Емтихан билеті № 16

1. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру қандай процедуралардан тұрады?

2. Сыртқы және ішкі келістіру дегеніміз не?

3. Басқарушылық шешімді қабылдау процедурасын сипаттап беріңіз.

1) Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдердіәзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да жүйеге қатысты белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек: Нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу; Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру; Жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау; Басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару; қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету.

2) Басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысын келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы келістіру мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі. Ішкі келістіру бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізіледі. Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады. Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 1) басқарушылық шешімдерді келістіруге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу; 2) құжатта келістірудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу; 3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу

3) Басқарушылық шешімдерді қабылдау (таңдау) кезеңі ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі. Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 1)басқарушылық шешімдер нұсқаларында шешімнің өзіне және бұрын іске асырылған шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу; 2) басқарушылық шешімдерді таңдау үшін критерийлер жиынтығын, сонымен қатар атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу; 3) басқарушылық шешімдер параметрлерінің критерийлер параметрлерінен ауытқуын құжатпен тіркеу; 4) күнді, жауапты тұлғаларды, бар ескертулерді көрсетумен басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: