Ерік теориялары

Т±лѓа қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол за-манда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұн-дай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дү-ниемен тілдесетін - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж.т.б.

Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хай-дегтер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі – "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, рет­тестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талапта­рының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.

И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік – " еркіндік инстинкті (рефлексі)" деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.

З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі - психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырым-даумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның" "мәдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дү­ниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін тү­сіндіріп бақты.

Психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіктердің мән-ді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзі-нің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.

Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.

3. Еріктің физиологиялық негіздері

Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те ми­дің жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбы-лыс.

Ырықты әрекеттердің негізі алдыңғы орталық жүйке сайларындағы (извилины) ми қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар (клетка-лар) қызметінде көрінеді. Әрекетке келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан түйдектел-ген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетеді, яғни пи­рамидалы жол жүреді. Осы жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға сәйкес бір қозғалыс мүшесі істен шығады (паралич).

Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Бұл процесте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөліктердің бірі зақым алса, адам өз әрекеттерін сезбей, қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап, реттей алмайды.

Аталған ми аймақтарынан басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидің маңдай профронталь бөлігі істен шығуынан қимыл-әрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия жағдайында адам қандай да ісін бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та қоюы мүмкін немесе еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып жібереді.

Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік) ауруына ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жан күй­зелісіне түседі. Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім - бастау көзі.

Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша жүйке байланыстарының негізінде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақ­па­рат бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Ерікті реттестірудің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының пайда бо­луына тәуелді. Бүл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуат­ты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жі­герлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.

4. Ерік құрылымы

Әрқандай ерік әрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекетке өтетін болса, әнгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасына қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік про­цесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келе­сідей: 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; 2) талдау, талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер (мотивы) таласы; 3) шешім қабылдау; 4) орындау.

Ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандай да қа­жеттік өз түсінім денгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қа­жеттік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақ­сатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшиін құмарлық, көр­сеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі қанық жет­пейді, қажеттігін нақты түсінбейді.

Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Әрқандай қылықтың сеп-түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет сеп-түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.

Сеп-түрткілер (мотивы) күресі - бұл әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттігін таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы" мен сырттан қойылған міндет "талауына" түседі.

Шешімқабылдау - бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік әрекеттің ерекше сипаты - жауапкершілік сезімін оятады. Шешімге (решимость) ке­лудің бірнеше жолы белгілі:

1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады.

2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді.

3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.

4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі.

5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, әрекет көзіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мәтелі осының айғағы.

Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді.

Жоспарлау - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.

Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, септүрт­кі­лердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен істің орын­да­луына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор.

Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивность) төмен­дегі жағдайларға тәуелді:

1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман).

2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық).

3.Қоғамдық мәнді мақсаттар.

4.Іс-әрекетке деген көрсетпе-талап (установка) (мұ­ға­лімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін қал­дырмай көшіріп ал" - әрқайсысы әртүрлі ерік күшін керек етеді).

5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді).

Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші.

Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға кел­тіруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сің­ген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі, яѓни, ерік - адамны ң өзболмысынбилейалуқабілеті, өзұмтылыстары, сезімдеріменқұмарлықтарынатоқтамберуқасиеті.

Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеу-меттік-саяси, моральдық, эстетикалық ж.т.б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бі­рігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адам­ның өлшемінен емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан, ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылданған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөлейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: