А) Сілтеу есімдігі

Лекция

Тақырып: Қазақ тілінің теориясы мен тарихы

(1-сағат)

Жоспар

1. Қазақ тілі теориясы мен тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

2. Қазақ тілі тарихын зерттеу әдістері

3. Қазақ тілі тарихын кезеңдерге бөлу

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

3. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарының „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні:

1.Тарихи-саластырмалы әдістің басты шарты - тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру.Бұл әдістің қоланылатын мынандай негізігі орындары бар:

1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, біріақ бір жүеге жататын, қызметі мен семантикалық жағымен бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүретін, бір – біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру.

Тарихи – салыстырмалы әдістің қолданудың мақсаты қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау.

Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік деп. Бұл тәсіл бойынша зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Ретроспективті тәсіл, соныменРетроспективті тәсіл, сонымен, туыс тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды мақсат етеді.

Бұл тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген түрін інетей реконструкция тәсілі деп атайды. Бұл тәсіл синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады да, өзгерістің бағыты мен түрі анықталады.

2. Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады. Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі туркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, қарағас вокализм тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне - көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі.

3. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі – ареальдық әдіс. Бұл әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің орны мен таралу аймағын айқындап, ол нәтижелерді тілдің тарихи өзгерістерінің бір түрі ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады. Аресидың әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп аталады. Себебі ареальдық әдіс бір – біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түркмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын анықтау ареальдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Сонымен бірге Оңтүстікте орналасқан қазақтардың тілі туралы зерттеулер қазақ - өзбек байланысымен қоса, араб – парсы тілдерінде назардан тыс қалдырмайды.

4. Синхрондық сипатау әдісі белгілі бір дәуірдегі тілді жан – жақты сипаттауға құрылады. Екінші сөзбен, белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін өзгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, қысқасы бүкіл механизмін түгелдей дәлелдеп шығу синхрондық сипаттау әдісінің үлесіне тиеді.

Бұл әдіс диахроникалық зерттеуде синрондық әдісті қолдану болып табылады. Бұл арқылы тілдік фактілер бір – біріне бағынышсыз, оқшау алып қаралмайды, белгілі жүйені құрайтын тәсілдер ретінде қарастырылады. Бұндай зерттеудің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдің функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл жасауға тиіс болады.

5. Тіл тарихын зерттеуде әр кез қолданыс табатын немесе ойда болатын әдістердің бірі – типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі.

Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тіл – тілдер бір – бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Ортақ заңдылықтар, ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін.

Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы басқы буынының екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдердің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық.

Қазақ тілінің грамматикалық құрылыстың даму тарихын зертеп, түсіндіруде осы аталған зерттеу әдістерінің қайсысы да қолданылып келеді.

Қазақ тілінің қалыптасу даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің, біршама “жаңа” деп қаралатын тобына жатқызылады. Себебі, қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болсада, “қазақ” деп аталатын бір тұтас халық ХҮ – ХҮІ ғасырдларда барып қалыптасады. Осы ерекшелікті ескере отрып, қазақ тілінің тарихын кезенңдерін мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір, - бұл дәуір, шамамен, б.з Ү – ғасырға дейін созылады, екі түрлі дәуірден тұрады: Алтай бірлестігі (б.з.д. 3 ғасыр), Хун бірлестігі (б.з.д. 3 ғ-дан – б.з 5 ғ.) 2) Түркі бірлестігі дәуірі де екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты (Ү-Х ғасыр). Орта түркі кезеңі (Х- ХҮ ғ.) 3) Қазақ халық тілінің даму түрі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.) 4) Қазақ ұлтық тілінің қалыптасу дәуірі (ХІХ ғ.)

ХҮІІ – ХҮІІІ ғасыырлар қазақтың халық тілініңі даму дәуірі болды. Біртұтас тілдік жүйелер қалыптасқан халық тілі құрамында нормалану жүреді. Олай етпейінше, тіл сол халықтың қоғамдық қатынас құралы болмас еділ. Қоғамдық - әлеуметік, экономикалық дамудың басты шартарының бірі де, ондай дамудың негізі де – біртұтас, сол халықтың барлық өкілдеріне ортақ, барлығына түсінікті қатынас құралы – тілдің болуын қажет етеді. Бұл қай халық тілінің тарихында да болатын тарихи белес. Қазақ тілі сондай белесті ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырда өткізді. Бұл дәуірде қазақ тілі құрамында жеке диалектілік топтардың айқындалу негізі болды. Алғашқы негізі рулық, тайпалық тілдер болған тілдік жлүйелер қазақтардың жүзге жүктеліп, белгілі территориялар да қоныс тебуінің нәтижесінде этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этно – региональдық сипатқа ие болды. Жалпы халықтық тіл қазақ халқының құрамына енген негізгі рулармен тайпалар тілдіренің жинақталған, жалпыхалықтық тілінің дамуына көрші туыстас сонымен бірге басқа да тілдердің әсері тиіп отырды.

Лекция

Тақырып: Қазақ тілінің теориясы мен тарихы пәні тіл ғылымы салалармен байланысы

(1 сағат)

Жоспар:

1. Қазақ әдеби тілі

2. Диалектология. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

2. Томаков М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

3. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.

4. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелер. А., 1695.

5. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарыны „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні

Қазақ тілі шығу тегі және құрылымы жағынан түркі тілдері семьясына жатады, ол тілдерде сөйлейтін халықтар Дунайға дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орат Азия, Сібір, Кафказ, Кіші Азия жерлері мекен еткен. Басқа тілдер семьясымен салыстырғанда түркі тілдері грамматикалық құоылысы мен сөздік құрамы жағынан бір – біріне өте жақын.Тілдерінде ортақ белгілері көпкездесетіндіктен, бірқатар түрік халықтарның өкілдері (қазақ, өзбек, башқұрт, татар, ноғай, қарақалпақ, ұйғыр, азербайжан, т.б. бір-бірімен түсінесе алады).

Түркі тілдерінің жақындығын оларға тән мынандай жалпы типологиялық белгілерден көруге болады:

- фонетика саласында: тілдің және еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстарға езу үндестігі және ерін үндестігі, ал дауысыз дыбыстарға олардың өзара үйлесіп отыруына байланысты ықпал үндестігі тән екендігі;

- морфология саласында: сөзжасам мен сөз түрлендіру тұлғалары сөздің түбірі мен негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатыны, сол себепті түкі тілдері жалғамалы тілдер деп аталатыны, грамматикалық род категоряиысының болмайтыны, тәуелдеу категориясының арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатыны, предлогтардың қызметін септеулік шылаулар атқаратынын т.б.

- синтаксис саласында: сөз тіркесі мен сөйлемде сөздердің өзіндік орны тәртібі қалыптасқаны, ол тәртіп бойынша сөзінің алдында орналасатыны, анықтауыш пен анықталушы сөздердің тұлға жағынан өзара қиыспайтыны; сабақтас құрмалас сөйлемдардің бағынышты сыңарларының негізінен есімшелік, көсемшелік оралымдармен беріліп отыратыны т.б.

Қазақ тілі батыс түркі тілдерінң өыпшақ тобына енеді. Батыс түркі тілдеріне одан баяқа бұлғар, оғыз, қарлық тобындағы тілдер жатады. Қыпшақ тобындағы тілдердің басқа топтардан негізгі тілдік ерекшеліктері төмендегідей:

- дыбыстық ерекшеліктері: а) сегіз не тоғыз дауысты дыбстың болуы, ә) қосымшаларды қысаң дауыстылардың еріндікке айналмауы, б) дауыстыларда ерін үндестігінің әлсәз болуы, в) созылыңқы дауыстылардың болмауы, г) дауысты және дауыссыз дыбстардың көне тіркестеріне жаңа тіркестердің сәйкес келуі: ағ-ав (ау), ег-ий, өг-үй, мысалы, тағ-тау, тег-тий, өгрен-үйрен, д) сөз басында қатаң т,к, қ дыбыстарының қолданылуы (ср. Тіл,кел, ал оғыз тілдерінде дил, гэл), сөйте тұра сөз басында ұяң б дыбысның айтылуы (балта), е) сөз басында и – ж – дж дыбыстарының тұрақсыздығы (йақшы – жақсы - джақсы), ж) дауысты дыбыстар арасында п-б, қ-ғ, к-г болып ұяңдап кетуі (қақ – қағу, көк-көгеру, тап-табу) т.б.

Көне түркі тілінде болашақ қазақ халқының негізін құраған тайпалар, тайпалық одақтар айқындала бастаған. ҮІІ – ІХ ғаысрларда қазақтың ірі тайпалық одақтарының негізі салында деген пікір бар. Жүздер тек ру – тайпалардың жалаң туыстық бірлестігі емес, олардың типологиялық, қоғамдық – экономикалық жағынан бірлестігінің де нәтижесі болып табылады. «Жүз» деп әдетте қазақ халқына қарасты және тарихи дәстүр арақылы белгіленген жалпы қазақ территориясының бір бөлігін мекендеген тайпалардың ірі бірлестіктерін (немесе одақтарын) атау қабылданған.

Қазақ жеріндегі тайпалық тілдердің бұдан кейінгі дамуы түрік тілдерінң ортағасырлық дәуірінде қазақ жеріндегі тайпалық тілдер (диалектілер) жергілікті сипат алып, онан ары дамыды. Сонымен тірге олардың бәріне ортақ тілдік белгілері де жетіле түсті. Мұның өзі болашақ бірыңғай халық тілінің жасалуына бетбұрыс еді.

Тайпалық одақтар тілінде олардың бәріне ортақ халықтық тіл белгілерінің басым болуы бірыңғай халық тілінің дамуы мүмкіндік береді. Мұның өзіне қазақ тілі қыпшақ тілдеріне, оның ішіне қыпшақ – ноғай тобындағы тілдерге тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жетіліп отырады. Бұл процесс, яғни қазақтың халық тілінің қалыптасуы, ХҮ-ХҮІ ғасырлардан басталып, ХІХ ғксырдың 2-жартысына дейні созылды.

Қыпшақ тл\ілдері өз ішінде үш топқа бөлінеді: қыпшақ-бұлғар тобы, қыпшақ – половец тобы, қыпшақ-ноғай тобы. Қазақ тілі қыпшақ – ноғай тобына кіреді. Оған қазақ тілінен басқа ноғай, қарақалпақ тілдері және өзбек тілінің қыпшақ диалектілері енеді.

Қазақта тайпалық одақтар болғаны жаыйында тарихышыла мен тіл мамандарының арасында талас жоқ. Онда тайпалық одақтар үш жүз немесе үш орда мекен бәрі де мойындады. Жүздер қазақ қоғамындағы феодальдық бөлініс кененін де бәрәі де бмойындайды. Демек бұл бөлініс қоғамның эканомикалық саяси аудиториялық бөлінісіне сай келеді. Револю циядан бұрын да одан кейінде бірен саран болмаса қазақта дөздерінің ру тайпалсын үш жүздің біріне жатқызады.

Енді біздің алдымызда: “жүз” сөзінің өзін нені білдіреді. Қазақтардың осылайша бөлінуі қашан және неге байланысты деген сұрақтар туады. Қазақ тарихындағы жүздердің шығу тегі және қалыптасу мәселесін анықтау этногенез мәселелсінің аса маңызды одан ажыратуға болмайтын бөлігі болып табылады. Бұл проблеманы айқындап алмағанша қазақ халқының және оның біртұтас тілінің қалыптасу туралы мәселені шешешу мүмкін емес. Бұл мәселелер жергілікті аймақтық диалектілердің қалыптасуымен тығыз байланысты, сеьеі мұндай бөліністі не ғұрлым күшті бірліктің тайпалар одағының жекеленуі және тіл жағынан аса жақын туыстас тайпалапдың одағының жекеленуі тұрғысынан қарау қажет. Тайпалық одақтардағы қазақ хандары бөлудің осы дәстурін қабылдап өз иелігіндегі жерлерді өзінше атаған болып шығады. Бірақ ода не себепті өзбек, башқұрт, татар, қарағалпақ, түрікмен жүзге бөлінбейді деген сұрақ туады. Олар да белгілі бір монғол ұлыстарына кірген ой. Екіншіден не себепті манғолдар бұл дамыға (ХІІІ - ХІҮ) ұлыс термині қазақтар “жүз” терминімен ауыстырған. Жүздердің шығу тегімен қалыптасуы жайында Зернов былай деп жазған: “Меніңше бұл жұмбақ бөліністі қырғыз – қайсатардың Ташкент пен Түркістан билеген дәуірінде яғни ХҮІІ ғасырға қатысты деуге болмас па екен. Жаулап алған өлкеде қала қырғыз қазақтарды жартылай отырықшы бөлігі сахарадағы көшпелілерде бөлінуге тиіс болды. Осылайша ордалар пайда болған. Ташкент пен Түркістан өздеріне жақын елімен орта Орданы құрастырған.

Ш. Уәлихановтың пікрінше қыпшақ немесе Түрікстан ордаларынан бөлінген ордалар мен тайпалар ХҮ-ХҮІ ғғ.-да қазақтың үш жүзін құраған. Қазақ қоғамының ұлы, орта, кіші жүздерге бөлінуі монғол үлгісімен пайда болған сияқты. Бұған байланысты ол ежелгі моңғол заңы бойынша ең алғашқы одақ “кіші орда” атына ие болғандар алшындар болуға тиіс деп тұжырымдайды.

Кейбір тарихшылар жүздер замандарда –ақ болғаныны ұмытып А. Левшиннің пікіріне сүйенеді де, сонымен мәселе шешілді деп есептейді.

Жүздердің қалыптасу тарихымен Қазақстан трихшыларынан ешкім шын мәнінде шұғылданбаған.

Үш жүздің қалыатасуы жөнінде біздің пікірімізге жақын пікірді “Қазақ халқының қылыптасу тарихына” дейтін мақаласында х. Әділгереев айтты. Бұдан басқа бұл жөнінде кейбір жолдастардың (Н.Сауранбаев, Г.Санжеев т.б.) жорамал пікірлері де болды.

“Жүз” термині аударғанда “сотня” (сто) дегенді білдіреді, әрбір жүзде салық жинайтын жүз шенунік болған деп жорамалдайды.

Тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуінің шарты бұл бұл тайпалардың тіл жағынан туыстығына байланысты. “Бір тілдің диалектілерінде сөйлеген тайпалар-деп жазды Маркс,-бір-бірімен түсінісе алады, олардың шыққан тегі ортақ болғандықтан, дау-шарды реттеп, үйренісе алады, бір-біріне табиғи одақтастар ретінде қарайды”.

Шын мәнінде Радлов жарилаған “Кодекс куманикус” мәтінінде тек ілік, табыс септіктері ғана емес, сонымен бірег шығыс, барыс, көмектес септіктерінің септелуі де қазақ тіліндегі

Лекция

Тақырыбы: Қазақ тілі тарихын зертеудің әдістері

(1-сағат)

Жоспар:

1. Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері

2. Тарихи грамматика

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

2. Томаков М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

3. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелер. А., 1695.

4. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарыны „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Жолдасбеков А. Асыл арналар. А., 1990.

5. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні

Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер саласы және солардың негізінде қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Сөйтіп «тарихи грамматика» дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика мен тарихи фонетика да еске алынады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі мақсаты – тілдің барлық салаларының да даму заңдылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады.

Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы тіл білімнің бір саласы ретінде ұғынылады. Ал тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихына ажырайтыны белгілі. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың негізгі айырмасы - оның зертеу, түсіндіру объектісінде. Тарихи грамматиканың зертейтін, түсіндіретін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сөйлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші сөзбен, тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйелеген әдеби тіл ескерткіші негізінде де халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары негізінде айтылады. Дегенмен тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісін де өзінің орнымен қайталанып отырады. Мәселе мынада: әдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан әдеби тілдің даму жолдарын, оның нормалар жүйесін, әр кезең, дәуірдегі өзгерістерін қарастырады. Ондай өзгерістердің түрлерін, сөз иіндерін қалыптастыру, дамытудағы ролін де назардан тыс қалдырмайды. Қысқасы әдеби тіл тарихы зертейтін жазба әдеби тіл де сөйлеу тілі тәрізді қоғамның қатынас құралы қызметін атқарады. Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасады, кейінгі дамуда бұлар бір-бірімен тығыз байлансыта, тығыз қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне өзара ықпал жасайды.

Қазақ тілінің тарихи грамматика пәнінің «Түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы», сондай-ақ «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» деп аталатын пәндермен байланысы мен айырмашылығы қандай? – дейтін орныды сұрақтар туады. Сондай сұрақтың тууы, ең алдымен, филологиялық жоғарғы оқу орындарында сол пәндерді оқытудың практикасымен ұштасып жатады.

«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» деп аталатын пән түркі тілдерін салыстыра зертеудің нәтижесінде, отандық туркологияның жинақталған алғашқы зерттеулер жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл пәннің құрамынан екі түрлі саланы ажыратуға болады: біріншіден, барлық түркі тілдерінің түп негізін жобалау, әрбір тарихи дәуірде оларға ортақ даму заңдылықтарын ашу сипатындағы зерттеулер.

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы түркі тілдерінің салытырмалы грамматикасымен сөз жоқ, байланысты.Ең алдымен жалпы түркологиялық зерттеулер болады да, кейін сол зертеулердің бір саласы ретінде қазақ тілінің тарихи грамматикасы пән ретінде қалыптаса бастады. Жеке түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы да ең әуелі осы жолмен пайда болды. Қысқасы, қазақ тілінің тарихы жайлы ғылымның өзі бастауын әуелі тарихи-салыстырмалы түркологиядан алды.

Дегенмен, «тарихи грамматика» «түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасынан» бөлек, дербес пән, дербес ғылым саласы. Тарихи салыстырмалы туркология жалпы түркілік күйді, тарихтың көне, есік дәуіріндегі оларға ортақ заңдылықтарды түсіндіріп жеке тілдердің қалыптасу дәуіріне келген жерден қазақ тілінің тарихы басталады. Жалпы түркілік сипат аяқталып, жеке тайпалар мен рулардың халық болып бірігуі дәуірінде - ақ қазақ тілінің тарихи мәселелелері өз ерекшелігімен бой көрсете бастайды. Бұл түркі тілдері салыстырмалы грамматикасының алғашқы саласынан барып туатын айырмашылық. Ал түркі тілдерін синхрондық күй тұрғысынан салыстыру, сол арқылы олардың өзара айырым белгілерін айқындау – бұл тарихи грамматикамен тікелей байланыспайтын сала. Мұндай зерттеу – тілдердің бүгінгі дербестігі, олардың әрқайсысына тән заңдылықтар жүйесі орныққандығы тұрғысынан, жеке, дербес тіл болғандықтан ғана мүмкін болады.

Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің тарихын білудің көздері қандай, ненің негізінде зерттей аламыз – тарихи грамматика пәнінің алдын ала айқындап алар мәселесінің бірі осы.

Қазақ тілі фонетикасы мен грамматикалық жүйесінің тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін көздер мына тәрізді: көне дәуір ескерткіштері, қазіргі қазақ тілі, қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономостика, басқа тілдерден ауысқан сөздер, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда жазылған әр түрлі кітаптар, қолжазбалар, т.б.

Қысқасы, «қазақ» деп аталатын біртұтас халық қалыптасқанға дейінгі қазақ тіліне қатысты жазба мұралардың ұзын – ырғасы осылар. Бұл жазбалар тілін құрайтын элементтерді синхрондық (өзара салыстырып, олардың жүйелік заңдылықтары мен «қайшылықтар» тобын айқындау), диахрондық (кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалармен, тілдермен, кейде жеке диалектілік топтармен салыстыру) тұрғыдан зерттеу арқылы бүгінгі тілдің жүйелік заңдылықтармен қатар ауытқуларының себептері айқындалады.

Айталық, қазіргі қазақ тіліндегі сөз ортасындағы, соңындағы й-у; адақ (атақ – адзақ-азақ-айақ), яғни, көне түркі (д), қазіргі якут тілі (т), орта ғасырлардың алдыңғы кезеңі (дз), орта ғасырлардың соңғы кезеңі (з) және қазіргі шор тілі, қазақ тілі. Немесе –сар+ жіктелмейтін форма көне түркі, сар+мын орта түркі дәуірінің алғашқы кезеңі, са(р)+мын (р дыбысының түсіріліп айта бастауы) орта түркі дәуірінің соңғы кезеңі, -са+мын жаңа кезеңі, халық тілдері қалыптасу дәуірі, қазақ тілінің біртұтас тілге айналуы, т.б.

«Көне дәуір ескеркіші» деп жалпы аталатын топтың ішінен түркі тілдерінің құрылымын зерттеуге арналған филологиялық еңбектердің орны ерекше. Олардың бастысы да, уақыт жағынан біріншісі де М. Қашқаридың «Диван лұғат ат - түрік» атты еңбегі. Жазылған уақыты 1069 жылы деп шамаланады. Еңбек сол заманғы түркі тілдері лексикасының салыстырмалы сөздігі ретінде жасалған. Сонымен қатар, онда түрік тілдерінің морфологиялық жүйесі баяндалады. Олардың бір-бірінен фонетикалық айырмашылықтары да көрсетілген.

Тарихи граммтикалық зерттеу, сондай-ақ басқа тілдерге ауысқан сөздерге және басқа тілдерден қазақ тіліне ауысқан сөздерге де негізделеді. Зерттеуші қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысу кезеңі мен қазақ тілінен басқа тілдерден сөз ауысу кезеңін, сондай – ақ ауысу жағдайларын анықтауы қажет. Сонда ғана ізденістер жақсы нәтиже бере алады. Қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысудың, шамамен екі кезеңін айтуға болар еді: бірінші кезең қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі дәуірлерде жеке ру, тайпа тілдерінен басқа тілдерге ауысқан сөздер. Бұл жерде қыпшақ-половец тайпалары тілерінің шығыс словян тілдеріне ықпалын еске алуға болар еді.Қазақ тілінен басқа тілдерден сөз ауысудың, жалпы басқа тілдердің ықпал ету кезеңдері мен сипаты жайлы қазақ тіл білімінде едәуір дәрежеде зерттелінді.

ОСӨЖ сабақтарының тақырыбы

1.Қазақ тілінің теориясы мен тарихы (презентация)

2.Қазақ әдеби тіл (презентация)

3.Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері(тірек сызба)

СӨЖ бойынша тапсырмалар

1.Қазақ әдеби тіл

2.Диалоктология

3.Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.

4.Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері

5.Тарихи грамматика

Тест сұрақтары

1. Екі семьяға жататын тілдердің бір-біріне тән ортақ ерекшеліктерді қандай әдіс арқылы зерттейді?

А) Типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі

В) Типологиялық-салыстыру әдісі

С) Синхрондық-сипаттау әдісі

Д) Салыстыру әдісі

Е) Ретроспективтік әдіс

2. Түркі бірлестігі неше кезеңге ажырайды?

А) 4

В) 2

С) 5

Д) 6

Е) 3

3. А.А. Баскаков түркі тілдер қалыптасуын неше дәуірге бөліп қарайды?

А) 4

В) 5

С) 6

Д) 7

Е) 8

4. Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір неше кезеңге бөлінді?

А) 6

В) 4

С) 3

Д) 2

Е) 5

5. Түркі бірлестігіне дейінгі дәуірлер қалай аталады?

А) Алтай білестігі

В) Алтай, Хун бірлестігі

С) Көне түрік бірлестігі

Д) Орта түрік кезеңі

Е) Барлық жауаптар дұрыс

6. Көне түркі дәуірі нешінші ғасырлар аралығын қамтиды?

А) б. з. V-ғасырға дейін

В) б. з. д. ІІІ-ғасырдан V-ғасырға дейін

С) V-X ғасырлар аралығы

Д) XV-ХХ ғасырлар аралығы

Е) VІІІ-ХІІ ғ.

7. Жаңа түркі дәуірі нешінші ғасыр аралығын қамтиды?

А) III-V ғ-р.

В) V-VIII ғ-р.

С) XII-XX ғ-р.

Д) XV-XX ғ-р.

Е) XIX-XX ғ-р.

8. Орта түрік дәуірі нешінші ғасыр аралығын қамтиды?

А) XIX-XX ғ-р.

В)V-VII ғ-р.

С) XII-XIX ғ-р.

Д) XIX-XX ғ-р.

Е) X-XV ғ-р.

9. Қазақ халық тілінің даму дәуірі нешінші ғасырдан басталады?

А) XVI-XVII ғ.

В) X-XV ғ.

С)V-X ғ.

Д) XII-XV ғ.

Е) XIX-XX ғ.

10. Қазақ ұлттық тілінің қалыптсау дәуірі нешінші ғасырдан басталады?

А) XIX ғ.

В) XX ғ.

С) XV ғ.

Д) XVII ғ.

Е) XVIII ғ.

11. Тау тобына қай тілдер жатады?

А) Көне шағатай, өзбек, қара татарлар тілі

В) Алтай, қырғыз, құмық, қарашай-балқор, қорайым, татар, башқұрт, қазақ, ноғай тілдері

С) Ұйғыр, шор, юкос, татар, қырғыз, әзербайжан, өзбек.

Д) өзбек, қырғыз, қазақ, татар тілі

Е) Барлығы жатады.

12. Қазақ тілі А.Н. Самойловичтің жіктеуі бойынша қай топқа жатады?

А) Р-тобы

В) Д-тобы

С) Тау тобы

Д) Тағылық тобы

Е) Тағлы тобы

13. Өзбек тілінің хорезм говоры А.Н. Самойловичтің жіктеуі бойынша қай топқа жатады?

А) Тағылық тобына

В) Тау тобына

С) Д-тобына

Д) Р-тобына

Е) Тағлы тобына

14. Көне түркі тілінде неше дауысты фонема бар деп қаралады?

А) 10

В) 11

С) 12

Д) 8

Е) 7

15. Қазақ тілінің негізін құраушы тіл – қай тіл?

А) Бұлғар тілі

В) Қарлұқ тілі

С) Оғыз тілі

Д) Көне түркі тілі

Е) Қыпшақ тілі

Лекция

Тақырып: Тарихи сөзжасам

(1-сағат)

Жоспар

4. Тарихи сөзжасамның зерттеу нысаны

5. Сөзжасамның негізгі заңдылықтары

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

4. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

6. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарының „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні:

Сингормониялық параллельдер

Дауыстылар гармониясы заңдылығының табиғаты мен түрлері жайлы әр қилы пікірлер бар. кейбір авторлар мысалы богар зертеушісі Моллова, сингорманизм мен дауыстылар гармониясы дейтін терминдер бір ғана құбылысты білдіреді деп қарамайды, олардың айиуынша сингорманизм – буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз бірдей қатысты болатын тембр бірлігі. Алайда ол да сингорманизм бар жерде ғана дауыстылар горманиясы болатынын жоққа шығармайды. Сингорманизмнің ежелгі түрлері тек еріндік, езулік емес, ауыздың ашылуы дәрежесіне қарай да үндескен дейін пікір бар. Бұл пікір негізінен мынандай дәлелдерге сүйенеді: алтай тілдерінің өте ежелгі дәуірлерінде, әрі дауысты дыбытар фонемалық мән алмаған, жаңа граммтикалық форманттар қалыптаспаған дәуірлерді түркі тілдері де, осы заманғы кейбір тілдер тәрізді полисинтетикалық құрылысты басынан өткізеді. Лексикалық мағынамен бірге граммткиалық фарматтар мәні де жеке түбір арқылы берілтен полисинтетикалық құрылымда қатар тұрған түбірлер арасынла сингормонизм заңдылығы дауыстыладың еріндік, езулік болуына қарай және дыбыстау мүшелерінің ашылуы дәрежесіне қарай да ыңайласқан. Кейінгі дәуірлерді, дауысты дыбыстар фонемалық өң алған кезде, полиснтетикалық комплекс құрамынан ажыраған түбірлер сол кездегі дыбысталу қалпын сақтап қалған. Бұған дәлел: қазіргі түркі тілдері арасныда, жеке бір тіл құрамында да, көптеп кездесетін сингорманиялық ванианттар мен параллельдері. Сөйтіп белгілі-бір дәуірде алтай тілдері осындай құрыслысты басынан кешірсе, ол дәуірдегі сингорманизм заңдылығын да үш түрлі көрінген болып шығады.

Бұл айтылғандар қазақ тілі немесе бір ғана тіл материалдар. Жалпы түркі тілдері аясында бір ғана түбірдің әр түрлі айтылуы мен олардың ыңғайлас, бірақ эквивалентті жұмасалу жүйеленген заңдылық. Мысалы: тува, қарағас – мын, мун, қазақ – мың, қазақ-бұлыт, якут – быыт, татар- болыт, қазақ- жұдырық, татар- йодырық, қырғыз – жудуруқ, якут - тыл, қазақ-тіл, басқа тілдер – дил, т.б. Бұлар айтылуында айырмашылығы бар, бірақ бір ғана мағыналық варианттар болып табылады.Сонымен қатар түркі тілдері, құрамында бір ғана түбірдің айтылуында да, мағыналық мәнер тұрғысынан да өзгешелеу болып келетін тұлғалар кездеседі: қазақ –жіп, жіңішке жіп, түркімен йүп, қазақ - сұлу, қырғыз –сылық. Вариантты сөздер құрамындағы дауыстылардың бірде жіңішке, бірде жуан, бірде ашық, бірде қысаң болуын көрші дыбстың ықпалымен түсіндіруге болмайыны айқын.

Сингормониялық варианттардың пайда болу дәуірі - полисинтетикалық комплекс болған кез емес, қайта сол құрылыстың агглютинацияға ауысу кезінде, сингорманизмнің функцинолдық мән алып, дауыстылардың жіктелген кезі.

Лекция

Тақырып: Фонетикалық сөзжасам

(1-сағат)

Жоспар

1. Сөз мағынасындағы өзгерістер

2. Конверсиялық сөзжасам және синтетикалық сөзжасам

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

7. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

8. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

9. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарының „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні:

Осыған дейін де айтылғанда, «Диван» - ХІ ғасырдағы түркі тілдері лексикасының жиынтығы, соны топтастырып берген еңбек. Бүгінгі түркі халықтарының қайсысы да өз тілінің сол заманғы көрінісін «Диван» тілінен ұшырата алады. Сондықтан да бұл еңбектің лексикасын зерттеу, ең алдымен, бүгінгі бізге белгілі түркі тілдерінің тарихи – салыстырмалы лексикологиясын зерттеумен тығыз байланысты. Бұл жерде оның лексикалық құрамына жалпы шолу, оның кейбір басты – басты ерекшеліктерімен ғана таныстыру мақсат етілді. М. Қашқаридің жеке сөздерін түсіндіру тәсілдеріне қарап, мына бір жайды байқауға болады. Түсіндіріп отырған сол сөз, сол заманғы түркі тілдерінің барлығына ортақ болса, онда әлгі сөздің қай тілге тән екендігі турасында сөз болып жатпайды. Сондай сөздердің шамалап қарағанда «Диван» лексиксын ең көбі, қомақтысы сол жалпы түркілік лексика болып шығады. Егер түсіндірі отырған сөз сол заманғы түркі тілдерінің барлығына бірдей болмай, тек бір ғана халық тілінің ерекшелігі, көрініс болса онда оның қай халыққа тәндігі айтылып, ескертіліп отырады. Мысалы, оғла – жас жігіт (арғуша), етті теңірі менің шым етті (тәңірім менің ісімді ондады, жөндеді).

Қашқаридің бұл ескертпелерінің сол заманғы түркі тілдеріне ортақ лексиканы сондай –ақ әр бір жеке тілге ғана тән сөздердің ұзіын ырғасын байқаумен қатар сөздік қор жағынан бір – біріне жақын ыңғайлас тілдер тобын да анықтауға мүмкіндік бар. М. Қашқари сөздігіндегі мұндай материалды ХІ ғасырдағы түркі тайпалары тілдерін топтастырып олардың әр қайсысына тән белгілерді айқындауда зерттеушілерге үлкен жәрдем болары дәлелдеуді қажет етпейді.

М. Қашқари сөздігі жайлы сөз қозғалғанда оның ішіндегі «Оғызша», «Қыпшақша» т.б. тәрізді ескертпелерге қарап, «Оғызша» деп белгі қойылған сөздер тек қана қазіргі түрікмен тіліне қатысты, ал «қыпшақша» деп ескертілген сөздер қазақ, қарақалпақ тілдеріне ғана қатысты деп қарап, солай есептейтін пікір-байымдаулар Қашқари сөздігі жайлы жазылып, жарияланған зерттеулерде шаң беріп қалады. Мұндай байлам пікір иелері Қашқари сөздігі тарихи еңбек екендігін, оның жазылған уақыты мен осы заман арасында талай ғасырлар жатқандығын ескермейді. Әрине, бүгінгі түркмендер бір кезгі оғыздарды заңды жалғасы екендігі немесе бүгінгі қазақтар тарихы тұрғыдан қыпшақтармен ұласатындығы соның салдарынан бүгінгі түрікмен тілі бір заманғы оғыз тілінің ал қазақ тілі бір уақыттағы қыпшақ тілінің негізгі заңдылықтарын бойларында сақтағандығы ешбір дау көтермейтін мәселе.

«Диванның» сөздік қорын жалпылай алып, шамамен үш түрлі топқа бөліп жіктеуге болатын тәрізді. Сөздердің едәуір бөлігінің біздің тілімізге кейбір фонетикалық, морфологиялық өзгерістер арқылы жеткені байқалады. Қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда байқалатын фонетикалық не морфологиялық ондай айырмашалықтар түркі тілдерінің даму тұрғысынан барлағанда түсінуге болатын өзгерістер, тілдің даму барысында оры алған процесстермен ұштасып жататын жайлар.

Үшінші бір топ сөздер қазіргі қазақ тілінде нақ сол күйде, сол мән мен сол тұлғада әсте ұшыраспайды. Алайда, «Диван» авторының түсініктемелеріне сүйене отырып, қазақ тілі фактілерімен салыстырып, қараса, олардың біздің тіліміздегі едәуір сөздерге, кейде сөз тіркестеріне ұйытқы болғанын байқауға болады. Мұндай фактілер тілміздегі жекелеген сөздердің тарихи құрамын ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар байырғы түбірлердің буын құрамы жайлы да ойлана түсінуге себепкер болатыны сөзсіз. Солардың кейбіріне жеке-жеке тоқталған жөн.

Қашқари тү сөзін түк,қыл, шаш деп түсіндіреді. Сонда қазақ тіліндегі түк, түбіт сөздері түбірлес сөздер, екеуіне ортақ түбір тү болып шығады. Қазіргі қазақ тіліндегі түгін қоймайды, түгін қалдырмады тұрақты тіркестерінің құрамындағы да осы түк сөзі екені айқын. ХІ ғасыр сөздігінде тү (түк) сөзі шаша, қыл мәнінде қолданылғаныны ескерсек, қазақ тіліндегі шашын жұлды, түгін қалдырмады тіркестері тарихи жағынан синонимдік параллельдер екенін байқауға болады.

«Диванда» ыш түкеді тәрізді сөйлемдер кездеседі. Баяндауыш қызметіндегі түке (ді) етістіг біздің тіліміздегі түгел сөзі байырғы (мағынасы көмескілеген) түбір (түге // түке, екі дауысты арасындағы қатаң қ дыбысының ұяңдануы) мен қосымшадан (-л) құралған болып шығады. Сөз соңындағы л кейбір сын есімдер құрамындағы (қызыл, жасыл) ұшырасатын қосымша. Сонымен қосымша рақылы есімге айналып кеткен сөзден қазақ тілі арнаулы аффикс арқылы туынды етістік жасайды (түгелде). Түгел сөзі, осы айтылғандарды ескерсек, түгесу етістігімен түбірлес болып шығады (түге-л, түге-с).

Қазақ тіліндегі кісі арыды (жүдеді) дегендегі ары етістігі «Диванда» ар түрінде ұшыраса, күнадан арылды сөйлемі құрамындағы арыл етістігі ары түрінде берілген. Мысалы: Алымлықығ көрү армады (алымшыны көруден арымады). Осы түбірдің етіс түрі арғуртты (шаршатты), арғуртуды (шаршаттырды) түрінде тұлғаланңан. Сөйтіп қазақ тіліндегі ары түбір мен қосымшадан не басқа бір өлементтен құралса керек. Арыды нең – нәрсе, зат тазаланды; Ер арынды – кісі тазаланды. Арын сөзінің құрамындағы -ын етіс қосымшасы екені, бастапқы түбір ары екені алдыңғы мысалдан көрінп тұр. Сыртай ұқсас осы екі түбірден ескі түркі тілінде арығ (таза), арық (арық, жүдеу, шаршаған) есімдері жасалған. Қазақ тілінде жүдеу мәніндегі арық сөзі ғана сақталған да, таза мәніндегі арығ есімі сөзі жоқ. Бұл, сірә, қазақ тілінде ғ дыбысна сөз аяқталмау заңдылығына байлансыты болса керек.

Қазіргі қазақ тілінде қарашық (көздің қарашығы), қарағым сөздері бары мәлім. Жай көздің өзіне екеуіне ортақ түбір қара екені дау туғызбайды. Алайда қарағым «қара» сын есімнің тәуелденген түрі деп ойлауға болмайды. Соңғы -ым тәуелдік қосымшасы десек, сөздің негізі қарақ екені айқындалады. «Диванда» қарақ сөздің қарашығы, қара көз мәнінде түсіндірілген: Қара қарақ (көздің қарасы, қарашығы); Оғрағым кендү йырақ, булнады мені қарақ - Барар жерім жырақ, арбады мені қарақ (қара көз қыз). Қарақ туынды етістіктен жасалған қимыл есім тұлғасы (-қ) болуы керек. Үйткені, «Диванда» қарар (қарайту) етістігі де бар, бұл әрине туынды сөз. Осы етістіктің қимыл есім тұлғасы қарарығ редукцияның нәтижесінде қарағ// қараққа айналса керек. Осыларды ескерсек, қазіргі қазақ тіліндегі қарашық, қарағым сөздері тек қана түбірлес емес, тарихи жағынан келгенде, бір-біріне синоним, мәндес, мағыналы сөздер болып шығады. Ал, бір кезгі қарар туынды етістігінің фонетикалық өзгеріске түсен түрі қарай. Сөйтіп қарай етістігінің құрамындағы аффикс ай емес -р (-ыр, ір).

Морфологиялық жағынан қарай сөзі кемір, семір етістіктерімен тұлғалас екенін көруге болады.

Ал – ала болды, алаяқ болды, алдамшы болды, дұшпан болды. Қазақ тіліндегі алдау етістігінің бастапқы түбірі олай болса, -ал, -да аффикс, байырғы түбір мен аффиксінің бірігуі арқылы жасалған туынды сөз. Қазақ тіліндегі ала көңіл, ала ауыз болды, ала қол тіркестері құрамындағы ала сөзі де осы түбірден тараған болуы керек. Сол сияқты, алалық (жасады), алалама етістіктерінің де алғашқа түбірі ала емес, ал.

Қазақ тіліндегі қа, қап, қапшық сөзі де түбір мен қосымшадан құралған деп қарауға болады: қа-п, қа-п-шық. Соңғы сөз екінші дәрежелі түбір екені күмән туғызбайды.

Қазақ тілінде таң болды сөз тіркесі, таң қалу етістігі бар. Алайда таң жеке, дербес қолданылмайды. Қашқари сөздігінде бұл түбір дербес қолданылатын сөз ретінде кездеседі.

Қашқари сөздігінде сонымен бірге то, оғул, тон қыз тіркестерін кездестіруге болады. Автор оларды тұңғыш ұл, тұңғыш қыз деп түсіндіреді. Бұған қарағнада қазақ тіліндегі тұңғыш сөзі түбір мен қосымшадан (тұң+ғыш) құралған деп қарауға толық негіз бар. Екінші жағынан, тұңғыш сөзі тың (тың жар, тың кісі) сөзімен түбірлес деп те ойлауға болар еді. Ескі түркілік еріндіктердің (сөз соңындағы) қазақ тілінде езулік қысаңдарға айналуы мәлім жай. Тоз-шаң. Қазақ тілінде бұл сөз тозаң (тоз+аң) түрінде ғана ұшырасады. Бұл сөздің о бастағы түрі тоз-тоз қос сөзінде сақталған деп қарауға болады.

Біздің тіліміздегі шыбық сөзі «Диванда» чып түрінде жазылған. Сонда бұдан байырғы түбірдің (чып+ық) соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысының ықпалымен ұяңдағанын көруге болады.

Қазақ тілінде жарамсақтану етістігі «Диванда» йарану түрінде берілген. Қылну білсе қызыл кизер, йарану білсе йашыл кизер (Қылыми білсе қызыл киер, жарамсақтана білсе жасл киер) Сонда жарамсақ сөзінің бастапқы түбірі жара (йара) деп қарауға тура келеді. –н өздік етіс қосымшасы, ал –у көсемше тұлғасы екені мәлім. Қазақ тіліндегі осы сөздің баламасы күрделіліеу. Мұнда әуелі жаңағы айтылған түбір, одан соң етіс қосымшасының кейінгі ықпалмен өзгерген түрі (н - м), содан соң –сақ қосымшасы бар. –сақ «Диванда» икемділікті, тілекті білдіретін қосымша. Қазақ тілінде сусақ (су құмар) тәрізді бірен – саран сөздер құрамында ғана кездеседі.

«Диван» тілі фактілерінің кейбірі қазақ тіліндегі қос сөздердің мағынасыз сыңарларының мәнін, кейбір тұрақты тіркестер компоненттерін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазақ тіліндегі жылап-сықтау қос сөзінің соңғы сыңары «Диванда» дербес қолданылып, жылау мәнін берген (сығта). Немесе бұл дүниеден бас кешті тұрақты тіркесін алайық. Бас сөзі қазақ тілінде дербес айтылмайды да, қолданылмайды да. «Диванда» бас – жат, жат елдік деп түсіндіріледі. Қазақ тіліндегі бас кешу тұрақты тіркесінің мәні мен «Диван» түсіндірмесінің арасында байланыс бары айқын. Бұл дүниеден бас кешу, айналып келгенде, бұл дүниеге жат болу, жатпын деп санау айқын.

«Диван» тілінің фактілері мұндай тарихи салыстырма ізденістерге көп материал бере алады.

Қандай да тілдер болсын басқа тілмен ортақ болғанда, оладың лексикалық құрылымы емесе түбір сөздері, сонай – ақ грамматикалық құрылысының үйлесуінің өзі кездейсоқ нәрес емес.

Тілдің лексикалық қоры көптеген дәуірлердің нәтижесі екендігі белгілі. Көне дәуірде ортақ түркі тілі өз дамуының барсында біршеше тілег сараланды. Түркі халықтарының тілі алғашқы кезде бірнеше ірі топқа бөлініп соңынан әрбір ірі топ бірнеше бөлшекке бөлінсе, сол бөлшекетрің өзі бірнеше туыс тілдерге ыдыраған болу керек.

Сонымен түркі тідерінің ұқсастығын негізінде бұл халықтардың генетикалық тығыз байланысты болуының нәтижесі деп қарауға болады. Сол себепті қазіргі қазақ тілінің негізгі лексикаылқ қорына жататын сөздер басқа түрік тілдеріне де кездеседі. Бұл - олардың туыстық көреткштерін айқындайын факт.

Қазақ пен монғол тілдерінің қарым-қатынасты үлкен екі дәуірге бөліп қарауға болады: 1-ші көне дәуірде, 2-ші ХІІ ғасырдан кейінгі, яғни Шығысхан бастаған монғол шапқыншыларының Қазақстан менОрта Азия жерін жаулап алу дәуірі. Аталған дәуірде бұл тілдер бір – бірінің сөздік қрамына әсер етіп оны байытып отырды.

Лекция

Тақырып: Аналитикалық сөзжасам

(1-сағат)

Жоспар

1.Мағыналық сипаты

2.Сөздердің күрделенуі жасалған жаңа мағыналы туынды сөз

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

10. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1959, 1997. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар.А., 1984.

11. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы А., 1981.1988.

12. Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986.

Қосымша:

1. Базылхан Б. Монғол қазақтарының „тілі және оны” кейбір алтай тілдеріне қатысы. А., 1993

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. А., 1989.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.

4. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.

Лекцияның мәтіні:

Лекция


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: