Материалдарды сахна денелеріне меншіктеу

Бұл бөлімде сахнаның геометриялық денелерін көркемдеуге тікелей байланысты операцияларды қарастырамыз.

10.4.1. Денені оны көркемдеуге даярлаймыз

Қалыптастырылған денені көркемдемес бұрын оны бұған даярлау керек. Мұнда қажет болуы мүмкін операциялар:

· карта материалында қолданылатын бейнелер өлшемдерін таңдау;

· бір немесе бірнеше проекциялық координат жүйелерін текстуралық картасы бар материалдарды қолдану жағдайында қалыптастыру;

· көп компонентті материалдарды қолдану үшін материалдар идентификаторларын дененің торлы қабықшасының жеке бөліктеріне меншіктеу;

· қабықша-дененің төбелерін берілген дене бетіне оларды визуализациялау кезінде тасымалдау мақсатында түрлі-түсті түске бояу.

Текстуралық карта бейнелерінің өлшемдерін беру

Екіөлшемді текстуралық картасы бар материалды қолданбас бұрын көркемделудегі дененің бетіне проекцияланатын осы карталардың бейнелерінің өлшемдерін беру керек. 3ds Max 9-да мұны екі тәсілмен істеуге болады, біріншісі карта өлшемдерінің салыстырмалы, ал екіншісі абсолютті бірліктерімен операция жасайды.

Материалдарда қолданылатын карта бейнелерінің өлшемдерін беру операциясы Материалдар редакторы терезесінің Coordinates орамында орындалады. Реттелетін карта бейнелерінің өлшемдерін беру тәсілін таңдау Use Real-World Scale жалаушасының көмегімен жүреді. Егер ол түсірулі болса, онда Tiling екі өрісінде карта өлшемдері картаның еселік коэффициенттері деп аталатын салыстырмалы өлшем бірліктерімен көрсетіледі. Бұл коэффициенттер тік төртбұрыш пішінді жазық дене бетінің ұзындығы мен ені бойынша карта бейнесінің қайталану санын береді. Көрсетілген жалаушаларды Tiling өрістерінде қондырғанда картаның абсолют өлшемдері сахнаның ағымдағы өлшем бірліктерімен берілетін болады.

Проекциялық координат қалыптастыру

Create (Создать) командалық тақтасының Geometry (Геометрия) қосымшасының құралдары көмегімен қалыптастырылған стандарт денелер үшін проекциялық координат құру режімін беруге болады. Бұл жағдайда денеге проекциялық координаттың осы дененің типіне өте жақсы дәл келетіні меншіктеледі.

Ескерту. Егер стандартты денені материалмен көркемдегенге дейін ол кәдімгі торға немесе политорға түрленбеген болса, онда осы дене үшін проекциялық координатты қалыптастыру режімін бермеуге болады. Бұл жағдайда денеге материалды меншіктеген сәтте, тіпті онымен денені көркемдер алдында NURBS-бетке түрленген болса да берілген режім автоматты қосылады. Стандартты денені қандай да бір торға түрлендіру керек пе, жоқ па соған қарамастан оны қалыптастырғанда проекциялық координатты құру режімін қосуды ұсынады.

Торлы қабықшасының құрылымы кез келген болатын денеге қолдануға болатын UVW Map (UVW-проекция) модификаторының проекциялық координат қалыптастыру мүмкіндігі үлкен. Оны келесі үш жағдайда қолдануға ұсынады:

· көркемделудегі денеде проекциялық координаттар жоқ болған кезде;

· Материалдар редакторы терезесіндегі Coordinates (Координаты) орамының Mapping тізімінде ұсынылған қолданыстағы материалға арналған проекциялық координаттар сізге ұнамағанда;

· берілген материалда координат типтері әртүрлі болатын бірнеше текстуралық карта бар болғанда.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: