Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 2 страница

•  выделение лекарственных веществ — продуктов жизнедея­тельности грибов и микроорганизмов;

•  биотехнология — клеточная и генная инженерия.

Основные этапы исследования новых лекарственных средств —

доклиническое исследование и клинические испытания.

При доклиническом исследовании в химической лаборатории синтезируют и получают новые соединения, которые передают дня испытания в фармакологическую лабораторию, где изучают их фармакодинамику и фармакокинетику на здоровых взрослых животных. Пристальное внимание уделяют побочным эффектам, сравнивают новые вещества с известными препаратами. Изучение оощстоксического (на остром и хроническом опыте на животных разных видов) и специфического токсического (эмбриотоксического, тератогенного, мутагенного и канцерогенного) действия пре­парата обязательно. При фармакологической оценке соединений используют физиологические, биохимические, биофизические, морфологические и другие методы исследований. Лекарственные средства предназначены для лечения больных, поэтому важно изу­чен ие эффективности веществ при соответствующих заболеваниях.Проблема использования данных, полученных в эксперименте наживотных, при лечении человека сложна. Тем не менее экспери­менты на животных в какой-то мере имитируют условия, в которых используют лекарственные средства, и этим приближают экспери­ментальную фармакологию к практической медицине.

Проведение доклинических фармакокинетических исследова­ний — важный этап выявления эффективности нового лекарственного


 средства и оптимизации последующего медикаментозного лечения.

Введение

Результаты доклинических исследований веществ передают в Фармакологический центр М3 РК для разрешения клинических испытаний. Планирование и проведение клинических испытаний проводятся клиническими фармакологами, клиницистами, спе­циалистами по статистике. Отчет о полученных при клинических испытаниях данных вновь передают в Фармакологический центр М3 РК. Данные исследований — основа создания инструкции по применению препарата и важный фактор для принятия официаль­ными организациями решения о возможности его регистрации, промышленного производства и использования в медицинской практике. При положительном решении вопроса о регистрации исследованного вещества его вносят в Государственный реестр и присваивают регистрационный номер. С этого момента получен­ное соединение считается лекарством.






ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

Дәрілік заттардың әсерінен туындаған адам ағзасындағы күрделі өзгерістер жиынтығына байланысты олардың қолданылуының жалпы заңдары анықталады. Жалпы фармакология фармакокинетика және фармакодинамиканы қамтиды. Фармакокинетика — дәрілік заттардың енгізілу жолдарын, сіңірілуін, тасымалдануын, ағзада таралуын, ағзадағы заттардың метаболизмін және шығарылуы жолдарын зерттейтін фармакология бөлімі. Фармакодинамика — дәрілік заттардың әсерлері, локализациясы, түрі мен олардың әсер ету механизмдері туралы фармакология бөлімі.

Фармакокинетика және фармакодина­мика заңдары ұтымды рецепттер жазуға, дозаны белгілеуге, ыңғайлы енгізу жолын тағайындауға, препаратты қолдану режимін және емдеу ұзақтығын оңтайлы анықтауға мүмкіндік береді.

ФАРМАКОКИНЕТИКА

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГіЗУ ЖОЛДАРЫ

Энтералды — АІЖ арқылы:

•  пероралды (ауыз арқылы ішке);

•  сублингвалды (тіл астына);

°буккалды (ұртқа);

•  тік ішекке (per rectum);

•  дуоденалды (тікелей 12-елі ішекке).


Парентералды — АІЖ тыс:

Жалпы фармакология

• инъекциялық (тері астына, сілемейлі қабық астына, тері ішілік, бұлшықетке, көктамырға, артерияға, ішастарға, сүйекке, жұлын-ми сұйықтығына: субарахноидалды, (субдуралды, эпидуралды);

•  ингаляциялық (аэрозоль әдісімен);

тікелей дене қуыстарына

• электрофорез әдісімен (зақымданбаған тері немесе сілемейлі қабақ арқылы);

•  теріге немесе сілемейлі қабаққа жағу арқылы т.б.

Енгізу жолына көбіне дәрі-дәрмектің нақты керекті орынға жетуі, әсердің даму жылдамдығы, көлемі мен көрсеткіші, ұзақтығы, жекелей алғанда әсер етуі тәуелді.

Энтералды енгізу жолы

Ауыз арқылы — бұл енгізу жолы ыңғайлы, қарапайым, қауіпсіз, экономикалық тиімді (мейірбикелік көмекті және дәрі тазалығын талап етпейді). Препараттар жергілікті де (мысалы, микробқа қарсы, ішек құртына қарсы) және жүйелі де әсер етеді. Бірақ, емдік тиімділігі салыстырмалы түрде баяу дамиды (60-90 минуттан кейін); шұғыл жағдайларда қолдануға болмайды, мысалы, ес-түссіз қалыпта; барлық дәрілік заттар бауыр тосқауылынан өтеді, яғни кей бөлігі бұзылысқа ұшырауы мүмкін (гормондар). Дәрілік заттарды мына жағдайларда: егер асқазан және ішектің шырышты қабығы арқылы сіңірілуі (адсорбциялануы) нашар болса (стрептомицин) немесе АІЖ жолдарының қуысында ферменттер және қышқылдық орта әсерінен бұзылса (инсулин, окситоцин, бензилпенициллиндер және т.б.) және өте қатты тітіркендіргіш қасиет көрсетсе — қолдануға болмайды. Жүрек айну, құсу және диарея (желдену) кезінде тиімсіз.

Дәрі қабылдау түрегеп тұрған немесе отырған қалыпта жүзеге асырылуы қажет және 1/4—1/3 стакан сумен қабылдаған жөн. Егер науқас отырған күйде қабылдай алмаса, препаратты ұсақтап немесе ерітіп судың аз көлемімен (бірақ жеткілікті мөлшерде) жұтқызу қажет.

Сублингвалды және буккалды — қолданыста қарапайым және ыңғайлы, сіңуі жылдам және аз уақытта әсер етеді. Дәрілік зат асқазан сөлінің әсеріне және бауыр тосқауылынан өтпей, қанға тікелей түседі, керек жағдайда енгізуді тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл енгізу жолын тек белсенділігі жоғары, мөлшері аз заттарды қолданғанда пайдаланады (мысалға, нитроглицерин, тринитролонг, кейбір гормоналды заттар), себебі ауыз қуысының
шырышты қабығының сіңіруі төмен. Мұнымен қоса, препаратты жиі қабылдаған жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуі мүмкін. Бұл әдісті қолдануда жылдам еритін таблеткалар, сұйықтықтар (қант бөлікті), қызылиекке сіңірілетін пленкалар (тринитролонг) пайдаланылады.

Ректалды — дәрілік заттар қан айналым жүйесіне төменгі геморройлық веналар арқылы түседі. Бұл әдісте дәрі дозасының нақтылығы ауыз арқылы енгізуге қарағандажоғарырақ, препараттар асқазан сөлінің, АІЖ ферментерінің әсеріне мүлде ұшырамайды десе де болады, сондықтан ауыз арқылы енгізуде қиындықтар туындағанда және мүмкіндік болмағанда осы әдісті қолданған жөн.

Бұл енгізу жолының кемшіліктері: сіңіру бетінің аз болуы, фекалды масса болуына тәуелділігі, ішек моторикасының жағдайы, енгізілу техникасы т.с.с. психологиялық қиындықтар және енгізудің ыңғайсыздығы (жұмыста, саяхат кездері т.б.). Жоғарғы молекулалы дәрілік заттар мен нәруыз, май және полисахарид құрылымды заттарды енгізуге болмайды, себебі олар тоқ ішек арқылы сіңбейді. Дәрілік заттар балауыз және клизма түрінде енгізіледі. Егер олар тітіркендіргіш әсер көрсетсе, олармен бірге қармаушы заттар қосымша тағайындалады. Бұл әдісті көктамырға енгізу мүмкін болмағанда немесе ішке қабылдауға қарсы көрсеткіштер болғанда парентералды енгізуді алмастыруға болады (мысалы, ес-түссіз қалыпта, ауыр гастритте).

Парентералды енгізу жолдары

Көктамырға енгізу кезінде — тез әсер береді, дозаны дәл белгілеуге болады, белсенді заттың қан айналым жүйесіне толық түсуі (биожеткіліктігі 100%) және көп мөлшерде енгізуге бола­ды. АІЖ жолы арқылы сіңбейтін немесе шырышты қабығын тітіркендіретін дәрілік заттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Кемшіліктері: ерімейтін қосылыстарды, майлы ерітінділерді (эмболия тудыруы мүмкін), айқын тітіркендіргіш әсерлі заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуы мүмкін), қанның сұйылуын немесе гемолизин болдыратын препараттарды енгізуге болмайды; шприцтеауа көпіршіктерінің болуына жол берілмейді, себебі ауалық Эмболия тудырады, жанама әсерлер көрініс бергенде препараттың әсерін тез арада тоқтату мүмкін емес.

Дәрілік заттардың көпшілігін көктамырға енгізер алдында 10-20 мл изотонды натрий хлоридінің ерітіндісіне, глюкозаға немесе инъекцияға арналған суға ерітеді, басты себебі — қандағы таттың көп мөлшердегі коцентрациясын туындатпау, ағзаға баяу бірнеше минутта тамшы түрінде енгізу. Кейде көктамырға 250—

500 мл изотонды ерітіндіні бірнеше сағат бойы тамшы түрінде енгізеді. Көктамырға инъекция жасауда жіңішке инелер пайдаланылады, олар тіндерге қан жайылуынан (тарауынан) сақтайды, кері жағдайда тітіркену мен паравенозды майдың некрозын, көктамыр қабынуын туындатуы мүмкін. Көктамырға кұюлар арнайы бір реттік қолданылатын жүйелер арқылы іске асырылады, олар қақпақты тамшылатқыштан, сондай-ақ арнайы аппарат- инфузатордан тұрады.

Жалпы фармакология

Артерия ішілік енгізу кезінде, салынған аймақта препараттың жоғарғы концентрациясы жинақталады, яғни белгілі бір деңгейде жүйелік әсерден құтылуға болады (мысалы, ісікке қарсы заттарды, рентгенконтрасты заттарды енгізу). Бірақ, артерия тромбозы болуы мүмкін. Артерияға инъекция жасауды тек хирург-дәрігер ғана іске асырады.

Бұлшықетке енгізу кезінде әсер көктамырға енгізгенге қарағанда, баяу дамиды (10-30 минуттан кейін), осы тәсілмен тітіркенуді аз болдыратын дәрілік заттарды және депо-препараттарды қолдануға болады. Енгізілетін заттың көлемі 10 мл-ден аспағаны дұрыс, жүйке тармақтарына жақын жерден салуға болмайды және күшті тітіркендіргіш қасиеті бар дәрілерді енгізбеген жөн, себебі қатты ауыру сезімі, қабыну үдерістері, инфильтраттар, аса ауыр жағдайда бұлшыкет парезі болуы мүмкін.

Бұлшықетке майлы немесе қою ерітінділерді енгізерде алдын- ала тамырға түспегенін білу үшін тексерген жөн. Сіңірілуді жылдамдату үшін жылытқыш қою қажет, ал керісінше баяулату керек болса, мұз қойған жөн.

Тері астына енгізу сіңірілуге негізделген, сондықтан терапевтік эсер бұлшықетке енгізу мен көктамырға енгізуге қарағанда баяу дамиды, бірақ ұзақ, тітіркендіргіш қасиет көрсететін препараттарды көп көлемде енгізуге болмайды т.с.с. Дәрілік заттар іштің алдыңғы, мойын және иықтың теріасты шел майымен жақсы сіңіріледі. Бұл енгізу жолын апат болған жерде жедел көмек көрсету үшін қолдануға болады.

Интрастерналды (төс сүйекке енгізу) — көктамырға енгізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады, мысалы, кәрі кісілер мен балаларға. Бұл ем-шара ауру сезімімен жүреді, сондықтан ине жолымен жергілікті жансыздандыруды талап етеді.

Ми қабық астына — субарахноидалды, субокципиталды, субдуралды — енгізілетін дәрілік заттар, гемато-энцефалиялық тосқауыл (ГЭТ) арқылы нашар өтетіндер болып табылады. Жоғары тазартылған тітіркендіргіш әсері жоқ препараттарды ғана қолдануға болады. Субарахноидалды инъекцияларды тәжірибелі анестезиолог немесе хирург жасайды. Бұл жағдайда мақсатты түрде
жіңішке инелер қолданылады, себебі мидың қатты қабығындағы саңылаудың жазылуы ұзаққа созылады да, одан ликвор сұйықтығы артқа ағуы мүмкін.

Фармакокинетика

Кемшіліктері: (барлық инъекциялық енгізу жолдарында) салыс- мырмалы қиындық, ауыру сезімі, стерильді препараттардың  қажеттігі, құрал-жабдықтар, инфекцияның түсуі, медици­на қызметкерінің қатысуы, салыстырмалы түрде бағасының қымбаттығы. Мұнымен қоса, кейбір дәрілер тамшылатқыштың қабырғасына адсорбциялануы мүмкін (мысалы, инсулин). Ұзақ элиминациялық периодты препараттарды жылдам (болюс), ал қысқа жартылай элиминациялык периодты препараттарды (мысалы лидокаин, окситоцин) — ұзақ инфузия түрінде енгізу кажет.

Ингаляциялық жолы — дәрілік заттар жылдам сіңіріліп, жергілікті және жүйелі эсер етеді, АІЖ түспейді (ферменттер мен қышқылорта әсеріне түспей) олардың әсерін тез тоқтатуға болады. Аз жүйелік әсер кезінде, керек болған жағдайда ауа тамырдағы (бронх) заттың жоғарғы концентрациясына дейін жеткізуге болады мысалы, беклометазон, сальбутамол).

Кемшіліктері: дәрілік заттардың түрі аз (аэрозоль, газ, ұнтақ түрінде енгізілетін), тітіркендіргіш заттарды мүлде қолдануға болмайды, ингаляциялайтын препараттар айналасындағыларға да әсер етуі мүмкін (наркозға арналған заттар), препараттар бірден жүректің сол жақ бөліктеріне түсетіндіктен кардиотоксикалық әсер байқалуы мүмкін, бұл әдістің кішкентай жастағы балаларға қолдануда шектеудің болуы.

Аз мөлшерде сулы ерітінділерді кеңірдек пен бронхыға (эндотрахеалды) құю жылдам сіңірілуге алып келеді. Әсері көктамырға енгізген препаратпен бірдей болып шығады. Бұл әдісті негізінен көктамырдың байқалмай қалуынан дәріні енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, ауруды реанимациялағанда қолданады.

Жергілікті әсер алу үшін теріге немесе шырышты қабыққа жағу әдісі қолданылады. Бірақ кейінгі жылдары бұл әдіс жүйелік әсер алуда көбірек маңызға ие болып отыр (мысалы, жақпалар, стенокардияның алдын алуда қолданылатын — нитроглицеринді жапсырмалар).

Сүлде қабыну кезінде және сулану үдерістерінде, майлы жақпаларды және де суда еритін препараттар мен суспензияларды қолдануға болмайды, себебі олар зақымданбаған тері арқылы практикалық тұрғыда сіңірілмейді, буланып кеткеннен кейін қоюы теріде тұрып қалады да, суықтудырады. Сондықтан, сүлде қабыну кезіндегельдер, эмульсиялар колданылса, сулану кезінде кремдер мақсатты түрде қолданылады.


Мұрынға дәрілік заттар тамызғылар түрінде, кей кездері эмуль­сия, жақпа ретінде де қолданылады. Конъюнктивалық қапшыққа дәрілік заттарды ерітінді (тамшы), жақпа, көзге арналған пленка түрінде тағайындалады. Дәріні төменгі қабақты тартып тұрып тамызады, науқастың көзі жоғары қарап тұруы тиіс, сосын 2-3 минут қабақтарды жұмған қалыпта ұстайды. Сондай-ақ қабыну үдерістері кезінде көзге арналған ванналар қабылданады.

Жалпы фармакология

Электрофорез — гальванилік токты пайдаланып дәрілік заттар­ды тері беткейінен терең орналасқан тіндерге жеткізу әдісі.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ СІҢІРІЛУІН (АБСОРБЦИЯ) АНЫҚТАЙТЫН НЕГІЗГІ МЕХАНИЗМДЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Сінірілу — дәрілік заттың енгізген жерден қанға түсу үдерісі.

Сіңірілудің негізгі механизмдері: жай диффузия (пассивті диффузия, фильтрация), жеңілдетілген диффузия, белсенді тасымал, пиноцитоз.

Жай диффузия — бұл дәрілік заттардың градиент бойынша (көптен азға қарай), тасымалдаушы көмегінсіз, энергия шығындамай жасуша мембранасынан өтуі. Оны төмендегідей бөліп қарастырамыз.

•  Пассивті диффузия — дәрілік заттардың жасушаның липидті қабығында еруі арқылы өтуі. Липофилді (майда еритін) заттар (ингаляциялық наркозға арналған заттар).

• Фильтрация — дәрілік заттардың жасушаның саңылаулары арқылы өтуі. Ұсақ гидрофильді заттар (мысалы, мочевина, су, кейбір иондар) сіңіріледі.

Жеңілдетілген диффузия — бұл дәрілік заттардың градиент бойынша, энергия шығындамай, бірақ тасымалдаушы көмегімен сіңірілуі (мысалы, ішкі Касл факторы немесе гастромукопротеин арқылы сіңірілетін В2 дәрумені).

Белсенді (актив) транспорт — бұл дәрілік заттардың градиентке қарсы, тасымалдаушы көмегімен энергия шығындап, жасуша мембранасынан өтуі. Гидрофильді, полярлы молекулалар, бейорганикалық иондардың біразы, қант, аминқышқылдары т.б. осы жолмен сіңіріледі.

Пиноцитоз — жасуша мембранасында көпіршіктердің (вакуолдер) түзіліп, инвагинациялануы арқылы іске асады, көпіршіктерде үлкен молекулалы заттар ұсталып, толтырылған (бұл жолмен майлы қышқылдар, майда еритін дәрумендер сіңіріледі) (1-сурет).

Жоғарыда аталған механизмдер тек қана дәрілік заттарды сіңіру үшін ғана емес, сондай-ақ оларды тарату және шығару үшін маңызды болып табылады. Дәрілік заттардың сіңірілуін

Пиноцидоз

Сүзілу •

Белсенді тасымалдану

Полярлы

саңылау

— ►

Жасушадан             Биологиялық          Жасуша ішілік

тыс кеңістік               мембрана                    кеңістік

Фармакокинетика

Пассивті диффузия

-тасымалдаушы жүйе • ® -молекулалық зат

 

1 -сурет. Дәрілік заттардың негізгі сіңірілу механизмдері. (Д.А. Харкевич,

2013)

(абсорбция) анықтайтын шарттар. Энтералды енгізу жолы үшін, дәрілік заттардың толықтығы мен сіңірілу жылдамдығы көптеген факторларға тәуелді.

• Дәрілік заттар мен дәрі түрлерінің физика-химиялық қасиеттері. Көптеген пероралды қабылданатын дәрі түрлері арнайы жабынмен қапталған, яғни сілекей ферменттеріне
тұрақтылық көрсетеді, сондықтан таблеткаларды шайнамаған жөн. Дәрілік заттардан жақсы сіңетіні ерітінділер, содан кейін суспензиялар, капсулалар, жабынмен қапталған карапайым таблеткалар, дәрілік заттарды баяу босататын дәрі түрлері.

•  АІЖ жағдайы: рН (сутегі иондарының концентрациясы), асқазан және ішектегі заттардың құрамы, асқазан және ішек сөлінің ферменттік белсенділігі, асқазанның босатылу жылдамдығы, ішек аркылы препараттың өту уақыты, асқазан- ішек аурулары, шажырақайлық қан ағымының жылдамдығы;

•  Дәрілік заттардың ішек қабырғасындағы метаболизмі, сондай- ақ ішек микрофлорасының жағдайы. Ферменттік жүйелердің жұмыс істеуі неғұрлым белсенді болса, ауыз арқылы қабылдаған заттар керісінше аз сіңеді.

•  Дәрілік заттардың асқазан мен ішектегі заттармен өзара әрекеттесуі. Әсіресе, асқазандағы ыстық, қышқыл, майлы, тым тұзды немесе тәтті, қою тағамдар дәрінің таралуын баяулатады. Егер препараттар асқазан сөлімен бұзылса неме­се асқазанның шырышты қабығына тітіркендіргіш қасиет көрсетсе, онда олар тек аш ішекте еритін арнайы капсула түрінде тағайындалады.

Бұлшықетке дәрілік заттарды енгізгенде олардың сіңірілуі рН орта мен олардың судағы ерігіштігіне байланысты. Жақсы еритін дәрілік заттар жасушааралық сұйыктықтыққа тез түсіп, одан кейін қанға өтеді. Дәрілердің сіңірілу жылдамдығы инъекция жасалған жердің қан айналымына да тәуелді (мысалы, лидокаин бөкселік бұлшықетке қарағанда, дельтатәрізді бұлшықетке енгізген кезде жылдамырақ сіңеді). Суда нашар еритін дәрілердің биожеткіліктігі бүлшықетке енгізген кезде төмен. Кейбір жағдайларда, майда еритін дәрілік заттардың (мысалы, ретаболил) баяу сіңірілуін олардың қолданылу ұзактығын арттыру үшін пайдаланылады.

Тері астына енгізу кезінде гидрофилді (суда еритін) жылдам және майлы заттар баяу сіңеді.

Ингаляциялық енгізу жолында мол қан жабдықтауға байланы­сты липофилді (майда еритін) дәрілік заттар (мысалы, адреномиметиктер, глюкокортикостероидтар) сіңіріледі.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

Қан айналым жүйесіне түскеннен кейін препарат әр түрлі ұлпаларға таралады. Көптеген дәрілік заттар біркелкі таралмайды, тек шағын бөлігі ғана салыстырмалы түрде біркелкі (мысалы, ингаляциялық наркозға арналған заттар).

Дәрілік заттардың еркін таралуына әрбір ағаны, әрбір жасушаны, жасуша ішіндегі органеллаларды қоршап тұрған мембраналар- капилляр қабырғалары, жасуша мембранасы (плазмалық), гемато-энцефалдытосқауыл (ГЭТ), плаценталық (жүктілік кезінде), гематоофтальмологиялық тосқауылдар кедергі болады.

Фармакокинетика

Табиғаты кеуекті мембраналар болатын, капилляр қабырғасы арқылы, липофилдіжәне гидрофилді заттар (плазма ақуыздарының жәнепрепараттар кешендерін қоспағанда) енеді. Гидрофилді қосылыстар мембраналық фосфолипидті қабат аркылы (жасушаларолар тек тасымалдаушы жүйелер арқылы туседі) ене алмайды.

Майда еритін заттар ұялы мембраналар арқылы жақсы енеді

бүкіл ағзаға (жасушадан тыс және жасуша ішілік жақсы енеді) таралады. Сондай-ақ, ішек қабырғасында да липофилді заттар, пассивті диффузия, белсенді тасымал пиноцитоз арқылы сіңіріледі. Кейбір суда еритін дәрілік препараттар майда да нашар ериді, нәтижесінде ішек арқылы нашар, сондықтан оларды парентералды енгізеді. Мұндай препараттар ағзаның тек жасушадан тыс кеңістіктерінде табылады, бірак олар ми және басқа да аймақтарға енбейді.

Орталық жүйке жүйесіне эсер ету үшін препарат  гематоэнцефалдық  тоскауыл (ГЭТ) аркылы енуі керек. Ең алдымен, ГЭТ аркылы молекуласы липофилді заттар негізінен қарапайым диффузия арқылы ақуызбен байланыспай оңай өтеді, ал кейбір заттар белсенді тасымал көлігімен өтеді. Полярлы гидрофилді қосылыстар ГЭТ-дан нашар өтеді. Көптеген заттардың ГЭТ арқылы өтуі қиын, себебі: капиллярлық эндотелийде ми капиллярларында практикалық тұрғыда пиноцитоз жоқ; эндотелийдің сыртқы бетіндегі глиалды элементтер қосымша липидті мембрана рөлін атқарады (2-сурет).

Плацентаарқылы препараттардың енуі басқа да липидті мембраналардағыдай, ана қанымен жүреді. Негізінен липофилді заттар (наркотикалык анальгетиктер, ингаляциялық наркозға арналған заттар) сіңеді. Гематоофтальмологиялық тосқауыл  ұқсас жолмен жұмыс істейді.

Көптеген препараттар қандағы плазма ақуыздармен, ең алдымен альбуминмен (мысалы, жүрек гликозидтері, тетрациклиндер) байланысуы мүмкін. Байланысу олардың тіндердегі, әсер ету орнындағы концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Байланысқан зат өзінің нақты қызметін жоғалтады. Демек,препараттың әсері бос фракция мөлшеріне байланысты. Бос Фракция қаншалықты аз болса, соғұрлым әсері баяу дамиды, бірақ дәрілік зат бірте-бірте босағандықтан әсері ұзақ болады. Дәрілік заттар элементтерімен де байланысуы мүмкін.


Жай капиллярлар (қабырға қалыңцығы 0,1-0,3 мкм) Ми капиллярлары (қабырға қалыңцығы 0,1-0,3 мкм)
К®ТГ сындағы тығыз
Митохондрия\ \ _ Г.'- і /  
  4®®** Митохондриялар

Жалпы фармакология


 

Капилляр қабырғасы арқылы өтетін заттар:

© Диффузия жолымен (лилофильді байланыстар) © Диффузды жолымен
© Жасуша аралық сарьілаулар арқылы (ені 100 А) ө (Жасуша аралық саңылау жоқ)
© Капиллярлар қабырғасындағы «терезе- лер» арқылы (судың үлкен көлемі өтуі ушін, мысалы бүйрек шумақтары) ө («Терөзелер» жоқ)
© Пиноцитоз жолымен © © (Пиноцитоз жоқ немесе маңызсыз) Белсенді тасымалдану жолымен    

 

 

2-сурет. Капиллярлар арқылы заттардың өту прициптері. Р-гт — Р-гликопротеинды тасымалдаушы; көк стрелка — Р-гт әсерінен болатын заттардыңток бағыты (Д.А. Харкевич, 2013)


 











Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: