Тарау ІІ

МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС

Мейірбикелік үрдіс – бұл науқастың қажеттіліктеріне бейімделген, мейірбикелік көмектік көрсетілуінің ғылыми-негізделген жүйелік көзқарас. Мейірбикелік үрдіс науқастың мәселелерін шешу арқылы оның өмірлік қасиеттерін сақтауға негізделген.

3. Мейірбикелік үрдістің кезеңдерінің мінездемесі

Мейірбикелік үрдістің мақсаты: науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру.

Мейірбикелік үрдіс бес кезеңнен құралады:

1) мейірбикелік зерттеу;

2) мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);

3) мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;

4) ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;

5) мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.

1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу

Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:

· Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.

· Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальді қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.

· Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау: отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық - тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;

Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің анализі науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, медициналық қызметкерлерден зәру).

Мейірбикелік үрдіс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үрдіске ауыстырыла алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үрдіс әр түрлі мақсатты көздейді.

Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау. Мейірбикенің мақсаты –науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)

1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)

Диагностиканы жүргізу үшін «денсаулық» және «ауру» түсініктерінің мағынасын анық білу керек. БДҰ сарапшыларының белгілеуі бойынша «денсаулық» – бұл тек аурудың болмауы мен мүгедектіксіздік қана емес, ол ағзаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сақтандығы. Ауру (morbus) – бұл ағзаның сыртқы ортаның факторларының ықпалына, арнайы инфекциялық агенттерге жауап қайтару реакциясы, туа біткен бұзылыс немесе осы факторлардың қиылысуы. Әр ағза ерекше және әр қайсысы ауруға әр түрлі жауап қайтарады, сондықтан бір аурудың клиникалық белгілері әр науқаста әрқалай болуы мүмкін. Яғни, аурудың клиникалық белгілері екі факторға байланысты қарастырылады: ағзаның/тіндердің зақымдануы және ағзаның ауруға жауап қайтарып, әрекеттесуі.

Диагностикалық процесс симптомдарды және синдромдарды анықтаудан басталады. Симптомдар – бұл аурудың белгілі бір белгілері (гр. symptoma – белгі, ұқсастық). Мысалы, жөтел, ентігу, ауру, лейкоцитоз, гематурия, миокардтың гипертрофиясы. Синдром – (гр. syndromos – «қосарлана жүгіру») жетілу механизіміне байланысты өзара шарттасқан симптомдардың жиынтығы. Синдромдардың анықталуы дұрыс диагноздың қойылуының маңызды бөлігі, өйткені синдромдардың бірқатары белгілі бір аурудың ерекшеліктері болып келеді.

Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.

Негізгі ауру – қазіргі кездегі басыңқы ауру. Негізгі аурудың асқынуы – аурудың клиникалық белгілерінің нәтижесінде негізгі аурудың ағысында пайда болған патология. Қосарланған ауру – негізгі ауруға ілесіп, оған еш байланыспайтын, қазіргі кезде басыңқы болып келген патология.

Диагнозды және оның негізделуінің шығарылу кезіне байланысты диагноздың мына түрлері ажыратылады: алдын-ала, науқастың клиникалық қарау кезінде алынған мәліметтер мен субъективті тексеру әдістерінің негіздеріне байланысты орнатылған диагноз; клиникалық, науқастың стационарға түскеннен бастап 3 тәуліктің ішінде алынған дәлелденген қосымша зерттеулердің (зертханалық және құрал-жабдықтар арқылы) нәтижелерімен негізделген диагноз; қорытынды, науқастың стационардан шыққанынан алдында жасалатын диагноз; қайтыс болғанда берілетін құжат, науқастың қайтыс болу жағдайында; патологоанатомиялық диагноз – патологиялық-анатомиялық тексеруден кейінгі берілетін диагноз.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы

· Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың мәселелерін анықтауға бағытталған (синдромдық диагноз).

· Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде өзгеруі де мүмкін.

· Дәрігерлік диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін (4-6).

· Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.

· Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық өзгерістерге байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына байланысты.

Мейірбикелік диагноз – бұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын мәселенің қалпы. Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе синдромды диагноз.

Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. Физиологиялық, психологиялық, жандүниелік және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.

Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

ü Физиологиялық диагноз:

· Жедел немесе созылмалы ауру;

· Жеткіліксіз немесе тым көп тамақтану;

· Жұтынудын бұзылуы;

· Тері жамылғы бүтіндігінің бұзылуы;

· Қимыл белсенділігінің төмендеуі;

· Тыныс алудын қиындауы, жөтел;

· қызба;

· зәрдің тұрып қалуы, зәрді ұстамау;

· іш қату, диарея, метеоризм;

· шаршағыштық (жалпы әлсіздік);

· ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б.

Ø Психологиялық диагноз:

· эмоциональды тонустың төмендеуі;

· өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

· ауру туралы мәлімет аз болғандығы мазалау;

· персоналға сенбеушілік;

· ота жасау алдындағы қорқыныш;

· өлім қорқынышы;

· өзіне қанағаттанбауы;

· жалғыздық;

· жанұядағы шиеленісті жағдайлар;

· бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.

· жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда болуы;

· демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

· дербестік сезімінің жетіспеушілігі;

· өзінің ауруына байланысты жақын адамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда болуы;

· жалған намыстану сезімінің пайда болуы.

Ø Әлеуметтік диагноз:

· қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану;

· мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау;

· күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау.

Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда болу уақытына байланысты қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.

Ø Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер — бұл науқасты нақты қазіргі кезде мазалап, шұғыл шешімді талап ететін мәселелер (мысалы, ауырсыну, ентігу, операция алдындағы қорқыныш сезімі);

Ø Потенциал ьды — бұл қазіргі кезде жоқ, бірақ белгілі бір уақыттан кейін пайда болу қаупін шақыратын және мейірбике тарапынан алдын-алу жұмыстарды талап ететін мәселе (мысалы, науқастың ұзақ уақыт қозғалыссыз жатқанынан пайда болатын терідегі ойықтардың даму қаупі, жиіленген сұйық нәжіс және құсудан кейін пайда болуы мүмкін ағзаның сұйықтығының азаю қаупі).

Бір аурудың өзінде –ақ бірнеше мейірбикелік диагноздар болуы мүмкін, оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастыру керек (ең күрделісінен бастап). Оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастырған кезде А. Маслоу қажеттіліктер пирамидасын қолдану керек. Приоритеттер – бұл біріншілік көмекті қажет ететін науқастың ең негізгі мәселелерінің бірі, мейірбикелік көмекті көрсетуге бөлінген (олар көп болмауы керек – 2-3-тен көп емес).

Приоритетті мәслелер біріншілік, екіншілік және аралық болып бөлінеді.

Ø Біріншілік — бұл мәселелер егерде науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе немесе емдемесе жақын уақытта өміріне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін және шұғыл түрде көмек көрсетуін талап етеді (АҚҚ көтерілуі, ауырсыну синдромы, күйзеліс жағдайлар және т.б.).

Ø Екіншілік — бұл науқастың ауруына немесе болжамына жатпайтын қажеттіліктері (ота жасалғаннан кейінгі төсектегі мәжбүр жағдайы, өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі және т.б.).

Ø Аралық – шұғыл емес және өміріне қауіп төндірмейтін науқастың қажеттіліктері (төсекте тәулік бойы мәжбүр жағдайда жатқанына байланысты арқасының ауырсынуы).

Мысалы, омыртқасы жарақаттанған науқастың біріншілік мәселесі – бұл ауырсыну, аралықта – қозғалыс қимылдың шектелуі, екіншілікте –мазасыздану сезімі.

Мейірбикелік диагноз құрастыру процессі өте маңызды, өйткені ол кәсіби білім мен науқастың жай-күйіндегі ауытқулар мен олардың себептері және шақырушылары арасындағы байланысты таба білу керек.

1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау

Мақсаттар белгілі, нақты және қол жетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.

Үшінші кезеңнің мақсаттары:

• науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек;

• таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек;

• мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек.

Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады:

ü Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ)

ü Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін де)

Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұл мақсаттарға жету үшін мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы бойынша тіркеп, жоспарлау.

Жоспарлау өзіне жатқызады:

· Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау

· Науқас және науқастың туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау

· Кірісулердің ұзақтығын анықтау.

1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру

Мейірбикелік үрдістің ең маңызды кезеңдерінің бірі– жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары– науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.

Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.

Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады:

ü Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері

ü Тәуелсіз

ü Бір-біріне тәуелді

Тәуелді – дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.

Тәуелсіз – мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, аурухана ішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).

Бір-біріне тәуелді – науқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, ЕДШ инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы.

Науқасқа көмек көрсетудің үш жүйесін ажыратады:

1. Толық -компенсациялық көмек – науқастардың 3 түрі қажет етеді:

• ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайтын ес-түссіз жағдайдағы науқастар;

• ес-түсі анық науқастар, бірақ ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайды немесе оларға жасауға рұқсат етілмейді;

• өз беттерімен ешқандай шешім қабылдай алмайтын науқастар.

2. Жартылай-компенсациялық көмек – мақсаттарды қозғалыс-қимыл белсенділігінің шектелу деңгейіне байланысты бөлінеді, сондай-ақ берілген іс-әрекеттерді орындауға және меңгеруіне дайын болуына байланысты.

3. Кеңестік (сүйемелдеушілік) – науқас мейірбикенің көмегімен (амбулаториялық жағдайда қызмет көрсету) өзіне күтім жасай алады және іс-әрекеттерге үйрене алады.

Науқастарға күтім жасағандағы мейірбикенің рөлі бірегей.

Мейірбикенің приоритетті мақсаты стационарларда манипуляция жасау ғана емес, сонымен қатар науқастарды және олардың туыстарын бұзылған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз-өздерін күтуді тиімді үйрету болып саналады

1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау

Мейірбике науқастың жай-күйіндегі өзерісті көріп, есіне сақтап және бағалай алуға мүмкіндік беретін байқаушылық қасиетін иелену керек.

Мейірбикелік үрдістің бесінші кезеңінің мақсаты – қойылған мақсаттардың жету кезеңін анықтау. Бұл кезеңде мейірбике мақсаттың жетілуін бақылайды; көзделген нәтижемен салыстырады; нәтижелерін негіздейді; күтім жоспары жайлы құжатқа (мейірбикелік ауру тарихы) жазба жасайды.

Мейірбике күн сайын науқастың күтімінің сапасын және тиімділігін тексеріп, баға беріп отырады. Егер алға қойылған мақсатқа қол жеткізіліп, науқастың қажеттіліктері орнықса, мейірбике жоспарға нәтижені, ай-күнді, уақытты және қолтаңбасын қояды. Егер алға қойылған мақсаттар орындалмай, науқас әлі де мейірбикелік күтімге қажеттілігін көрсетсе, мейірбике күтім қажеттілігін және науқастың жағдайын бағалап, іс-шаралардың тиімді болмауының себептерін ажыратып, мейірбикелік кірісу жоспарына өзгеріс орнатып, науқас күтімін түзету керек.

Яғни, мейірбикелік үрдіс – науқастардың өмір сапасын көтеріп, медициналық көмек пен күтімнің ең жоғары сапалы берілуіне негізделген динамикалық үрдіс.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: