Кредиттер саны: 3 6 страница

3. Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту

Негізгі түсініктер: азаматтық қоғам, президенттік республика, атқарушы билік, билік бөліну теориясы, үкіметтік емес ұйымдар

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

1994 жыл көптеген аспектілерде бетбұрыс жылы болды. Экономикалық салада ақша банк жүйесінде түбегейлі реформалау көзделіп, теңге бағамын тұрақтандыру мен жойқын инфляцияны ауыздықтау алға қойылды. Қаржыны тұрақтандыру негізгі міндет етіп қойылды, бюджеттік кірістер мен шығыстарды қатаң бақылау талап етілді. Ашық нарықтық қатынастарды құру экономиканың негіздерін түбегейлі өзгерістерге апаратын қадамдар жасауды талап етті. Осындай шешімдердің бірі 1993 жылғы нарықтық қатынастарды ырықтандыру болды. Нарыққа барар жолдағы осы қадамға Қазақстандағы тауар тапшылығы мен өсіп отырған гиперинфляция жағдайында болды. 1999 жылға қарай реформаның ықпалды көмегімен адрестік әлеуметтік көмекке өте отырып, зор көлемдегі әлеуметтік- тұрмыстық жеңілдіктердің проблемаларын шешу мүмкін болды. Сол кездегі қолданыстағы ынтымақтастық зейнет жүйесінен жаңа – жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу іске асырылды. Бюджеттік қатынастар және оған сәйкес еліміздің салық жүйесі қайта қарастырылып, қайтадан құрылды. Барлық осы қайта құрулардың нәтижелі болуының кепілі, ең алдымен ТМД-дағы ең үздік деген мәртебеге заңды түрде ие болған Қазақстанның күшті де серпінді банк жүйесі болды.

Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. Кеңестік икемсіз банк тетіктерінің барлық «тамашаларын» бастан кешірген Қазақстан үшін, енді экономиканы толыққанды дамыту үшін, бүкіл дүние жүзінде нарық жағдайында ең тиімді деп танылған, осы заманғы қос деңгейлі банк жүйесінің керектігі айқындалды. Ол тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге, инфляцияның және мемлекет пен қоғамды қаржымен қамтамасыз ету сұраныстарының проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін бірден бір жүйе болды. Қазақстан үшін капиталдың шынайы өзіндік құнын пайыздық мөлшерлермен көрсететін, ал банкілерге қарыз алғандардың қаржылық өміршеңдігі және несиелеудің экономикалық тиімділігі негізінде несие беретін жүйе қажет болды.

Шын мәнінде, «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң еліміздегі банк реформасының басы болды. Аталмыш Заң қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз етті. Мысалы, облыстық басқармалары және бөлімшелері бар Республикалық мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне айналдырылды. Республикалық Өнеркәсіп-құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық «Тұранбанкке», Агроөнеркәсіп банкі – «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп банкіне» айналды, акционерлердің ортасынан кейіннен «Қазкоммерцбанк» атанған «Қазақстан Коммерц» банкі шықты, Сыртқы сауда банкі – акционерлік-коммерциялық «Әлем-банк», Республикалық жинақ банкі – акционерлік-коммерциялық «Қазақстан Республикасының Жинақ банкі» болып аталды. 1993 жылы осы банктердің барлығы акционерлік банктерге айналды, ал Жинақ банкінің аты Қазақстан Республикасының Халық банкі деп өзгертілді. Қазір біздің банк жүйесінің екінші деңгейінің негізгі құрамы болып отырған бұл банктер Қазақстандағы аса ірі жеке- меншік банктері болып табылады. Сайып келгенде, 1993 жылы теңгені енгізудің қарсаңында Қазақстанның банк жүйесінде елеулі реформа болды: қос деңгейлі банк жүйесі қызмет етті, барлық мамандандырылған банкілер акционерлік банкіге айналды, ал Ұлттық банк орталық банктің кейбір қызметтерін атқаратын болды. Осының бәрі белгілі мөлшерде ұлттық валютаға өтуді жеңілдетті. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен-ақ Ұлттық банктің ұйымдасқанына қарамастан, ол бәрібір әлі де еліміздің классикалық түрдегі орталық банкі бола алмады. Ұлттық банк екінші дәрежедегі атқаратын қызметтерін жалғастыра берді, сол сияқты, мемлекеттік органдар жүйесіндегі оның мәртебесі де айқын болмады. Мысалы, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден орындалуын талап етті. 1995 жылы республиканың банк жүйесін реформалаудың бірінші бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның мәні банктердегі тұрғындардың өз беттерімен салған жинақтары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаржылары және сыртқы заемдары есебінен, экономикаға несие бөлуді қамтамасыз етуінде болды. Сөйтіп, Ұлттық банк саяси қысымнан және екінші деңгейдегі банктер әлдеқайда тиімді орындай алатын қызметтерді атқарудан «азат етілді». Енді ол орталық банктің тікелей қызметтерін атқаруға – тәуелсіз ақша-кредит саясатын іске асыруға және қазіргі талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруға кірісті. Банк жүйесінің дамуындағы келесі маңызды қадам –екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтудің бағдарламасының 1996 жылы желтоқсанда қабылдануы болды. Бұл бағдарлама бойынша, Қазақстандағы барлық қызмет жасап тұрған банктер 2000 жылдың соңына дейін өтімді капиталдың жеткілікті мөлшері, активтердің сапасы, бухгалтерлік есеп, менеджмент деңгейі, ақпаратты енгізу және жеткізу салалары бойынша халықаралық стандартқа жетулері тиіс болды. 2001 жылдың басында осы бағдарламаның жазбаша өкімдерінің орындалуын бақылау мақсатында, банк қызметін қадағалауды жүргізу үшін, Ұлттық банкке өкілеттілік берілді. 2000 жылы Ұлттық банкте сақтандыру және банктік бақылау, 2001 жылы бағалы қағаздар нарығын бақылау, ал 2002 жылы жинақтау зейнетақы қорын басқару қызметтері шоғырландырылды. Кейін келе, 2004 жылы, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру нарығының, зейнетақы жүйесінің қызметін реттеу қызметтері Ұлттық банктен дербес орган – Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттікке берілді, ол елдің Президентіне тікелей есеп беріп тұратын болды.

14-ДӘРІС: Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне оның жұртшылық санасына əсер етуі

Мақсаты: басқару түрі түсінігі және жіктемесін анықтау, басқару түрлерін өлшеу әдістемесін түсіндіру, федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістерді анықтау

Сұрақтар тізімі:

1. Саяси плюрализм түсінігі және жіктемесі

2. Басқару түрлерін өлшеу

3. Саяси плюрализмнің қазіргі заманғы үрдістері

Негізгі түсініктер: саяси плюрализм, мемлекет, унитарлы мемлекет, жаңғырту

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялаудағы маңызды бастамалардың бірі мемлекеттік қаржы саласын реформалау болды. Мемлекеттік қаржы саласын реформалау жөніндегі алғашқы қадамдардың бірі – 1991 жылы «Қазақстанның бюджет жүйесі туралы заңның» қабылдануы болды. Осы заңның аясында, Қазақстан Республикасының бюджетін қалыптастырудың принциптері өзгертілді, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара қарым-қатынастар анықталды. Оның негізін салушы республикалық және жергілікті бюджеттердің дербестігі туралы принцип болды. Мемлекеттік қаржы жүйесін басқаруға қатысты, 1994 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуымен Ұлттық банк те, Қаржы министрлігі де айналысты. Мұндай күлкілі жүйе тиімді бақылауды қамтамасыз ете алмады. Оны жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігінің құрамында Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл 1996 жылдан бастап бірыңғай қазына есепшоты арқылы, кірістердің және жүргізілген кассалық шығындардың жалпы сомасын есепке алу мен шығынын есептен шығару жөніндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бір жылдан кейін жергілікті бюджет бойынша төлемдік тапсырыстар арқылы шығындарды қаржыландыру тетігі тоқтатылды, қаржыландыру ісі қаржылық және бюджеттік рұқсат түріндегі лимиттер беру арқылы іске асырыла бастады. Бұл еліміздің бюджет жүйесін жетілдіру бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі болды. Бюджеттік саланы реттеуде жүйелік тәсілді қалыптастыру үшін Бюджет кодексі жасалынды, ол қолданыстағы заңнамалық нормаларды тәртіпке және жүйеге келтіруге мүмкіндік берді, олардың оралымды құрылымын қамтамасыз етті. Ұлттық қор бірінші рет еліміздің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі деп жазылды. Бұл Кодекске бюджет жүйесінің орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз еткен жаңа принциптері негізделді, бюджеттік жоспарлаудың бұрын қолданылып келген принциптері, барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыру тәсілдері қайта қарастырылды.

Ұлттық қор құру туралы идея алғашында 1997 жылдың өзінде-ақ, «Қазақстан стратегиясы – 2030» дайындалып жатқан кезде пайда болған еді. Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеру уақытында Ұлттық қор Қазақстан экономикасының беріктік қорын қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы жаһандық дағдарысқа жауап ретінде экономикалық реформалар мен өзгерістер жүргізген жоқ. Керісінше әлдеқайда сауатты қадам жасап, ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдады. Оған сәйкес қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдірілді.

Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық қолдау жасалды. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшылық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағытталған. Агроөнеркәсіптік кешенді, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Ұлттық Қордан қомақты қаражат көзі бөлінді.

Дағдарыстың кері әсерін ауыздықтау мақсатындағы жоғарыда аталған іс шаралар экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғыш шараларының біріне айналды.

Осылайша Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

15-ДӘРІС: Әлемдік саясат және Қазақстандағы саяси модернизацияның ерекшелігі.

Мақсаты: әлемдік саясат және Қазақстандағы саяси модернизацияның мәнін ашып көрсету, Қазақстандағы саяси модернизацияның ерекшелігіне талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

1. Әлемдік саясат теориялары

2. Посткеңестік елдердегі жаңғырту

3. Қазақстандағы саяси модернизацияның ерекшелігі.

Негізгі түсініктер: әлемдік саясат және Қазақстандағы саяси модернизация, жаңғырту, детерминанта

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық салалардағы модернизация төрт бағыт бойынша жүзеге асырылды және идеялық біріктіру саласында да төрт бағыт болды.

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық салалардағы модернизацияның фундаменталды бағыттары 1992 жылдың басында жобаланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң, «Қазақстан 2030» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық дамуы» «30 корпоративті көшбасшы», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президенттің 2005 жылғы жолдауының және т.б. құжаттардың негізінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасында жүргізілген саяси экономикалық модернизация үдерістері мен жүзеге асу механизмдері ұзақ, орта, қысқа мерзімге жоспарланған стратегиялық бағдарламалық негізде өмірден орын алды. Осы орайда жапон ойшылы Сенеканың «Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды», деген даналық сөзі ойға оралады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы формальды-құқықтық тәуелсіздіктен нақты тәуелсіздікке ауысу міндетін, мемлекеттілікті нығайту бағытын анықтап, жүйелі және кең көлемді экономикалық реформаларды жүргізуге «даңғыл жол» ашты. Себебі, 1993 жылғы Конституция көп жағдайда мемлекеттің саясатын кездейсоқтық пен болжаусыздыққа ұрындыратын. Бұл қағида 1993 жылғы Конституцияда қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм сынды іргелі принциптердің ескерілмеу тұрғысынан болды. Сондай ақ, 1993 жылғы Конституцияда Қазақстан демократиялық мемлекет болып табылады деп айтылған. Алайда бұның бәрі ниет қана екендігі, ал нағыз демократияның ауылы әлі алыс жатқаны белгілі болатын. Сол кезеңде Қазақстанның тек демократиялық қана емес, сонымен бірге құқықтық және әлеуметтік бағдары бар мемлекет болуы туралы мәселе тұрды. Бұған жетудің өзі алда тұрған міндет еді. Сондықтан да жаңа Конституцияға сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде» орнықтырды. Бұл дегеніміз Қазақстанның осындай мемлекетті құру жолына бағыт алғандығын көрсетті. Жаңа Конституцияда басқарудың түрі туралы мәселені түпкілікті шешудің төтенше маңызы болды. 1993 жылғы Конституцияда бұл мәселеге нақты жауап болмаған еді. Ол Конституция Қазақстанды республика деп жариялағанымен, оның нақ қандай екенін анықтап көрсетпеді. Ол кезде Қазақстанда президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді. Бір жағынан, Президент мемлекет басшысы болып табылды. Екінші жағынан, Конституцияның құрылымында жоғарғы кеңес туралы тарау президент туралы тараудың алдында тұрды, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес Қазақстан парламенттік республика ретінде танылды. Парламенттік республика, анықтама бойынша, – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың саяси партиялар басты рөл атқаратын түрі, ал олардың әр қайсысы өз мақсаттарын көздейді. Өзінің әлеуметтік базасына сүйенген ірі саяси бірлестіктердің болмауы, олардың әлі пісіп-жетілмеуі жағдайында парламенттік республика туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес еді. Қазақстан үшін бұл модельдің жарамайтындығын дамыған демократиясы бар елдердің тәжірибесі де көрсетті. Парламенттік республикаға тән белгілер – жиі-жиі болатын саяси дағдарыстар, заң шығару органдарының жиі-жиі сайлауы және үкіметтің қайта-қайта ауысуы. Бұл өзінің тәуелсіздігін аса қатаң экономикалық дағдарыс жағдайында құрып жатқан жас мемлекетті сөзсіз берекетсіздік пен тоқырауға апарып соқтырар еді. Ал реформаны іске асыру үшін тұрақты мемлекеттен маңызды ештеңе жоқ. 1995 жылғы Конституция Қазақстанды президенттік Республика деп жариялады. Президенттік басқару түрін таңдап алу Қазақстан жағдайында ең ықтималды болатын және қоғамның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ең қолайлы алғышарттарды жасайтын басқарудың дәл осы түрі еді. Екі палаталы Парламенттің құрылуы да 1993 жылғы Конституцияға өзгеріс енгізудің негізінде жүзеге асты. Конституцияға өзгерістер енгізу Үкіметтің мәртебесін және өкілеттілігін анықтауда жаңа қадамдарды орнықтырды. Атқару органдарының жүйесін басқара, олардың қызметтеріне жетекшілік жасай және өз алдына басқару шешімдерін қабылдай отырып, Үкімет экономика мен әлеуметтік саладағы істің жағдайына жауапкершілікпен бүтіндей жауап береді. Сонымен бірге, жалпыхалықтық талқылау кезінде Үкімет мүшелерінің иммунитеттерін қарастырған ереже алынып тасталды. Құқықтық мемлекеттің қалыптасу процесі 1995 жылғы Конституцияны қабылдағанға дейін енді ғана күшіне еніп келе жатқан болатын, сондықтан да соттық-құқықтық жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету экономикалық проблемаларды шешуден бірде-бір кем соқпайтын міндет еді. Бізге мұра боп қалған ескі сот жүйесі соттардың құқық қорғаушылық міндеттерінің толық іске асуын қамтамасыз етпеді. Онсыз меншік қатынастарын дамыту тіпті мүмкін емес еді. Ол кәсіпкерлік бастамаларға құрсау болды. Ал, әділетті сот жүргізудің өркениетті жүйесінің және нағыз тәуелсіз соттардың болмауы заңның орындалмау жағдайларын көбейтіп жіберді. Осының барлығы сот жүйесін шешімді түрде реформалауға алып келді, соның барысында жалпы соттар мен төрелік соттар жүйесі біріктірілді. Төрелік соттар таратылды. Себебі олар шын мәнінде арнайы соттар еді, қатарлас соттар жүйесі тек заңдық тұлғалардың арасындағы шаруашылық дауларын қарау үшін ғана қызмет жасайтын. Енді соттар мен сот қызметшілерінің мәртебесі заңнамалық түрде анықталды да, бұл әділетті сот жүргізудің құқықтық кепілдіктерін күшейтті.

Осылайша, Конституцияға өзгерістер енгізу механизмі арқылы Қазақстан өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет ретінде орнықтырды. Мемлекеттілігін нығайтты. Қазақстан республикасына сай нарықтық экономика моделін құрып, дамытуға «даңғыл жол» ашылды. Конституция экономикалық реформаларға жаңа серпін бере отырып, қазіргі нарықтық қатынастардың талаптарына жауап берген және жауап беретін Парламент пен Үкіметтің заңнамалық шеңберде қызмет жасаулары үшін тиімді нормативті құқық базасын қамтамасыз етті. Конституция мемлекеттік меншікті, сонымен бірге жеке меншікті де қорғауға тең жағдайда кепілдік береді.

Конституцияның негізінде жаңа заңнама қалыптасты. Жаңартылған конституциялық құқық жасалды. Азаматтық қоғамдағы жекеменшік қатынастарды, еркін кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық одан әрі дамытылды. Дүние жүзінің көптеген елдеріндегідей, біздің Конституция да қатып қалған догма емес. Конституцияны қолданған 10 жыл ішіндегі жинақталған тәжірибе бізге ішкі міндеттерді шешу үшін де және уақыттың өзі тудырған жаңа талаптарға тиімді жауап беру керектігін дәлелдеді.

Сол кезеңде қалыптасқан саяси және экономикалық тұрақтылықты, саяси әралуандылықты ескере отырып 2007 жылы конституциялық реформа механизмі негізінде саяси жүйеге бірқатар өзгерістер енгізілді. 2007 ж конституциялық реформаға сәйкес Парламент депутаттарының жалпы саны 154 мүше санына дейін ұлғайтылды. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттың тоқсан сегізі жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы депутат мандатын иеленеді. Мәжілістің тоғыз депутатының Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайлануы саяси жүйені модернизациялауда республиканың көпконфессионалдылығының жоғары билік эшелонында ескерілуінің айғағы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: