Неге метаанализ?

Метаанализ

Метаанализ (meta-analysis) — жүйелік шолуларды құруда зерттеу құрамына кіретін қорытындыларды жалпыға ортақтастыру мақсатында статистикалық әдісті қолдану болып табылады. Жүйелік шолуларды кейде метаанализ деп те атайды, егер шолуда осы әдіс қолданса. Қолда бар ақпаратты ортақтастырып оны оқырмандарға түсінікті түрде тарату үшін метаанализ жүргізеді. Оған талдау жүргізудің негізгі мақсаты, қорытындыны бағалау әдісі, жүйелі ақпарат іздестіру, сандық ақпарат қортындысын ортақтастыру, оны статистикалық әдіспен талдау, қорытындыларының интерпретациясы жатады. Метаанализ — статистикалық әдіс, ол бір біріне тәуелсіз жүргізілген зерттеу қорытындыларын біріктіруге мүмкіндік береді. Оны жиі терапевтік кірісулердің тимділігін бағалау үшін қолданады; ол үшін екі және одан көп рандомизирленген бақыланатын зерттеу қорытындыларын біріктіреді. Метаанализдің информативтігі жүйелік шолудың қандай негізде жүргізу сапасына байланысты болады. Сапалы метаанализ осы мәселеге қатысты барлық зерттеулерді қарастырып, олардың біркелкілігін байқап, сезімталдықты талдау арқылы олардың негізгі қорытындыларының информативтігін анықтайды. Метаанализдің бірнеше түрі бар.

Кумулятивті метаанализ жаңа мәліметтер жиналуына сай кумулятивті бағалау қисығын құрауға мүмкіндік береді.

Проспективті метаанализ — жоспарланатын зерттеулердің метаанализін құрастыру мүмкіндігі. Мұндай жолды тек медицинаның бір бірімен ақпарат алмастыра хабарласып отыратын, ортақ бағдарламалар қабылданатын салаларында ғана қолдануға болады.

• Тәжірибеде проспективті метаанализ орнына жиі проспективті-ретроспективті метаанализ қолданылады, онда жаңа алынған қорытындыларды бұрынғы жарияланған қорытындымен біріктіре отырып жүргізеді.

Индивидуальды жеке мәліметтер метаанализіжеке науқастарды емдеу қорытындыларын зерттеуге негізделген. Жеке мәліметтер метаанализі мүмкіндіктері шектеулі болады.

Артықшылықтары:

• дәлелді қорытындылар алуда;

• болуы мүмкін қателеді жоюға;

• бағалау дәлдігі;

• ашықтығы.

Қиындықтары:

• зерттеулерді таңдау және айқындауы;

• берілген ақпараттың біркелкі болмауы;

• маңызды ақпараттың жоғалу мүмкіндігі;

• салыстырмалы топтардың дәйексіз талдауы;

• сезімталдық әдісінің дұрыс болмауы.

Информативті метаанализдің негізгі талабы — дұрыс жүйелі шолудың болуы. Результаты Метаанализ қорытындыларын мүмкіндіктердің графикалық арақатынасы түрінде (odds ratio), тиімділіктің суммарлы көрсеткіші ретіндекөрсетуі мүмкін.

Неге метаанализ?

Жүйелік шолулар зерттеу қорытындыларын тәжірибеге клиникалық шешім қабылдауға ендірудің ғылыми дәлелдері болып табылады, ал, метаанализ — жүйелік шолулардың аналитикалық бөлігі болады. Төменде мета­анализге тән негізгі мінездемелері берілген.

• Зерттеу хаттамаларында бағаланатын гипотезалардың зерттеу міндеттері (медицина мен биология саласындағы), материалдарға шолуы мен жүйелік бағдар әдісі туралы зерттеу қабылданғанға дейін пысықталады.

• Қолға жетімді барлық алғашқы зерттеулерді біріктіру, оған тағы кіретіні ақпаратты іздестіру, ақпарат көзі мен іздестіру стратегиясын анық суреттеумен беріледі. Зерттеуді таңдау хаттамаларда көрсетілген нақты, анық критерийлермен негізделген болуы керек.

• Таңдалған зерттеу сапасының методологиялық бағалауы (мүмкін болатын қателеді азайтатын әдісті) қолдану арқылы жүргізілуі керек. Зерттеулерді қайтадан бағалау керек.

• Зерттеулердің түбірдегі қорытындыларын анықтау, айырмашылықтарын түсіндіру, мүмкіндігінше ең бірінші зерттеулердің әр қайсысына жүргізілуі керек.

• Зерттеу қорытындыларын бағалау әдісін таңдау және ең алғашқы құжаттарға сәйкес қателер мен таңдауларды стандартты формада қарастыру. Проце­дуралар анық, қайталанатын және минимальды статис­тикалық қателермен жүргізілуі керек.

• Мәліметтер сипаттамасы мен шолу жүргізлген соң, метаанализ (зерттеудің алғашқы қорытындыларының сандық синтезі) сәйкес әдіс пен моделді (түсінікті негізделген) қолдана отырып есептеулерде белгілердің өзгергіштігінің себебін есепке алуға тырысады (мысалы, зерттеу сапасындағы айырмашылықтар, оған қатысушыларды, дозасына, кірісу ұзақтығы мен түріне, қорытындыны өлшеу мен анықтаудағы өзгерістер).

• Егер мәліметтер әжептәуір шашыранды, сапасы төмен немесе біркелкі емес болғанда метаанализ жүргізу қиынға соғады.

• Жүйелік шолулардың қорытындыларының анықтығын қамтамасыз ету үшін талдаудың барлық стадияларында ұсыныстар мен таңдау жүргізіледі. Метаанализде мыналар міндетті болуы керек:

■ зерттеу сапасының әсері мен (немесе) енгізу критерийі;

■ статистикалық қателедің мүмкін болатын әсері мен шыншылдығы;

■ зерттеуден қалып қойған, толық емес мәліметтердің көрсеткіштерін қайта қарауға мүмкіндік беретін әр түрлі моделдер мен стратегияларды таңдаудың әсері.

• Зерттеу есебінде талдаудың барлық этаптарындағы маңызды аспектілер анық көрсетілуі керек, сынмен бағалауды және қайталау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Бұл мәліметтер арнайы кесте түрінде көрсетілуі мүмкін. Графикалық түрде көрсетілген қорытындылар оның интерпретациясына көмектесуі керек.

• Біріншілік зерттеу қорытындылары мен жүйелік шолулардың методологиялық шектеулері бағалануы керек. Кез келген кли­никалық немесе ұйымдастырушылық нұсқаулар тәжірибелік маңызды, жеткілікті, анық дәлелдермен қамтамасыз етілуі керек. Осы зерттеуге қажет ұсыныстар құрамында клиникалық және методологиялық талаптар болуы керек.

Метаанализдің стадиялары

• Қызықтыратын проблемаға қатысты зерттеулерді іздестіру.

• Таңдау критерийлерін анықтау, қарастырылатын зерттеуге енгізілетін және шығаратын.

• Нақты зерттеу мәліметтерінің абстрагциясы.

• Абстрагирленген мәліметтерді біріккен талдауы.

• Гомогендігін анықтау үшін эффектлер көлемін анықтау.

Метаанализдің проблемалары

Бағалаулардың орын ауыстыруы немесе қозғалғыштығы(қиыс кетуі)

Метаанализде орын ауыстырудың бірнеше типі бар. Бірінші типіне теріс қорытындыға қарама-қарсы оң қорытындыларға жариялауға әуестену жатады. Ста­тистикалық әдіс бойынша бағалаудағы қиыс кетулерді анықтау мен оны жоюдың жолы көрсетілген. Сонымен бірге сезімталдықтың сумарлы бағалауын талдағанда теріс қорытынды берген зерттеу санын бағалау (сенімділік индексі) қабылданған.

Потенциальды орын ауыстырудың басқа типтері мынаған байланысты:

• ақпарат іздестірудің аяқталмауы;

• ақпарат көзін енгізу/шығарудың дұрыс емес критериялары;

• арнайы хабарламалардың жеткізудің шалалығынан.

Мынаны атап өту керек, жүйелік шолуларда мұндай проблемалар аз кездеседі.

Әр түрлі зерттеулерді біріктіру

Метаанализді сынаушылар мынаны көрсетеді, онда «алмаларды апельсинмен араластырады» деп, ал бұдан алынған қорытындыларға интерпретация жасауға болмайтындығында бірақ, жүйелік шолу шеңберінде дұрыс жүргізілген метаанализ бұл критицизмді асып өтуі керек, өйткені оның маңызды этаптарында байқалатын әр түрліліктерді тыңғылықты интерпретацисы жүргізіліп, қатал енгізу критерийлері қолданылады. Шындығында «шамалы айырмасы бар цитрус сортарын» араластыру әр түрлі статистикалық әдістер көмегімен таңдаудың біркелкілігн жақсарта түседі.

Жарияланбаған мәліметтерді енгізу

Метаанализде негізгі күшті белгілі саладағы жарияланған немесе жарияланбаған зерттеу қорытындыларының барлығын идентификациясына бағытталған. Жарияланбаған қорытындылар методологиялық жағынан әлсіз болсада, тщательная оценка качества обеих групп перед включением в метаанализге кіргізу алдында екі топтың сапасын толықтай бағалау бұл жеткіліксіздікті жояды. Мұндай жолмен бағалау құнды мәліметтер беруі мүмкін.

«Алтын стандарт»

Мұндай стандарт ретінде дәрілік заттың тиімділігін бағалайтын жақсы ұйымдастырылған, таңдау көлемі мен дизайны өзіне сәйкес жүргізілген клиникалық зерттеуді қарастырады. Сол дәрінің тиімділігін көрсететін бірнеше зерттеу қорытындысы талдаудан өткен соң алынған фактлерді қайта қарауға мүмкін болмайды өйткені мұндай жағдайда метаанализ неғұлым толық бағалар беереді. Проблемалар егер алдында жүргізілген бірнеше ұсақ зерттеу қорытындысы мен үлкен көлемді бір зерттеу қорытындылары арасында алшақтық пайда болса байқалады. Мұндайда пайданы үлкен зерттеу қорытындысына шеше салмай алшақ кетулер себебін толықтай тексерілуі керек.

Талдау жүргізуге зерттеулерді іздестіру

· Қызықтырушы тақырыпқа қатысты барлық мақалалардың жүйелік және тотальды іздестіруі жүргізіледі. Егер қандай да бір зерттеу қорытындысы қалып қойса метаанализде жүйелі қателер болуы мүмкін. Жарияланбаған зерттеулер байқалмаған күйінде қалуы мүмкін. Публикационды жүйелік қатені жиі метаанализдің шектеушісі ретінде қарастырады.

· Позитивті қорытындылары бар зерттеулер теріс қорытындыға қарағанда жиі жарияланады.

· Рецензиясы жоқ жарияланбаған зерттеулерді енгізу онша мақұлданбайды.

· Публикационды жүйелік қателерді бағалауға арналған статистикалық немесе квази-статистикалық әдіс ұсыныстары барлық жағдайда қолдана беруге келмейді.

Таңдау критерийлерін анықтау

Төменде көрсетілген таңдау критерийлері зерттеу алдында хаттамада көрсетілуі керек:

■ таңдау көлемінің адекватты болуы;

■ бақылау тобының болуы;

■ ақпарт көзінде зерттеу жайлы толық ақпарат болуы;

■ жарияланған жылдары;

■ зерттеу типі;

■ экспозициялар ұқсастығы (дозасы, кофакторлары);

■ эффектлер ұқсастығы;

■ жүйелік қателерді бағалау;

■ зерттеудің шектеулері.

• Зерттеулерге қойылған баллдарды есептеу жүйесін қарастырып алады.

• Қойлған критерийлер негізінде абс­трагирлеу формасын құрастырады.

• Зерттеу талдауынан шығарып тасталған зерттеулерді тіркеп, шығару себебін көрсетеді.

Гетерогенді қорытындылар

Егер индивидуальды жеке зерттеулер эффектсін бағалау қорытындысы әр түрлі болса, онда бекітілген және кездейсоқ эффектлерді тіркеген әдіс қорытындылары да әр түрлі болуы мүмкін. Қорытындысы әр түрлі зерттеулерді біріктіруге бола ма? Бұл сұраққа көптеген эпидемиологтардың ойынша, метаанализ — әр түрлі зерттеу қорытындыларынан ортақ қорытынды алудан басқа тек, белгілі бір проблемаға қатысты жетімді ақпаратты жүйелеу жолы деп қарайтындығын айтады. Барлық жағдайларда зерттеу қорытындылары әр түрлі болған жағдайларда осы әр түрліліктің себебін толық анықтау керек.

Метаанализ жүргізгенде байқалатын проблемалар

· Эффектлер өлшемі толық гетерогенді.

· Бағалау кезінде бірнеше маңызды сандардың түсіп қалуы.

· Кейбір зерттеулерде бақылау тобы болмауы мүмкін.

· Тіпті эффектіні бағалауы болмауы мүмкін тек, р-сандар немесе F-статистика.

· Стандартты қиыс кету мен вариациялар жөнінде ақпараттың болмауы.

· Әр зерттеу ішінде көптеген өлшеулердің болуы.

Зерттеудің шектеулерін анықтау

Зерттеудің шектеулерін анықтау маңызды болады және оны білу әрі қарай мүмкін болатын зерттеу жүргізу салаларын айқындауға көмектеседі.

Неғұрлым белгілі ортақ шектеулер

• Потенциальды кедергі келтіретін факторлар жайлы дұрыс емес ақпарат.

• Экспозиция туралы толық ақпараттың болмауы.

• Салыстыруға келетін популяцияның болмауы.

• Экспозициялар мен аурулардың индивидуальды деңгейдегі экологиялық зерттеулердегі өзара әсерлесулері жайлы ақпараттың болмауы, аурудың биологиялық механизмі жайлы толық білімнің болмауы, топтар құрағанда жүйелік қателедің болу мүмкіндігі.

• Кездейсоқ таңдаусыз экспозициялар, «жағдай-бақылау» зерттеулеріндегі респонденттердің қатысының пайызы төмен болуы, қате жіктеулер. Көлденең зерттеулердегі уақыттық өзара әсерлесулерді зерттеу шектеулері. Тікелей зерттеулердегі қарастырғандағы жағалған мәліметтер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: