double arrow

Стерилизация

Ота жасау бөлмесі, босану залдары, инфекциялық бокстарда, ағзасы трансплантацияланған науқастардың орналасқан бөлмесінде, шала туған нәрестелер кювездерінде асептикалық тәжірибе жіті қолданылады.

Асептика – емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика – медициналық қолданыстағы бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын қарастырады.

Антисептика – зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үрдісті қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б.

Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, сондықтан, профилакикалық маңызды иемденеді.

Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.

Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде және операциядан кейінгі іріңді асқынулар профилактикасында, гепатит В, АИТВ - инфекциясы және іріңді ауруларда маңызы зор.

Барлық медициналық бұйымдар мен құралдар стерилизацияланады дренаждар, шприцтер, таңатын материалдар, жара бетімен қатынасқа түсетін,қан және инъекциялық препараттар, сонымен қатар экспулатация процесінде шырышты қабықшамен қатынасатын және оның зақымдануын тудыру мүмкін, операция бөлмесінің ауасы, хирургтың қолы және операциялық мейірбикенің қолы зарарсыздандырылады.

Медициналық аспатар және медициналық тағайындау құралдарын (МТҚ) адам организмімен байланысу дәрежесі және пациенттің инфекцияны жұқтыру қауіпі бойынша үш топқа бөледі:

Ø шұғыл МТҚ – адам қанымен немесе қуыстар, тінімен тікелей байланыста болған аспаптар және құралдар;

Ø жартылай шұғыл МТҚ – зақымдалмаған шырышты қабаттармен байланыста болған аспаптар мен құралдар;

Ø шұғыл емес МТҚ – интакты тері жамылғысымен байланыста болған күту құрылғылары, аспаптар мен құралдар.

Шұғыл МТҚ міндетті түрді стерилизацияланады, ал жартылай шұғыл – жоғарғы және орта деңгейде дезинфекцияланады, шұғыл емес – орты және төменгі деңгейде дезинфекцияланады.

Медициналық тағайындау құралдарының деконтаминациясы (өңделуі) үш кезеңнен тұрады:

· дезинфекция

· стерилизация алдындағы өңдеу

· стерилизация

4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (МТҚ) деконтаминациялау кезеңдері

1 кезең – МҚТ қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияланады

Дезинфекцияның үш режимі бар: Р-1, Р-2 и Р-3:

Р-1 (қарапайым) ішек бактерияларын және респиратолы вирустарды жоюға бағыттылған, дезинфекциялық құрал ретінде 1% хлорамин ерітіндісі немесе 1,5% гипохлорит кальций ертіндісі қолданылады (1 сағатқа).

Р–2 (күшейтілген) туберкулез және саңырауқұлақ микобактерияларын жоюға бағытталған, 5% хлорамин 6 сағатқа немесе 2,5% гипохлорит кальций ерітіндісі 4 сағатқа.

Р–3 (анаэробты) парентеральды вирустарды жоюға бағытталған (сіреспе), дезинфекциялау үшін 6% сутегінің асқын тотығы қолданылады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Арнайы киімді кию: халат, маска, қолғап.

2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау.

3. Дайындалған ыдысқа құю.

А) Бірінші ыдыста: қолданғаннан кейін медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру және жуу.

Б) Екінші ыдыста: медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру, ерітіндіге толығымен салып қою, ыдыстың қақпағын жауып бір сағатқа қалдырып қою керек, бір сағаттан кейін құрал-жабдықтарды ерітіндіден алып шығып, астаушаға салу.

4. Ағынды су астында медициналық заттарды бірнеше рет жуу.

5. Қолданылған дезинфиялық ерітіндіні канализацияға төгу.

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.

Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі

Сынапты термометрлер, медициналық

- 2% хлораминерітіндісіне 15 минутқа салып қоямыз.

- Ағынды сумен жуып, құрғақ жерде сақтау керек.

Металлдан жасалған шпательдер

1-ші әдіс. Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату, немесе 120° температурада 45 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.

2-ші әдіс. 180° температурада 60 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау.

Кушеткалар

Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек.

Қайшылар

Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.

Пациенттерді жуындыратын мочалалар

Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату.

Құрғату.

Қауызды

- 3% хлорамин ерітіндісімен немесе басқа залалсыздандыру құралымен екі мәрте сүрту арқылы залалсыздандыру (немесе ваннаға 60 минутқа 1% хлорамин ерітіндісін құю).

- 100 см2- -ге ½ г жуғыш-дезинфицирлейтін немесе тазалағыш- дезинфицирлейтін заттармен сүрту, экспозициясы 5 минут.

- Ағынды сумен шайып жіберу.

Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер

- 5% хлорамин ерітіндісі мен жуу құралымен (жуу құралының 5г 1л хлорамин ерітіндісіне) қосылған сұйықтыққа 30 минутқа толық батыру

Бөлмелерді

- Өңдеу тәулігіне 2 рет 1% гидрохлорид ерітіндісі және 2% сабын-сода ерітіндісі арқылы орындалады.

Жинауға арналған құрал-жабдықтар

- 1% гидрохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батыру.

- Шаю, құрғату.

Аяқ-киім

- 25% формалин ерітіндісіне немесе 40% сірке қышқылы ерітіндісінде өңдеу.

- 3 сағатқа полиэтилен қалтасына салу.

- Иістің кетуіне дейін желдету.

Ысқыштар

- Дәретханада ысқыштарға арналған 2 ыдыс болуы керек. Оларды күніне 2 рет ауыстыру керек.

- Квачтар залалсыздандыру үшін 1,5% кальций гипохлоридіне салынады.

Судна (дәрет ыдысы)

- 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батырылу арқылы өңделеді.

- Шайылып, құрғақ жерде сақталады.

Жылытқыштар, мұзды мұйық, резенке дөнгелектер

- 0,5% гипохлорид ерітіндісімен екі мәрте сүртіледі.

- Ыстық су мен сабынмен жуылып, құрғатылады.

Клизмалық ұштықтар, катетерлер

1-әдіс. 1,5% гипохлоридерітіндісіне 1сағатқы батырылады.

2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылу немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу.

3-әдіс. Автоклавқа салу.

Төсек-орын

- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, кір жуылатын орында жуулу.

- Төсек-орынды камералық өңдеу.

- Төсек-орын жиналған қапты 1% гипохлорид ерітіндісінде салып қою.

Ыдыс

- Жуу-майсыздандыру 10 литр суға 200 г соданы 0,5% жууға арналған заттарды.

- Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерітіндісінде 30 минут. Қасықтар, шанышқылар –30 минут уақытта қайнату.

- Жуу-шаю ыстық ағынды суда.

Ыдысқа арналған ысқыш

- 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату.

- Залалсыздандыруға арналған ерітіндіге 1сағатқа батыру.

- Жуу, құрғату.

- «Таза ысқыш», «кір ысқыш» деп жазылған екі ыдыста сақтау.

Науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар

-1% гипохлорит ерітіндісіне малынған ветошьпен екі қайтара сүрту.

-Дистилльденген суда 30 минут уақытта қайнату.

2-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өндеу

Медициналық тағайындауға аранлаған құралардар дезинфекциядан кейін стерилизациялауға дейін өңдеуді қажет етеді — ақуыз, май, механикалық кірленуден, сонымен қатар дәрі қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Стерилизацияның алдында тазалау кезінде барлық құралдар бөлшектенген түрде ерітіндігі батырылады. Барлық заттар ерітіндігіе толығымен батырылуы керек

Ем-шараның орындалуы:

1. Жууға арналған ерітінді дайындау: 17 мл 27,5% су тегінің асқын тотығы ерітіндісін, 978 мл суға, 50°С дейін жылыту.

2. Ершпен шөткемен әр-бір құрал-жабдықты өндеу жууға арналған суда 30 секунд уақытта, жууға арналған суды каналдар арқылы жіберу.

3. Құрал-жабдықтарды лотокқа салу.

4. Әр-бір затты ағын судың астында 30 секунд уақытта жуу, суды құрал-жабдықтар аралықтарына жіберу. Астаушаға салу.

5. Құрал-жабдықтарды дистильденген суда жуу.

6. Құрғақ ыстық шкафта 85°С температурада дымқылдықты түгелімен кеткенге дейін құрғату.

Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы дайындау және дезинфекциялау сапасын биологиялық және химиялық анализдердің нәтижесі бойынша бағалайды. Зарарсыздандырылудың алдындағы өңдеудің сапасының тексерілуі азопирам және фенолфталеин сынамалары қолданылады.

Азопирам сынамасы өнімдердің қаннан таза жуылуын тексеру үшін орындалады.

Іс-шараның орындалуы:

1. 1% азопирам жұмыс ерітіндісін дайындап, 3% сутек асқын тотығының ерітіндісімен бірдей мөлшерде араластыру

2. Қан жұғындысы бар шыныға бірнеше тамшы тамызып, жұмыс ерітіндісінің белсенділігін тексеру. Егер реактивтің түсі өзгерсе, онда реактив «жұмыс істейді»

3. 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін тамшуырмен жабдықтың қуысына, қысқыш бұрандаға, биологиялық сұйықтықтармен жанасу орынтарына түсіру

4. 0,5-1 минут ұстау

5.Сынаманы оқып шығу:

· қызғыл- күлгін түс қан қолданылғанда пайда болады

· қоңырқай түс ашытқы, тот, кір жуу ұнтағы, хлорлы дезинфекцияландыру жабдықтары қолданылғанда пайда болады

6. Сынаманың оң нәтижесінде құрал-жабдықтардың барлығы қайта тазартудан өтеді

7. Сынама нәтижесін есепке алу журналына жазу

Фенолфталеин сынамасы медициналық құрал-жабдықтарды жууға арналған ерітіндіден тазарту сапасын тексеру үшін жасалынады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Құрал-жабдықтың сыртына 1% фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін жағу.

2. Құрал-жабдықты мақтаның үстіне ұстау, реактивтің түсін бақылау.

3. Нәтижесін 2- минут аралығында бағалау.

· Теріс сынама кезінде реактивтің түсі өзгермейді.

· Оң сынама кезінде реактив түсі қызғылт түстен ал қызыл түске дейін өзгереді.

Стерилизация алдындағы тазалау сапасын бағалау күнделікті жүргізіледі. Бағалау жүргізіледі: стерилизациялық бөлімшеде – бір кезекте өңделген әр заттың 1%-ы, орталықтандырылған өңдеу кезінде бір кезекте өңделген әр заттың – 1%-ы, бірақ үш бірліктен кем емес. Бағалау қорытындысы журналды тіркеледі.

Стерилизация -әртүрлі әдістермен жүргізіледі — қысым астындағы бумен, құрғақ ыстық ауамен (кептіргіш шкаф), газбен (этилен тотығы, бромисты метил), химиялық заттар ерітіндісімен, радиоактивті сәулемен. Стерилизация әдісін таңдау, стерилизация нысанының ерекшелігіне және сол әдіске байланысты. Қойылған стерилизация уақытына байланысты барлық патогенді, сапрофитті, сонымен қатар споралы микроорганизмдер жойылуы керек, таңдалған әдістер, құралдар және тәртіптер сыртқы түрінің, мықтылығын, экспулатациялық сапасының және басқа стерилизацияланатын заттардың құрамының ауытқуын тудырмауы керек.

4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері

Медициналық тәжірибеде негізінде стерилизацияның 3 түрі қолданылады (кесте 2).

Кесте 2.

Стерилизация түрлері

Стерилизация түрлері Стерилизации әдістері Әсер етуші агент
физикалық бұлы ауалық гласперлендік инфрақызыл Артық қысымдағы бу (120°С, қысым 1,1 атм) (132°С, қысым 2,0 атм) Құрғақ ауа 180 °С Қыздырылған шыны дөңгелектері 190–240 °С-да инфрақызыл сәулделену 200+3°С-да
химиялық сұйықтықты плазмалы Химиялық байланыстар ерітінділері (альдегид-, оттегі-, құрамында хлоры бар) 20 % сутегінің асқын тотығының булары
газды - этилен қышқылының көмірқышқыл газымен, бромдалған метилмен қосындысы және т.б.

1.1 Физикалық (термиялық):

· Булы – ыстық қанық бумен стерилизация

· Ауалы – ыстық құрғақ ауамен

1.2. Физикалық (суық):

· радиациялық

· ультрадыбыстық

2. Химиялық (суық):

· химиялық препараттар ерітіндісімен.

Газды

Радиациялық және ультрадыбыстық стерилизация әдістері техникалық қиын және тек қана ерекше жағдайларды ғана орындалады. Термотөзімді заттарды суық әдіспен стерилизациялайды. Барлық бірдей жағдайларда әдетте термиялық стерилизация тән. Булық стерилизацияда стерилизация төзімділігі қысқа, ал температура құрғақ ыстық ауа стерилизациясынан төмен.

4.3 Стерилизацияның булық әдісі

Коррозияға төзімді металл заттарға, шыныға, текстилге, резеңкелерге қолданылады. Стерилизацияны қаныққан буда жоғары қысымы булы стерилизаторда – автоклавта өткізеді.

Автоклав (греч. ауто – өзім және лат. клавис – кілт) – «өзінкілттеу». Автоклав (булы стерилизатор) су буы камерасы орналасқан, екі қабырғалы котелдан тұрады. Оған воронка арқылы су құяды. Пайда болған бу стерилизацияданатын материал орналасқан стерилицазиялық камераға өтеді. Су деңгейін су өлшегіш құбыр арқылы анықтайды. Аппаратты герметикалық қақпақпен жабады. Қақпақта аппарат қысымын көрсететін монометр болады. Сыртынан аппарат қаппен қапталған. Аппараттың төменгі жағына суды жылыту үшін және будың пайда болуы үшін жылу көзін өткізеді.

Аппаратың буға толуы кезінде ондағы қысым жоғарылайды, соған сәйкес температура да жоғарылайды. Бу заттың барлық бетіне (поры) өтеді, және ондағы бар микробтар жойылады. Стерилизацияны стерилизацияланған металл жәшіктерде өткізеді, (сурет 5), екі қабатты жұмсақ матадан жасалған ыдыста, пергаментте,қағаздан жасалған қалтада.

 
 
 


old.pedklin.ru

       
   
Сурет 6 Металлды бикс
 
 


Стерилизация үшін қолданылатын металдық биксы (6-ші сурет), диаметрі 16 см (кіші бикстер) және 45 см (үлкен бикстер), 25 см (орташа бикстер) және көптараған дөңгелек бикстер шығарылады.

Будың барабан ішіне өтуі үшін, металды терезелі белдеменің ауысуы арқылы сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған. Биктің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін. Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мұсатір спирті ерітіндісімен сүртеді, содан кейін жанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің қабырға жағына дөңгелек пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына салфеткамен, төсенішпен жабады.

Таңатын материал мен киім салуда орнатылған тәртіпті қадағалап есте сақтаған жөн. Бисктен кез келген затты басқаларына тиіспей алу үшін, ұқыпты жиналған киімдерді секторальді бір-біріне вертикаль жағдайда қояды. Таңатын материалды қорбымен немесе пакетімен алып шығу үшін оларды ретімен қояды. Бір бикстің үстіндегі төсенішке халатты, оның үстіне бірнеше дәке салфеткасын және орамалды қояды. Бұл операциялық мейірбикенің қолын жуғаннан кейін басқа киімдер мен материалдарды ашпай, оларды сүртіп және стерильді халатын кию үшін қажет.

Әрбір бикс қақпақшасында онда не бары, стерилизация уақыты, биксті дайындаған мейірбике тегі көрсетілген жабыстырылған этикетка болуы керек. Бикс қақпақшасын жапқан соң, оның кенеттен ашылып кетпуі үшін, оны шынжырлы ілгегі бар және тесьмамен қатты байлайды. Аяғында бикстің жақтауындағы тесіктерінің ашықтығын тексереді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: