Coordinates орамы

Coordinates орамы таңдалынған текстуралық картаның проекциялық координатасының параметрлерін баптау элементтерін қамтиды. Олар:

· Texture айрып-қосқышы — проекциялық координаттың сахнаның геометриялық денелерге қолдану режімін қосады (бұл режим келісім бойынша қолданылады);

· Environ айрып-қосқышы — берілген координаттарды сахнаның фондық бейнесіне қолдану режімін қосады;

· Mapping ашылатын тізімі — проекциялық координат нұсқасын таңдау;

· Texture айырып-қосқышы таңдалынған кездегі Mapping тізімінің пункттері:

- Explicit Map Channel — карта бейнесін проекциялау үшін карта проекциясының тңдалынғн кналындағы проекциялық координат жүйесі қолданылады (поле Map Channel);

ЕСКЕРТУ. Проекциялық картаның берілуінің бұл режімі сахна денесі үшін негізгі болады. Оның көмегімен көркемделудегі денеге UVW Map (UVW-проекция) модификаторын қолданумен құрылған координат жүйелерінің кез келгенін таңдауға болады. Егер бұл модификатор қолданылмаса, онда денеге оның пішініне дәлірек келетін координат типі автоматты түрде қолднылатын болады, әрі бұл координттар карта проекциясының бірінші каналында болады.

- Vertex Color Channel — проекциялау үшін басқару функциясын атқаратын дененің торлы қабықшасының төбелерін бояу түстері қолданылады;

- Planar from Object XYZ — проекциялау үшін көркемделудегі дененің жергілікті координат жүйесі қолданылатын болады;

- Planar from World XYZ — проекциялау үшін ауқымды координат жүйесі қолданылатын болады;

· Environ айырып-қосқышы таңдалынған кездегі Mapping тізімінің пункттері:

- Spherical Environment — текстураның берілген картасының бейнесінен сахнаның фондық бейнесін құру үшін проекциялық картаның сфералық типін таңду;

- Cylindrical Environment — сахна фонын құру үшін проекциялық координаттың цилиндрлік типін таңду;

- Shrink-wrap Environment — берілген фонды құру үшін координаттың тығыз қамту типін (обтягивающего типа) таңду;

- Screen — сахна фоны бейнесінің берілген текстуралық картаның бейнесімен беттесетін жазық координатты таңдау (бұл режім келісім бойынша қолданылады);

· Show Map on Back жалаушасы — текстураны дене бетінің көрінбейтін телімдеріне проекциялау режімін қосады (компьютер ресурсын үнемдеу мақсатымен осы жалаушаны қондырмауды ұсынады);

· Use Real-World Scale жалаушасы — берілген картаның өлшемдерінің сахнаның ағымдағы өлшем бірліктерінде берілу режімін қосады;

· поле Map Channel — талап етілетін проекциялық координат жүйелері бар ағымдағы картаның проекция каналын таңдау;

· Offset екі өрісі — картаның проекцияланған бейнесінің осы өрістердің атауында көрсетілген дененің проекциялық координатының и және v осьтеріне қатысты ығысу шамасы;

· Tiling екі өрісі — карта бейнесінің өлшемдерінің сәйкес и және v осьтерінің бойымен кішірею коэффициенттері;

· Mirror екі жалаушасы — текстура картасының и және v осьтеріне қатысты айналық кері бұрылу режімін қосады;

· Tiles екі жалаушасы — картаның и және v осьтерінің бойымен кішірейген бейнесінің көбею режімін қосады;

· Angles үш өрісі — картаның проекцияланған бейнесінің проекциялық картаның көрсетілген и, v және w осьтеріне қатысты көлбеулік бұрышы;

· Blur өрісі — экранда бақыланатын текстура бейнесінің контрасты телімдерінің шекараларының шайылуының абсолют шамасы (бұл бейне бақылаушыдан неғұрлым алыста олса, соғұрлым ол шйылған болады);

· Blur offset өрісі — текстура бейнесінің контрасты телімдерінің шекараларының шайлуының салыстырмалы шамасы (оның шайылу дәрежесі бақылаушыға дейінгі қашықтыққа тәуелді емес);

· Rotate батырмасы — интерактивті режімде Angles өрістерінің мәндерін бір мезгілде реттеуге мүмкіндік беретін Rotate Mapping Coordinates (Поворот проекционных координат) сұқбат терезесін ашады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: