Кредиттер саны: 3 5 страница

Осы кезеңде әлемде екі түрлі жаһандық тенденция белең алды:

1. Капиталистік мемлекеттердің бұрынғы колонияларының орнында әлемдік картада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қатары көбейді.

2. «Кариб дағдарысына» тұспа тұс келген «қырғиқабақ» соғысының өрістеуі. Осындай жағдайда социалистік лагерь мемлекеттері тарапынан туындап отырған қауіпті былай қойып, Батыс елдерінің идеологтары үшін қоғамның ілгері дамуы тұрғысында мәселелі сұрақ туындады.

11-ДӘРІС: Посткеңестік елдердегі саяси модернизация. Орталық жəне Орталық-шығыс Европа елдеріндегі, Ресейдегі жəне ТМД-ның өзге елдеріндегі саяси модернизация.

Мақсаты: саяси модернизацияға шолу, саяси мәдениет түрлері және саяси режимнің ара-қатынасын анықтау, әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейіне талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

1. Посткеңестік елдердегі саяси модернизация

2. Орталық жəне Орталық-шығыс Европа елдеріндегі саяси модернизация

3. ТМД елдеріндегі саяси модернизация

Негізгі түсініктер: саяси мәдениет, патриархалды саяси мәдениет, азаматтық саяси мәдениет, салт-дәстүр, саяси сана, саяси идеология

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

Бір жағынан алып қарағанда Батыс мемлекеттерінің алдында жас тәуелсіз мемлекет ретінде танылған Азия және Африка континенттеріндегі серіктестерінен айырылып қалу қаупі тұрды. Себебі, Азия және Африка елдерінің барлығы социалистік жүйені мойындап, сол арқылы капиталистік мемлекеттердің позициясын әлсіретуге толық мүмкіндіктері болды.

Екінші жағынан, «жаңа мемлекеттерде» артта қалудың сақталуы үздіксіз дамып келе жатқан Батыс елдеріне өндіріс көлеміне кедергі келтіретіндей болды. Тауар көлемі өсіп келе жатқан Батыс елдері үшін жаңа нарықты қалыптастыру немесе қайта құру қажеттігі туындады. Осындай тенденция негізінде 1929-1933 жылдарда орын алған «ұлы депрессия» құбылысының қайта туындау қаупі Батыс елдерін қатты мазалады. Бұрынғы, колониалды мемлекеттерде ілгері дамуға жол бермей, артта қалу деңгейін сақтап тұру саясатының орнына жаңа идеологияның қажеттілігі өзінің өзектілігін көрсетті. Жаңа саясат мешеу қалған қоғамның жылдам экономикалық дамуын мойындап, мүмкіндік туғызатындай деңгейде болуы заман талабы еді. Екіншіден, саяси ағымда Батыстық либералдық үлгідегі демократиялық режимге өтуді негіздейтіндей дәрежеде болу міндетті болды. Осы орайда, «модернизация теориялары» деген жалпылама аталымға ие болған көптеген теориялар туындай бастады. Модернизация теориясы «Американдық университеттердің қабырғасында тұжырымдалып, саяси тұрғыда жүзеге асырыла бастағаннан кейін ғана билік тарапынан назарға ілікті».

Жоғарыда аталған шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің модернизацияға қатысты түсініктерін сараптай келе, модернизация қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын көпқырлы қайта құру үрдісі болып табылады. Модернизацияны "модернити" мәдениетінен бөліп қарау мүмкін емес. Модернизация іс-кимылдағы "модернити". "Модернити" дегеніміз бұл еуропалық тиімділікке, материалдық байлықты ұлғайтуға және техникалық прогресске ұмтылу, табиғатқа өз күші мен білімін жұмсайтын объект ретінде қарау. Бұл әлеуметтік теңдік және жеке еркіндік идеясы, индивидуализм, адамның өндірістегі, тұтынушылык және өмір сүру бейнесіндегі, құқықтық ережелердегі, саяси институттар мен моральдық құндылықтардағы өзгерістерге дайын болуы. Сонымен қатар, осындай өзгерістерді жүзеге асыруда белсенділік танытып, «бастаушысы» бола білуі. «Модернити» адамның кеңістікті игеруі мен дамытуды жылдамдату.

12-ДӘРІС: Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері.

Мақсаты: мемлекеттік саясатты қалыптастыру үлгілеріне талдау, мемлекеттік саясат қалыптастыру кезеңдеріне сипаттама беру, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: мониторинг және баға беру түсіндіру

Сұрақтар тізімі:

1. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация

2. Мемлекеттік саясат қалыптастыру кезеңдері

3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: мониторинг және баға беру

Негізгі түсініктер: Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация, мемлекеттік саясат, теория, институционализм, ойындар теориясы, мақсаттар ағашы, жариялылық саясат

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

XX- ХХI ғасырдағы модернизациялық үдерістер терең маңызға ие болды. Көптеген мемлекеттер заманауи құндылықтарға бой алдырды. Дәстүрлі қоғамдарды жаңғыруға итермелеген әртүрлі субъективті және объективті сипаттағы себептер еді. Посткеңестік республикалардағы саяси экономикалық модернизация үдерісінің мәні спецификалық ерекшеліктерге ие. Халықаралық саяси үдерістерде посткеңестік республикалардағы модернизациялық өзгерістер мүлдем жаңа құбылыс іспеттес болды. Мұның басты себебі, саяси ғылымдарда посткеңестік елдерде, оның ішінде Қазақстанда модернизациялық өзгерістерді жүргізудің дайын моделі болмады. Дегенмен, Қазақстандағы өзгерістер, яғни модернизация «жоғарыдан» басталды. Бұл посткеңестік республикалардың дамуындағы объективті факторлармен түсіндіріледі. Орта таптың жоқтығы, саяси факторларға сүйенуде әлеуметтік базаның болмауы, азаматтық қоғамның әлі жетілмегендігі, қалыптасқан қоғамдық демократиялық мәдениеттің кенжелігі т.б. «Жоғарыдан» жүргізілетін модернизация үлгісі көбінесе мемлекеттік биліктің анықтаушы ролін ұйғаратындықтан биліктің ұйымдастырылуы, қызмет істеу тетіктері, оның бөлінісі мен нысандары өтпелі кезеңде зор маңызға ие болады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі трансформация биліктің өкілетті және заң шығарушы жүйесіндегі өзгерістерден басталды. Еліміздегі саяси жүйенің қызмет тетігінің плюралистік сипатқа өтуінің тұңғыш белесі 1990 жылы Конституцияға Қазақстанда КОКП-ң билікке монополиясы жойылып, Президент лауазымының енгізілуі болды. Осы жылы конституцияға өзгертулер енгізіліп, мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға, республика саясатын әзірлеуге халық депутаттары кеңесіне сайлану және басқа да жолдармен қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстар Қазақстан Компартиясымен бірге өз өкілдері арқылы қатыса алатын болды. Бұл еліміздегі саяси жүйенің қызмет тетігінің тұтастық сипаттан плюралистік сипатқа өтуінің тұңғыш қадамы болды. Бұрынғы коммунистік құрылыс мақсатында азаматтардың қоғамдық ұйымдарға бірігуін негіздейтін конституциялық шектеулер алынып тасталды.

1991 жылғы тамыз айындағы төтенше жағдай мемлекеттік комитетінің қарулы көтеріліс жасаудағы сәтсіз талпынысынан кейін саяси өзгерістердің келесі сатысы басталды.

ҚазССР басшылығымен Жоғары Кеңестің кезектен тыс сессиясы шақырылып, 24-25 тамызда болған мәжілістің күн тәртібіне «Ағымдағы уақытты бағалау шаралары туралы» мәселе қойылды. Нәтижесінде Республика Конституциясына өзгертулер енгізілді. Бұл түзетулердің басты мазмұны КОКП-ң биліктен де-юре, де-факто аластатылуы болды. Осыған байланысты ҚазССР Президентінің ҚазССР-нің Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Мемлекеттік төрелік, Сот, кеден органдарындағы саяси партиялар басқа да қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстар қызметтерін тоқтату туралы (1991 жыл 22 тамыз) "Мемлекеттік билік, басқару органдарында тиісті тұлғалар басқару қызметтерімен бірге саяси партиялар және басқа да қоғамдық - саяси бірлестіктердегі басқару қызметтерін бірге алып жүруге жол бермейтіндігі туралы",- жарлығы шықты.

Компартия монополиясының бұғауынан босанған Жоғарғы Кеңес өзінің эволюциялық жолын бастады. 1990 ж. 1 сәуірде ҚазССР-ң "Президент лауазымының бекітілуі және ҚазССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы",- заңы қабылданды. Осы заң Жоғарғы Кеңес пен Министрлер Кеңесіне қатысты өкілеттіліктерді бөлісуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, 1990 жылғы ҚазССР мемлекеттік егемендігі декларациясында мемлекеттік билік бөлінісі жарияланды. Осы жылы Премьер-министр лауазымы енгізілді. Заң шығарушы билік - Жоғарғы Кеңес, Президент - Республика басшысы және атқарушы билік, ал Жоғарғы Сот билігі ҚазССР-ң Жоғарғы Соты болып көрсетілді. Президент лауазымының енгізілуі Жоғары Кеңес төрағасын ел ішінде және халықаралық қатынастарда ҚазССР-ін өкілдендіруші жоғарғы лауазымды тұлға мәртебесінен айырды. Осыған байланысты, Жоғарғы Кеңес Төрағасы зандарға қол қою және елдегі жағдай туралы баяндама жолдау құқынан ажыратылды. Бұл жұмыс мемлекет басшысының қатысуымен жүргізілетін болды. Президентке Министрлер Кеңесін құру құқықтық әлеуеті берілді. Бұл бұрын Жоғарғы Кеңес құзырында болған еді.

Осылайша, Президент қолына шексіз болмаса да, орталық атқарушы билікті құру мен оның қызметіне ықпал етудің шынайы тетіктері өтті. Модернизация теориясының негізін салушы ғалымдардың көзқарасына сәйкес дәстүрлі қоғамнан заманауи қоғамға өту тек орталықтанған билік негізінде сауатты түрде жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының демократияланған қоғамға трансформация барысында автотаритарлы билік белгілерінің болуы заңды құбылыс.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға сәйкес Республика Жоғарғы Кеңесі заң шығарушы билікті жүзеге асырды және оған Президентпен қатар Қазақстан халқы атынан сөйлеу құқы берілді. Жоғарғы Кеңес халық еркін білдіруші ретінде бекітілді. Бұл кезеңдегі Президент мәртебесі жаңа енгізілді. Жоғарғы Кеңеспен қатар халық өкілдігіне иеленді. Егер 1990 жылы Президентті Жоғарғы Кеңес сайлайтын болса, енді 1991 жылы Президентті сайлау жолы өзгертіліп, ол бүкілхалықтык сайлау негізінде мемлекет басшысы болды.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесін модернизациялау бағытындағы келесі өзгерістер 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша енгізілді. Енді Президент пен Жоғарғы Кеңес мәртебелерін жоғарылатуға бағытталған тұжырымдар нақтылана түсті. Президент "Қазақстан Республикасы және оның атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы, Республика зандары және Конституциясы, азаматтар бостандығы мен құқықтарының кепілі" болып анықталды.

Ал Премьер-министр "Министрлер Кабинетінің қызметін тікелей басқарушысы" болып бекітілді. Атқарушы билік мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде жарияланды, Үкіметтің құрылу тәртібі өзгертілді. Ендігі кезекте Жоғарғы Кеңес келісімі тек Президент тағайындаған Премьер-министрге және атқарушы билік жүйесіндегі басты лауазымдарға: сыртқы және ішкі істер, қорғаныс, қаржы министрлері мен МҚК-і басшысына ғана қажетті болады. Қалған лауазымдарға тағайындау Жоғарғы заң шығарушы орган келісімін талап етпейтін болды. Атқарушы биліктің Жоғарғы Кеңес алдындағы жауапкершілік жағдайлары да біршама өзгертілді. Министрлер Кабинеті Президент алдында жауапты. Жоғарғы Кеңес алдындағы жауаптылық шектеулі сипат алды. Ендігі кезекте Министрлер Кабинетінің мүшесі мерзімінен бұрын қызметтен босату мәселесін тек ол Конституция және мемлекет заңдарын бұзғанда ғана Жоғарғы Кеңес Президент алдында қоя алды. Тұтастай алғанда, билік өкілеттіліктерін бөлу Жоғарғы Кеңес пен атқарушы Кеңес арасында соңғысының пайдасына шешілді.

Конституция жоғары құзырын қамтамасыз ету, конституциялық заңдылық пен адам құқын, бостандықтарын қорғау бойынша мемлекеттік биліктің негізгі міндеттерінің бірін сот билік тармағы жүзеге асырады.

Қазақстан сот жүйесінде Конституцияның негізгі қағидаларына сәйкес қатаң түрде реформалау жүргізілді. Жалпы және төрелік соттары біріктіріліп, сот төрелігінің құқықтық кепілдіктерін нығайту үшін соттар мәртебелері анықталды. Ендігі жерде соттар қызметіне араласуға жол берілмейтіні, олардың ешкімге нақты іс бойынша есеп бермейтіндігі және тек Конституция мен заңға бағынатындығы бекітілді.

Еліміздің жаңа Конституциясына сәйкес республиканың сот-құқықтық жүйесін түбірімен өзгертуге бағыт ұсталды. Бірақ мұндай бағыттағы тұжырым дайындалғанымен, ол Жоғарғы Кеңеспен қаралған жоқ. 1995 ж. екі палаталы Парламенттің қалыптасуынан Қазақстандық парламентаризмнің дамуындағы жаңа кезең туралы айтуымызға болады. Осы тұрғыдан елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қос палаталы Парламенттің 1996 жылғы 30 қаңтарда өткен бірінші мәжілісінде сөйлеген сөзі ерекше маңызды. Н.Ә. Назарбаевтың «...біз Қазақстанның шынайы, өркениетті парламентаризмінің мөлдір бастауында тұрмыз» деген ойының мәні зор. Мінеки, осы уақыттан бастап отандық зерттеушілер пікірінше, елімізде кәсіби парламенті қалыптаса бастады. Енді кәсіби деп өз атауы да айтып тұрғандай, Парламент депутаттары тек сессияларға жиналып қана қоймай, тұрақты негізде қызмет жасай бастады. 1995ж. Конституция мен «Қазақстан Республикасы Парламенті
және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес заң шығарушы орган мен оның мүшелерінің мәртебесі айқындалды. Парламент функциялары, оның мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен қарым-қатынасы, депутаттардың мәртебесі т.б. маңызды мәселелер заңмен негізделді. Қос палаталы Парламент Жоғарғы Кеңестер сияқты жылына 2-3 рет өткізілетін сессияларға жиналып отыратын өкілді орган емес, сессиялары жылда қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, келер жылғы маусымның соңғы жұмыс күні біткенше тұрақты қызмет ететін, еліміздегі заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органға айналды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2005 ж. Қазақстан халқына жолдауында еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы тиімді шаралардың қатарында биліктің заң шығарушы тармағының беделін көтеру мәселесін атап көрсеткен. Осы іс-шаралардың қатарында «Орталық сайлау комиссиясын, Конституциялық Кеңесті және Есеп комитетін құрудағы Парламенттің қос палатасының рөлін арттыру. Парламент көпшілік негізінде Үкімет құрамын жасақтау тетіктері мен әлеуметтік- экономикалық сала министрлерінің кандидатураларын тиісті комитеттерде талқылау» қажеттілігі айтылған. Яғни парламенттің бақылау функциясын кеңейту арқылы, оның беделін көтеру. Бұл көзделген бағыт 2007 ж конституциялық реформаның аясында жүзеге асты.

2007 ж. бастап қазақстандық парламент дамуындағы жаңа кезең туралы айтуға болады. 2006 ж. құрылған мемлекеттік комиссияның ұсынған демократиялық реформаларының негізгі бағыттарының бірі осы парламент өкілеттілігін кеңейту. 2007 ж. сәуір айында қабылданған жарлыққа сәйкес Парламенттің Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастырудағы, сондай-ақ бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылау мәселелеріндегі өкілеттіліктері ұлғайтылды. Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы рөлі күшейтілді. 2007 ж. конституциялық реформаға сәйкес Парламент депутаттарының жалпы саны 154 мүше санына дейін ұлғайтылды. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттың тоқсан сегізі жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы депутат мандатын иеленеді. Мәжілістің тоғыз депутатының Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайлануы саяси жүйені модернизациялауда республиканың көпконфессионалдылығының жоғары билік эшелонында ескерілуінің айғағы. Консенсус және конструктивті өзара ықпалдастықтың арқасында Қазақстан Республикасында заң шығарушы билік трансформациясы өте сауатты түрде жүргізілді. Конституциялық реформаның негізінде мәжіліс депутаттары санының ұлғайтылуы, Қазақстан Республикасында партиялық жүйесінің дамуының кемелденген шағын айқындайды. Модернизациялық теорияға, және әлем елдері басынан өткерген тәжірибеге сүйенсек жағымды экономикалық алғышартсыз саяси модернизация нәтижесіз болады.

Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Қазақстан жағдайында жоспарлы-әкімшілдік экономикадан нарықтық қатынасқа «көшу» керектігі айқын болды. Алайда, экономика ғылымы жаңа тенденцияларға сай келетін нарықтық экономикаға көшудің айқын моделін бере алмады. Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестікті нығайту арқылы соларды дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі өткір тұрды. Барлық қалған әлемді «қуып жетушінің» жағдайындағы Қазақтан республикасының алдында тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір қазақстандықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды.

1992 жылдың басында жасалған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Қазақстанның орташа мерзімдегі тұңғыш жалпымемлекеттік жоспарлау тәжірибесі болды. Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білу жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды. Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті. Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Мемлекет болашақта мемлекеттік меншік үлесінің 30-40 пайызға дейін қысқаратыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Алға қойған экономикалық мақсаттарға жету үшін тиісті бюджеттік, салықтық, қаржы-несиелік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру кезінде экономиканы реттеудің жанама тәсілдерін қолдану ойластырылды. Стратегия Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарыққа, тоталитарлықтан режимнен либералдық саясатқа көшетінін белгіледі. Тәуелсіздік алысымен алғашқы кезекте биліктің мемлекеттік институттарын құрып, жалпы халықаралық аренада танылу, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға кіру қажеттігі тұрды. Күшті президенттік билік негізінде құрылған егемен мемлекеттің дамуы стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Жас республикаға мемлекеттілік нобайын айқын белгілеп алу қажет болды. Уақыттан ұтылып қалмауды және дағдарыстың әрі қарай тереңдей түсу қаупін ескере келіп, президенттік билік кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және ымырашыл-жартыкештердің ақыл кеңестері мен ізденулеріне көңіл аудармай, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Елімізде тұрақты әлеуметтік-саяси жағдайдың сақталуы, ұлттық валютаның табысты енгізілуі, халықаралық қаржы институттарына кіруі және экономиканың әкімшіл-әміршіл принциптерінен түбегейлі бас тартуы, осының нәтижесінде, халықаралық қауымдастықтың Қазақстанды мойындауы – экономика саласын реформалаудың алғашқы кезеңіндегі басты жетістіктері болды.

13-ДӘРІС: Азаматтық қоғам қалыптасуы. Азаматтық қоғамның құқықтық негіздері. Республикада үкіметтік емес ұйымдарды дамытудағы проблемалар.

Мақсаты: Азаматтық қоғамның қалыптасуы және түрлеріне сипаттама, посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктерін анықтау, президент институтының саяси үдерістегі рөлі мен орнын көрсету

Сұрақтар тізімі:

1. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және түрлері

2. Посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: