Постреквизиттері:тарих. деректану, саясаттану, философия

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Курстың мақсаты – тарихнамалық зерттеулер жүргізуде ғылымның өзіндік методологиясы мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасып, орныққандығын көрсету. Сондай-ақ ғылымның түрлі әдіс- тәсілдері арқылы жан жақты, терең талдаулар жасауға болатындығына көз жеткізу. Магистранттарды тарихнамалық зерттеулердің модельдерімен таныстыру. Оларды тарихнамалық зерттеу дайындауға үйрету.

Міндеттері – тарихнама ғылымының методологиясын оқып үйрену, ғылымның принциптері мен әдістерін меңгеру, тарихнамалық зерттеулерді жүргізудегі модельдерді айқындау, тарихнамалық деректерді талдауға әртүрлі әдіс тәсілдерді ұстанудың жолдарын көрсету, кез келген мәселенің зерттелу деңгейін анықтауда ғылыми модельдер арқылы оның зертелмеген тұстарын анықтау.

Курстың құрылымы

Апта Тақырыптардың атаулары дәрістер МӨЖ тақырыптары
  Д.Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны. СС.Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны.   Тарихнама ғылымы және оның тарихғылымдар ының арасында алатын орны.
  Д.Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны. СС.Тарихнама ғылымының методологиялық негіздері.   Тарихнама ғылымының методология- лық негіздері. 1 апта. 2 сағат.
  Д.Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау. ДТарихнамалық кіріспе ғылыми әдебиеттерге шолу. СС.Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау.   Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау.
3-4 Д. Тарихнамалық деректер мен мәліметтер. СС. Тарихнамалық кіріспе ғылыми әдебиеттерге шолу.   Тарихнамалық кіріспе ғылыми әдебиеттерге шолу. Тарихнамалық деректер мен мәліметтер.
  Д. Тарихнамалық факт. СС.Тарихнамалық деректер мен мәліметтер.   Тарихнамалық факт.
  Д. Тарихнамадағы пәнаралық. СС. Тарихнамалық факт.   Тарихнамадағы пәнаралық.
  Д. Тарихнамалық заңдылықтар. СС.Тарихнамадағы пәнаралық.   Тарихнамалық заңдылытар.
  Д. Тарихнамалық сын. СС. Тарихнамалық заңдылықтар.   Тарихнамалық сын.
  Д.Тарихнамалық зерттеулер жүргізудің түрлері. Мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындау. СС. Тарихнамалық сын.   Тарихнамалық зерттеулер жүргізудің түрлері. Мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындау.
  Д.Тарихнамашының ғылымға қосқан үлесі. СС.Тарихнамалық зерттеулер жүргізудің түрлері. Мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындау. СС.Тарихнамашының ғылымға қосқан үлесі.   Тарихнамашының ғылымға қосқан үлесі. 10 апта. 1 сағат.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

негізгі:

1.Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы, 2008.

2.Зевелев А.И. Историографические исследования: методологические аспекты. - М., 1983.

қосымша:

1.Сахаров А.М. Некоторые вопросы методологии историографических исследований // Вопросы методологии и истории исторической науки. - М., 1977.

2.Соныкі. Методология истории и историографии. - М., 1981.

3..Омарбеков Т Омарбеков Ш.Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. - Алматы, 2002.

4.Сахаров А.М. Методология истории и историографии.- М., 1981.

5.Ковальченко И.Д. Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск, 1974.

Білімді бақылау түрлері:

Бақылау жұмыстары:

1.Тарихнама ғылымы бойынша кез келген кандидаттық диссертацияның авторефераты негізінде ізденушінің пайдаланған ғылыми принциптерін талдап, мысалдар келтіру.

2.Тарихнама ғылымы бойынша жарияланған мақалаға тарихнамалық талдау жасап, баға беру.

3. Тарихнамалық кестелер құрастырудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, мысал ретінде 1-2 кесте құрастыру.

4. Тәуелсіздік жылдары дайындалған тарихнамалық диссертациялардың авторефераттарын (2-3 жұмысты) синтездеп, ортақ кемшіліктерін анықтау.

5. Тарихнамалық деректер мен фактілердің айырмашылығын талдап, мысал келтіру.

СӨЖ:

1.Тарихнамалық зерттеудің биографиялық түріне арналған кандидаттық диссертацияға талдау жасау.

2.Тарихнамалық зерттеудің проблемалық-мерзімдемелік түріне арналған кандидаттық диссертацияға баға беру.

3. Тарихнамалық зерттеудің библиографиялық түріне арналған зерттеуді талдау.

4. Тарихнамашы ұстануға тиіс методологиялық негіздер бойынша кесте құрастыру.

5. Кеңестік кезеңдегі тарихи мектептердің ғылыми зертханасының ұтымды тұстары мен кемшіліктерін жүйелеу.

Quizzes (бақылау ж)ұмыстары: семестрде бес жұмыс

Өэдік тапсырмалар(МӨЖ): семестрде ог тапсырма

Мәрелік емтихан: емтихан сессиясының кезеңінде

Білімді бағалау критерийлері, %баллдар

Бақылау жұмыстары 30
Өздік жұмыстар (МӨЖ) 30
   
МӘРЕЛІК ЕМТИХАН 40

Баға қою шкаласы:

Әріп жүйесі бойынша баға Баллдардың цифрлы экиваленті %-мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - «Пән аяқталмады» (қорытындылауда GPA ескреілмейді)
P (Pass) - 0-60 65-100 «Есептелді» (қорытындылауда GPA ескрілмейді)
NP (No Рass) - 0-29 0-64 «Есептелген жоқ» (қорытындылауда GPA ескрілмейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (қорытындылауда GPA ескрілмейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себептерге байланысты алып тастау (қорытындылауда GPA ескреілмейді)
AU (Audit) - - «Пән тыңдалды» (қорытындылауда GPA ескреілмейді)        

Семестр бойы магистранттың жұмысын бағалауда мына төмендегілер ескріледі:

-Сабаққа қатысуы

- Семинар сабақтарынна белсенді және өнімді қатысуы

- Негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып-үйренуі

- Үй тапсырмаларын орындауы

- МӨЖ - ді орындауы

- Барлық тапсырмаларды уақытылы тапсыруы (үш МӨЖ-ді уақытында тапсырмағаны үшін AW бағасы қойылады)

Академиялық тәртіп саясаты және этика

Шыдамды болыңыз, өзге, бөтен пікірді сыйлаңыз. Келіспеушілігіңізді сыпайы жеткізе біліңіз. Плагиат және өзге де жалған жұмыстарға жол берілмейді.МӨЖ тапсыру, аралық бақылау және мәрелік емтихан кезінде сыбырлауға және дайын материалдан көшіруге,басқа магистрант үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаған магистрант «F» деген баға алады.

Көмек: Өздік жұмыстарды орындау және тапсыру, реферат дайындауда ақыл кеңес, сондай-ақ өткен материалдар, сонымен қатар өтілетін курс бойынша туындаған өзге де сауалдарға, ақпараттарға жауап алу үшін ММӨЖ-дің кезінде оқытушыдан көмек сұраңыз.

Кафедра мәжілісінде қаралды. № хаттама «» ж.

Дәріскер

Кафедра меңгерушісі

ДӘРІС САБАҚТАРЫ

Тақырып 1. Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны. 2 сағат. 1-апта.

Дәріс мақсаты: тарихнама ғылымы мен пәнінің негіздерін ұғындыру

Негізгі ұғымдар: тарихнамалық деректер, тарихнамалық факт, тарихнамалық заңдылықтар, тарихнамалық дәстүр, тарихнамалық мектеп, тарихнамалық зерттеу принциптері мен әдістері.

Негізгі мәселелер:

1.Тарихнама ғылымының тарих ғылымдарының арасында алатын орны.

2.Тарихнама ғылымының негізгі ұғымдары және оларға сипаттама.

Қысқаша мазмұны: тарихнама ғылымының тарих ғылымдары ішінде алатын орны, отандық тарих тарихнамасының тарих пәндері жүйесіндегі, тарихи зерттеулер құрылымында алатын орны мен маңызы. Түсінік аппараты. Тарихнаманың аспектлері.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық зерттеу үлгісі арнайы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері,тарихнама ғылымының тарих ғылымдары арасындағы өзіндік орны.

Ұсынылатын әдебиеттер. Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы., 2008

Тақырып 2. Тарихнама ғылымының методологиялық негіздері. 2 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдарын анықтау

Негізгі ұғымдар: тарихипроцестер, объективтілік, ғылыми принциптер, ғылыми әдістер, теория, сыншылдық

Негізгі мәселелер:

1.ғылымның методологиялық ұстанымдарының өзгеруі

2.жаңа методологиялық негіз және оның қажеттілігі

3.ғылыми зерттеу принциптері мен әдістері, оларды қолданудың жолдары

Қысқаша мазмұны: маркстік-лениндік методологияның күйреуі, жаңа методологияны қалыптастырудың қиындықтары, тарихнаманың ғылым ретіндегі өзіндік әдістері, тарихнамадағы пәнаралық байланыс. Тарихнамалық зерттеудегі жалпы зерттеу принциптері. Тарихнамалық факт. Тарихнамалық дерек. Тарихнамалық зерттеулер бойынша деректер. Тарихи танымды кезеңдерге бөлу принциптері. Тарихи зерттеудегі әдістер.

Өзін бақылау сұрақтары: методология ұғымы және оны ұстанудың жолдары; тарихнама ғылымының өзіндік зерттеу принциптері мен әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер. Ковальченко И.Д. Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск, 1974.; Журавлев В.В. Методология исторической науки. Вчера.Сегодня.Завтра.//Кентавр,1995. №6.; Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. Сборник материалов. -М., 1988.; Жуков Е.М. Очерки методологии. -М., 1989.; Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории.- СПБ., 1913.

Тақырып 3. Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау. 3 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: ғылымның функцияларына сипаттама беру және тарихнамалық тақырыпты таңдаудың жолдарын көрсету

Негізгі ұғымдар: ғылыми функция, тарихнамалық библиография,

Негізгі мәселелер:

1. тарихнама ғылымының функциялары және оларға сипаттама

2.тарихнмалық тақырыпты таңдаудың әдіс-тәсілдері, тақырыптың өзектілігін анықтау

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері, танымдық, теориялық методологиялық, болжамдық функциялардың атқаратын рөлі, аталмыш функциялардың тарихнамалық зерттеудің құрылымына әсері.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнама ғылымының функциялары және олардың маңызы; функциялардың тарихнамалық зерттеуде атқаратын рөлі.

Ұсынылатын әдебиеттер. Зевелев А.И. Историографические исследования: метод и аспекты. -М., 1970.;Зевелев А.И. Некоторые вопросы историографии истории КПСС.- М., 1970.;Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.

Тақырып 4. Тарихнамалық кіріспе - ғылыми әдебиеттерге шолу. 3 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық зерттеудің құрылымын көрсету және кіріспеге тоқталу

Негізгі ұғымдар: ғылымның даму заңдылықтары, даму үрдістері, тарихнамалық зерттеудің міндеттері

Негізгі мәселелер:

1. тарихнамалық зерттеудің құрылымы және оларға сипаттама

2. тарихнамалық кіріспе жазудың өзіндік талаптары және ерекшеліктері

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық еңбектің жалпы мақсаты, тарихнамалық зерттеудің міндеттері,тарихнамалық әдебиеттерге шолу жасау, таңдап алған тақырып бойынша әртүрлі кезеңдердегі тарих ғылымының даму сатыларының жағдайы, тарихнаманың тарихнамасы тарихнамалық жұмыстың мерзімдік шегі, зерттеудің методологиялық негіздері.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық кіріспеге қойылатын талаптар және оның ерекшелігі, тарихнаманың тарихнамасын көрсетудің қажеттілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер. Шмидт С.О. О методике выяления и изучения материалов по истории исторической науки // Труды МГИАИ. 1965. №22.; Соныкі. Методология истории и историографии. -М., 1981.; Городецкий Е.Н.Историографические введение к историко - партийному исследованию // Вопросы истории КПСС.1985. №1.

Тақырып 5. Тарихнамалық деректер мен мәліметтер. 3-4 апта. 4 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық деректің мәні менрөлін ашу және мәліметтердің ғылым үшін маңызын анықтау

Негізгі ұғымдар: тарихнамалық дерек, деректерді іздеу, деректерді өңдеу, деректерді пайдалану заңдылықтары, тарихнамалық еңбектің аксиомасы, тарихнамалық деректердің сыныптамасы

Негізгі мәселелер:

1. тарихнамалық деректердің тарихи деректерден айырмашылығы

2. тарихнамалық деректерді іздеп табудың, өңдеу мен пайдаланудың заңдылықтары

3. тарихнамалық деректердің түрлері және олардың әрқайсысына сипаттама

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық деректерге байланысты ғылымда орын алған ой пікірлер, тарихнамалық деректің тарихи деректен айырмашылығы, тарихнамалық деректің анықтамасы, тарихнамалық деректердің түрлері, деректі методологиялық талдаудың басты міндеттері,тарихнамалық деректің фактіден айырмашылығы, дерек пен фактні байланыстыратын буын, деректерді пайдаланудың жолдары.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық деректерді жинақтау,тарихнамалық деректердің мазмұны және олардың түрлері; тарихнамалық деректерді талдаудың ғылыми әдіс тәсілдері

Ұсынылатын әдебиеттер. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы. - Алматы., 2002.; Кулешов С.В. О типологии исторических источников // Методологические проблемы историко-партийной историографии. -М., 1984.; Пушкарев Л.Н. Определение оптимизация и использование историографических источников.// Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. -Томск, 1974.;Варшавчик М.А. Об источниках изучения историографии истории КПСС// Вопросы истории КПСС. 1973. №11.

Тақырып 6. Тарихнамалық факт. 5 апта. 4 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық фактінің мәні мен мазмұнын айқындау

Негізгі ұғымдар: тарихнамалық заңдылықтар, тарихи білім, тарихи ой, ғылымның ақпараттық әлеуеті, тарихнамалық құбылыстар,

Негізгі мәселелер:

1. тарихнамалық фактінің анықтамасы және оның негізгі критерийлері

2. тарихнамалық фактінің объективтілігі және оның көрсеткіштері, фактлердің түрлері

3. тарихшы тұжырымдары, оның ғылымға келуінің себептері, әлеуметтік саяси билікке қатысы, еңбектерде бекітіліуі

4. тарихнамалық фактлерді талдаудың методологиясы

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық фактінің анықтамасы және оның критерийлері, тарихи факті мен тарихнамалық фактінің айырмашылықтары,тарихнамалық фактінің градациясы, тарихнмалық фактілердің түрлері және оларға сипаттама, тарихшы тұжырымдары және олардың ғылымға келу жолдары, фактініі талдаудың методологиясы.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық фактінің мәні мен мазмұны, фактілердің түрлері, фактіні талдаудағы ғылыми ұстанымдар

Ұсынылатын әдебиеттер.. Барг М.А. Исторический факт; структура, форма,содержание // История СССР.1976. №4.; Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы., 2008; Шмидт С.О. Методологические и теоретические проблемы исторической науки.- Калинин, 1980.

Тақырып 7. Тарихнамадағы пәнаралық. 6 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамадағы пәнаралақтың маңызын көрсету

Негізгі ұғымдар: ғылыми интеграция, жаһандану, инновациялық тәсілдер, бірпәндәлік, пәнаралық феномені, тарихи библиография, ретрспективті библиография, жаңа технологиялар

Негізгі мәселелер:

1. пәнаралықтың пайда болуы және қажеттілігі

2. тарихнамадағы пәнаралық және оны пайдаланудың жолдары

3. тарихнаманың пәнаралық байланыстары және оларға сипаттама

Қысқаша мазмұны: ғылымда пәнаралықтың қажеттілігі және оның тарихнамадағы орны. Бірпәнділіктің ғылыми зерттеулер жүргізудегі жеткіліксіздігі.Тарихнаманың философия, саясаттану, деректану, тарих, әлеуметтану, археография, өлкетану, мұрағаттану, қосалқы тарихи пәндері ғылымдармен байланыстары. Пәнаралық байланыста тарихнамалық зерттеулер жүргізудің тиімділігіжәне олардың маңызы.

Өзін бақылау сұрақтары:. пәнаралықтың тарихнама ғылымы үшін қажеттілігі; пәнаралық байланыстарды орнату тәсілдері; пәнаралықтың ғылыми зерттеудің құндылығын арттырудағы рөлі.

Ұсынылатын әдебиеттер. Хвостова К.В. Фин В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных иследований. -М., 1989.; Копнин П.В. Гносеологические и логические основы науки. -М., 1997.; Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.; Коломейцев В.Ф. Методология истории.(От источника к исследованию). -М., 2001.

Тақырып 8. Тарихнамалық заңдылықтар. 7 апта. 4 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық заңдылықтардың мәні мен маңызын көрсету

Негізгі ұғымдар: танымдық функция, объективті фактор, заңдылықтардың көріну және пайдалану механизмдері, тарихнаманың іліспелі қозғалысы, заңдылық.

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамалық заңдылықтардың тарихи заңдылықтардан айырмашылығы

2.тарихнамалық заңдылықтардың ғылыми білімді анықтаудағы рөлі

3. «ескі» және «жаңа» ғылымдарды салыстырудың маңызы.

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық заңдылықтар тақырыбының терең зерттелмеуі, олардың қолданбалық маңызы.Тарихнамалық заңдылықтарды орнату жолдары және олардың көрінуі. Идеялар, қорытындылар және тұжырымдардың заңдылық түрінде саналуы. Тарихи білімнің қалыптасу механизмі. «Ескі» және «жаңа» ғылымдарды салыстырудағы заңдылықтардың атқаратын рөлі.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық заңдылықтардың мәні мен ғылыми талдаулардағы маңызы; заңдылықтарды орнату тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер. Федосеев П.И. Ильичев Л.Ф. О некоторых методологических проблемах исторического материализма. // Вопросы философии. 1984. №6.; Петряев К.Д. Вопросы методологии исторической науки. - Киев., 1976.; Сахаров А.М. Некоторые вопросы методологии историографических исследований // Вопросы методологии и истории исторической науки. -М., 1977.

Тақырып 9. Тарихнамалық сын. 8 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық сынды жүргізудің әдіс-тәсілдерін ашып көрсету

Негізгі ұғымдар: тарихи білім, тарихи ой, тарихнамалық мектеп, тарихнамашының ізбасарлары, тарихнамалық сын, фактлерді бағалау, тарихнамалық этика, сынның объективтілігі

Негізгі мәселелер:

1. Тарихнамалық сынның мәні, оны жүргізудің өзіндік ерекшеліктері.

2.Тарихнамалық фактлерге баға берудегі тарихнамашының рөлі. Тарихнамашының этикасы.

3.Тарихнамалық сынның тарих ғылымы үшін маңызы.

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық сынның қажеттілігі, оны жүргізудің бағыттары мен жолдары.Тарихнамалық деректер мен фактлерді сынау, ғылым үшін ұтымды тұстарын, емшіліктерін, олқылықтарын, объективті зерттелуін айқындау. Фактлердің саяси жүйелер мен идеологияларға тәуелділігін, методологиялық негіздерін, бұрмалауларын, тағы сол сияқты келеңсіздіктерін анықтаудағы тарихнамашының ұстанымдары, ғылыми этикасы. Тарихшының еңбегін бағалауда, зерттеуінің ұтымды тұстарын, ғылымға қосқан үлесін көрсетуде шынайылық принципін басшылыққа алу. Тарихнамалық сынның тарих ғылымын дамытудағы рөлі. Сын арқылы ғылымның жай-күйін айқындау, болашақта зерттелуге тиіс мәселелерді нақты көрсету.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық фактлерді сынаудың ғылыми әдіс-тәсілдері, тарихшының еңбегіне баға берудің жолдары, сынның тарих ғылымы үшін маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер. Нартбаев Ш.Ж. Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой пікірлердің қалыптасуы. 1991-2003. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. -Алматы 2004.; Маслов Н.Н. Основные проблемы методологии истории КПСС. -М., 1981.; Глауберг Н.В., Юдин Э.Г. Становление и сущность системного подхода. -М.,1973.

Тақырып 10. Тарихнамалық зерттеулер жүргізудің түрлері. Мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындау. 9 апта. 4 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамалық зерттеулердің түрлерін көрсету және мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындаудың қажеттігін дәйектеу

Негізгі ұғымдар: библиографиялық, хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-мерзімдемелік, библиографиялық баяндау, шолуграфия

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамалық зерттеулерді түрлерге бөлудің қажеттілігі

2.библиографиялық түр, оның ерекшелігі. Тарихшының портретін қалыптастыру.

3.тақырыптық, мерзімдемелік, тақырыптық – мерзімдемелік, т.б. түрлер және оларға сипаттама.

Қысқаша мазмұны: тарихнамалық зерттеулердің түрлері және олардың методологиясы. Библиографиялық түр, оның өзіндік ерекшеліктері, түрдің сипаттамасы.Тарихшының портретін қалыптастырудың қажеттілігі, оны түзудің жолдары. Тақырыптық түрдің ұтымды жақтары. Мерзімдемелік түрдің қажеттілігі және тиімсіздігі. Тақырыптық мерзімдемелік түрдің ұтымдылығы.Әрбір түрдің олардың ғылым үшін маңызы. Тарихнамашының біліктілігі және өзге түрлерге бөлудің мүмкіндігі.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамалық зерттеулердің түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктері; түрлерге бөліп зерттеудің маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер.. Шмидт С.О. О методике выяления и изучения материалов по истории исторической науки // Труды МГИАИ. 1965. №22.; Нечкина М.В.Послесловие // Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. - Калинин.,1980.

Тақырып 11.Тарихнамашының ғылымға қосқан үлесі. 10 апта. 2 сағат.

Дәріс мақсаты: тарихнамашының ғылымның талаптарын сәйкес ұтымды зерттеу жүргізе алуын және оның ғылымға қосқан үлесінің дәрежесін анықтау

Негізгі ұғымдар: дербес тарихнамалық зерттеу, тарихнамалық талдау, ғылым дамуының үрдістері, тарихи білімді бағалай алу, ғылыми жаңалақтар, жаңалықтарының дәйектілігі, ғылыми тұжырымдар

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамашының тарихнамалық зерттеу дайындай алуының ғылыми факторлары

2.ғылымға қосқан үлесінің дәрежесін анықтаудың методологиясы

Қысқаша мазмұны: тарихнамашыға қойылатын негізгі талаптар, тарихнамашының ғылымға қосқан үлесінің басты көрсеткіші, ғылымға қосылған үлестің салмағы мен деңгейін анықтаудың методологиясы, тарихнамашының тұжырымдары және тарих ғылымының дамуы жағдайының айқындалуы. Тарихнамашының ғылымды дамытудағы рөлі.

Өзін бақылау сұрақтары: тарихнамашының ғылымға қосқан үлесін анықтаудың ғылыми жолдары; қосылған үлестің ғылым үшін маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер. Дружинин Н.М. Воспоминания и мысли историка. - М.,1974.; Нечкина М.В. История истории.- М., 1965.; Данилов А. Материалистическое понимание истории и методологические искания некоторых историков // Методологические и историографические проблемы исторической науки. Томск, 1960.;Зевелев А.И. Историографические исследования: метод и аспекты. -М., 1983.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАРЫ

1 - семинар. Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны. 1 апта 1 сағат.

Мақсаты: тарихнама ғылымының өзіндік ерекшеліктерін айқындау

Негізгі мәселелер:

1.тарихнама ғылымының пайда болуы мен дамуы тарихы.

2.тарихнама ғылымы: зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері.

3.ғылымның өзге де тарих ғылымдары арасында алатын орны.

Әдістемелік ұсынымдар: тақырыпты оқып үйренуді тарихнама ғылымының, соның ішінде отандық тарихнама ғылымының қалыптасуы мен дамуы тарихынан бастаған жөн. Өйткені ғылымның тарихын, тарихи білімнің, тарихи ойдың дамуын меңгермейінше қазіргі кезеңдегі отандық тарихнаманың, оның проблемаларын түсіну қиынға соғады. Сонымен қатар отандық тарихнама ғылымының кенже дамуы себептеріне назар аудару қажет, өйткені орын алған кемшіліктер мен олқылықтарды білмеу оларды қайталауға әкеледі. Ғылымның зерттеу нысанын, мақсаты мен міндеттерін толық меңгеру тарихнаманың өзге де тарих ғылымдары арасында алатын орнын нақты айқындауға септеседі. Сұрақтарға жауап берген кезде тарих ғылымы мен тарихнаманы салыстыра отырып қарастырған тиімді, сонда тарихнама ғылымының өзіндік ерекшеліктерін айқындау оңай болады.

Әдебиеттер: Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы 2008.

2 - семинар. Тарихнама ғылымының методологиялық негіздері. 2 апта 2 сағат.

Мақсаты: ғылымның методологиялық негіздерін қарастыру

Негізгі мәселелер:

1. методология ұғымы, пайда болуы мен дамуы мәселелері

2. тарихнама ғылымының зерттеу принциптері

3. ғылымның зерттеу әдістері және оларға сипаттама

Әдістемелік ұсынымдар: тақырыптың мазмұнын ашуда ең алдымен методология ұғымын терең түсіу керек. Методологияның мәні мен мазмұынын түсіну тек тақырыпты ғана емес арнайы курстың мәнін жан жақты ұғынуға жол ашады. Сондықтан да тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдарын, оларды пайдаланудың тәсілдеріне басты назар аудару қажет. Ғылымның зерттеу принциптерін, олардың тарихи принциптерден өзгешелігін анықтауға ұмтылған абзал, себебі тарихнамалық принциптер тарих ғылымының принциптерінен мүлде басқа. Зерттеу әдістерін мысал келтіре отырып қарастырса дұрыс болар еді. Өйткені оларды жалаң баяндағаннан гөрі нақты мысалдар арқылы көрсетудің маңызы зор. Тарихнамалық зерттеу дайындаудың үлгілерін қарастырған кезде немесе тарихнамалық еңбектерді талдаған уақытта қолданылған ғылыми әдістерге баға беру оларды терең меңгеруді талап етеді.

Әдебиеттер: Ковальченко И.Д. Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск, 1974.; Журавлев В.В. Методология исторической науки. Вчера.Сегодня.Завтра.//Кентавр,1995. №6.; Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. Сборник материалов. -М., 1988.; Жуков Е.М. Очерки методологии. -М., 1989.; Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории.- СПБ., 1913.

3- семинар. Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау. 3 апта. 1 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық тақырыпты таңдаудың ғылыми жолдарын қарастыру

Негізгі мәселелер:

1.тарихнаманың функциялары және оларға сипаттама

2.өзекті тақырыпты таңдаудың жолдары

3.тақырыпты таңдаудың бастапқы сатысы

4.тақырыпты бекіту және негіздеме дайындау

Әдістемелік ұсынымдар: мәселені қарастыруда тарихнама ғылымы бойынша дайындалатын зерттеу тақырыбын таңдауға байланысты ғылыми әдебиеттерге сүйенген ұтымды, өйткені зерттеушілер, әсіресе ресейлік ғалымдар осы мәселе төңірігнде айтып өткен. Сауалдарға жауап беруде тарихнаманың функцияларына назар аударып, оларға тоқталып өту қажет.Тарихнамалық тақырыпты таңдаудың, сол бағытта жүргізілетін ізденістерге де көңіл қойған абзал. Тақырыпты бекіту мен негіздеме дайындау мәселесін ашуды ғылымның сұраныстарымен байланыстыра қарастырған ұтымды.

Әдебиеттер: Зевелев А.И. Историографические исследования: метод и аспекты. -М., 1970.; Зевелев А.И. Некоторые вопросы историографии истории КПСС.- М., 1970.;Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.

4- семинар. Тарихнамалық кіріспе ғылыми әдебиеттерге шолу. 4 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық кіріспенің ерекшелігін айқындау

Негізгі мәселелер:

1.тақырыпқа байланысты библиография жинақтау және оларды жүйелеу

2.кіріспе жазудың талаптары және оның негізгі пункттері

3. мақсат, міндеттерді айқындау

4.тарихнаманың тарихнамасын талдау және оның маңызы

Әдістемелік ұсынымдар: тақырыптың мазмұнын ашуды тарихнамалық кіріспе дайындауға қойылатын талаптарды тізімдеуден бастау қажет. Мұндай әдіс тарихнамалық кіріспенің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.Тақырыпқа қатысты библиографияны жинақтау мен оны жүйелеу мәселесіне де басты назар аударған жөн. Библиографияны жинақтауда бірден тарихнамалық еңбектерді бөліп шығарудың қажеттілігін де ескеруді айтып өткен дұрыс. Мұның өзі тарихнаманың тарихнамасын жазуға септесетіндігін назарда ұстау керек. Тарихнаманың тарихнамасын талдау мәселесінде тақырыптың ғылымдағы жалпы зерттелу деңгейін көрсетіп кеткен абзал. Осы мәселелер ашылған кезде ғана зерттеушінің мақсат міндеттері туралы айтуға болатындығына назар аудару қажет.

Әдебиеттер: Шмидт С.О. О методике выяления и изучения материалов по истории исторической науки // Труды МГИАИ. 1965. №22.; Соныкі. Методология истории и историографии. -М., 1981.; Городецкий Е.Н.Историографические введение к историко - партийному исследованию // Вопросы истории КПСС.1985. №1.

5 семинар. Аралық бақылау. (бақылау - өлшем құралдары бөлімін қараңыз)

6 семинар. Тарихнамалық деректер мен мәліметтер. 6 апта 1 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық деректерді және мәліметтерді анықтау

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамалық деректің анықтамасы, түрлері және оларға сипаттама

2. тарихнамалық деректерді жинақтаудың тәсілдері

3. деректерді талдаудың әдіс тәсілдері, оларды жүйелеу, топтау

Әдістемелік ұсынымдар: мәселені тарихнамалық деректің анықтамасынан, мәнін ашудан бастау қажет. Тарихнамалық деректердің түрлерін анықтау және олардың әрқайсысына сипаттама беру деректерді жинақтау мен жүйелеу, топтау мәселесін жанжақты түсінуге жол ашады. Сондықтан да жауаптарды құраған кезде тарихи деректер мен тарихнамалық деректерді өзара салыстыра отырып әрі сипаттаманы да компоративті түрде берген тиімдіболар еді.

Әдебиеттер: Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы. - Алматы., 2002.; Кулешов С.В.О типологии исторических источников // Методологические проблемы историко-партийной историографии. - М., 1984.; Пушкарев Л.Н. Определение оптимизация и использование историографических источников.// Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. -Томск, 1974.; Варшавчик М.А. Об источниках изучения историографии истории КПСС// Вопросы истории КПСС. 1973. №11.

7 семинар. Тарихнамалық факт. 7 апта 1 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық фактінің мәні мен маңызын айқындау

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамалық фактлерді жинақтау, сұрыптау

2.фактлердің ғылымға келуі себептері, түрлері

3.фактлердің объективтілігі және оның көрсеткіштері

Әдістемелік ұсынымдар: тақырыпты оқып үйренуді тарихнамалық фактінің анықтамасынан, оның мәнін түсінуден бастаған дұрыс болар еді. Себебі фактінің мәнін түсінбей оларды жинақтау, сұрыптау проблемаларын ашу қиын. Одан кейін ғана фактлердің дүниеге келуі себептеріне назар аударып, олардың түрлерін айқындаған абзал. Фактлердің объективтілігі мен оның көрсеткіштерін анықтауда, тарихшының саяси билікке тәуелділігіне, методологиялық ұстанымдарына, белгілі бір идеологияға бағыныштылығына көңіл аудару қажет. Фактлердің бұрмалануы, шынайы оқиғаны көрсете алмау себептерін ашу тақырыпты терең меңгеруге септеседі. Жауап жүйелі түрде болу үшін тарихнамалық фактлердің ғылымға келуі мен орнығуы себептерін ашып алған ұтымды.

Әдебиеттер: Барг М.А. Исторический факт; структура, форма,содержание // История СССР.1976. №4.; Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы., 2008; Шмидт С.О. Методологические и теоретические проблемы исторической науки.- Калинин, 1980.

8-семинар. Тарихнамадағы пәнаралық. Тарихнамалық заңдылықтар. 8 апта 1 сағат.

Мақсаты: тарихнамадағы пәнаралықты және заңдылықтарды, олардың мәні мен мазмұнын түсіну

Негізгі мәселелер:

1.пәнаралықтың оқытудың жаңа технологиясында атқаратын рөлі

2.тарихнама ғылымының байланысатын пәндері және оның қажеттілігі

3.тарихнамалық заңдылықтардың қалыптасуы мен көрінуі

Әдістемелік ұсынымдар: тақырып бойынша сұрақтардың мазмұнын ашуды пәнаралықтың ғылым үшін маңызынан бастау қажет, өйткені оның өзектілігін айқындамай жаңа технологиялар бағытында оқытудың көкейкестілігін ұғынуға мүмкіндік береді. Тарихнама ғылымының тығыз байланысатын пәндері мен ғылымдарын анықтау қажет. Тарихнамалық заңдылықтардың қалыптасуы мен олардың ғылыми тұжырымдар жасаудағы рөліне ерекше мән берген жөн. Сонда ғана тақырыптың мақсатына қол жеткізіліеді.

Әдебиеттер: Хвостова К.В. Фин В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных иследований. -М., 1989.; Копнин П.В. Гносеологические и логические основы науки. -М., 1997.; Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.; Коломейцев В.Ф. Методология истории.(От источника к исследованию). -М., 2001.

9-семинар. Тарихнамалық сын. Тарихнамалық зерттеулер жүргізудің түрлері. 9 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық сынды жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру және түрлерін айқындау

Негізгі мәселелер:

1.тарихнамалық сын, жүргізу жолдары, тарихнамашының ұстанымдары

2.тарихнамалық фактлерге баға беру, тарихшының ғылымға қосқан үлесін анықтау

3.тарихнамалық зерттеулердің түрлері, оларға сипаттама

Әдістемелік ұсынымдар: сұрақтарға жауап беруде ең бастысы тарихнамалық сынды жүргізудегі тарихнамашының методологиялық ұстанымдарына назар аударған жөн, өйткені оны түсінбей тарихнамалық фактлерге баға беруді, тарихнамашының ғылымға қосқан үлесін анықтау мүмкін емес. Сондықтан да тарихнамалық сынның мәнін терең түсініп, оны жанжақты меңгеру қажет. Сынды жүргізудің әдіс тәсілдерін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеулердің түрлері, анықтап, оларға сипаттама беруде әрқайсысына мысал келтіре отырып қарастырған дұрыс болар еді.

Әдебиеттер: Нартбаев Ш.Ж. Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой- пікірлердің қалыптасуы. 1991-2003. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Алматы, 2004.; Маслов Н.Н. Основные проблемы методологии истории КПСС. - М., 1981.; Глауберг Н.В., Юдин Э.Г. Становление и сущность системного подхода. - М.,1973.; Шмидт С.О. О методике выяления и изучения материалов по истории исторической науки // Труды МГИАИ. 1965. №22.; Нечкина М.В.Послесловие // Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. - Калинин.,1980.

10- семинар. 10-апта. Аралық бақылау.

ММӨЖ және МӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік ұсынымдары

Тақырып: Тарихнама ғылымы және оның тарих ғылымдарының арасында алатын орны. 1 апта 1 сағат.

Мақсаты: тарихнама ғылымының зерттеу нысанын анықтап, оның тарих ғылымының бір саласы ретіндегі атқаратын рөлін нақтылау

Өткізу формасы: жазбаша (сұраққа жауап, мысалдар келтіру, талдау жасау, салыстыру).

Тапсырма: тарих ғылым мен тарихнама ғылымының айырмашылықтарын, мақсат- міндеттерін көрсететін салыстырмалы кесте дайындау

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: кесте сызудың алдында тарих және тарихнама ғылымдарын ерекшеліктеріне байланысты конспект дайындап алған тиімді, сол кезде тапсырманы орындау қиындық тудырмайды. Немесе кестені сызғаннан кейін оған түсініктеме талдау беруге болады, мұндай тәсіл анағұрлым ғылыми болып табылады.

Әдебиеттер: Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы 2008.

Тақырып: Тарихнама ғылымының методологиялық негіздері. 1 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнама ғылымының методологиялық негіздерін меңгеру

Өткізу формасы: жазбаша

Тапсырма: тарихнама ғылымының методологиялық негіздерін, соның ішінде зерттеу принциптерін, әдістерін жүйелі түрде әрі нақты көрсететін конспект дайындау. Әрбір принцип пен әдіс бойынша мысалдар келтіру.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: ғылымның зерттеу принциптерін талдауда тарихнама ғылымының дамуындағы ерекшеліктерді, олқылықтарды, кемшіліктерді көрсететін, ғылымның теориялық методологиялық тұстарын жетілдіруге назар аударатын тарихнамалық деректерді жинақтауға көңіл бөлген абзал. Сол деректердегі айтылған ойлар бойынша конспект құрастырса ғылымның методологиялық негіздерін анық көруге мүмкіндік туады. Әдістерді атап қана қоймай олардың әрқайсысының атқаратын рөлін, қолданудың тиімділігін ашатын тұстарына көбірек назар аудару қажет. Келтіретін мысалдарды тарихнамалық зерттеулерден алу қолайлы.

Әдебиеттер: Ковальченко И.Д. Методологические и историографические вопросы исторической науки. -Томск, 1974.; Журавлев В.В. Методология исторической науки. Вчера.Сегодня.Завтра.//Кентавр,1995. №6.; Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. Сборник материалов. -М., 1988.; Жуков Е.М. Очерки методологии. -М., 1989.; Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории.- СПБ., 1913.

Тақырып: Тарихнаманың функциялары және тақырыпты таңдау. 2 апта. 2 сағат.

Мақсаты: дәрісте алған білімді тереңдету

Өткізу формасы: жазбаша

Тапсырма: тарихнаманың функцияларын жеке жеке талдап көрсету және әрқайсысына мысалдар келтіру.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: тарихнаманың функцияларын көрсетуде оларды атап қана қоймай әрқайсысын сипаттап, зерттеулер жүргізудегі рөлін көрсетуге тырысу қажет.Осындай талдау берілген кезде сол функцияларды өзара салыстырудың мүмкіндігі туады.

Әдебиеттер: Зевелев А.И. Историографические исследования: метод и аспекты. -М., 1970.; Зевелев А.И. Некоторые вопросы историографии истории КПСС.- М., 1970.;Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.

Тақырып: Тарихнамалық кіріспе ғылыми әдебиеттерге шолу. 3 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық кіріспе жазудың теориясын және дайындаудың ғылыми әдістерін меңгеру

Өткізу формасы: ауызша

Тапсырма: қорғалған кандидаттық диссертациялардың кіріспе бөлімдеріне баға беру

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: тарихнама ғылымы бойынша кез келген тақырыпта қорғалған диссертацияның авторефератын алып, кіріспе бөліміне назар аударып, оның дайындалу деңгейіне баға беруде ең алдымен оның жазылу теориясын жанжақты меңгерген абзал. Ғылымның кіріспе жазуға қойған талаптарына сәйкес магистрант өзі таңдап алған тақырып бойынша оның дайындалу дәрежесін, жекелеген пукнтері бойынша талдауы тиіс. Әсіресе тарихнаманың тарихнамасы мен ізденушінің методологиялық ұстанымдарына, тарихнамалық мерзімдік шегін дұрыс анықтауына баса назар аударған жөн.

Әдебиеттер: Шмидт С.О. О методике выяления и изучения материалов по истории исторической науки // Труды МГИАИ. 1965. №22.; Соныкі. Методология истории и историографии. -М., 1981.; Городецкий Е.Н.Историографические введение к историко - партийному исследованию // Вопросы истории КПСС.1985. №1.

Тақырып: Тарихнамалық деректер мен мәліметтер. 3-4 апта. 3 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық деректерді, олардың түрлері айқындау, тарихнамалық деректердің тарихи деректерден айырмашылығын тану

Өткізу формасы: ауызша

Тапсырма: отандық тарихнама ғылымы бойынша соңғы уақыттарда қорғалған кандидаттық диссертациялардың авторефераттары негізінде талданған тарихнамалық деректерді, олардың түрлерін, тарихнамалық мәліметтерді көрсету

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: Қазақстан тарихының тарихнамасы бойынша соңғы уақыттарда қорғалған кандидаттық диссертацияны немесе оның авторефераты негізінде тарихнамалық ізденушінің пайдаланған және талдаған тарихнамалық деректерін анықтап, оларға баға беруді ең алдымен жұмыспен толық танысып шығып, одан соң деректерін, олардың түрлері бойынша қысқаша конспект дайындаса тапсырманы орындау жүйелі әрі дүрыс болып саналады. Диссертацияның тақырыбын таңдау магистранттың өз қалауында.

Әдебиеттер: Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы. - Алматы., 2002.; Кулешов С.В.О типологии исторических источников // Методологические проблемы историко-партийной историографии. - М., 1984.; Пушкарев Л.Н. Определение оптимизация и использование историографических источников.// Методологические и теоретические проблемы истории исторической науки. -Томск, 1974.; Варшавчик М.А. Об источниках изучения историографии истории КПСС// Вопросы истории КПСС. 1973. №11.

Тақырып: Тарихнамалық факт. 5 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық фактінің мәнін, оның ғылымға келуін, фактіні талдаудың ғылыми әдіс тәсілдерін ұғыну

Өткізу формасы: ауызша

Тапсырма, сұрақтар: ҚазҰУ хабаршысы, тарих сериясының беттерінде 2007-2008 жылдар аралығында жарияланған ғылыми мақалалардағы тарихнамалық фактлерді тауып, олардың ғылымға келуі жолдарын, мазмұнын талдау.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: тапсырманы орындауға қатысты басты талап, мақала Отан тарихынан болуы тиіс. Мақаланы таңдау құзыры магистранттың өзіне беріледі. Мақаладағы тарихнамалық фактіні тауып, оны талдау үшін магистрант оның мәнін терең ұғынуы тиіс. Сондықтан да мәселенің теориялық негіздерін жан-жақты меңгеріп, кез келген тарихнамалық фактімен жұмыс істей білетін дәрежеге жеткені абзал. Осы мақсатта тарихнамалық факт туралы айтылатын ресейлік және қазақстандық тарихнамашылардың еңбектерін оқып үйренудің қаеттілігі туындайды.

Әдебиеттер: Барг М.А. Исторический факт; структура, форма,содержание // История СССР.1976. №4.; Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы., 2008; Шмидт С.О. Методологические и теоретические проблемы исторической науки.- Калинин, 1980.

Тақырып: Тарихнамадағы пәнаралық. 6 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамадағы пәнаралықтың қажеттілігін түсіну

Өткізу формасы: жазбаша

Тапсырма: «Қазақстандағы казак отарлауы мәселелерінің зерттелуі» тақырыбындағы зерттеу жұмысының пәнаралық байланыстарын көрсету.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: ең бастысы Қазақстандағы казак отарлауын зерттеудің бағыттарын анықтап алғаннан кейін тақырыптың тарихнамасын талдауда оның байланысатын ғылымдары мен пәндерін анықтаудың мүмкіндігі туындайды. Казак отарлауының зерттелуін шағын проблемаларға бөлу оның пәнаралығын айқындауға септеседі. Ескертетін бір жайт, тақырыптың байланысатын ғылымдарын нақтылау осы мәселе төңірегендегі Отан тарихы бойынша терең білімді және тарихнаманың методологиялық ұстанымдарынан біліктілікті талап етеді. Сондықтан да тарихнамашы пәнаралық мәселелерін талдауға жан-жақты дайын болуға тиіс.

Әдебиеттер: Абдиров М.ИсторияКазачества Казахстана.-Алматы, 1997..; Митропольская Т. История казачества Семиречья. - Алматы, 2001.; Хвостова К.В. Фин В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных иследований. -М., 1989.; Копнин П.В. Гносеологические и логические основы науки. -М., 1997.; Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.; Коломейцев В.Ф. Методология истории.(От источника к исследованию). -М., 2001.

Тақырып: Тарихнамалық заңдылықтар. 7 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық заңдылықтар туралы алған білімді тереңдету

Өткізу формасы: жазбаша

Тапсырма: тарихнамалық заңдылықтарды түсіндіретін әдебиеттер негізінде конспект дайындау.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: ең алдымен тақырыпқа қатысты әдебиеттердің библиографиясын дайындап, одан кейін сол жинақталған еңбктердегі тарихнамалық заңдылықтар туралы теориялық пікірлерді өзара салыстыра көрсету қажет. Тарихнамалық заңдылықтардың мәні мен маңызын түсіну кез келген тарихнамалық дерекпен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Әдебиеттер: Зевелев А.И. Историографические исследования: метод и аспекты. -М., 1970.; Зевелев А.И. Некоторые вопросы историографии истории КПСС.- М., 1970.;Сахаров А.М. О некоторых вопросах историографических исследований // Вестник МГУ.Серия история. 1973. №6.; Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. - Алматы., 2008; Шмидт С.О. Методологические и теоретические проблемы исторической науки.- Калинин, 1980.

Тақырып: Тарихнамалық сын. 8 апта. 2 сағат.

Мақсаты: тарихнамалық сынның теориясын және оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру

Өткізу формасы: ауызша

Тапсырма: «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы жаппай ұжымдастыру: тарихы мен тағлымы» тақырыбының ауқымында жарияланған ғылыми зерттеулерді сынау.

Орындауға байланысты әдістемелік ұсынымдар: магистрантқа көрсетілген тақырып бойынша ғылыми зерттеуді таңдау еркіндігі беріледі. Зерттеу монография немесе ғылыми мақала, диссертация, тіпті диссертацияның авторефераты бола алады. Магистрант өзі таңдаған еңбекті дәрісте айтылған тарихнамалық сын жүргізудің теориялық- методологиялық негіздеріне сәйкес сынап, оның ұтымды тұстары мен кемшіліктерін ашып кө


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: