Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы

Гипохлорит кальций хлор әгімен салыстырғанда тасымалдауға және ұзақ мерзімге сақтауға ыңғайлы, суды залалсыздандыру, ағарту, су қоймаларын дезинфекциялау және зарарсыздандыру және т.б. мақсатта қолданады.

Негізгі ақ түсті гипохлорид кальцидің 5% ерітіндісі 10 л суға 500 г гипохлорид кальций ұнтағын қосып 30-45 минутқа қара түсті шыны немесе тығындысы бар пластмасс ыдыста дайындалады, дайындалғаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға жарамды. Арнайы маркасы бар ыдыста дайындалған күні көрсетілгеннен бастап 10 күнге жарамды. 5 % гипохлорид кальций ерітіндісінен жасалған дезинфекциялық ерітінділер:

Ø 0,5 % гипохлорид кальций ерітіндісі —5% ерітіндіден 500 мл ерітіндіні 10 л суға;

Ø 1 % гипохлорид кальций ерітіндісі — 10 л суға 1 л ерітінді;

Ø 3 % гипохлорид кальций ерітіндісі — 10 л суға 3 л ерітінді.
Бұл ерітінділер қолданардың алдында дайындалып, күнделікті ауыстырылып отырады.

3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары

· Қолданылатын химиялық заттарға жоғары сезімталдығы барларға олармен жұмыс істеуден шектетеді.

· Дезинфекциялық заттардан жұмыс ерітінділерін дайындау жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізіледі.

· Ерітінділерді және өңделетін объектілерді тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау.

· Препараттардың қосалқы қорларын ортақ қолданылатын жерлерден қол жетімсіз жерде қараңғы ыдыста, құрғақ, қараңғы және салқын жерде сақтау.

· Барлық дезинфекциялық заттар мен ерітінділер сыртында аты, концентрациясы, жасалған күні және сақталу мерзімі көрсетілген этикеткалары болуы керек.

· Бөлімдерде дезинфекциялық заттарды және олардың ерітінділерін балалар мен дезинфекциямен айналыспайтындарға емдік препараттардан бөлек құлыпталған жерде сақтайды.

· Жуу мен залалсыздандырудың барлық этаптарынның қалдық дезинфекциялық заттар мен ерітінділерді өңделетін нысандардан максималды жою тізбегін және орындалу тәртібін сақтау.

· Келесі ережелерді есте сақтаған жөн: дезинфекциялық заттарды суға қосу, керісінше емес; дезинфекциялық заттарды ескі ерітіндіге қоспу.

· Дезинфицирлейтін ертіндінің жарамды уақыты мен концентрациясын қатаң бақылайды

· Жұмыс аяқталған соң қолды жуып, жұмсартушы жақпа маймен жағу.

3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек

· Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; Формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.

· Тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болғанда зақымдалған адамды бөлмеден лезде таза ауаға немесе жақсы желдетілетін бөлмеге шығарады. Ауызды және жұтқыншақты сумен шаю. Формальдегидпен уланған жағдайда бірнеше тамшы мұсатырлы спирт қосылған су буын ішке жұту, натрий гидрокарбонаты қосылған жылы сүт немесе “Боржоми” (минералды су) қабылдау. Көрсеткіштер бойынша жүрекке қатысты, тыныштандыратын, жөтелге қарсы заттар, оттекті дем алу. Ауыр жағдайларда — госпитализация.

· Кез келген препараттың көзге түсуінде – лезде ағынды суға немесе 2% натрий гидрокарбонатымен бірнеше минут бойы шаю. Шырышты шелдің және көздің шырықты қабығы тітіркенген кезде альбуцид ерітіндісін, ауырсыну кезінде - 1-2% новокаин ерітіндісін тамызады.

· Хлор белсенді препараттар асқазанға кездейсоқ түскен кезде асқазанды 2% тиосульфат (гипосульфит) натрий ерітіндісімен және 5-15 тамшы суға қосылған мұсатырлы спиртпен шаю, сүт, ауыз су, күйдірілген магнезия береді. (бір стақан суға 1-2 ас қасық). Формальдегидпен уланған жағдайда асқазанды суға қосылған мұсатырлы спиртпен немесе 3% карбонат немесе натрий ацетатымен (аммоний) шаю. Шаюдан кейін шикі жұмыртқа, сүт береді.

· Фосфорорганикалық инсектицидтермен жұмыс істеу кезінде инсектицидті себу кезінде(іштің ауруында, құсу, лоқсу, іш өту, сілекейдің көптеп бөлінуінде, көздің жасаурауында, жалпы әлсіздік, бас ауруы, қарашықтардың тарылуы, тамыр соғуының баяулауы, бұлшықеттердің тартылуы) зақымданған адамды жұмыс орнынан алып шығады, ластанған киімін шешеді, ауызын шаю үшін жылы су немесе 2%сода ертіндісін береді және тыныштықты қамтамасыз етеді. Препараттың кездейсоқ асқазанға түсуі кезінде лоқсуды тудырады, сол үшін бірнеше стақан су (мүмкін болсы жылы) немесе әлсіз қызғылт калий перманганат қышқылын (1:5000) ішуге береді және жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіреді. Ем – шараны 2—3 рет кайталайды. Асқазанды 1-2% ішілетін сода ерітіндісімен, күйдірілген магнезия, белсендендірілген көмірмен шаю ықтимал. Лоқсу мен асқазанды шаюдан кейін 1-2 ас қасық белсендендірілген көмір және күйдірілген магнезияны стақан сумен береді, содан кейін тұзды іш жүргізуші береді.

· Араластырылмаған инсектицид немесе концентрирленген эмульсияның теріге түсу кезінде – оларды мақта тығынымен немесе матамен сүртпей абайлап алады, содан кейін теріні сабынды сумен шаяды. Қалдық фосфорорганикалық инсектицидтіинактивация үшін теріні мұсатір спиртімен немесе 2-5% хлорамин ерітіндісімен сүртеді және қайтадан сумен шаяды. Препараттың көзге түсу кезінде ағынды сумен немесе ағынды 2% ішілетін сода ерітіндісімен шаяды. Көздің шырышының тітіркенуі кезінде 30% альбуцидті, ауырсыну кезінде 2% новокаин ерітіндісін тамызады.

3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі

Сыртқы ортадан инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою биологиялық табиғи (микроб-антагонист көмегімен) заттар арқылы қатаң спецификалық тағайындалады. Олар негізінен суармалы алаңдар және филтрациядағы іркінді суларды, қоқыстар және қалдықтарды – компостарда, биотермиялық камераларды және т.б. зарарсыздандыру мақсатында тиімді. Стационарлық жағдайда биологиялық дезинфекциялық заттарға сыртқы орта нысандарының профилактикасы аурухана ішілік инфекцияларда, стафилококктармен, көк іріңді таяқшалармен және т.б бактериофагтармен өңдеу жатады.

Дезинфекцияның комбинирленген әдісі- айтылған бірнеше әдістердің қосындысынан тұрады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: