыс Европа елдеріндегі, Ресейдегі жəне ТМД-ның өзге елдеріндегі саяси модернизация. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Мәндік-категориялық ұғымдар бойынша бақылау жұмысы
12 Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Жазбаша сараптамалық жұмыс
13 Азаматтық қоғам қалыптасуы, құқықтық негіздері. Республикада үкіметтік емес ұйымдарды дамытудағы проблемалар. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Рефераттар жазу
14 Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне оның жұртшылық санасына əсер етуі Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Тестілік бақылау
15 Әлемдік саясат және Қазақстандағы саяси модернизацияның ерекшелігі. Дәріс (1 сағ), Семинар (1 сағ), БӨЖ (4 сағ), Сараптамалық эсселер жазу

6. Негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

2. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

3. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

4. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация.

А., 1997.

5. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане.

Астана, 2001.

6. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

7. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Поппер К. Открытое общество и враги. М., 1996

2. Парсонс Т. Система современного общества. М.,1997.

3. Лаумулин М.Т. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология. - Алматы, 1999.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақ барысында ағымдық бақылауды өткізу жоспарланған, тапсырмасын сапалы орындау; студенттердің өздік жұмысы, тест түрінде екі аралық бақылау жоспарланып отыр. Қорытынды бақылау ауызша емтихан түрінде өтеді.

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, кезеңдік) аралық аттестаттау - 100%

Қорытынды бақылау - 100%

8. Оқу пәнінің саясаты. Барлық оқу уақыты дәріс, семинар сабақтарына (олардың барысында өздеріңіз оқыған және дайындаған мәліметтер талқыланады), БӨЖ-ге бөлінеді. Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады. Емтихан, жазба тапсырмаларды орындау барысында - кітаптан көшіруге, ауызша жауап беру барысында - кітаптан оқып беруге тыйым салынады.

Мадақтау баллдары: 5-балл

- шығармашылық ізденісі үшін;

- оқу процесіне белсене қатысу;

- студенттік конференцияларға қатысқаны үшін;

- әр түрлі мағлұматтарды пайдаланғаны үшін.

Ескерту баллдары: мынандай жағдайларда 5 балл алынып отырады:

- материалды дер кезінде әкелмесе;

- жұмысты сапасыз орындаса;

- сабақты босатса;

- сабаққа кешігіп келсе.

Студенттің қатысуынсыз қорытынды бақылау жүргізілмейді.

Әзірлеуші ___________________ Тулебаева М.К.

(қолы)

Кафедра отырысында қаралды «2» қыркүйек 2014 ж., хаттама № 1

2. «Саяси модернизация» пәні бойынша глоссарий

Абсентеизм — халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.

Абсолютизм — жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.

Авантюризм — саясатта, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат, мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлы жолмен оңай олжа іздеушілік.

Автаркия — ел экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. Бүл әдіс өз елінің өндірісін дамыту немесе басқа да саяси мақсаттарда қолданылады.

Автократия — бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқаруды немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.

Автономия — бір мемлекет шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым.

Авторитаризм — жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп, яғни жеке басқа табынушылық.

Адам — жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

Адам құқықтары — белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында" көрсетілген.

Азаматтық қоғам — жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін коғамның күйі. Мұнда мемлекет жеке адамның өміріне араласпайды.

Альтернатива — бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу. Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.

Антагонизм — мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі

Антисемитизм — еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.

Әлеуметтік саясат — қоғамның қалыпты дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.

Әмбебап партиялар — мүшелерін емес, сайлаушылар санын қөбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды.

Бедел — саясаттағы саяси қайраткердің абыройлылығы. Бейсаясаттық — азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

Бейтараптылық — 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты.

Билеуші партиялар — мемлекеттік билікке қол жеткізген қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.

Билль — 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде Парламент қарауына ұсынылған заң жобасы; 2) жеке заңдардың атауы.

Билік — 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдар (бедел, ерік, құқык, зорлық) арқылы ықпал ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.

Бюрократизм — істің мәніне немқұрайды, формальды қарап, төрешілдікке салыну.

Вето — тыйым салу; вето құқығы — заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе занның күшін тоқтату.

Вотум —сенім білдіру-білдірмеу мәселесіне байланысты сайлау арқылы қабылданған шешім..

Геноцид — адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі кыру немесе қудалау.

Геосаясат — сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.

Геронтократия — ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән.

Глобалдылық бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Дәуір — коғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.

Декларация — үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

Делегат — съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.

Демагогия — өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.

Демаркация — екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара.

Демократия —- халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың тендігін, құкықтары мен бостандықтарын кадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылыктың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялык жағдайы қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі.

Демократиялық партиялар — басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар.

Денонсация — келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу.

Деполитизация — белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.

Денортация — жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Деспотизм 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.

Деспотия — шексіз және дара билеудің бір түрі.

Децентрализация — орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.

Дивсрсификация — мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатор — заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеушІ.

Диктатура — қарулы күшке сүйенетін, заңмен ілектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Директива — жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.

Диссидент — үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да коғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады

Еуропарламент — еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекет аралық саяси мекеме.

Еуроцентризм — ғылым, білім. мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.

Егемендік — мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Жалпы адамзаттық құндылықтар — бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналар.

Жаңарған колониализм (неоколониализм) — бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.

Жаңарған консерватизм (неконсерватизм) — бұрынғы калыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан Батыс сасаттану ғылымындағы ағым.

Жанарған либерализм (неолиберализм) — дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым.

Жаңаша саяси ойлау — КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы "қырғи қабақ соғыс" қалпынан бас тартуы.

" Жасылдар" — айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс.

Жеке басқа табынушылық — саяси қайраткерді шексіз дәріптеу.

Заң шығарушы билік — заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент.

Идеал — саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына койған жоғарғы саяси арман-мұраты.

Идеология — белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейді.

Идеялылық — саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. саналылық, мазмұн ерекшелігІ.

Интеграция — мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы.

Кворум — құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.

Квота рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі.

Келісім — мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің келісімі негізінде қабылданатын шешім.

Клика — өздерінің жеке бастарының мақсатына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы.

Коалиция 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.

Құқықтық мемлекет — демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: