Министерство образования и науки Республики Казахстан

КБЖ 74.00

М 83

 

 

Мұкажанова Р.А. и др.

М 83 Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар. Творческие задания для учителей. / Р.А. Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015. – 84 бет. – / қазақша, орысша

ISBN 978-601-7819-23-1

 

Бұл нұсқаулық «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерді оқыту үшін бірыңғай оқу-әдістемелік кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. Курстық даярлық үдерісінде тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмыстарының тапсырмаларын қамтиды. Мұғалімдерге арналған үлестірмелі материал болып табылады.

Данное пособие является неотъемлемой частью единого учебно-методического комплекса для обучения учителей на курах повышения квалификации по программе нравственно-духовного образования «Самопознание» «Общечеловеческие ценности на уроке». Содержит задания для самостоятельной работы слушателей в процессе курсовой подготовки. Является раздаточным материалом для учителей.

 

 

ӘОЖ 371.14

КБЖ 74.00

ISBN 978-601-7819-23-1                                                                   «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................................................. 4

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде орындалуға арналған тапсырмалар......................... 6

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындалуға арналған тапсырмалар........... 11

Мұғалімдердің жұмысын бағалау тәртібі.................................................................................. 24

Тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмысына қойылатын этикалық талаптар......... 25

Қосымшалар................................................................................................................................. 27

Әдебиеттер...................................................................................................................................39

Байланыс ақпараты..................................................................................................................... 42

КІРІСПЕ

Базалық деңгейдегі Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы ең алдымен мұғалімдердің рухани-адамгершілік дамуына және олардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне арналған, сондықтан Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда тыңдаушылардың өз бетімен атқаратын жұмысы зор мәнге ие. Бағдарламада тыңдаушылардың теориялық бағыттағы (әдебиеттерді зерделеу, презентация қорғау, эссе және сабақ жоспарын жазу) және практикалық бағыттағы (сабақтар, ата-аналар жиналысын, шеберлік сабақтарын және оқушылармен сабақтан тыс іс-әрекет өткізу) өз бетімен атқарылатын жұмыстарына арналған іс-әрекеттердің кең өрісі қамтылған.

Бағдарламадағы оқып-үйренуге тиісті негізгі материалдар «Мұғалімге арналған нұсқаулық» және «Мұғалімге арналған шығармашылық тапсырмалар» болып табылады. Бағдарлама және жоғарыда аталған материалдар «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының бірыңғай оқу-әдістемелік кешенін (бұдан әрі – Бағдарламаның ОӘК) құрайды. Сонымен қатар, мұғалімдер қажеттілігіне қарай Бағдарламада ұсынылған әдебиеттерді өз бетінше зерделей алады. Осы «Мұғалімге арналған шығармашылық тапсырмалар» әдістемелік құралы мұғалімге өзіндік жұмыстарды орындау үдерісінде көмекші материал болып табылады. Аталмыш әдістемелік құралда оқытудың тиісті кезеңдерінде орындалуы қажет барлық өз бетімен атқарылатын тапсырмалар толық сипатталады және осы тапсырмаларды бағалаудың критерийлері берілетін болады.

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша Қазақстан Республикасындағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасыкелесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

· Педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыда ішкі жан дүниесін өзгертуге, оның ішкі әлеуетінің ашылуына мүмкіндік туғызу.

· Тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.

· Мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша, ар-ұжданымен өмір сүретін, жағымды ойлайтын және өз борышын сезінетін лайықты тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік беретін білімдермен және тәжірибелік дайындықпен қамтамасыз ету.

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттерді шешу маңызды:

· Бағдарламаның теориялық негіздерін үш модуль аясында тұжырымдамалық түсінуді қамтамасыз ету:

- педагогтардың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұнының әдіснамалық негіздерін меңгеруі;

- «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесін меңгеруі;

- жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірдің және кәсіби іс-әрекеттің тұлғалық мәні ретінде ұғынуы.

· Бағдарламаның тұжырымдамалық идеяларын қазіргі таңдағы сабақ жағдайында тәжірибелік жүзеге асыруды, сондай-ақ, мұғалімдердің бойында келесі дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету:

- өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу;

- жеке және кәсіби өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеге ендіру кезінде өзін-өзі бақылау және жеке тәжірибесін талдау;

- Бағдарламаның түйінді идеяларының аясында ата-аналар жиналысын өткізу;

- Бағдарламаның түйінді идеялары аясында сабақтан тыс іс-әрекеттерді өткізу;

- рухани-адамгершілік білім аясында тарихи-философиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу.

· Мұғалімдерді рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімдер қауымдастығына белсенді қатысуға дайындау.

Базалық деңгейдегі Бағдарламаны меңгерудің табыстылығы келесі күтілетін нәтижелермен анықталады:

· Бағдарламаның негізін құрайтын үш модуль аясында мұғалімнің тұжырымдамалық түсінік негіздері мен тәжірибелік дағдыларының қалыптасуы.

· Мұғалімнің бойында жағымды ойлау дағдыларының, өзін-өзі кемелдендіру қабілетінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға деген талпынысының болуы.

· Мұғалімнің «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін меңгеруі.

· Мұғалімнің Бағдарлама идеяларын оқушылармен және ата-аналармен жұмыста интеграциялауға дайындығы.

Бағдарламаны меңгеру ұзақтығы – 10 апта, үш кезеңге құрылымданған: бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; төрт апта); екінші кезең – «Құндылықтар тәжірибесі» (асинхронды оқыту; төрт апта); үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» (дәрісханалық оқыту; екі апта).

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының түйінді идеялары мен оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасалады.

Аталмыш кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау жүктеледі:

· Әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылаудан тұрады.

· Тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау.

· Мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және топтық талқылау, жұмыс сабақты жеке дара бағалаудан және бірлескен топтық талқылаудан тұрады.

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде іс жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану.

Екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау. Тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға білім беру порталының көмегі арқылы тренерлер тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

Бұл кезеңде тыңдаушыларға 10 тапсырма орындау және атқарылған жұмыстар бойынша портфолио жабдықтау жүктеледі.

«Жүректен жүрекке» қорытынды кезеңі мұғалімнің жеке өмірінде және оқытуда жүзеге асырылатын өзгерістерді өзіндік және өзара рефлексиялауға, осы өзгерістердің нәтижелерін оқушылардың дамуына әсерін анықтау мақсатында өзіндік және өзара бағалауға бағдарланған. «Құндылықтар практикасы» кезеңі бойынша тыңдаушылардың жеке дара орындаған жұмыстарын тренерлер бағалап, ұсыныстар беретін болады. Сондай-ақ, қорытынды кезеңі барысында мұғалімдер жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өзін-өзі тану сабақтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы сабақтан тыс жұмыстар өткізеді. Курстың соңында біліктілік емтиханы өткізіліп, қорытынды бағалар шығарылады.

БІРІНШІ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» КЕЗЕҢІНДЕ ОРЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңі (4 апта)

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының материалы бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде оқытылатын үш модульге ыңғайластырылған:

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

· «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңі үш модульдің теориялық материалдарын бірізділікпен оқып-үйренуді шамалайды. Әрбір модульді оқып-үйренгеннен кейін тыңдаушылар модуль материалы бойынша жеке дара презентация қорғаулары тиіс. Материал бойынша презентация әзірлеу тыңдаушының өз бетімен атқаратын жұмысы болып табылады. Көпшілік алдында сөйлеу барысында тыңдаушылар өздерінің мінездерін жетілдіреді, көңі-күй ахуалдарын бақылайды, кез келген жағдаят адамды жақсы қасиеттерге үйретеді және дамытады деп қабылдай білуге үйренеді. Сонымен бірге Бағдарламаның негізгі идеясын ашып көрсетеді, тренер тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, әріптестерінің жауаптарын талдап, Бағдарламаның рухани-адамгершілік идеяларын терең түсініп, оны тәжірибеде қолданады. Көпшілік алдында сөйлеу кезінде тыңдаушылар үйренеді:

1. Аудитория алдында еркін сөйлеуге.

2. Бағдарламаның негізгі идеяларын нақты, қысқа және анық баяндауға.

3. Тренерлер мен аудиторияның қойған кез келген сұрақтарына сауатты және нақты жауап беруге.

4. Өзінің әрекетін бақылауға, қадағалауға, аралық бақылау нәтижесі бойынша тренердің пікірін, ұсынысын түсіністікпен, қажет болған жағдайда презентацияны қайта тапсыру туралы шешімді сабырлы қабылдауға.

Әрбір модуль бойынша тыңдаушының жеке дара презентациясы тренер тарапынан бағаланады. Бағдарламада бағалаудың үшбалдық жүйесі қолданылады: 2 (өте жақсы), 1 (жақсы), 0 (қанағаттанарлықсыз). Үш модуль бойынша жасалған презентациялар үшін тыңдаушының бағалары тыңдаушы жұмысын аралық бағалау болып табылады. 

Егер тыңдаушы презентация үшін 0 балл алатын болса, онда ол қосымша дайындалып, тренердің барлық тілектерін ескеріп, оқытудың бірінші кезеңінде тренердің белгілеген уақытында презентацияны бір рет қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Егер бірінші «Жүректен жүрекке» оқыту кезеңінің соңында тыңдаушы модульдердің бірі бойынша презентация үшін 0 балдық бағаға ие болса, онда оның үшінші «Жүректен жүрекке» оқыту кезеңінің басында тағы бір рет қайта тапсыруға құқығы бар. Егер тыңдаушы жеткіліксіз дәрежеде дайындалып, презентацияны үшінші рет тапсыра алмаса, онда ол біліктілік емтиханына жіберілмейді және тиісінше сертификат алмайды. Сертификат алмайтындарға арналған ақпарат «Мұғалімдердің жұмысын бағалау тәртібі» тарауында берілген.

1 тапсырма. Бірінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Презентациялардың тақырыптары бірінші модульдің алты тақырыбына сәйкес келеді:

1. «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы».

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи негіздері».

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері».

4. «Заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері».

5. «Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау».

6. «Өзін-өзі тану сабақтан тыс іс-шаралар арқылы».

Тақырыптар тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған тақырыпты басқа тақырыпқа ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған тақырып бойынша жеке дара презентация дайындайды. Презентация PowerPoint форматында (7-10 слайд) ресімделуі тиіс. Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер бірінші модульдің кез келген тақырыбы бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы өзіне берілген тақырып бойынша дәріс материалдарын пайдалануы, модульдің барлық дәрістері мен ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Бірінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Бағдарламаның бірінші модулінің тұжырымдамалық негіздерін түсінуі.

· Модульдің теориялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Тақырыптың ашылуының рухани-адамгершілік тереңдігі мен толықтығы.

· Тақырыпты ашуға шығармашылық тұрғыда келуі, тақырып бойынша сапалы қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

2 тапсырма. Екінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Екінші модуль бойынша презентациялардың тақырыптары бес жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келеді:

· Ақиқат

· Сүйіспеншілік

· Дұрыс әрекет

· Ішкі тыныштық

· Қиянат жасамау

Бес жалпыадамзаттық құндылық тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған құндылық бойынша жеке дара презентация дайындайды. Презентация PowerPoint форматында (7-10 слайд) ресімделуі тиіс. Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер кез келген жалпыадамзаттық құндылық бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы таңдалған жалпыадамзаттық құндылық бойынша дәріс материалдарын пайдалануы, модульдің барлық дәрістері мен ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Презентацияда тыңдаушылар аталмыш құндылықты өмірде қолдану тәжірибесімен міндетті түрде бөлісулері керек. Тақырып бойынша сәйкес келетін өсиет-әңгімелерді, әндерді, бейне-материалдарды пайдалануға болады. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Екінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Бағдарламаның аксиологиялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Презентациялап отырған жалпыадамзаттық құндылықтың рухани-адамгершілік мәнін терең түсінуі.

· Аталған құндылықты жеке өмірде қолдану тәжірибесінің болуы.

· Тақырыптың ашылуының рухани-адамгершілік тереңдігі мен толықтығы.

· Тақырыпты ашуға шығармашылық тұрғыда келуі, тақырып бойынша сапалы қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

3 тапсырма. Үшінші «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі» модулінің теориялық материалдарын презентациялау.

Үшінші модуль бойынша презентацияда тыңдаушылар өзін-өзі тану сабағының жоспарын көрсетеді. Бұл сабақ бес жалпыадамзаттық құндылықтардың бірін айқындауы тиіс:

· Ақиқат

· Сүйіспеншілік

· Дұрыс әрекет

· Ішкі тыныштық

· Қиянат жасамау

Құндылықтар тыңдаушылар арасында бөліске салынады. Бөліс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға болмайды. Әрбір тыңдаушы таңдалған құндылыққа сәйкес өз бетінше өзін-өзі тану сабағының тақырыбын таңдайды. Сабақтың тақырыбын тыңдаушы әдетте өзі жұмыс жасайтын оқушылардың жас категориясына арналған өзін-өзі тану оқулығынан таңдап алады. Презентация Microsoft Word форматында болуы тиіс. Презентацияда тыңдаушы өзін-өзі тану сабағының жоспарын көрсетеді (Қосымша 1). Тыңдаушының баяндауы 5-7 минут аралығында болуы керек, содан кейін презентацияны топтық талқылау қажет. Тренер сабақ жоспары бойынша нақтылаушы сұрақ қою үшін тыңдаушының сөзін кез келген сәтте бөле алады. Талқылау кезінде тренер үшінші модульдің кез келген тақырыбы бойынша сұрақ қоя алады.

Презентацияны дайындау кезінде тыңдаушы дәріс материалдарын, өзін-өзі тану бойынша оқулықтан және әдістемелік құралдан материалдар пайдалануы және ұсынылған әдебиеттерді зерделеуі қажет. Интернеттен тек сапалы және сенімді, Бағдарлама арнасындағы материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, пайдалану керек.

Үшінші модуль бойынша презентацияларды бағалау критерийлері:

· Өзін-өзі тану сабағының әдістемесін білуі.

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдарды ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Тыңдаушының құрастыру үшін таңдаған сабақ жоспарының өзін-өзі тану бойынша мектеп бағдарламасына сәйкестігі;

· Сабақ жоспарының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі:

1. Сабақтың мақсаты мен міндетін сауатты қою (мақсатта тақырыппен байланысқан, сабақта анықталынатын құндылық көрсетілуі тиіс; міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) осы құндылықты айқындайтын қасиеттер көрсетілуі қажет).

2. Сабақтың мақсатында көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындауға және міндеттерінде көрсетілген қасиеттерді дамытуға негізделген құрылымдық және мазмұндық тұтастығы.

3. Жағымды көңіл-күйді дұрыс өткізу (жағымды музыка; мұғалімнің асығыс емес, жәйбарақат жұмсақ үні; жағымды көңіл-күй кезінде оқушылар отыруы тиіс; жағымды көңіл-күйдің мәтінін «Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі» атты мұғалімдерге арналан оқу-әдістемелік құралдан алуға болады)[1].

4. Дәйексөзді дұрыс қолданудың реті (сабақтың тақырыбына сәйкестігі, құндылықты айқындайтын бір дәйексөзді пайдалану; дәйексөз жадыда сақталу үшін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану, мысалы, дәйексөзді хормен қайталау, дәптерге жазу және т.с.с.).

5. Алдын ала оқулықтан берілетін тапсырмалардың болуы (үйде оқу үшін мәтінді келесі сабаққа арналған оқулықтағы материалдан таңдап алады; сабақта оқушылар мәтінді қайталап айтады, мұғалім мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтармен қоса жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға арналған рухани терең таңдап алынған сұрақтардың негізінде әңгіме-сұхбат жүргізеді).

6. Мұғалімнің өсиет-әңгімелер мен оқиғаларды дұрыс таңдауы және әңгімелеуі (анықталатын құндылықтың тақырыпқа сәйкестігі; мәтінге оның мазмұны бойынша сұрақтармен қоса жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға арналған рухани терең сұрақтарды дұрыс таңдап алуы; оқиғаларды әңгімелеудегі мұғалімнің шеберлігі).

7. Мұғалімнің терең рухани-адамгершілік әңгімелесуді сауатты жүргізу (әңгімелесуді өзара қисынды байланысқан сұрақтардың негізінде құру; оқушының жауаптарын бөлмей, өз пікірін тықпаламай соңына дейін тыңдау білігі, әңгіме барысында терең рухани-адамгершілік сұрақтарды қоя отырыпәңгімені қажетті арнаға бұра білу).

8. Шығармашылық және топтық іс-шараларды дұрыс өткізу (жалпыадамзаттық құндылықтардың практикасы нәтижесіндегі дағдыларын дамытуға ықпал ететін шығармашылық және топтық іс-әрекеттердің құндылық бағыттылығы; шығармашылық және топтық іс – шаралар жәйбарақат, мәтінсіз, тыныш музыкамен талқыланады; оқушылар іс-шара аяқталғаннан кейін өздерінің жұмыстарын сыныпқа ұсынады, содан кейін шығармашылық жұмыстарға арналған бұрышқа апарып қойылады).

9. Музыка мен әнді сабақта пайдалану (әннің құндылық бағдарлығы, мағынасын және рухани-адамгершілік тереңдігін талдау, мұғаліммен бірге хормен ән айту).

10. Сабақтың соңғы сәтін өткізу (жұмсақ музыка сүйемелдеуімен).

· Презентация тақырыбы бойынша тренерлердің қойған сұрақтарына сауатты жауап беруі.

· Академиялық талаптарға сай сауатты, нақты және айғақты баяндалуы.

· Тұлғаның жалпы мәдениеті, тыңдаушының рухани-адамгершілік және интеллектуалдық деңгейлері, әріптестерімен қарым-қатынас барысында және киім үлгісінде этикалық нормаларын сақтауы.

· Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнері, слайдтарды ресімдеуде іскерлік стильдің сақталуы (артық алаңдататын әсерлерсіз, көру арқылы қабылдауға ыңғайлы).

 

4 тапсырма. Мектепте өзін-өзі тану сабақтарына қатысу және талдау.

Үшінші модульді оқып-үйрену кезінде тыңдаушылар базалық мектептегі практик- мұғалім өткізетін өзін-өзі танудың екі сабағына қатысады және талдайды. Өзін-өзі тану сабағын талдау жоспары 2-қосымшада берілген. Тыңдаушылардың міндеті – келесі критерийлердің тұрғысынан өзін-өзі тану сабақтарына талдау жасау:

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдардың ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдаланылуы.

· Сабақтың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі (осы әдістемелік құралдың 9-бетін қараңыз).

· Оқушылардың жұмыс дәптерін жүргізуі.

· Мұғалім стилі (авторитарлық, либералдық, ізгілік).

· Сабақтағы тәртіп.

· Сабақ жоспарының болуы.

Өзін-өзі танудың екі сабағын көргеннен кейін сабақты өткізген оқытушылардың қатысуымен сабақтарды топтық талқылау болады. Тыңдаушылар алдымен өздерінің алғыстарын білдіріп, сабақтан алған жағымды әсерлерімен бөліседі, содан соң сабақты жақсарту үшін өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айтады. Тренердің тыңдаушылардың өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесін түсіну тереңдігін бағалауға мүмкіндігі болады.

Жалпы білім беретін мектепте екі өзін-өзі тану сабағын көру және талдау тыңдаушыларға практикада өзін-өзі тану сабағын оқыту әдістемесінің жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін көруге, әдістемелік тәсілдердің қолданылуының дұрыстығын, сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуын, мұғалімнің стилін бағалауға, сабақ туралы жағымды пікірлерді және сабақты жақсарту бойынша өз тілектерін орынды әрі сүйіспеншілікпен білдіруді практикада қолдануға мүмкіндік береді.

 

ЕКІНШІ «ҚҰНДЫЛЫҚТАР ПРАКТИКАСЫ» КЕЗЕҢІНДЕ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңі (4 апта)

Екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Бағдарламасының негізгі идеялары сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асырылады. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту тәжірибесінде қолдану.

Екінші бағыт – бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жасау.

Тыңдаушының өміріндегі және оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер оның мектептегі тәжірибесі кезеңінде жүйелі түрде бағаланады. Сондай-ақ, тыңдаушыға қашықтан әдістемелік қолдауды жүзеге асыру және «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды бағалау үшін тренерлер қатарындағы кураторлар тарапынан қолдау (асинхронды оқыту) көрсетілетін болады.

Бұл кезеңде тыңдаушыларға келесі тапсырмаларды орындау жүктеледі:

1. Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы екі өзін-өзі тану сабағын жоспарлау және өткізу.

2. Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы бір интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) жоспарлау және өткізу.

3. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеу және өткізу.

4. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын әзірлеу және өткізу.

5. Бағдарламаның түйінді идеяларының аспектісінде оқудан тыс іс-әрекет жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.

6. Ізгі - педагог Ш.А. Амонашвилидің бір еңбегі туралы пікір жазу.

7. Ізгілік педагогикасының классиктерінің бірінің адамгершілік өмір салты туралы және оның бір шығармасын оқудан алған жеке әсерлер жөнінде эссе жазу.

8. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке және кәсіби өмірде қолдану үдерісі кезінде өз бойындағы өзгерістерді бақылау негізінде жеке тәжірибені талдау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу.

9. Портфолио жабдықтау және портфолионың мазмұны жөнінде презентация әзірлеу.

Барлық тыңдаушылардың «Құндылықтар практикасы» кезеңінің мазмұнына қойылатын талаптар туралы айқын түсінікке ие болуы өте маңызды.

«Құндылықтар практикасы» кезеңі кезіндегі мұғалімдердің жұмыстарына қойылатын талаптар.

1. Тыңдаушы «Құндылықтар практикасы» кезеңінде орындауға арналған 9 тапсырманы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін міндетті түрде орындауы керек. Барлық тапсырмалар оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында толық дайын болуы тиіс және куратор бағалауы керек.

2. Тыңдаушылар «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында 8 тапсырма бойынша толық портфолио дайындауы тиіс.

3. Тыңдаушылар портфолионың мазмұны бойынша презентацияны оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басында дайындауы қажет.

4. Тыңдаушылар сабақтардың, ата-аналар жиналыстарының, мұғалімдерге арналған семинарлардың, оқудан тыс іс-әрекеттердің жоспарларын, олардың жұмыстарының мазмұнының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкестігін анықтау мақсатында мұғалімдердің іс-әрекетін жүйелі мониторингілеу үшін өткізгенге дейін электрондық түрде жіберуі тиіс. Тренер жіберілген жұмысты бір тәулік ішінде тексеріп, жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жіберуге немесе қабылдауға міндетті. Сабақтарды, ата-аналар жиналыстарын, мұғалімдерге арналған семинарларды, оқудан тыс іс-әрекеттер жобасын тренер толық іс-шараның жоспарын тексергеннен кейін өткізуі керек.

5. Тыңдаушылар сабақтарды, ата-аналар жиналыстарын, мұғалімдерге арналған семинарларды, оқудан тыс іс-әрекеттер жобасын іс-шаралар өткізгеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей электрондық түрде рефлексивті есеп жіберулері тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

6. Тыңдаушылар кураторға жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі бойынша рефератты «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Рефераттың көлемі 7 беттен (А-4 форматы, 14 шрифт) кем болмауы тиіс.

7. Тыңдаушылар кураторға «Мені шабыттандырады...», «Мен шабыттандырамын...», «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» және интеграцияның бес мысалын «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінің үшінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Жұмыстардың ретін өз еркінше жіберуге болады. Әр жұмыс көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

8. Тыңдаушылар Ш.А. Амонашвилидің еңбегі туралы пікір және өзі таңдаған ізгілік педагогикасы классигінің адамгершілік өмір салты туралы эссе, оның еңбегінің біреуін оқу барысында алған өзінің әсерін «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасынан кешіктірмей алғашқы тексеруден өткізу үшін электрондық түрде жіберуі тиіс. Жұмыстардың ретін өз еркінше жіберуге болады. Әр жұмыс көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) екі беттен кем болмауы тиіс.

9. Барлық жіберілген жұмыстарды куратор 1-4 күн ішінде тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар көрсете отырып кері қайтарады.

10. Егер тыңдаушының жұмысы белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

11. Егер тыңдаушының қайсыбір тапсырмасы оқытудың үшінші кезеңінің басына дейін орындалмаса немесе куратор тарапынан қайсыбір тапсырмасы 0 балмен бағаланатын болса, онда аталған тыңдаушы біліктілік емтиханына жіберілмейді және тиісінше сертификат алмайды.

«Құндылықтар практикасы» кезеңі кезінде мұғалімдерге қолдау көрсету.

Оқытудың «Мектептегі практика» кезеңінде куратор тапсырмаларды орындау үдерісінде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру мақсатында тыңдаушылармен байланыс орнатады. Тыңдаушылар кураторға өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарды қоя алады. Куратор жауап бере алмаған мәселелерді «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ-дағы әріптестеріне жолдауына болады. 

Сонымен бірге, куратор мұғалімдердің іс-әрекетінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді, мұғалімдер тарапынан «Құндылықтар практикасы» кезеңіндегі барлық қажетті тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындалуын бағалайды. Куратор құндылықтар практикасы кезеңінің соңында тыңдаушының портфолиосын бағалайды. 8 тапсырманың әрқайсысы үш балдық бағалау жүйесі бойынша бағаланады. Портфолионың қорытынды бағасы әрбір тапсырма бойынша орташа арифметикалық баға болады. Одан әрі барлық 8 тапсырма, оларды бағалау критерийлері мен портфолио жабдықтаудың ережелері толығымен жазылатын болады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы

өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлау және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы мектеп бағдарламасына сәйкес бір сыныпта екі өзін-өзі тану сабағын өткізуі тиіс. Әр сабаққа мұғалім алдын ала сабақ жоспарын құрады (№1 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеру үшін жібереді. Куратор сабақ жоспарын тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен сабақ жоспарын қабылдағаннан кейін, өзін-өзі тану сабағы өткізіледі. Сабақты өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген сабақ бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс.

Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған сабақ талдауын көрсетуі тиіс:

· сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы;

· оқушылардың сабақ материалын қалай қабылдағандығы;

· оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды жауаптары;

· оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, оқушыларды шабыттандыра алуы;

· сабақта орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар;

· бір немесе бірнеше өзін-өзі тану сабағынан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер.

Тыңдаушының таңдауы бойынша өзін-өзі тану сабағының біреуінен бейнежазба және толық есеп дайындау қажет. Өзін-өзі тану сабағының бейнежазбасында мұғалімнің сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерін қалай жүзеге асырғандығы бейнеленуі тиіс. Бұл сабақты тыңдаушы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінде портфолио презентациясы кезінде тренерлер мен сарапшылардан тұратын комиссия алдында көрсететін болады. Портфолио жабдықтау үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері болуы керек.

Бағалау критерийлері

· Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігінің ашылуы.

· Сабақ жоспарын құрастыруға шығармашылық тұрғыда келуі, сабақ тақырыбы бойынша анықталатын құндылыққа сәйкес қосымша материалдардың ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып пайдаланылуы.

· Сабақтың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының талаптарына сәйкестігі (осы әдістемелік құралдың 9-бетін қараңыз).

· Сабақ жоспарларын және өткізілген сабақ бойынша есептерді дер кезінде өткізуі.

Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану арқылы

интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша)

жоспарлау және өткізу

 

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы мектеп бағдарламасына сәйкес бір сыныпта бір интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) өткізуі тиіс. Сабаққа мұғалім алдын ала сабақ жоспарын құрады (№6 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеру үшін жібереді. Интеграция іштей, мәнді, терең болуы керек. Жұмыста келтірілген мысалдарда жалпыадамзаттық құндылықтардың қайсысының айқындалатынын көрсету қажет. Куратор сабақ жоспарын тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен сабақ жоспарын қабылдағаннан кейін, интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) өткізіледі. Сабақты өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген сабақ бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған сабақ талдауын көрсетуі тиіс:

· оқушылардың сабақ материалын қалай қабылдағандығы;

· оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды жауаптары;

· оқушылардың сабақ мазмұнына қызығушылығы, оқушыларды шабыттандыра алуы;

· сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің қалай жүзеге асырылғандығы;

· сабақта орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· сабақты өзгерту және жақсарту бойынша ұсыныстар;

· интеграцияланған сабақтан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер.

Тыңдаушы интеграцияланған (жаратылыстану циклы бойынша) сабақ бойынша толық есеп дайындауы қажет. Бұл сабақты тыңдаушы оқытудың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінде портфолио презентациясы кезінде тренерлер мен сарапшылардан тұратын комиссия алдында көрсететін болады. Портфолио жабдықтау үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері болуы керек.

Бағалау критерийлері

· Рухани-адамгершілік заңдары мен жаратылыстану ғылымдары әлемінің заңдарының бірлігін көре білу білігі.

· Түрлі оқу пәндерінен жалпыадамзаттық құндылықтардың заңдарда, ережелерде және түсініктерде бейнеленуін көру білігі.

· Келтірілген мысалдардың рухани-адамгершілік тереңдігі.

· Барлық мысалдар авторлық болуы тиіс, яғни басқа дереккөздерден алынбауы тиіс.

· Плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Жұмыстың тексеруге дер кезінде өткізілуі.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірінен реферат жазуы тиіс. Оқытудың бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде тыңдаушылар арасында құндылықтар бөліске салынады. Әрбір тыңдаушы бес жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінен құндылықтар практикасы кезеңінде жұмыс істеу үшін біреуін таңдап алады. Бөлініс кезінде алынған құндылықты басқасына ауыстыруға рұқсат берілмейді.

Рефератта аталмыш құндылықтың мәні жайлы теориялық материалды ғана емес, ең алдымен, осы құндылықты тәжірибеде қолданудағы жеке тәжірибені көрсету керек. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке өмірде және кәсіби іс-әрекетінде қолдану үдерісінде өз бойындағы өзгерістерге, болып жатқан оқиғаларға өзінің реакцияларындағы өзгерістерге бақылау нәтижелерін баяндау өте маңызды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы тиіс. Рефераттың көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) 7 беттен кем болмауы керек.

Рефератты электрондық түрде кураторға алғашқы тексеруден өткізу үшін «Құндылықтар практикасы» кезеңінің төртінші аптасына дейін жіберу керек. Егер тыңдаушы жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіріп жіберетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетілетін болады. Куратор рефератты тексереді, содан кейін үш балдық бағалау жүйесі бойынша жұмысты бағалайды немесе жұмыстың қатесін түзету және сапасын жақсарту үшін ұсыныстар көрсете отырып кері қайтарады. Тыңдаушы куратордың барлық ұсыныстарын ескеріп, рефератты түзетуі тиіс.

Реферат «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін толық өткізіліп, куратор тарапынан бағалануы тиіс. Егер реферат «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңінің басына дейін өткізілмесе, онда тыңдаушы қорытынды бағалауға жіберілмейді.

Бағалау критерийлері

· Барлық жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін, олардың өзара байланысын түсінудің рухани-адамгершілік тереңдігі және тыңдаушының құндылықтар практикасы кезеңінде жұмыс жасаған құндылығының мәнін түсінуінің рухани-адамгершілік тереңдігі.

· Бағдарламаның теориялық негіздерін білуі және ұсынылған әдебиеттермен танысуы.

· Құндылықтарды қолданудағы жеке тәжірибесін және жеке өмірінде болып жатқан оқиғаларға өзінің реакцияларын бақылау нәтижелерін терең рухани-адамгершілік талдауы.

· Өзін-өзі бақылау негізінде өзінің педагогикалық тәжірибесін терең талдауы.

· Өз мінез-құлқын жетілдіруі және мінездегі ішкі жағымды өзгерістердің жұмыста және жеке өмірінде сыртқы жағдаяттарды өзгертуге қалай әкелетінін бақылау бойынша жұмыстарды баяндауы.

· Реферат тақырыбы бойынша сапалы қосымша материалдарды дереккөздеріне сілтеме жасай отырып пайдалануы.

· Мәтіннің авторлық түпнұсқасының сақталуы, плагиаттың және Интернеттен алынған сапасыз материалдардың болмауы.

· Жұмыстың сауатты рәсімделуі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

· Рефераттың тексеруге дер кезінде өткізілуі.

Ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеу және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде ата-аналар жиналысының жоспарын әзірлеуі және өткізуі тиіс. Тыңдаушы алдын ала ата-аналар жиналысының жоспарын құрады (№3 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеруге жібереді. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспарында Бағдарламаның негізгі идеялары көрініс табуы керек.

Куратор ата-аналар жиналысы жоспарының мазмұнының Бағдарламаның түйінді идеяларына сәйкестігін тексереді және өзінің ұсыныстары мен тілектерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен ата-аналар жиналысының жоспарын қабылдағаннан кейін, тыңдаушы жиналысты өткізеді.

Ата-аналар жиналысын өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есептің көлемі (А-4 форматы, 14 шрифт) бір беттен кем болмауы тиіс. Тыңдаушы рефлексивті есепте төмендегі жайттарды қамтыған ата-аналар жиналысының талдауын көрсетуі тиіс:

· ата-аналар жиналысының жоспарында көрсетілген Бағдарламаның идеялары және ата-аналардың оны қалай қабылдағандығы;

· ата-аналар жиналысында қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері және олардың қалай жүзеге асырылғандығы;

· ата-аналардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлері;

· ата-аналардың қойған сұрақтары және мұғалімнің жауаптары;

· семинарда орындалған және әзірге орындалмаған мақсаттар;

· семинар тыңдаушыларын шабыттандыра алуы;

· ата-аналар жиналысы барысында ата-аналардың әрекетіндегі орын алған өзгерістер;

· ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер;

· келесі ата-аналар жиналысында көрсетуге болатын Бағдарламаның идеялары;

· әрбір ата-аналар жиналысында пайдалануға болатын өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері;

· қатысқан ата-аналардың саны.

Кезекті портфолионы жабдықтау үшін жиналысты фотосуретке түсіріп, ата-аналардан өткізілген жиналыс туралы пікір жазуын өтініп, оларды рефлексивті есепке тіркеу қажет. Сондай-ақ, портфолионы жабдықтау үшін директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған жиналыс жоспары болуы тиіс. Егер ата-аналар жиналысының жоспары жиналыс өткеннен кейін жіберілетін болса және ата-аналардың пікірі белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілетін болса, онда жұмыстың бағасы 0,5 балға төмендетіледі.

Бағалау критерийлері

· Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде ата-аналармен жұмысты терең түсінуі.

· Рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің маңыздылығы туралы әңгімені сауатты әрі терең әзірлеуі.

· Ата-аналармен әңгімеге арналған қызықты интерактивті материал дайындау білігі.

· Ата-аналардың сұрақтарына сауатты жауап беру білігі.

· Директордың немесе директордың орынбасарының қолы қойылған, мектеп мөрі басылған жиналыс жоспарының болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы фотосуреттерінің және ата-аналар пікірлерінің болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы рефлексивті есептің болуы.

· Өткізілген ата-аналар жиналысы туралы жоспар мен есепті дер кезінде өткізуі.

Мұғалімдерге арналған семинар жоспарын әзірлеу және өткізу

Құндылықтар практикасы кезеңі кезінде тыңдаушы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын әзірлеуі және өткізуі тиіс. Тыңдаушы алдын ала мектептің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне арналған семинар жоспарын құрады (№4 Қосымша) және құрылған жоспарды кураторға тексеруге жібереді.

Куратор семинар жоспарының мазмұнының Бағдарламаның түйінді идеяларына сәйкестігін тексереді және өзінің ұсыныстары мен ескертпелерін жібереді. Оны тыңдаушы ескеріп, соған сәйкес өз жоспарын түзетуі керек. Куратор толығымен ата-аналар жиналысының жоспарын қабылдағаннан кейін, тыңдаушы семинарды өткізеді.

Мұғалімдерге арналған семинарды өткізгеннен кейін 2-3 күн ішінде тыңдаушы кураторға өткізілген семинар бойынша қысқаша рефлексивті есеп жіберуі тиіс. Рефлексивті есепті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: