Есеп 2

MEDLARS жүйесінде іздестіру мен Current Contents мақалалар мен сілтемеледі қарау арқылы витамин А қосу эффектісінің бала өліміне әсері жайлы 12 бақыланатын клини­калық зерттеудің идентификациясы алынды. Төрт зерттеуді больницада корьмен сырқаттанған балаларда жүргізілген. Сегіз зерттеуде әр түрлі деревня, районда тұратын қауымдастықтардағы балаларды қамтыған ал сол жердің тұрғылықты адамдарын емдеу тобы мен бақылау тобына алған.

Барлық 12 зерттеудің қорытындыларын метаанализге кіргізуге бола ма?

Білімнің қорытынды бақылауы

Мына сұрақтарға жауап беріңдер

1. Жүйелік шолулардың анықтамасы мен негізгі мінездемелерін беріңіз.

2.Жүйелік шолулар мен әдебиет шолулары арасындағы негізгі айырмашылықтарды атаңыз?

3. Жүйелік шолулардың мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетіңіз.

4. Жүйелік шолуларды құрудың негізгі этаптарын көрсетіңіз.

5. Жүйелік шолуларға зерттеулерді таңдаудың принциптерін атаңыз.

6. Метаанализ түсінігінің анықтамасын беріңіз.

7. Метаанализ жүргізудің негізгі типтерін атаңыз.

8. Метаанализ тәжірибесінде қолданылатын зерттеу қорытындыларының көрсеткіштерінің анықтамасын беріңіз.

9. Метаанализ қорытындыларын көрсету әдістерін көрсетіңіз.

10. Серопозитивті cagA және асқазанның қатерлі ісігі арасындағы байланыс туралы жүргізілген метаанализдің талдауын беріңіз

Серопозитивті cagA және асқазанның қатерлі ісігі арасындағы байланыс туралы жүргізілген метаанализ

Негіздеу және мақсаты

СagA-оң инфекция штаммдары мен Helicobacter pylori және асқазанның қатерлі ісігі және тек Helicobacter pylorімен инфицирлену арасындағы өзара байланыс жайлы әдебиет хабарламаларындағы ақпарат бір-бірлеріне қарама–қарсы болып келеді. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты серопозитивті cagA жағдайында асқазанның қатерлі ісігі дамуы мүмкіндігі арасындағы байланыс қаупінің көлемін бағалау және зерттеулер арасындағы гетерогендіктіің себебін идентифицирлеу болып табылады.

Әдістері

Зерттеу метаанализінің принципі «жағдай-бақылау» бақылаумен бірге, сәйкестендіру жасы және жынысы бойынша жүргізілді, онда алынған алдын –ала қорытындылар бойынша Н. pylori және cagA штамдарымен инфицирлену жиілігі, серологиялық және ПЦР әдістері бойынша Н. pylori анықталған жағдайларды есепке алды.

Қорытындылар

Жан-жақты әдебиет іздестірулері 16 квалифи­цирленген зерттеулерде 2284 негізгі жағдаймен және 2770 — бақылау жағдайын идентифицирледі. Н. pylori және cagA-серопозитивтіліктің болуы сәйкесінше 2,28 және 2,87 есе асқазанның қатерлі ісігінің даму қаупі дәлелді түрде жоғары болатынын көрсетті. Н. pylori- инфицирленген популяция және cagA-позитивті штаммдарымен инфициленгендер арасында әрі қарай толығымен алғанда асқазанның кардиальды емес қатерлі ісігінің даму қаупі сәйкесінше 1,64 есе (сенімді интервал 95% СИ=1,21—2,24) және 2,01 есе (95% СИ=1,21— 3,32) дамитынын көрсетті. Асқазанның кардиальды қатерлі ісігі Н. pylori инфекциясымен немесе cagA-оң Н. pylori штаммдарымен байланысы жоқ болып шықты. Пациенттер жасы мен қатерлі ісіктің орналасу орыны зерттеулер арасындағы ге­терогендікке әсер етеді.

Түйіндер

СagA-оң және Н. pylori штаммдарымен инфицирлену және тек қана Н. pylori штамымен инфицирленуді салыстырғанда асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі бірінші жағдайда өте жоғары болатынында. СagA-статусын және Н. pylori инфицирленуді алдын-ала, қосымша анықтау асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары популяцияларды айқындауға қосымша эффект береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: