Какой метод исследования нужно провести при подозрении на скользящую грыжу? 2 страница

*миокард инфарктысы

*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*жедел операциядан кейінгі перитонит

*динамикалық ішек өтімсіздігі

*+құрсақішілік қан кету

 

12. 48 жастағы науқаста деструктивті холециститтің клиникалық көрінісі анықталады. Консервативті ем жүргізілуде. Түскеннен 6 сағаттан кейін ішінде қатты ауырсынулар, салқын тер пайда болды. Пульс 120рет/мин. Іші кернеулі және барлық бөлімдерінде ауырсынулы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді. Науқасқа не болды?

*+өт қабының перфорациясы

*асқазан ойық-жара перфорациясы

*бауыр абсцессі

*өт қабы эмпиемасы

*іріңді холангит

 

13. 47 жастағы әйел адам клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауырсынумен, жүрек айнумен, құсумен, дене температурасы 38,3 түсті. Ұстама 3 күн бұрын диета бұзылуынан кейін (қуырылған, майлы тамақ) пайда болған. Пульс 112 рет/мин. Тілі құрғақ, терісі және склера субиктериялы. Оң жақ қабырға астында ауырсынулы дөңгелек, өлшемі 12*8*6 см түзіліс анықталды. Ортнер, Мерфи. Кер симптомдары оң мәнді. Щеткин-Блюмберг белгісі іштің барлық бөлімінде оң мәнді. Болжамды диагноз:

*Курвуазье белгісі, обтурациялық сарғаю

*+жедел холецистит, перитонит

*бауыр циррозы, асцит

*обтурациялық сарғаю

*бүйрек түйілуі

 

14. Қабылдау бөліміне іштегі кенеттен пайда болған толғақ тәрізді ауырсынулармен, жеңілдік әкелмейтін бірнеше реттік құсумен науқас түсті. Құрсақ қуысының шолулы рентгенограммасында аш ішектің ілмектерінің ісінуі, мықын ішектің терминальды бөлімінде ішек өткізгіштігін жауып тұратын дөңгелек көлеңке анықталды. Анамнезінде созылмалы тасты холецистит. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

*ішектің механикалық странгуляциялы өтімсіздігі

*+ішектің механикалық обтурациялы өтімсіздігі

*ішектің динамикалық өтімсіздігі

*спастикалық ішек өтімсіздігі

*ішек инвагинациясы

 

15. Сарғаюы бар науқаста УДЗ кезінде келесі белгілер анықталды: бауыры ұлғаймаған, жиектері тегіс, құрылымы біртекті, бауырішілік өзектер кеңейген. Жалпы өт өзегінің диаметрі 1,5 см, дистальды бөлімінде өлшемі 0,7см-ге дейін акустикалық көлеңкесі бар эхопозитивті түзіліс анықталады. Өт қабы өлшемі 9*4см, қабырғасының қалыңдығы 0,2 см, қуысында 0,6-0,8 см эхопозитивті түзіліс анықталады. Ұйқы безі ұлғаймаған, құрылымы біртекті. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

*жалпы бауыр өзегінің ісігі, билиарлы гипертензия

*+өт-тас ауруы, холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*созылмалы тасты холецистит, холедохолитиаз

*ұйқы безінің басының ісігі, билиарлы гипертензия

*үлкен дуоденальды өзектің ісігі, билиарлы гипертензия

 

16. 36 жастағы науқаста ауруханаға түспес 2 сағат бұрын тамақ ішкеннен кейін құрсақ қуысында кенеттен толғақ тәрізді ауырсынулар пайда болған. Көп реттік құсу, аз көлемді бір реттік нәжіс болған. Науқастың өзі бір апта бойы тамақ ішпеген. Науқастың жағдайы ауыр, мазасыз, төсекте жата алмайды. Акрацианоз, бет-әлпеті мұңайлы, тынысы жиілеген, пульс 112рет/мин, АҚ 100/60 мм.с.б.б. Іші аздап үрілген, ассиметриялы. Мезогастрий аймағында тығызэластикалы дөңгелек пішінді түзіліс пальпация кезінде анықталады. Толғақ тәрізді ауырсыну кезінде перистальтика күшейген. "Шылбыр шуы" анықталады. Дұрыс клиникалық диагноз қойыңыз:

*төмендеген жиек ішектің ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі

*аортаның құрсақтық бөлімінің жыртылуы

*гангренозды холецистит, мүмкін перфорациямен

*+аш ішектің айналуы, жедел странгуляциялы ішек өтімсіздігі

*геморрагиялық панкреонекроз

 

17. Науқас |Л., 20 жаста, ауруханаға жедел аппендициттің белгілерімен түсті. Анамнезінде ауырғанына 4 тәулік болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен ауырсынуды басатын дәрілер ішкен. Динамикада оң жақ мықын аймағында ауырсынулар сақталуда, сондықтан дәрігерге келген. Объективті қарауда: оң жақ мықын аймағының жергілікті ауырсынуы, Ровзинг, Бартомье-Михельсон және Образцов белгілері анықталады. Қандағы лейкоцитер-10,4. Науқасқа операция жасалды. Құрсақ қуысын ревизия жасаған кезде тығыз аппендикулярлы инфильртат табылған. Операция қалай аяқталу керек?

*инфильтратты бөлу, аппендэктомия

*+инфильтратты шектейтін тампондар және түтікше қалдыру

*микроирригатормен дренаждау

*резеңке шығарғышпен дренаждау

*+жараны тігу, антибактериялық және физио ем қолдану(өткен жылы тапсырғандар осыны белгілеген, интернетте барлық тесттерде осылай)

 

18. Іштің жабық жарақатын алған науқасқа диагностикалық лапарскопия жүргізу кезінде сигма тәрізді ішектің қабырғасында болатын өлшемі 0,8*0,2 см болатын тесік анықталды,осы тесіктен ішектің құрамы іш қуысына түсіп тұр, сонымен бірге жайылмалы нәжістік перитонит анықталады. Қандай хирургиялық тактиканы таңдайсыз:

*жараны лапароскопиялық тігу, жарадан жоғары деңгейге түтікше енгізумен артқы өтіс сфинктерінің девульсиясы

*жараны лапаротомиялық тігу, құрсақ қуысын ревизиялау, сфинктер девульсиясы

*лапаротомия, бірбағаналық жасанды артқы өтісті шығарумен Гартман бойынша сигма тәрізді ішекті резекциялау

*+лапаротомия, зақымдалған ішекті алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару, іш қуысын санация жасау және дренаждау

*жараны лапароскопиялық тігу

 

19. 38 жастағы науқасқа асқазанның перфоративті жарасы, жайылмалы серозды-фибринозды перитонит бойынша операция жасалды. Перфорацияны тігу, құрсақ қуысын дренаждау жасалды. Операциядан 3 күннен кейін іштің үрленуі, жүрек айну, бір реттік құсу болған. Нәжісі болмаған, газдар шықпаған. Қарауда: науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Пульс 88рет/мин. Іші аздап үрленген, пальпацияда жұмсақ, операция жасаған жері ауырсынады. Ішперденің тітіркену белгісі жоқ. Перистальтика әлсіз, бір реттік толқындармен. "Шалпыл шуы" анықталмайды. Құрсақ қуысының дренажынан бөлініс жоқ. Құрсақ қуысын рентгенограммасында бірен-саран аз деңгейлі сұйықтықтар анықталады. Науқаста операицядан кейін қандай асқыну дамыған?

*асқазанның жедел керілуі

*жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі жабысқақпен негізделген

*+динамикалық паралитикалық ішек өтімсіздігі

*жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі

*геморрагиялық панкреонекроз

 

20. Механикалық ішек өтімсіздігіне қандай фактор әкелмейді?

*ішек түтігінің туа пайда болған аномалиясы (мальротация, Меккель дивертикулы, шажырқайдағы саңылаулар мен тесіктің болуы)

*туа және жүре пайда болған сипаттағы мүшелердің қозғалмалылығы

*жабысқақтардың, тартпалардың, тұтасулардың болуы

*+спазм мен парездің басым болуымен ішектің моторлы қызметінің өзгеруі

*ішектің қабырғасынан немесе көршілес мүшелерден пайда болған, ішек кеңістігіндегі әртүрлі түзілістердің болуы

 

21. Науқас 66 жаста, 3 күн бұрын белгілері пайда болған жедел ішек өтімсіздігі бойынша операция жасалуда. Операция барысында сигма тәрізді ішектің ісігі бар екені, обтурациялық өтімсіздік анықталды. Ісіктен проксимальды орналасқан жиек және мықын ішек кеңейген, сұйықтық құраммен және газдармен толтырылған. Сигматәрізді ішектің ісіктен төменгі бөлігі кеңеймеген. Метастаздар жоқ. Науқасқа қандай көлемде операция жасалуы керек:

*Гаген-Торну бойынша мезосигмопликация

*+Сигма тәрізді ішектің обструкциялық резекциясы, бірбағаналы колостомия

*"бүйір бүйірге" айналмалы илиосигмоанастомоз

*назоинтестинальды интубация

*субтотальды колэктомия, энтеростомия

 

22. Науқас оң жақ қабырғаастындағы мезгілді ауырсынуға, склерасының сарғаюына, зәрінің сыра тәрізді өзгеруіне, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Анамнезінде науқас бұл шағымдардың алғаш емес, 2 және 3 ай бұрын пайда болғанын айтады. Өздігінен мезим мен но-шпа қабылдайды, содан кейін жағдайы жақсарған. Толық тексеруден кейін әлсін-әлсін қайталанатын сарғаю синдромы анықталады. Бұл неге байланысты?

*қап өзегінің тасымен

*қаптық өзектің окклюзиясымен өт қабындағы тастар

*үлкен дуоденалды емізікшенің таспен бітелуі

*+холедохтың вентильді тасымен

*бауырдан тыс өт өзектерінің ісігімен

 

23. 36 жастағынауқасқа жайылмалы перитонитпен перфоративті саңылауды тігу жүргізілді. 5 тәулікте ішінде толғақ тәрізді ауырсынулар, жүрек айну, қайталамалы құсу пайда болды. Медикоментозды емнен кейін газдар аз мөлшерде кетті., бірақ ауырсыну қайтадан пайда болды, өтпен құсу болды. Жағдай орташа. Пульс 100 соққы, тілі құрғақ, іші үрілген, барлық бөлімдерінде жұмсақ. Ішектің сирек, бірақ күшейген перистальтикасыбар, «шылпыл шуы». Құрсақ қуысыныңбірінші рентгенограммадан кейін 4 сағат өткен соңқайталамалы рентгенограммасындакөптеген Клойбер тостағаншалары анықталды. Сіздің диагнозыныз:

*диафрагмаастылық абцесс

*+жедел жабысқақтық ішек өтімсіздігі+

*жедел панкреатит

*Ішекаралық абцесс

*перитонит

 

24. Терапия бөлімшесіндегі 80 жастағы қайталанған миокард инфарктысымен жатқан науқаста Сіз жедел аппендицитті анықтадыңыз. Дұрыс тактиканы таңдаңыз:

*+Волкович-Дьяконов жолымен шұғыл түрде аппендэктомия

*лапароскопия жүргізу керек, диагноз дәлелденсе атибиотиктер енгізуге дренаж қою

*төменгіортаңы жолмен ота жүргізу

*перитонит үдеген кезде ғана ота жасау керек

*консервативті ем, антибактериялық ем

 

25. Жоспарлы операцияға 46 жастағы науқас созылмалы тасты холестит диагнозымен түсті. Емхана жағдайында науқас тексерілді және ЛХЭ операциясына дайындалды, операция корсеткіші болып жиі ұстамалар және өт қабындағы тастар табылды. Бірақ анамнезінен ұстама кезінде бірнеше рет сарғаюлар болғаны анықталды. Сондықтан операция жасау кезінде сіздің тактикаңыз қандай?

*Бауырүстілік кеңістікті дренирлеумен ЛХЭ.

*Минилапоротомия, өт өзектерін ревизиялау.

*УДЗ жүргізу және Вишневский бойынша дренирлеу мен ЛХЭ.

*+ЛХЭ өзектер ревизиясы және операцияішілік холангиография.+

*Операциядан уақытша бас тарту, билиарлы тракттың рентгенконтрастты зерттеуі.

 

26. Әйел кісі 27 жаста хирургия бөлімшесіне қайталап жатқызылды. Анамнезінен: 2 жылдан бері 3 дәрежелі кардия ахалазиясымен зардап шегеді. Бірнеше рет консервативті терапия эффект бермеген. Науқасқа өңешке буждау тағайындалған. Науқасқа емнің анағұрлым қауіпсіз қандай әдісін тағайындайсыз?

*Ортоградты соқырлы буждау

*Эндоскоптың бақылауымен буждау

*крурорафия және Ниссен бойынша фундопликация жасау

*Рентгенконтрастты жолсыз ортоградты буждау

*+Геллер бойынша эзофагокардиомиотомия

 

27. 65 жастағы науқасқа өт-тас ауру, холедохолитиаз, созылмалы холангит бойынша операция жасауда хирург гепатикохоледохтың 2,5 см-ге дейін кеңеюін анықтады, кернеусіз, көптеген тастармен, қабырғасы қалыңдамаған, №4 буж 12-елі ішекке оңай өтеді, ұйқы безінің басы аздап тығыздалған. Операция қалай аяқтаған жөн?(әр вариант өзінше дұрыс, өздерің көресіңдер)

*+холедохты екі реттік дренирлеу

*өт жолдарын тері арқылы бауырарқылы өтпелі дренирелу

*+холедоходуоденоанастомоз жасау

*+холедохты Т-тәрізді түтікпен дренирлеу

*холедохты терең тігу

 

28. Жоспарлы хирургия бөліміне 52 жастағы науқас асқазанның ойық-жаралы ауруы, каллезды ойық-жара диагнозымен түсті. Анамнезінен: 12 жыл бойы аурады, ойық-жарадан қан кетулер мен тиімсіз ем операциялық емге көрсеткіш болып табылды. Эндоскопиялық тексеруде ойық-жара кіші иінде, өлшемі 3*3см, қан кету белгілерісіз. Гистологиялық зерттеу нәтижелері- созылмалы ойық-жара. Осы науқасқа қандай операция жасаған жөн?

*гастрэктомия

*асқазанның субтотальды резекциясы

*айналмалы гастроэнтероанастомоз

*операциядан бас тарту, ойық-жараға қарсы емді бастау

*+асқазанға 2/3 резекция жасау

 

29. 54 жастағы науқаста операция кезінде бауырлық өзектің 2 см дейін кеңейгендігі анықталды. 1,5 см ұзына бойы холедохтың қабырғасы тыртықтық өзгеріске ұшыраған. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай?

*Холедохопластика жасау.

*Холедохқа стент жүргізу.

*+Гепатикоеюностомия жүргізу.

*Керу бойынша сыртқы түтік жүргізу.

*Холедоходуоденанастомоз жасау

 

30. Ер кісі 55 жаста емхана хирургіне үлкен дәретке барғаннан кейін баяу қан ағуға, анус аймағында мерзімді қышуға шағымданып келді. Per rectum қарағанда артқы өтіс тесігінің 3 см жоғары 11 сағатта 1,5х2,0 см көлемдегі консистенциясы жұмсақ-серпімді сипағанда ауыратын, ішек кеңістігінен аздап шығып тұратын түзіліс анықталады. Осы жағдайда сіздің болжама диагнозыңыз қандай?

*+Геморрой.

*Тік ішектегі полип.

*Анальды сызат.

*Параректальды жыланкөз.

*Тік ішек рагы.

 

31. Хирургтың және гастроэнтерологтың қарауында 45 жастағы науқас рефлюкс-эзофагит корінісімен диафрагманың өңештік саңылауының жарығы диагнозымен болды. Науқас ұзақ уақыт бойы консервативті ем қабылдауда, бірақ соңғы 5-6 айда емнен нәтиже жоқ. Емханада хирург операциялық емге көрсеткіш анықтауда. Осы науқасқа қандай операция түрін жасау керек?

*Асқазаннан бүкпе жасау.

*+Крурорафия және Ниссен бойынша фундопликация жасау.

*Бильрот бойынша асқазанның проксимальды резекциясы.

*Бағаналы ваготомия.

*Эзофагофундоанатомоз.

 

32. 45 жасар науқасқа тік шап жарығы бойынша операция жасау кезінде жарықтың артқы қабырғасының жұқаруы анықталды. Торлы эндопротездер болмаған жағдайда қай пластика тұрін жасаған жөн.

*Кимбаровский пластикасы.

*Мартынов бойынша пластика.

*+Бассини тәсілі.

*Жирар-Спасукоцкий тәсілі.

*Мейо бойынша пластика.

 

33. 68 жастағы ер адам хирургиялық бөлімшеге тері жамылғыларының сарғаюына, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қарау кезінде үлкейген өт қабы анықталды. Компьютерлік томографияда ұйқы безінің басының ісігі анықталған. Науқасқа операция жасалды. Интраоперациялық жедел биопсияда – аденокарцинома. Осы жағдайда төменде көрсетілген операциялардың қайсысы тиімді?

*Холецистоеюностомия.

*Карпокудальды резекция.

*Холедоходуоденостомия.

*+Панкреатодуоденальды резекция.

*Холедохоеюностомия.

 

34. Ер кісі Т. 47 жаста қабылдау бөліміндегі хирургқа оң мойын аймағының ауру сезіміне, ісінуіне шағымданып келді. Бір апта бұрын фолликулярлы ангина бойынша емделген. Қарағанда: дене қызуы 38,7 С, m. sternoclaidomastoideus контуры тегістелген, мойынның алдыңғы-бүйір беткейінің таралған ісінуі, қатты ауру сезімі, Терінің гиперемиясы. Ауру сезімінен қимыл қозғалысы кенет шектелген, АҚ 100/60, пульс 98, ТЖ 22, қан анализінде лейкоциттер 24,5. Науқаста анағұрылым ықтимал диагноз қандай?

*+Мойын флегмонасы.

*Паратонзилярлы абсцесс.

*Тілмелі қабыну.

*Жақасты аденофлегмона.

*Лимфаденит.

 

35. Емханалық хирургқа оң жақ шынтағының инфицирленген жарасымен келді, жарадан ширатылған проксимальды созылған инфильтрация жолағы мен гиперемия анықталды. Осы жерде пальпация жасағанда ауырсыну байқалады. Асқынудың қандай түрі дамыған?

*Миозит.

*Абсцесс.

*Флегмона.

*Тендовагинит.

*+Бағанылық лимфангоит.

 

36. 8 ай бұрын жедел панкреатитті басынан өткерген науқасты емханалық хирург қарау кезінде құрсақ қуысының жоғарғы қабатында аздап ауырсынатын диаметрі 10 см болатын дөңгелек түзіліс анықталды. Қан және зәр сараптамалары өзгеріссіз. Қай ауру туралы ойлауға болады.

*Асқазан ісігі.

*Құрсақ қуысының абсцесі.

*+Ұйқы безінің жалған кистасы.

*Аорта аневризмасы.

*Ұйқы безінің цистаденомасы.

 

37. Амбулаторлы хирургқа 38 С дене температурасымен, қалтыраумен, айқын басының ауруына шағымданып келді. Қарауда басының шүйде бөлімінде тығыз, ауырсыулы, көкшіл қызыл инфильтрат анықталды, теріде ірің бөлінетін бірнеше жыланкөздік өзектер бар. Диагноз қойыныз.

*Фурункул.

*Абсцесс.

*Папула.

*+Карбункул.

*Флегмона.

 

38. 34 жастағы науқасты емханалық хирург қараған кезде тамағында «тырнау» сезімі, сілекей ағу, жұтынудың қиындауы, тамақтың артынан су ішу, түнгі жөтел және аузынан бөлінділерге шағымданады. Айтылған белгілер қай ауруға сәйкес?

*өңеш ісігі

*асқазан ойық жаралы ауруы

*+ценкер дивертикулы

*өкпе ісігі

*көкірек аралық ісік

 

39. Емханалық хирургқа 2 жыл бұрын ауруханада аяқтың қантамырларының оң жақ жамбас бөксе сегментіне синтетикалық протезбен протездену операциясы жасалған науқас келді. Соңғы уақытта науқас жүрген кезде балтыр бұлшықеттерінің мезгілдік ауырсынулары, аяқтарында шаршау сезімі, аяғының суық болуын байқаған. Осы науқаста операциядан кейін қандай асқыну түрі дамуы мүмкін?

*жалпақтабандық

*посттромбоздық ауру

*ангиотрофопатия

*+протез тромбозы

*флеботромбоз

 

40. На прием обратились родители ребенка 6 лет с жалобами на пульсирующие боли в области кончика 1 пальца правой кисти, повышение Т тела до 38.5. болен в течение 9 дней. Локально: определяется отек тканей, гиперемия 1 пальца правой кисти. На верхушке – свищ с гнойным отделяемым. Движения ограничены, боль при пальпации. В подмышечной области справа пальпируется увеличенный л/узел. Диагноз?
(Базаларда қазақша вариантын таппадық, түсінікті деп ойлайм)

*+Костный панариций

*Паранихия

*Кожный панариций

*Подкожный панариций

*Подногтевой панариций

 

41. Әйел кісі 45 жаста сол аяғының жоғағы үштен бірінің беткей веналарының бойымен ауруына, қызаруына және тығыздалуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданып, қабылдау бөліміндегі хирургқа келді. 10 жыл бойы аяқтың варикозды ауруымен зардап шегеді. Бір аптадан бері жағдайы нашарлаған. Қарағанда: Сол аяғында ісіну және цианоз жоқ. Оның ішкі беткейінде варикоздық кеңейген беткей тамырлардың бойымен гиперемия, пальпациялағанда санның ортаңғы үштен біріне дейін ауру сезімді түйін анықталады. Тамырлы түйіннен жоғары аймақты пальпациялағанда ауру сезімі жоқ.
Науқаста аяқ веналарының варикозды ауруының қандай асқынуы дамыған?

*Аяқтың жедел лимфангоиты;

*+Варикозды венаның жедел тромбофлебиті;

*Тамырлардың облитерациялық атеросклерозы;

*Посттромбофлебиттік синдром;

*Аяқтың тромбангииті;

 

42. 48 жастағы науқасқа бауыр шаншуы жиі орын алып отыратынын созылмалы калькулезді холециститке байланысты жоспарлы түрде холецистэктомия операциясы жасалған, операциядан кейін 3 ай өткен соң оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезімі қайта мазалай бастаған. Екі рет қысқа уақыт аралығындағы (3-5 тәулік) механикалық сарғаю белгілері байқалған. УДЗ мен MRCP зерттеулерінде жалпы өт өзегінің 1,5 см дейін кеңейгені және өзек қуысында 0,6-0,9 см конкременттердің бар екендігі анықталған. Осы жағдайға байланысты қандай хирургиялық емдеу тәсілігін қолданған жөн?

*+Эндоскопиялық папиллотомия

*Холедоходуоденостомия

*Холедохолитотомия

*Трансдуоденалды палиллосфинктеротомия

*Холедохоэнтеростомия

 

43. Холецистэктомия мен холедохотомиядан кейін 12 тәуліктен кейін Кера дренажынан күніне 1литр өт ағуда. Фистулографияды холедохтың резидуальды конкременті анықталды. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі тиімді?

*Конкрементті алу мақсатынмен қайта лапаротомия

*+Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, литоэкстракция

*Дренаж арқылы литолитикалық ем жүргізу

*Дистанциялық толқынды литотрипсия

*Тері арқылы бауырлық эндобилиарлы кірісу

 

44. Хирургиялық бөлімшеге жатқызылған 55жастағы әйелде "кофе тәрізд" құсу, қатты ауырсыну, сұйық қара нәжіс мазалауда. ФГДС: асқазан ойық жарасы Forrest IIB, борпылдақ қызыл тромб. Ары қарай емдеу әрекеті қандай?

*амбулаторлы емдеу

*+консервативті емдеу (форрест 2 б көрсеткіш емес, бірақ кей базаларда түсініксіз)

*+кешеуілдеген операция

*шұғыл операция

*жоспарлы операция

 

45. 48 жастағы әйел майлы және қуырылған тамақ жегеннен кейін пайда болған оң қабырға астындағы ауырсынуға шағымданды. Пальпацияда: іші эпигастрий және оң қабырға астында ауырсынады. Құрсақ қуысының УДЗ: өт қабы 8,0х4,0 см, қабырғасы 0,3см. Қуысында өлшемі 0,3 см дейін көптеген конкременттер анықталды. Холедох 2,1см дейін кеңейген. Холедохта 0,5 см дейінгі конкремент бар. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсынын осы жағдайда жүргізген жөн?

*+Шұғыл түрде ЭРХПГмен ЭПСТ жүргізу, кейін лапароскопиялық холецистэктомия

*УДЗ бақылауымен өт қабын тері арқылы дренаждау

*операция алды дайындаудан кейін шұғыл холецистэктомия

*Жоспарлы лапароскопиялық холецистэктомия

*антибиотикалық препараттармен тек консервативті емдеу

 

46. Әйел адам оң қолдың 2-саусағындағы ауру сезіміне шағымданып емхана хирургына келді. Анамнезінен: 2 күн бұрын оң қолдың 2-саусағының дисталды фалангасын абайсыздан жарақаттаған. Қарап тексеру кезінде оң қолдың 2-саусағының дисталды фалангасының айқын ісінуі, гиперемия, эпидермис ажыраған аймағы бар, оның астында ірің анықталады, пальпация кезінде қатты ауру сезімі байқалады. Хирург оң қолдың 2-ші саусағының теріастылық күбірткесі диагнозын қойды. Операцияға абсолютті көрсеткіш, келісімі алынды. Бұл жағдайда қандай жансыздандыру әдісі ең ықтимал?

*+Оберст-Лукашевич бойынша өткізгіштік анестезия

*Жергілікті инфильтрациялық анестезия

*Браун-Усольцева бойынша анестезия

*Көктамыр ішілік анестезия

*Хлорэтилмен жансыздандыру

 

 

47. 55 жастағы әйел, «Теріасты, кілегейасты парапроктит» диагнозымен емхана жолдамасымен хирургиялық емдеуге келген. Осы жағдайда қандай операция қолданған жөн?




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: