Тарау ІІІ

ҚАУІПСІЗ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТА

Аталған термин – науқас пен медициналық қызметкелерге жаңа ауруды жұқтыру қаупін туындатпайтын қоршаған ортаның болуын білдіреді. Ауруханаға немесе емханаға емделуге келген науқас инфекциялық індет, психологиялық жарақат, дәрілік заттардың немесе емдеудің физикалық әдістерінің жағымсыз әсерінен алшақ болуы тиіс. Сонымен қатар, мейірбике де, дәрігер де, басқа да аурухана қызметкерлері де –кәсіби факторлардың жағымсыз әсерінен сақтайтын жақсы ұйымдастырылған қызметтік ортада болуы тиіс.

Сондықтан, қауіпсіз ауруханалық орта – персонал мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі, науқастарды тасымалдаудың қауіпсіз жағдайлары, олардың қозғалыс белсенділігін ерекше режимі, науқас пен персоналдың психикалық қорғанысы, науқастарды және медицина қызметкерлерін психологиялық қорғау түсініктері жиынтығын қамтиды.

1. Инфекциялық қауіпсіздік

Медициналық қызметті ұйымдастырудың бірінші реттік міндеттерінің бірі – инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурухана ішілік инфекциялардың өрістеуін болдырмау.

1.1 АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары

Ауруханаішілік (нозокомиалды) жұқпалар (АІЖ) – емдеу-профилактикалық мекемеге медициналық көмекке жүгінуді қажет еткізетін, яғни емдеу, тексерумен байланысты инфекциялық аурулар. Негізгі ауруға қосыла отырып, ауруханаішілік инфекциялар аурудың ағымын және болжамын күрделендіреді. АІЖ өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Әр-түрлі нозологиялық формалары табылу кезіндегі өлім-жітім 3,5 -нен 60% -ке дейін болуы мүмкін.

Қазіргі кезде АІЖ-нің пайда болуына себепкер бола алатын 200-ден астам агенттер табылған. АІЖ-нің негізгі қоздырғыштарына: бактериялар, вирустар, санырауқұлақтар, қарапайым және көп жасушалы паразиттер жатады. АІЖ-нің шамамен 90% бактериалды болып келеді. Көбінесе, АІЖ-нің қоздырғыштарына шартты-патогенді микроорганизмдер яғни, стрептококк, стафилококк, көк-іріңді таяқшалар, ішек таяқшалары, сальмонелллар, протейлер жатады. Вирустардың ішінде ең қауіпті В, С және Д гепатитінің вирустары, АИТВ-инфекциялары, цитомегаловирустар, ротавирусты инфекциялар болады.

АІЖ қауіптілігі, оның ем-шараға тұрақты төтеп бере алатын госпитальды штамдардан құралуы. Госпитальды штамм — бұл өзінің генетикалық қасиеттерінің циркуляциясы кезіндегі мутацияға немесе гендердің өзгеру кезіндегі «жабайы» штаммға тән емес қасиеттері пайда болған микроорганизм. Госпитальды штамдар әрбір ауруханада немесе бөлімшеде тек бір штамға тән биологиялық қасиеттердің жиынтығын құрастыруға бейім.

АІЖ-ның қоздырғыштары ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, фекальды - оральды, алиментарлы жолдарымен, трансфузионды, трансплацентарлы, нәрестенің туылу жолдарымен өту кезінде, жынысты және басқаша да берілуі мүмкін.

1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары

АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайып білуке келген туысқандары.

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:

Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.

Стрептококк: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.

Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.

Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.

Ішек таяқшалары: қол, ішек, зәр шығару жолдары.

Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:

· Зерттеудің инвазивтиі әдістері мен емі жасалатын хирургиялық, урологиялық, жан сақтау бөлімшесіндегі науқастар;

· иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;

· пациентке күтім жасаған туыстар;

· медициналық қызметкер.

1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар

АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:

v Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):

· аппаратура және құрал-жабдықтар

· тағамдық азық- түлік

· ауа

· дәрілік заттар

v Пациенттің микрофлорасы:

· тері жамылғылары

· асқазан-ішек трактісі

· зәр шығару жүйесі

· тыныс жолдары

v Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.

· қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы

· интубация

· анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдістен бүтіндігінің бұзылуы

· эндоскопия

v Медициналық персонал:

· патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар

· патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар

· аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер

1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:

Ø Аурухана ішілік инфекция көздерінің эпидемиологиялық қауіптілігін, іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастармен қатынаста жұқтыруды дұрыс бағаламау және дер кезінде шектей алмау;

Ø Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында аурухана ішілік инфекция тасымалдаушылар мен жұқтырғандардың болуы;

Ø Медицина қызметкерлерінің аспетика және антисептика, жеке гигиена, ағымды және қорытынды дезинфекция ережелерін, тазалау ережелерін бұзуы;

Ø Медицина құралдарының, аппараттарының, жабдықтарының стерилизация және дезинфекция режимін бұзу;

Ø Шектеу және қорғау режимі іс-шараларын бұзу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: