Жергілікті ойын ережелері

Туды іліп алу

Ойынға қатысушылар 10-15 адам. Туды дайындайды. Жерге диаметрі 8-10 шеңбер сызады.

Беттерін ортаға қаратып балалар шеңбер бойына тұрғызады. Қолына туды ұстап басқарушы центрге иұрады. Тез ойыншының бірінің атын атап тудың сабын түсіреді.Басқарушы атын атаған ойыншы тез жүгіріп барып туды жерге түсірмей іліп алу керек. Егерде ол іліп алса, ол туды ұстап, басқарушының орнына тұрады және келесі жолдасын шақыруға құқық алады. Егерде ту құласа, туды ұстап үлгермеген ойыншы бір штраф алып, тұрған орнына келеді. Ойының ұзақтығы барлық ойыншылардың бір немесе екі рет шақырылып, құлап бара жатқан туды іліп алғанына байланысты.

Штраф ұпайын алмаған бала жеңіске жетеді.

Жоғалған зат

Бұл ойынды тоғай ішінде ойнаған дұрыс. Ойынға қатысушы 400-600м алдыға кетіп, қандай да бір затты тығады: қарудың макеті, жорық жол көлік сумкасы, конверт, компас т.б. Жолдарына әр түрлі белгілер қалдырады: Жерге сызық, сынған шыбық, ағаштың қалдығы, ағаш қабығы. Бұл белгілер тықан затты табуға көмектеседі.

Басқарушы ойыншыларға белгілер, ойын ауданын көрсетіп, белгі сигналын береді. Ойыншылар затты іздеуге беттейді, кім бірінші тапса сол жеңіске жетеді.

Орнында тырп етпеу

1-вариант. Басқарушының белгісі бойынша барлық ойынға қатысушылар,ешқандай қозғалыс жасамай 30-60 сек тырп етпей (маса шағып жатса да)тұруы керек. Осы талаптарды орындағандар жеңіске жетеді.

2-вариант. Отряд басқарушының соңынан шашырап, жүгіріп немесе еңбектеп отырады.

Басқарушыуақыт сайын тоқтап, бұрылып қолын көтеріп немесе дыбыстап белгі береді.

Барлығы орнында 30-60 сек тырп етпей қалуы керек. Егерде кімде-кім ыңғайсыз жағдайда немесе аяғын суға тығып алса да тырп етпеуі керек.

Туды іздеу

Ойынды қар жауғаннан кейін ойнаған дұрыс. Ескі шаңғыныңіздеріжойылғаннан кейін. Ойынды тоғайдың шетінде бастаған жөн. Ойыншылар екі бөлімге бөлінеді. Төреші алға кетіп, ізін жасырып, орманның ішіне туды жасырады. Бірақ қарды қазып жасырмайды. Ағашқа іліп, қардың үстіне10-20 қадамннан көрінетіндей қадап жасырады. Туды жасырып төреші орман шетіне қайтып келеді. Төрешінің ізімен ойыншылар туды іздеуге кіріседі. Туды бірінші тапқандар жеңіске жетеді.

Қараушыны алу

Бұл ойында балалардың жақсы естуі, дыбыссыз қозғалуы жақсы дамиды. Ойын ағаштың айналасында ойналады. Жан –жағына жаңғақ, жерге түскенжапырақтар, қағаздар лақтырады. Ойынға қатысушылар саны 15 болуы мүмкін. Ойынға қатысушылардың бірінің көзін байлап, оны ағаштың жанына қарауылшы қылып қояды. Қалғандары диаметрі 20-30 м шеңбер жасайды.

Қарауылшы шеңбердің ортасында болады. Ойыншылар жекелеп постыға жақындайды. Кімде-кімнің қолы ағашқа немесе қарауылшыға қолы жетсе, сол қарауылшыны ауыстырады. Егерде қарауылшы дыбыс естісе, ол «Тоқта»деген команда беріп дыбыс шыққан жаққа қолымен көрсетеді. Қарауылшы дұрыс тапса, өзін дыбыспен білдіруші ойыннан шығады. Басқарушы ойынды жақсы көрінетін жерден бақылап тұрады.

Бүркемелей білу.

Ойынды шөбі, қалың ойлы – қырлы жерде өткізеді.

Вариант 1. Ойын басқарушы ойыншылар арасынан бақылаушы сайлайды. Оған көзін байла деп бұйрық береді. Белгі берген кезде, балалар жан-жаққа жүгіріп, тығылады. 40-60 сек өткеннен соң басқарушы белгі беріп, көзін байлаған орамалды шешуге рұқсат береді. Бақылаушы жан-жағына қарап тығылған ойыншыларды іздейді. Артынан табылған ойыншы жеңіске жетеді.

Вариант 2.Барлаушылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Бірінші команда өз басқарушыларымен ойын ауданынан басқа жерде болады. Екінші команда белгісін алысымен, өздерін бүркемелеуге кіріседі. Бұл ойында жолдастары бір-біріне бүркемелеуге көмектеседі. Ойын барысында білдіртпей орындарын ауыстырып жасырынуларына болады. 10-15 сек кейін басқарушы бірінші командаға, екінші команданы іздеуге бұйрық береді. Содан кейін екінші команда орын ауыстырады. Қай команда барлаушыларды көп ұстаса, сол жеңіске жетеді.

Басқарушы жасырынып жатқан команданы екінші команда көріп қоймауын бақылайды. Ойынның нәтижелі болуы басқарушының балаларға қалай жасырыну, бүркемелене білу түрлерін ойын алдында жақсы түсіндіруіне байланысты.

Мен сені көріп тұрмын

Ойын шөбі өсіп тұрған алаңда ойналады. Ойыншылар екі отрядқа бөлінеді. Бір команда 150-200 м қашықтыққа кетіп, тастар, ағаштар, бұталар, орларды пайдаланып жасырынады.Бұл уақытта екінші команда оларға артымен тұрады. Белгі берген соң ойыншылар бұрылып 3-5 мин алаңды бақылайды. Әр табылған жасырынушыларды тапқан сайын бір ұпай алады. Сосын отряд бір-бірімен орын ауыстырады. Көп ұпай алған отряд жеңіске жетеді.

Орнында білінбей қалу

Ойнаушылар саны 20 адам. Ойыншы группа тұрған жерден 100-150 м қашықтықта қалың шөпті, бұталы жерге жалау орнатылады. Оның қасында басқарушы болады. Ойыншылар басқарушыға білдіртпей туға қарай еңбектейді. Кімде-кім ұсталып қалса ойыннан шығады. Біраз уақыттан соң басқарушы ысқырықпен белгі береді. Қалғандары орнынан көтеріледі. Туға жақын барғаны жеңімпаз болады.

Жасырын қозғал

Басқарушы орманда, шөбі қалың өскен бұталы жерде бақылаушыға білдіртпей ізінен 50-60 м қашықтықта жүріп отыруды міндеттейді. Әр уақыт сайын бақылаушы тоқтап, артына бұрылып, жан-жағына қарайды. Ойыншылардың бірін көріп қалса,ол басқарушының жанына барады. Бақылаушы өз қажетіне қарай аялдайды. Басқарушыға көмекші балалардың ойын ережесін бұзбауына бақылауға көмектеседі.

Ізімен

Ойынға 2-3 звена қатысады. Басқарушы бөлім командиріне жеке маршрут, старт, жиналатын пункт және міндеттер береді. Бөлім командирлеріне жүрген жолдарына, шөпке,ағашқа, қарға қандай із қалдыру керек екендігін түсіндіреді(ағаштың үгіндісі, қағаз қалдығы, шыбықтар шашу.)

Командирлердің белгісі бойынша өз маршруттары мен кетеді. 15минуттан кейін командирлердің ізімен бір уақытта барлық бөлім кетеді. Басқарушы мен көмекші артарынан жүріп отырған ойыншылардың ережені бүзбауын қадағалаиды.Жолдан адаспай, басқаларынан бұрын белгіленген пункіттарға командирлеріне жеткен бөлім жеңіске жетеді. Қыста ойында шаңғымен өткізуге болады.

Жалау үшін күрес

Ойынға қатысушылар 20-30 адам. Олар тең екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Ойын тал-шөбі сирек тоғайда өткізіледі. Егерде жақсы болар еді, ойын үшін таңдалған жер ағашты кесіп салынған тоғай жолы, сүрлеу, ауыл арасы жолы,орлы, жалғыз аяқты болса.

Әр команданың қолында, не арқасында өз белгілері және жалаулары болады. Оларды 20-30м көрінетіндей етіп тағады. Ойын басқарусышысы міндетерін бөледі: бірі барлаушы, басқалары- күзетушілер. Олардың алдына міндетер қояды:

-барлаушылар жауларының участігіне өтіп, жалауды тауып алып,өз территориясына әкелу.

-күзетшілер барлаушыларды ұстап алып, жалауды ұрлатып алмау.

Барлаушы ойынан шығады, егер дұшпанның қолы тисе. Жау жақтан өз территориясына жалауды әкелген отряд жеңімпаз аттанады.

От нүктесіндегі жарылыс.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойынға қатысушылардың жартысы төбешіктің басына немесе үстірттің үстінде, шығуы қиын және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерге орналасады. Бұл от нүктесі. Оның айналасына 10 қадам қашықтықта жалаушалар жерге қадалған. Басқа ойыншылар от нүктесінен алыс орналасады. Жару керек деген бұйрық алысымен жалау тұрған жерге танкіге қарсы 5граната лақтырады.(граната пакет не қап түрінде іші ағаш сүріндісі, шишка, басқада ауыр заттар толтырылған түрінде болады)

Жоспарды талқылап, әр түрлі амалдар жасап от нүктесіне жақындайды. Күзетшілер көріп қалып, жақындап қалған шабуылшының фамилиясын қатты айтып, қайда тұрғанын айтады немесе көрсетеді. Танылып қалған ойыншы ойыннан шығады. 10-30 мин ішінде басқарушының берген міндеттемесін ойында қалып, орындаған шабуылшы жеңіске жетеді.

«Тіл» алу

Ойын желсіз, қараңғы түскенде ойналады. Жәй дыбыстың, шырпының ақырын сынғаныда барлаушыны білдіріп қоятындай болуы керек.

Ойнаушылар қару макетерімен қаруланады, ақырын қозғалып, немесе еңкейіп, не еңбектеп, ешқандай сыбыс білдірмей қозғалады. Түрегеп жүруге болмайды. Тез көрініп қалуы мүмкін.

Ойында барлық жерде жүргізуге болады. Басқарушы ойынға қатысушы 3 баланы тағайындап, оларды учаткіге жібереді. Ойын өткізілетін жер болуы мүмкін және әр жерде жасырынады, оларға бір орнынан екінші орынға қозғалуға болмайды. 15 минуттен соң қалған ойыншылар ойын ауданына беттейді, Тілді іздеп, білдіртпей ұстап алу үшін бұл мақсатты орындалу үшін 30 минут уақыт беріледі. «Тілді» болып жасырынған бүкіл баланы үстап алғаннан кейін барып, ойын аяқталған болып саналады.

Түнгі іздеу.

Ойын қас қарайған кезде өткізіледі: ойыншылар екі тең отрядқа бөлінеді. 15-20 адам қатысады. Әр отрядта 5адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Тоғайдың ішінен 2 алаң таңдалады, бір-бірінің ара қашықтағы 200-300м орналасқан.Алаңға орналасқан отряд басқыншыларынан 10 кішкентай ақ қағаздан жасалған жалауша алады. Бір отрядқа – квадратты, екіншісі – үшбүрышты жалауша алады. Жерден онша емес алаңдағы бұталарға іледі. Дауыстап белгі берілісімен ойынбасталады. Барлаушылар білдіртпей қарсыластарының алаңына кіріп, шамалары келгенше қарсыластарының жалаушаларын алып, өз лагерлеріне әкеледі. Алаңды қорғап тұрған күзетшілер барлаушыларға қарсы шығып көріп қалғандарын ойынан шығарады, Күзетшілерге жалаушаны сақтап қалу оңай емес: әр күзетші ойынның басынан 2 жалаушаны күзетеді. Екі жалаушаның арақашықтығы алыс болады. Шабушылардың барлаушылары әр түрлі тәсілдермен күзетшіні алаңдатып, жалаушаны алып кетуге тырысады.

Жалауды көп алған отряд жеңіске жетеді

Бірақта барлаушылардың міндеті оңай емес, күзетшінің көзінше жалаушаны алып кетуге, оны өз алаңына алып бару оңайға түспейді. Жақындап қалғанда қарсыластарының барлаушыларына соқтығысып қалып ойыннан шығып қалуы мүмкін.

30мин уақыттан соң белгі беріліп ойынның аяқталғанын айтады. Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.

4. Бақылау сұрақтар:

1. 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардын негіздері.

2.Ойынның ережелері.

3.Жергілікті аймақтағы ойындар.

4.Ойындпағы жеңіске жету жолдары.

5.Ойынның мақсаты мен мүддесі.

№ 5. Лекция сабағының тақырыбы: "Жергілікті ойын ережелері."

1.Жоспары:

1.Жергілікті ойын ережелері

2.Жергілікке арналған ойындар

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге жергілікті ойын ережелерін жеткізе түсіндіре білу.

3.Қысқаша мәтіні:Сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарын түсіндіру

Жергілікті ойын ережелері.

V-VI сыныптар үшін жергілікке арналған ойындарды VII-VIII сыныптардан бөлек өткізілуі қажет. Ойындарды бірге өткізген жағдайда V-VI сыныптар үшін оның ұзақтығы қысқартылады және жеңіл тапсырмалар беріледі.

Отряд құрамында ойналатын ойындар белгілі бір жас ұландар мамандығын немесе отряд әрекетін өңдеу мақсатында жүргізіледі.

Батальон құрамында ойналатын ойындар белгілі бір кезең қорытындысын шығару немесе батальондағы үздік отрядты анықтау міндетіне ие.

Ереже бойынша, ойындар бір жақта жүргізіледі, екі жақты ойындарды өткізу жағдайында жақтардың қындауына жол берілмейді.

Ойын мәні ЕҚД нормаларын тапсыру маңызына ие, жасұландардан инициатива, ерік және дене сапаларының көрсетуін талап ететін шарттарды құру және тартымды болуы тиіс.

Жергілікке арналған ойындар кезінде жасырынудың әртүрлі тәсілдерін қолданады, барлау жүргізеді, жергілікке бағдарланады, көздеген жерге дейінгі ара қашықтықты анықтайды, сигнализация, байланыс құралдарын қолданады, әртүрлі тәсілдермен алға жылжып, шынайы және қолдан жасалған кедергілерден өтеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Ойынды өткізу үшін ойын жоспары және ережелер жасап шығарылады, қатысушылар әрекеті үшін бағалау жүйесін өңдейді. Ойын мәніне жауап жергілік таңдалынады, ойын қорытындыларын шығару үшін сұрақтар белгіленіп, даярлық өткізіледі.

Оқулықта берілген ойындар 1-5 сынып оқушыларына арналған. Жас мөлшеріне қарай ойынға қатысатын оқушылар мына топтарға бөлінеді: 1-5, 6-8, 9-11 сынып оқушылары.

Бірақта тәжірбиеде көрсеткендей, әр түрлі жас мөлшеріндегі оқушыларға жергілікті ойындарды қызықты және әр оқушы орындай алатындай өткізуге болады. Мысалы: ойын уақытын созу немесе қысқарту, ойын ережелерін жеңілдету немесе қиындату, тапсырмасын көбейту немесе азайту,кедергі және ойын ауданы, әр- түрлі құрал жабдықтар қолдану (оқу қаруы, құрал топографикалық карта, техникалық байланыс құралы). Сондықтан да жергілікті әскери – спортық ойындарды ұйымдастырушы әр түрлі оқушылардың категориясымен жұмыс істегеніне қарамай, оқулықта берілген барлық ойын мазмұнымен танысады.

Ойын мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.

2. Жергілікке арналған ойындар

Жергілікті аймақтағы ойындар.

Жергілікті аймақта V – VI сыныптар үшін VІІ – VIІІ сыныптардан жеке ойындар өткізу. Ойынды бірігіп жүргізуде V – VI сыныптар үшін ойындар қысқартылып, тапсырмалар жеңілдей түседі. Ал отряд құрамындағы ойындар отряд қозғалысын немесе жас армияшылдардың мамандығына арналу мақсатымен өткізіледі.

Батальон құрамындағы ойындар белгілі бір кезең бойынша (күзгі, қысқы, көктемгі) қорытынды жүргізуі немесе батальондағы ең күшті отрядты көрсету тиіс.

Ал аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық және Бүкілодақтық финалға кіретін ойындар жас армияшылдардың дайындығына қорытынды жасауға немесе ең күшті отрядты көрсетуге арналады.

Ереже бойынша ойындар бір жақты жүргізіледі. Ал екі жақты ойынды жүргізу жағдайында бірігуге жол берілмейді.

Ойын қызықты болуы тиіс. Мұнда жас армияшылдар еріктілік және дене сапаларын көрсете білуі тиіс.

Жеткілікті аймақтағы ойын жүргізу уақытында жас армияшылдар әртүрлі кейіпке ене алады, барлау жасайды, жергілікті аймақты жақсы біледі, берілген жерге дейінгі аралықты өлшей алады, сигнализацияны қолданады, әртүрлі жолдармен алға жылжиды, шынайы және қолдан жасалған кедергілермен өте алады.

Ойынды өткізу үшін ойынның жоспары мен ережелері өңделеді. Ойынға сай аймақ таңдалып, дайындық жүргізіледі.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Жергілікті ойын ережелерінің мақсаты.

2. Жергілікті ойын ережелерінің міндеттері.

3. 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардын негіздері.

4.Жергілікті аймақтағы ойындар.

5.Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.

№ 6. Лекция сабағының тақырыбы: ".Алау» әскери – спортты ойыны."

1.Жоспары:

1.Алау» әскери – спортты ойыны.

2.Ритуалдары (салт жоралары). Ерекшелену белгілері.

3.Идеялық саяси жұмыс.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге «Алау» әскери – спортты ойынының.

ережелерін жеткізе түсіндіре білу.

3.Қысқаша мәтіні: Сыныптар арасында «Алау» әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.

1.Алау» әскери – спортты ойыны.

«Алау» әскери – спортты ойыны орта сыныптардағы мектеп оқушыларының жалпы дене тәрбиесі мен әскери – патриоттық сезімді, алғашқы әскери дайындықтың программасын игеруге негіз болатын оқушылардың маңызды жұмыс формаларының бірі болып табылады.

Сонымен бірге, осы әскери – спорттық «Алау» ойыны мынадай мақсатпен жүргізіледі:

- мектеп оқушыларының ҚР Қарулы күштері және Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың әскери дәстүрін игеру;

- мектептегі әскери – патритоттық жұмысты әрі қарай игеру. Мектеп оқушыларының арасында Отанды қорғау, патриотизмге тәрбиелеу және Отан алдында борышын өтеуге дайындыққа үгіт – насихат жүргізу;

- мектеп оқушыларының сабаққа жауапты қарауға, пәнді саналы түрде сезіне білуге, ерік, батырлық, тапқырлық, шешімділік, достық сезімге үйрете білу.

- Мектеп оқушыларын әскери – техникалық білімді игеруге үйрету, оларды үлкен залал келтіретін қаруларлын қорғану жолын үйрету;

- дене мәдениеті комплексінің «Еңбек пен қорғанысқа дайынмын» деген ойынға әрбір қатысушы қойылған талаптар мен нормалардың орындалуы.

«Алау» әскери-спорттық ойынында сегіз жасарлық және орта жалпы білім беру мектептерінің отрядтары қатысады.

Отряд кеңесі командир және оның орынбасары басқаратын 5-8-ші сынып оқушыларынан жас Ұландар Батальоның құрады.

Командир, оның саяси бөлім бойынша орынбасары және штаб мүшелері жас ұландар батальоның жалпы жиналысында сайланады.

Кеңес жас ұландар отрядын қалыптастырады: оған мыналар кіреді, отряд командирі, орынбасары, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар, санитарлы күзет, өрт сөндірушілердің жауынгерлік есебі, қозғалысты ретке келтіруші, жауынгерлік парақтың редакторы.

Отряд командирі, саяси бөлім бойынша оның орынбасары, жас ұландар отряды ұйымдастыру жиналысында ашық дауыс беру арқылы сыйланады.

Отрядқа бір сыныптан ғана шықан жас ұландар енгізіледі және тек шектеулі жағдайларда ғана паралельді V-VI немесе VII-VIII-ші сыныптардан ғана алуға болады. Жас топтарын араластыруға жол берілмейді.

ІІІ-ІV сынып оқушылар жас ұландар болуға даярланады, осы жас үшін арнайы мектеп масштабы ұйымдастырған әскери спорттық ойындарға конкурстарға және басқада іс шараларға қатысады.

Ритуалдары (салт жоралары). Ерекшелену белгілері.

Штаб батальоның құрылуы аяқталғаннан кейін ту беруі бар жас ұландардың салтанатты линейкасы өткізіледі. Әр түрлі шараларда: салтанатты линейкалар, парадтар, Қарулы Күштер, ел өміріндегі атаулы күндер мен мерекелерге арналған митингтерге толық құрамда қатысқан батальон дружина туын ұстап шығады. Отряд барлық жағдайларда да отряд жалауына ие.

Жас ұландар ерекшеленудің мынадай белгілерін алып жүреді.

Сол жеңінде «Алау» эмблемасы бар шеврон отряд командирлері жопсырмасында үш кішкентай жұлдызша, саяси бөлім бойынша командир орынбасарында екеу, батальон штаб мүшелері біреуден, штаб басшысы және батальон саяси орынбасары екеу, батальон командирі – үш үлкен жұлдыз. Жұлдыздар өлшемі 1,5Х см болатын жасыл түсті жапсырмаға бекітіледі.

Жас ұландар киімінің парадтық формасы – «Алау» эмблемасы бар комуфляж. Жергілікті ойындар және жарыстарға арналған киім формаларын ойынның аудандық және қалалық штабтар бекітеді.

Күнделікті, сонымен бірге финалдарда, жиналыстарда, жарыстарда және мерекелік линейкаларда жас ұландар бір-бірімен және ересектермен салют беріп амандасады.

Жас ұландармен жүргізілетін жұмыс мазмұны және ойындарды өткізу формалары: «Алау» әскери-спорттық ойыны жас ұландармен жұмыстар мазмұнына енеді:

  • Идеялық саяси жұмыс;
  • Жас ұландарды жалпы даярлау;
  • Жас ұландар мамандықтар бойынша даярлау;
  • Жергілікті жердегі ойындар.

Идеялық саяси жұмыс.

Әрбір жас ұландардың салтанатты уәдесінорындауына ықпал етуі, келесі тапсырмаларды жүзеге асыруға бағыттауы тиіс:

  • Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштер жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін оқып зеттеу – нақты патриоттық сезімдермен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Отан Қазақстан Республикасы ел таңбасы, ән ұраны және байрағы ұғымдарын қалыптастыру;
  • Әскери іске, азаматтық қорғанысқа, Қарулы Күштерге қызмет етуге ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру және дамыту. Әскери техника, қару жарақ және әскери мамандықтармен, Қарулы Күштер түрлерімен таныстыру. Отанды қорғау, қазақстандық жауынгер, әскери ант, жауынгерлік ордендермен медальдар, түсінігін ашу және ұғындыру.

Идеялық саяси жұмыстың маңызды бағыты – құрамды бөлігі «Алау» ойыны болып табылатын Қазақстандық халықтың жауынгерлік және еңбек даңқы бойынша шеру жасау. Шерудегі жас ұландар қатысуының негізгі формалары төмендегідей болып табылады:

  • Ұлы Отан соғысы және азаматтық соғыс батырлары, бүгінгі таңда өндіріс үздіктері өмірінен фактілерді, қызықты құжаттарды іздеу;
  • «Қазақстан Республикасы менің Отаным» экспидициясына қатысу. Туған өлкенің жауынгерлік және еңбек дәстүрлері, тарихымен, ірі құрылыстармен танысу. Өндіріс және ауыл шаруашылық үздіктерімен мамандармен кездесу өткізу;
  • Қарулы Күштер, әскери бөлімшелер, кемелердің жауынгерлік жолдары, азаматтық қорғаныс, оның жауынгерлік дәстүрлерінің дамуы, Ұлы Отан соғысының қатысушыларының ерліктері және өмірлік жолдарының тарихтарын оқып зерттеу;
  • Тимуршылар жұмысы; соғыс мүгедектері, партизандар, қайтыс болған жауынгерлер жанұяларына үнемі назар аударып қамқорлыққа алу, ескерткіштерге құрмет қарауылын орнату, олардың жанында патриоттық іс шараларды өткізу;
  • Әскери бөлімшелер мен кемелерге бару, жауынгерлік техника, жауынгерлер тұрмыс тіршілігімен танысу;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен мектеп түлектерімен хат алмасу;
  • Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру. Әскери және патриоттық тақырыптардағы кітаптарды оқу және талқылау. Кештер, тақырыптық викториналар ерлік сабақтарын өткізу;
  • Басқа республикалар, бауырлас елдер оқушыларымен хат алмасу. Интернационалдық достық клубтарын құруға және жұмыстарына қатысу.

4. Бақылау сұрақтар:

1.Алау» әскери – спортты ойыны

2. Алау» әскери – спортты ойынының мақсаты.

3.Әскери-спорттық ойынының әсері.

4.Интернационалдық достық клубтарын құруға және жұмыстарына қатысу.

5. Алау» әскери – спортты ойынының мақсаты мен мүддесі.

№ 7. Лекция сабағының тақырыбы: " «Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру. "

1.Жоспары:

1.Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқушылар арасындағы «Алау» әскери-спорттық ойының ережелерін жеткізе түсіндіре жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Оқушылар арасында әскери –«Алау» әскери-спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыруды түсіндіру

1.Алау» әскери – спортты ойынын ұйымдастыру.

Ойын «Алау» әскери спорттық ойынына сегіз жылдық және орта жалпы білім беретін мектептердің отрядтары қатысады.

Жас ұландардың жалпы даярлығы.

Сап даярлығы.

V-VI сыныптары: екі-үш және бір саптық – сап, бір саптан үш сапқа тұру, бір орында бұрылыс жасау, оңға, солға, айнала, саптық қадаммен қозғалу, жүріп бара жатып сөйлеу және әндерді орындау, саптағы дабылшының, горнистың, жалау ұстаушының әрекеттері және белгілерді орындау.

VII-VIII сыныптар: қосымша - отряд құрамында тұрып оңға, солға, айнала қозғалыстарында бұрылыс жасау.

Атқыштар даярлығы:

V-VI сыныптары: пневматикалық винтовкадан жас атқыш нормативін орындау.

VII-VIII сыныптар: аз калибрлі винтовкадан мерген атқыш нормативін орындау.

Азаматтық қорғаныс.

V-VI сыныптар: мақта, марлелік таңғыштарды даярлау, азаматтық қорғаныс белгілері бойынша әрекет ету, жеңіліс кезінде өзара көмек және өзіне көмек көрсету, противогазда отыз минут тұру.

VII-VIII сыныптар: қосымша

Жалпы жауынгерлерлік қорғаныс комплекстілерін кию. Химиялық бүлінген аумақтан өту. Күйіп қалған адамға противогаз кигізу; алғашқы медициналық көмек көрсету; бөлшекті дегазация, дезактивизацияны жүргізу.

Туристік даярлық.

V-VI сыныптар: 5-6км туристік дағдыларды тексеру мақсатында туристік шеру жасау. «Жас турист» төсбелгісіне нормалармен талаптарды орындау.

VII-VIII сыныптар: палаткаларды құру және қайтып жинау, рюкзакты қатпарлау, бөрене үстімен асу, арқан көмегімен биік құздарға шығу және төмен түсу, зардап шегушіні 50м-ге дейінгі арақашықтыққа тасымалдау.

12-16 шақырымға шеру жасау. Спорттық разряд және норма талаптарын орындау.

Дене даярлығы.

«Еңбекке және қорғанысқа даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын әрбір жас ұланның тапсыруға және даярлануға қатысуы.

V-VI сыныптар – І саты «Батылдар мен ептілер»

VII-VIII сыныптар – ІІ сапты «Спорттық ауысым». Барлық жасұландар спорттық күнтізбеге сәйкес таңдаулары бойынша дружиндер(отрядтар) спорттық жарыстарына қатысады.

Отряд командирі.

Сапты басқа білуі, отрядты шеру колоннасына тізбектік және керісінше қайта сапқа тұрғыза білуі, жергілікке бағдар жасай білуі, карта бетінен шартты белгілерді анықтап және картадағы арақашықтықты өлшегіш және сызғыш көмегімен өлшеу білуі тиіс. Берілген азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты өлшей білу тиіс. Толық емес арнайы өңдеуді дұрыс жүргізе білуі, залалданған аймақтан өте ережелермен білуі, жас ұландар мамандықтары бойынша және жалпы даярлықпен қарастырылған әртүрлі тәсілдер және жаттығуларды орындай әрі жақсы таныс болуы тиіс.

Саяси бөлім бойынша командир орынбасары.

Отряд кеңесі басшылығымен жұмыс істейді, отряд жасұландарын даярлауды жүзеге асыруға отряд командиріне көмектеседі, «біреуі барлығы үшін, барлығы біреу үшін» қағидасын жүзеге асырады. Ұрыс парағы редакторының жұмысына басшылық етеді. Газеттерді оқу және саси ақпараттануды өткізуді ұйымдастырады.

Барлаушы.

V-VI сыныптар: картадағы шартты топографиялық белгілерді оқи білуі, жергілікке бағдарлана білуі, жасырына білуі, затқа азимутты анықтай білуі тиіс.

VII-VIII сыныптар: қосымша

Өлшегіш және сызғыш көмегімен топографиялық картадағы арақашықтықты өлшей білуі, азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты анықтай білуі тиіс;

Құралдар көмегімен жергіліктегі радиация деңгейін анықтай білуі, залалданған аумақтарды айналып өту жолдарын табу, командирге жеткізу мазмұнын құра білуі тиіс.

Байланысшы

V-VI сыныптар: сигналдарды жалаушалармен беру және телефон арқылы жеткізу, жалаушалық семафорды білуі тиіс;

VII-VIII сыныптар: қосымша – телеграфтың әліппе көмегімен жеткізулерді жалаушалармен жіберу. Кабельді сымдарды жүргізе білуі, далалық телефон аппаратын қоса білуі радиостанцияны қоса білуі, байланысқа еніп, жеткізулерді жібере білуі тиіс.

Атқыш

V-VI сыныптар: шеру колонасында жылжи білуі, жүгіре және өрмелей отырып жылжуды, граната лақтыруды, шабуылға (30м ара қашықтық) көше білуі тиіс.

VII-VIII сыныптар: қосымша – жергілікке бағдарлана білуі, колшник автоматын толық емес шашып және қайта жинай білуі, шабуылға (50м ара қашықтыққа

Санитарлы күзет мүшесі

V-VI сыныптар: сыну, қан кету, күйіп қалу, үсіп қалу және т.с.с кездерінде алғашқы көмекті көрсете білуі, зардап шегушілерді тасымалдау, дәрілік өсімдіктерді және олардың медициналық тәжірибеде қолданылуын білу тиіс.

VII-VIII сыныптар: алғашқы көмек көрсету кезінде меңгерілген дағдыларды жетілдіру, барлық тәсілдермен зардап шегушілерді тасымалдай білу, суға батып бара жатқанды шығарып алғашқы көмек көрсету, берілген азимут бойынша жылжи білуі тиіс.

Қозғалысты ретке келтіруші

V-VI сыныптар: светафор белгілеріне сәйкес ретке келтіруші дене қимылдарын білуі, жаяу жүргіншілермен жалаушылардың жалпы міндеттерін жол белгілерін танып білуі, велосипедті тебе білу.

VII-VIII сыныптар: қосымша – қиылыстағы транспортты айыра білуі, «аялдамалық жолдарды» санай білуі, отандық автотранспорт автокөліктердің белгілерін және шаркаларын білуі тиіс.

Өрт сөндіруші

V-VI сыныптар: практикалық өртке қарсы іс шараларды және өрт сөндіруді құралын қолдану ережелерін білуі тиіс.

VII-VIII сыныптар: қосымша – жеңді торапқа қоса білуі, үйшік, шарбақ, бум секілді кедергілерден өте білуі, отты сөндіру үшін өрт сөндіру құралын қолдана білуі тиіс.

Ұрыс парақ редакторы

Ұрыс парақтарын өз уақытында шығаруы және фото стендттерді өндеуі тиіс. Саси бөлім бойынша командир орынбасарына саси ақпараттандыру жүргізуді көмектесуі керек.

Жас ұландар тұрғылықты жерлері бойынша клубтардағы, әскери оқу орындарындағы, әскери бөлімдердегі автомаделизм, авиациалық, ракеталық үйірмелер жұмыстарына қатысады.

Ойынға жетекшілік ету

«Алау» әскери-спорттық ойынын өткізеді. Қазақстан Ресмпубликасының Білім және ғылым министрлігі, дене мәдениеті және спорт комитеті, ҚР азаматтық қорғаныс штабы.

Ұйымдар мен ведомстваларда әрекет ету координациясы және ойынға тәжірибелік жетекшілік жасау үшін «Алау» әскери-спорттық ойынының бас штабы құралады.

Штабтар ойынға әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады және ойынды өткізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстардың үздік тәжірибелерін жалпылайды, тапсырмалар мен ұсыныстарды өңдейді, жеке тақырыптар бойынша бұйрықтар шығарады, ойын насихатын өткізеді, мамандықтар бойынша жас ұландарды даярлау үшін инструкторларды,отряд командирлері мен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, штаб басшыларымен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, командирлеріне оқу өткізеді; қызығушылық танытқан ұйымдар мен мекемелерді ойынға қатысуға тартады, жұмыс қорытындыларын шығару, «Ұлан» әскери-спорттық ойындар штабтарымен өз жұмысын тығыз байланыста орнатады.

Мектеп директорлары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әскери жетекшілер, мұғалімдер ботальон штабтарына педагогикалық жетекшілік етуді жүзеге асырады, оқу және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады.

Ардагерлер, офицерлер, басщылық жасаушы әскери бөлімшелер солдаттары, әскери-оқу орындарының курсанттары мен тындаушылары, әскери комиссариаттар офицерлері консультант, инструктор және аралық адамдар ретінде шақырылады.

Қорытындыларды шығару және марапаттау

Батальондарда ойын қорытындылары үш рет шығарылады: күзде, қыста және көктемде. Аудандық қалалық, аумақтық финалдар жыл сайын бір шілдеге дейін жергілікті шарттар және жоғарыдағы штабтар шешіміне сәйкес өткізіледі. Облыстық, өлкелік және республикалық финалдар жергілікті ұйымдардың қарауына қарай бірінші шілдеге дейін, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес өткізіледі. Батальон штабтары жас ұландарды даярлаудың барлық тараулары бойынша қорытындыларды шығарады, әр кезеңнің аяқталуы бойынша жеңімпаздарды анықтап, жоғарыда аталған штабтарға есептерді жібереді.

Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы батальон штабтарының жеткізулері аудандық және қалалық штабтарға жіберіледі.

Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы жеткізілімдер, есептер, бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша марапаттауға ұсынылымдар «Алау» Республикалық, өлкелік, облыстық штабтармен жіберіледі. Ойында ерекше көзге түскен жас ұландар отрядтары дипломдармен және «Алау» жергілікті штабтар белгілерімен марапатталады.

Финалдарға бір сыныптың оқушыларынан тұратын, бір жылдан аз емес қатысқан және облыстық, өлкелік финалдар жеңімпаздары болған отрядтар қатысады.

Жас ұландар – ойын финалына қатысушылар «Алау» дипломдарымен және төс белгілермен марапатталады, ал ерекше көзге түскен жас ұландар «Үздіктігі үшін» медальдармен марапатталады. Азаматтық қорғаныс эстафетасына қатысушылар «ҚР азаматтық қорғанысына даярмын» төсбелгілерімен марапатталады.

Ойын финалының командалар – жеңімпаздары бас штаб шешімімен «Жеңімпазға» үлкен медальмен, дипломдармен, финалды өткізуші ұйымдар сыйлықтар және төсбелгілермен марапатталады.

4. Бақылау сұрақтар:

1.Алау ойының ережелері.

2. Алау ойын ережелерінің сақталуы.

3. Алау ойынының негізгі мақсаты.

4. Құралдардың көмегімен жергілікті аймақты радиация деңгейін білу.

5. Батальондарда ойын қорытындыларының шығарылуы:

№ 8. Лекция сабағының тақырыбы: "9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу."

1.Жоспары:

1. 9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғары сыныптарға әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу ережесін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Студенттерге ойынның мақсаттары мен тапсырмаларын жеткізе білу.

1. 9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу.

Әскери – спорттық ойындар. Жастардың әскери – патриоттық тәрбиесі, оның Қ.Р.Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайындығы – объективті қажеттілік болып табылады.

Ал жастардың патриоттық және интернациональдық тәрбиесі – сыныптың идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын біздің армиямыз толықтырыла түсуде. Жас әскерлер қысқа уақыттың ішінде мамандықты жақсы игеріп, бүкіл әскери қызметті де жақсы атқарады. Сонымен бірге, олар әскери тәрбиенің талаптарын өз еркімен орындап, бөлімшелердің қоғкамдық өміріне белсене араласуда. Олардың өмірдегі табыстары оқу орындарында жастармен жүргізілетін үлкен мақсатпен бағытталған әскери – патриоттық тәрбиемен түсіндіріле алады.

Әскери – патриоттық тәрбие Отанды қорғауға арналған қасиетті міндетті орындауға өте қажет үздіксіз және бағытталған жо,ғары психалогиялық және маральдық еркін сапаларды құратын процесс болып табылады.

Жоғары сыныптардағы қозғалмалы ойындар негізінен жалпы дене даярлықтарын жоғарылату, сонымен бірге жасөспірімдердің арнайы спорттық даярлықтары үшін қолданылады.

15-17 жастық кезеңде (Х-ХІ сыныптар) ағзаның өсуі және дамуы жалғасуда екенін есте ұстаған жөн. Қаңқаның сүйектену үрдісі, бұлшық ет күшінің өсуі және ішкі ағзалардың дамуы әлі аяқталмаған. Жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінде кейбір ауытқулар, жоғары қозушылық байқалады. 15-17 жастағы жасөспірімдер мен қыздар ағзасының шыдамдылығы ересектерге қарағанда төмен.

Жасөспірім ұлдар денесінің салмағы бұлшық ет массасының ұлғаюы арқасында қосылады; салмаққа қатынасы бойынша бұлшық ет күштерінің дамуындағы кейін қалу оларда байқалмайды. Жасөспірім қыздардың бұлшықет жүйелері ұлдарға қарағанда баяу дамиды (атап айтқанда, иық белдеуі мускулатурасы әлсіз). Қыздар денесінің салмағы кеуде ұзындығы, жамбас белдеуінің дамуы есебінен еселенеді.

15-17 жастағы қыздар аяғы мен кеуде ұзындықтар қатынасын салыстырмалы бағалаудың көрсетуінше кеуде ұзындығы үлкейген сайын аяқтары ұлдарға қарағанда қысқа, сондықтан да олардың қадам жасаулары да қысқа. Ал дене салмағы мен өкпелердің өмірлік сыйымдылық салыстыруларының берілгендері бұл көрсеткіштердің қыздарда төмен екендігін көрсетеді.

Жоғары сынып оқушыларында абстрактілі ойлауға және өз әрекеті мен қоршаған орта әрекететін талдауға қабілеттіліктері айқын өседі. Көптеген бозбалар мен бойжеткендерде спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтарға қызығушылығы толығымен қалыптасады, сондықтан оларды спорттың таңдалған түрінде жетілуге мүмкіндік беретін қозғалмалы ойындар тартады.

Олар үшін қиындылығы бойынша маңызды, тәсілдер мен әрекеттерді орындауға құрылған қатысушылардың өзара қарым-қатынасы бойынша күрделенген қозғалмалы ойындар толығымен қол жетерлік және қызықты.

Дұрыс өткізлетін қозғалмалы ойындарды жүйелі ұйымдастыру айналысушылардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге және дене даму динамикасына оң әсер етеді.

Бұл жастағылардың сүйек-бұлшық ет аппаратының дамуы әлі аяқталмағанын басты назарға ала отырып, ойындарда ұзақ бір жақты күш салуға жол берілмеуі тиіс. Сонымен бірге боз балалар мен бойжеткендер жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян келтіретін жүгіруі, секіру және т.с.с бар ойындардағы жоғарылатылған жүктеме қарама-қарсы көрсетілген. Алайда жалпы дене дамуын жоғарылату және қозғалыс дағдыларын жетілдіру мақсатында жеткілікті ұзақ уақыт бойы қатысушылардың көп қайталанатын белсенді қозғалыстары бар ойындар өткізуге болады. Күш, жылдамдық, қозғалыс координациясы және шыдамдылық көрсетуді талап ететін ойын әрекеттеріндегі қыздардың дене мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда төмен болатындығын ескерген жөн.

Жетекші жоғары сынып оқушыларының бойында қозғалмалы ойын сабақтарын шынайы іс ретінде қабылдайтындай қатынастарды тәрбиелеуі тиіс. Белгілі бір ойын сабаққа мақсатты бағыттылы түрде енгізілетінін және оқу-машықтандыру мәніне ие екендігін түсіндіріп өткен жөн. Ойын тапсырмаларын саналы орындай отырып, оқушылар қозғалмалы ойындарды үлкен қызығушылық пен үлгілі тәртіппен орындайды. Белгілі бір техникалық тәсілді, тактикалық әрекетті сәтсіз орындау жағдайында айналысушыларға қайталап жасауға мүмкіндік беру керек, осылайша жағымды нәтижеге қол жеткізудің тұрақты, бірбеткей машықтануға үйрету қажет.

Жастарды әскери-патиоттыққа тәрбиелеу, оны ҚР Қарулы Күштердегі қызметке дайындау- обьективті қажеттілік.

Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу сыныптағы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.

Жыл сайын әскерге жақсы толықтырулар келеді. Жас жауынгерлер қысқа мерзім ішінде мамандықты және барлық әскери қызметті жетістікпен меңгереді, жауынгерлік уставтар талаптарын адал орындайды, бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Олардың өміріндегі қол жеткізілген жетістері оқу орындарында жастармен өткізілетін әскери-патриоттық тәрбие бойынша мақсаты бағытталған жұмыспен түсіндіріледі.

Әскери-патриоттық тәрбие Отанды қорғау бойынша қасиетті парызды орындау үшін қажетті жоғары психологиялық және моральды-жауынгерлік сапасын қалыптастырудың үздіксіз мақсатты бағыттылы үрдісі ретінде ұсынылады.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу формаларының бірі «Ұлан» әскери-спорттық ойын болып табылады.

«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойын ҚР ҚК-дегі қызметке даярлауға, әскери істер негіздерін меңгеруге, идеялық және дене шынығуындағы қазақтар мен қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбек дәстүрлерінде жастарды тәрбиелеуде үлкен мәнге ие. Ол оқушылардың алғашқы даярлық бойынша білімдерін бекітуге,ержүректілікке, солдат пен еңбекқорға қажетті сапаларды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ойын енгізілген мектептер, арнайы орта оқу мекемелері бозбалалар мен бойжеткендердің жүректері мен ақыл-ойларына жағымды әсер ететіндіктерін сезеді.

«Ұлан» ойыны біройналатын, жеке немесе құрама командаларға арналған элизодтық іс-шара емес, жүйелі қорғаныс-көпшіліктік және спорттық ойындардың көпшілік формасы.

«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойынды құқық бойынша ерліктің, ержүректіліктің, патриотизмнің мектебі деп атайды. Ол жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны морольды және денесін шынықтырады, әскери қызметке жақсы даярлыққа, АӘД бойынша білім мен дағдыларды мықты нығайтуға ықпал етеді.

Әскери бөлімшелер, әскери оқу орындары, әскери комиссариаттар, жоғары және арнайы орта білім беру оргындары, азаматтық қорғаныс және ТЖ штаптакры, «Отан» дене мәдениеті және спорт қорғаныс ұйымдары, қызыл крест және қызыл жарты ай қоғамдарының бұйрық ету күштерінде «Ұлан» әскери-спорттық ойын барлық оқу мекемелері мен жастар ұйымдарында кең қолдауға ие болды.

АӘД-пен бірге «Ұлан» ойын жасөспірімдерге жас салдатты дайындау көлемінде қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру және бекітуге көмектеседі, осылайша АӘД қоғамдық формасы жүйелі сыныптан тыс қорғаныс-көпшіліктік және спорттық әрекеттегі бозбалалар мен бойжеткендерді көпшілік тарту арқылы Отанды қорғауға жастарды даярлау бойынша жұмыстардың комплекстік формасы болып табылады.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Әскери – спорттық ойындардың түрлері.

2. Ойын ережелерінің сақталуы.

3. Ойынындардың негізгі мақсаты.

4. Жастардың патриоттық және интернациональдық тәрбиесі.

5. Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу бағыттары.

№ 9. Лекция сабағының тақырыбы: " “Ұлан” әскери – спорттық ойыны."

1.Жоспары:

1.“Ұлан” әскери – спорттық ойыны

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғары сыныптарда.“Ұлан” әскери – спорттық ойынын ұйымдастырып, жүргізу ережесін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Студенттерге“Ұлан” әскери – спорттық ойынның мақсаттары мен тапсырмаларын жеткізе білу.

1.“Ұлан” әскери – спорттық ойыны.

Жастардың әскери – спорттық “Ұлан” ойынын патриотизм мен батырлық мектебі деп те айтады. Ол жастарды патриоттық турғыдан тәрбиелеп қана қоймай, оларды денелік және маральдық тұрғыдан шыңдай түседі және әскери дайындыққа жақсылап дайындайды.

Әсери – бөлім командаларының әскери оқу орындарының, әсери комиссариаттың жоғары және орта арнайы білім беру органдарының, азаматтық қорғаныс штабының “Отан” қорғаныс ұйымдарының, дене мәдениеті мен спорттық, Қызыл крест және Қызыл Жарты ай қоғамының күш салуымен әскери – спорттық “Ұлан” ойыны бүкіл оқу орындарында және жастар ұйымдарында кеңінен тараған.

Бұл “Ұлан” ойыны А.Ә.Д. – пен қатар базбаларға жас салдаттың дайындығы объемындағы практикалық іс - әрекет пен қажетті білімдерді бекітуге көмектеседі. Сонымен А.Ә.Д. – ң қоғамдық формасының жастарды Отанды қорғауға дайындық жұмысы бойынша комплекстік формасы болып – базбалалар мен қыздарды жүйелік сыныптан тыс көпшіліктік – қорғаныс және спорттық қызметке тартылу болып табылады.

“Ұлан” күнін ұйымдастыру

Ол бүкіл дәстүрлердің сақталуы мен күнделікті жүргізіледі. “Ұлан” күнін өткізуге бұйрық беріліп, мына бағыттармен тапсырмалар орындалады. Звод бойынша қатарға тұрғызу, штаб бастығы звод командирлерінің ұландықтардың қатынасуы мен сабаққа дайындағы жөніндегі баяндаманы хабылдайды. Штаб бастығы мұны батальон бастығына баяндайды. Ботальон командирі ойынға қатысушылармен сәлемдесіп, тапсырмалар қояды. Звод батальонын командасымен басшылық пен мектептің педагогикалық ұжымының алдында сабаққа бару антын беру арқылы салатанатты маршпен өтеді, жоспарға сәйкес әрбір звод сабақ кестесі бойынша өзінің нақты ісімен айналысады. Орта мектеп үшін “Ұланға арналған күн” вариянты, 10 “А”. Бірінші сағат дене дайындығы. Бозбалалар – тартылу, 100м жүгіру, кішкентай допты лақтыру. Қыздар – жерде жатып арқамен денені көтеру, жүгіру мен кішкентай допты лақтыруда жаттығу. Бұл жаттығуларды звод командирі жүргізеді. Оның консультанты дене тәрбиешісі болып табылады.

Екінші сағат. Противогаздың жұмыс жасалуын тексеру және оны пайдалана білуге жаттығу. Мұны батальон командирінің белгіленуі бойынша 11 сынып оқушысы жүргізеді. Оның консультанты – А.Ә.Д мұғалімі 10 “Б” Бірінші сағат. 10 “А” сыныбының екінші сағатының тақырыбы. Екінші сағат. 10 “А” сыныбының бірінші сағатының тақырыбы. 11 “А” сыныбының екінші сағат. Дене дайындығы. Бозбалалар – жүгіру және 700гр салмағы бар гирді лақтыру жаттығулары. Қыздар – жүгіру және 500гр гранатаны лақтыру. Мұны звод командирі жүргізеді. Консультанты дене тәрбиешісі. 11 “Б” сыныбының бірінші сағат - 11 “А” сыныбының сабақ сағаттары бойыфнша тақырыптар.

Екінші сағат - 11 “А” сыныбының бірінші сағаты бойынша сабақ жүргізу. Сабақтың бітуіне орай батальон қатарға қайта түрып батальон командирі өткізілген сабақтар бойынша баға береді. Одан кейін батальон қайтадан салтанатты маршпен өтеді. “Ұлан ” күнінің қорытындысы бойынша әрбір зводтар “әскери бет” шығарылуы тиіс. Бұл күннің табысты болуы кансультантардың гедагогикалық ұжымның және олардың бозбалалары мен қыздарының бірігіп жұмыс жасауына болып табылады. Звод “Ұлан ” ойынының басты звеносы болғандықтан ұландықтардың көмекшілері болғандықтан сынып жетекшілірінің ролі жоғарлайды. Батальонда Қ.Р. туы болуы тиіс.

Мынадай дәстүрлер нақтыланады:

- Ұлан қатарына ойнға келген жаңа қатынасушыларды салтанатты түрде қабылдау.

- Салтанатты шараларды өткізуде батальонның туын алап шығу.

- Ұландықтардың қатарға салтанатты түрде тұруы (елдің мерекелік күніне арналған кезде, әскери қызметке, алғыс білдіру кезінде).

- Отанның есте қалған күндері оқу орынында әскери қызметте мимариалды белгілермен ескерткіштердің қасына қарауыл қою.

- “Ұлан ” ойынының бұйрығымен қатарға тұрудың алдында жарнама жасау.

- Айырмашылық белгілері мен формалары.

Киім формасы-мектептегі А.Ә.Д. бойынша бекітілген форма болып табылады.Иықтан кішкене жоғарырақ Ұлан ойынының шевроны тұрады. Ал бөлім командирлерінде эмблема астында екі көк сызық болса, батальон командирінің орынбасарына бір ған үлкен көк сызық болады. Санитарлар сол қолда қызыл крестің эмблемасы бар байлам тағады. Ойынды басқару.

4. Бақылау сұрақтар:

1.“Ұлан” күнін ұйымдастыру

2. Әскери – спорттық ойындардың түрлері.

3. Ойын ережелерінің сақталуы.

4. Ойынындардың негізгі мақсаты.

5. Ойынды басқару.

№ 10. Лекция сабағының тақырыбы: " “Ұлан” әскери – спорттық ойынын мектепте ұйымдастыру."

1.Жоспары:

1." “Ұлан” әскери – спорттық ойынын мектепте ұйымдастыру."

2. Орта мектепке арналған «ҰЛАН КҮНІНЕ» нұсқасы.

«Ұлан» ойынының негізгі ережелері және мазмұны.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғары сыныптарда.“Ұлан” әскери – спорттық ойынын ұйымдастырып, жүргізу ережесін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Студенттерге“Ұлан” әскери – спорттық ойынның мақсаттары мен тапсырмаларын жеткізе білу.

1. «Ұлан» әскери-спорттық ойынын мектепте ұйымдастыру және өткізу.

Әрбір жаңа оқу жылының басында қыркүйек айында барлық орта мектептер мен орта арнайы оқу орындарында, КТМ-де келесі жұмыстар жүргізіледі.

1-курс тобы, әрбір 9-сыныпта өткізілетін ашы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: